Жаңаөзенде мектеп түлектері мінген көліктер жол апатына түсті
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында мектеп бітірушілер қатысқан көлік апаты болды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода түлектер отырған бірнеше көліктің бір-бірімен соқтығысқаны түсіп қалған. Бейнежазбадан жол талғамайтын көліктердің бірі кенеттен жылдамдығын арттырып, арты шаңға оранып, алдыңғы көлікке барып соғылғаны көрінеді.
Соққының қатты болғаны соншалық, бір көлік жол жиегіне ұшып кеткен. Абырой болғанда, қауіпсіздік жастықтары жастарды ауыр жарақаттан сақтап қалғанға ұқсайды.
Видео: kris_p_astana, 112_aktau
t.me/qaztaspa

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат ісі бойынша сот отырысы кезінде жер сілкінді
Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров жауап беріп жатқан сәтте жер сілкінді. Процесске қатысушылар абдырап қалып, судьья Ержан Жанұзақов оларды сабырлық танытуға шақырды.
Судья үзіліс жариялады. Жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 4 балл болды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен кетуі мүмкін
Ертең, 24 мамыр сағат 12:00-де Алматы қаласының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін VIII шақырылымның мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді.
Айта кетейік, Ерболат Досаев 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған еді.

QazTaspa - Жаңалықтар
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен кетуі мүмкін Ертең, 24 мамыр сағат 12:00-де Алматы қаласының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін VIII шақырылымның мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді. Айта кетейік, Ерболат Досаев 2022 жылдың 31…
Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметте Ерболат Досаев болған еді.

Бибісара Асаубаева гроссмейстер нормасын орындады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық аренада кезекті табысқа қол жеткізді. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде ол гроссмейстерлік үшінші норманы орындап, FIDE рейтингін 2500 ұпайдан асыра алды.
Бұл нәтижесі оны ерлер арасындағы гроссмейстер атағына жақындатып отыр. Енді тек FIDE ұйымының ресми шешімі қалды. Егер мақұлданса, Бибісара – Қазақстан тарихында бұл мәртебеге ие болған екінші әйел шахматшы болмақ. Бұған дейін бұл атаққа Жансая Әбдімәлік ие болған еді.
Sharjah Masters турниріне әлемнің 64 үздік шахматшысы қатысып, Бибісара үздік 30 ойыншының қатарына енді. Әйелдер арасында ол ең жоғары нәтиже көрсетіп, Қытайдан Чжу Цзиньэр мен Үндістаннан Дивья Дешмух секілді қарсыластарынан басым түсті.

Астанада жасөспірімнің қолынан зардап шеккен 5 жасар баланың беті жансызданды
Бұл туралы баланың анасы жазды.
Астанадағы лифтте шабуылға ұшыраған 5 жасар баланың анасы көмекке мұқтаж. Баланың бет жүйкесі зақымданып, сол жақ беті жансызданып қалған. Қазір оған шетелде ғана жасалатын арнайы ем қажет.
Еске сала кетейік, биыл ақпанда елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде 14 жастағы жасөспірім лифт ішінде 5 жасар баланың бетіне пышақпен жарақат салған болатын. Кейін сот шешімімен оған мәжбүрлі ем тағайындалған.
t.me/qaztaspa
Бұл туралы баланың анасы жазды.
Астанадағы лифтте шабуылға ұшыраған 5 жасар баланың анасы көмекке мұқтаж. Баланың бет жүйкесі зақымданып, сол жақ беті жансызданып қалған. Қазір оған шетелде ғана жасалатын арнайы ем қажет.
Еске сала кетейік, биыл ақпанда елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде 14 жастағы жасөспірім лифт ішінде 5 жасар баланың бетіне пышақпен жарақат салған болатын. Кейін сот шешімімен оған мәжбүрлі ем тағайындалған.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте балаға садақ жебесі тиді
Оқыс оқиға қаладағы Орталық стадионда болған. Мүгедектігі бар адамдарға арналған садақ ату секциясының жаттығуы кезінде стадионда футбол ойнап жүрген балаға садақ жебесі тиген.
Желі қолданушыларының айтуынша, секция мен футбол алаңының ара қашықтығы –шамамен 100 метр.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция тергеуді бастады. Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

🇫🇷 Франция президенті Макронның Вьетнамға сапары кезінде күтпеген оқиға орын алды
Президенттің жұбайы Брижит Макрон Эммануэль Макронға қарай тосын қимыл жасады — ол не аузына қолын апарып жапқысы келгендей, не жеңіл шапалақ бергендей көрінді.
Бұл оқиға ұшақ есігі ашылған сәтте, яғни хаттамада белгіленген уақыттан бұрын орын алып, ресми қызмет өкілдерін абдыратып тастады. Брижиттің бұл қимылы камераға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқылауға себеп болды.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады
➤ Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.
t.me/qaztaspa
➤ Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астананың қақ ортасында LED-экраннан интим қызметтер жарнамасы көрсетілді
Әлеуметтік желілерде тараған видео қызу талқыға түсті.
Астана қалалық департаментінің мәліметінше, экранда көрсетілген “18+” жарнама Wi-Fi желісінің бұзылуынан кейін шыққан.
t.me/qaztaspa
Әлеуметтік желілерде тараған видео қызу талқыға түсті.
Астана қалалық департаментінің мәліметінше, экранда көрсетілген “18+” жарнама Wi-Fi желісінің бұзылуынан кейін шыққан.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысындағы ұн өндіретін кәсіпорында жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды
23 мамыр күні Жібек Жолы ауылындағы ұн өнімдерін шығаратын цехта жарылыс орын алып, кейіннен ірі өртке ұласты.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиғаға астық қалдықтарынан пайда болған шаң мен ауаның қоспасы себеп болған. Өрт 1300 шаршы метрден аса аумақты қамтыған.
Оқиға орнынан бес адам құтқарылды, төртеуі ауыр хәлде жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта мамандар жарылыстың нақты себептерін анықтап жатыр.

❗️Алматы облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты
26 мамырда Достық – Бескөл теміржол бағытындағы күзетілмеген өткелде жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты.
“Қазақстан темір жолы” хабарлауынша, машинист төтенше тежеу жүйесін іске қосқанымен, апатты болдырмау мүмкін болмаған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Апат салдарынан пойыз қозғалысы уақытша кешікті. Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
t.me/qaztaspa
26 мамырда Достық – Бескөл теміржол бағытындағы күзетілмеген өткелде жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты.
“Қазақстан темір жолы” хабарлауынша, машинист төтенше тежеу жүйесін іске қосқанымен, апатты болдырмау мүмкін болмаған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Апат салдарынан пойыз қозғалысы уақытша кешікті. Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент зообағында ер адам түйеқұсты тепті
Оқиға 25 мамыр күні сағат 18:00 шамасында болған. Ер адам сол жердегі жануарларды үркітіп, тіпті түйеқұсты теуіп жіберген. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады.
Хайуанаттар бағының мәліметінше, келуші тыйым салынғаны туралы белгілерге қарамастан, қоршаудан өткен.
Видеоны сол күні келген басқа бір келуші түсіріп алыпты. Шымкент зообағы жануарларға құрмет көрсетуге шақырады. Олар қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінетіндерін айтты.

Алматы облысындағы ұн өндіретін кәсіпорында жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды 23 мамыр күні Жібек Жолы ауылындағы ұн өнімдерін шығаратын цехта жарылыс орын алып, кейіннен ірі өртке ұласты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиғаға…
‼️ Алматы облысында болған жарылыстан 2 адам қаза тапты
23 мамырда ұн өндіретін кәсіпорында жарылыс болып, 4 адамның ауыр халде ауруханаға жеткізілгені туралы белгілі болған еді.
Зардап шеккендердің екеуі көз жұмды. Ал екі адам ауыр жағдайда, жансақтауда жатыр. Денелерінің 80-90 пайызын күйік шалған.
t.me/qaztaspa
23 мамырда ұн өндіретін кәсіпорында жарылыс болып, 4 адамның ауыр халде ауруханаға жеткізілгені туралы белгілі болған еді.
Зардап шеккендердің екеуі көз жұмды. Ал екі адам ауыр жағдайда, жансақтауда жатыр. Денелерінің 80-90 пайызын күйік шалған.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсіп, қалыңдық қаза тапты
24 мамырда Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсті. Үлкен Алматы айналма автожолының 36-шақырымында КІА мен Mercedes-Benz маркалы автокөліктер соқтығысқан. Салдарынан Mercedes-Benz аударылып түскен.
Көлік ішінде болған қалыңдық оқиға орнында қаза тапты. Ал күйеу жігіт пен оның екі танысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне полиция растаған.
Қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Видео: @syrymitkulov

Ресейлік ұшақ жолаушысы көз жұмып, Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды
Nordwind Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 777 ұшағы Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған. Алайда борттағы жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған соң, ұшақ Ақтөбе әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Кейін 42 жастағы жолаушының қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды БАҚ. Ұшақ бортында барлығы 564 адам болған.
t.me/qaztaspa
Nordwind Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 777 ұшағы Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған. Алайда борттағы жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған соң, ұшақ Ақтөбе әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Кейін 42 жастағы жолаушының қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды БАҚ. Ұшақ бортында барлығы 564 адам болған.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Балқадиша» әнімен көпшілікті тәнті еткен дзюдошы Димаштың алдында ән шырқады
Атыраулық жас дзюдошы Бекболат Иса Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен кездесуі кезінде «Балқадиша» әнін тамылжыта орындады. Қазақстандықтар баланың өнеріне тағы бір мәрте тәнті болып, қошемет көрсетті.
Ал Димаш жас спортшыға қолдау көрсетіп, оған домбыра сыйлаған.

Өрт сөндірушілер терезеден секірмек болған адамды құтқарып қалды
Оқиға 26 мамырда Павлодар облысы, Ақсу қаласында болған. Сол жерден түсірілген видео кадрларынан терезеден секірмек болған ер адамды құтқарушылардың сатымен көтеріліп, ішке қарай итеріп жібергенін көруге болады.
Ведомство мәліметінше, көпқабатты үйдің 6-қабатының терезесінен шығып тұрған ер адамның қолында пышағы болған.