QazTaspa - Жаңалықтар
2.94K subscribers
2.08K photos
1.26K videos
3.75K links
Ел және әлем жаңалықтары
@taspanews - орыс тіліндегі Telegram-арна. Ақпаратыңыз болса, @taspanews_bot жазыңыз.
https://kaz.taspanews.kz/

Zakon.kz интернет-басылымының компаниялар тобы
Download Telegram
Алматыда екі электр маманын тоқ соқты

Оқиға “Жастар” тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстары кезінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің киімі жанып, біреуі есінен танып қалған.

Екі науқас анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға барлық қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сәтпаевта ер адам қызға шабуыл жасап, зорламақ болған

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдардан жас қыздың подъезге кіріп жатқан сәті, артынан ер адамның жүгіріп кіріп, оған тап беріп, аузын қолымен жауып, баспалдақтың астына қарай сүйрегені көрінеді.

Қыз айқайлай бастағанда, ер адам қорқып қашып кеткен. Бірінші қабаттағы пәтерден әйел адам шығып, көмек көрсеткен. Ұлытау облысының ПД мәліметінше, «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

t.me/qaztaspa
Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасуда

Сот отырысының тікелей трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көре аласыздар.

Дәл қазір тергеу кезінде марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен Нұрқияс Ілиясовты беттестірген сәт көрсетіліп жатыр.

t.me/qaztaspa
Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті Гарвард университетіне қатысты жаңа шектеу енгізді. Трамп әкімшілігі қабылдаған шешімге сәйкес, енді бұл оқу орнына шетел азаматтарын қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта білім алып жатқан шетелдік студенттерге де талап күшейтілді – олар басқа оқу орындарына өз еркімен ауысуы керек. Олай болмаған жағдайда, көші-қон мәртебесінен айырылуы мүмкін.

Халықаралық академиялық қоғамдастыққа қарасты оқу орнында шамамен 10 мың адам тіркелген, олардың 6 793-і – шетел азаматтары. Бұл – студенттердің 27 пайызын құрайды.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тұлпар мінгізем деген едің»: қария Қайрат Нұртастың бұрын берген уәдесін еске салды

Ташкенттегі концерт кезінде Қайрат Нұртастың қарт жанкүйері әншіге алғысын білдіріп, оған сыйлықтар табыстады. Алайда ол мұнымен тоқтамай, әртістің бірнеше жыл бұрын берген уәдесін еске салды.

2017 жылы өткен концерттердің бірінде Қайрат белдігін ұмытып кеткен, ал қария оған өз белдігін беріпті. Сол кезде Қайрат Нұртас алғысын білдіріп, оған тұлпар сыйлайтынын айтыпты. Ташкенттегі сахнада әлгі қария «Уәде еткен тұлпарымды қашан бересің?» — деп сұрады. Әнші сәл кідіріп, уәдесін орындайтынын айтты.

t.me/qaztaspa
Жаңаөзенде мектеп түлектері мінген көліктер жол апатына түсті

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында мектеп бітірушілер қатысқан көлік апаты болды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода түлектер отырған бірнеше көліктің бір-бірімен соқтығысқаны түсіп қалған. Бейнежазбадан жол талғамайтын көліктердің бірі кенеттен жылдамдығын арттырып, арты шаңға оранып, алдыңғы көлікке барып соғылғаны көрінеді.

Соққының қатты болғаны соншалық, бір көлік жол жиегіне ұшып кеткен. Абырой болғанда, қауіпсіздік жастықтары жастарды ауыр жарақаттан сақтап қалғанға ұқсайды.

Видео: kris_p_astana, 112_aktau

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат ісі бойынша сот отырысы кезінде жер сілкінді

Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров жауап беріп жатқан сәтте жер сілкінді. Процесске қатысушылар абдырап қалып, судьья Ержан Жанұзақов оларды сабырлық танытуға шақырды.

Судья үзіліс жариялады. Жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 4 балл болды.

t.me/qaztaspa
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен кетуі мүмкін

Ертең, 24 мамыр сағат 12:00-де Алматы қаласының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін VIII шақырылымның мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді.

Айта кетейік, Ерболат Досаев 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған еді.
QazTaspa - Жаңалықтар
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметінен кетуі мүмкін Ертең, 24 мамыр сағат 12:00-де Алматы қаласының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру үшін VIII шақырылымның мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді. Айта кетейік, Ерболат Досаев 2022 жылдың 31…
Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметте Ерболат Досаев болған еді.


t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бибісара Асаубаева гроссмейстер нормасын орындады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық аренада кезекті табысқа қол жеткізді. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде ол гроссмейстерлік үшінші норманы орындап, FIDE рейтингін 2500 ұпайдан асыра алды.

Бұл нәтижесі оны ерлер арасындағы гроссмейстер атағына жақындатып отыр. Енді тек FIDE ұйымының ресми шешімі қалды. Егер мақұлданса, Бибісара – Қазақстан тарихында бұл мәртебеге ие болған екінші әйел шахматшы болмақ. Бұған дейін бұл атаққа Жансая Әбдімәлік ие болған еді.

Sharjah Masters турниріне әлемнің 64 үздік шахматшысы қатысып, Бибісара үздік 30 ойыншының қатарына енді. Әйелдер арасында ол ең жоғары нәтиже көрсетіп, Қытайдан Чжу Цзиньэр мен Үндістаннан Дивья Дешмух секілді қарсыластарынан басым түсті.

t.me/qaztaspa
Астанада жасөспірімнің қолынан зардап шеккен 5 жасар баланың беті жансызданды

Бұл туралы баланың анасы жазды.

Астанадағы лифтте шабуылға ұшыраған 5 жасар баланың анасы көмекке мұқтаж. Баланың бет жүйкесі зақымданып, сол жақ беті жансызданып қалған. Қазір оған шетелде ғана жасалатын арнайы ем қажет.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде 14 жастағы жасөспірім лифт ішінде 5 жасар баланың бетіне пышақпен жарақат салған болатын. Кейін сот шешімімен оған мәжбүрлі ем тағайындалған.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте балаға садақ жебесі тиді

Оқыс оқиға қаладағы Орталық стадионда болған. Мүгедектігі бар адамдарға арналған садақ ату секциясының жаттығуы кезінде стадионда футбол ойнап жүрген балаға садақ жебесі тиген.

Желі қолданушыларының айтуынша, секция мен футбол алаңының ара қашықтығы –шамамен 100 метр.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция тергеуді бастады. Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷 Франция президенті Макронның Вьетнамға сапары кезінде күтпеген оқиға орын алды

Президенттің жұбайы Брижит Макрон Эммануэль Макронға қарай тосын қимыл жасады — ол не аузына қолын апарып жапқысы келгендей, не жеңіл шапалақ бергендей көрінді.

Бұл оқиға ұшақ есігі ашылған сәтте, яғни хаттамада белгіленген уақыттан бұрын орын алып, ресми қызмет өкілдерін абдыратып тастады. Брижиттің бұл қимылы камераға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқылауға себеп болды.

t.me/qaztaspa
Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

➤ Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астананың қақ ортасында LED-экраннан интим қызметтер жарнамасы көрсетілді

Әлеуметтік желілерде тараған видео қызу талқыға түсті.

Астана қалалық департаментінің мәліметінше, экранда көрсетілген “18+” жарнама Wi-Fi желісінің бұзылуынан кейін шыққан.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысындағы ұн өндіретін кәсіпорында жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды

23 мамыр күні Жібек Жолы ауылындағы ұн өнімдерін шығаратын цехта жарылыс орын алып, кейіннен ірі өртке ұласты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиғаға астық қалдықтарынан пайда болған шаң мен ауаның қоспасы себеп болған. Өрт 1300 шаршы метрден аса аумақты қамтыған.

Оқиға орнынан бес адам құтқарылды, төртеуі ауыр хәлде жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта мамандар жарылыстың нақты себептерін анықтап жатыр.

t.me/qaztaspa
❗️Алматы облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты

26 мамырда Достық – Бескөл теміржол бағытындағы күзетілмеген өткелде жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты.

“Қазақстан темір жолы” хабарлауынша, машинист төтенше тежеу жүйесін іске қосқанымен, апатты болдырмау мүмкін болмаған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Апат салдарынан пойыз қозғалысы уақытша кешікті. Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

t.me/qaztaspa