QazTaspa - Жаңалықтар
2.95K subscribers
2.08K photos
1.26K videos
3.75K links
Ел және әлем жаңалықтары
@taspanews - орыс тіліндегі Telegram-арна. Ақпаратыңыз болса, @taspanews_bot жазыңыз.
https://kaz.taspanews.kz/

Zakon.kz интернет-басылымының компаниялар тобы
Download Telegram
✍️ Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

t.me/qaztaspa
👩🏻‍⚕️Мектептерде тіс дәрігері кабинеттері ашылады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, оқушы саны 1 мыңнан асатын мектептерде стоматологиялық кабинеттер енгізілмек.

Бұдан бөлек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары жанынан мектеп медицинасы бөлімшелерін ашу көзделіп отыр. Министр кәсіби тексерістер жүргізу тәртібі қайта қаралатынын және медицина қызметкерлерінің біліктілігі артады деп атап өтті.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Желіде қыздардың биі қызу талқыға түсті

Алматыдағы Арбатта бірнеше қыз High Heels стилінде би билеген видеоролик әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан қара түсті қысқа белдемше киген қыздардың көшенің қақ ортасында билеп жатқанын, ал айналасында адамдардың қарап тұрғанын көруге болады.

Біраз уақыттан кейін оқиға орнына полиция келіп, биді тоқтатқан. Қыздар бөлімшеге жеткізіліп, шамамен төрт сағат сонда болған. Бұл туралы би қоюшы Ділназ Ғалымжанова хабарлады.

t.me/qaztaspa
Тағы бір қайғылы жағдай: сарбаз әскерде көз жұмды

Аягөздегі әскери бөлімде 18 жастағы Саламат Сәбитовтың өлімі тіркелді. Ол биыл наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысынан шақыртылып, әскер қатарында небәрі үш апта ғана болған. Әскери ант қабылдауға да үлгермеген.

Туыстарының айтуынша, Саламаттың омыртқасынан және көруінде ақау болған. Қолында медициналық анықтамасы болса да, оны танк бөлімшесіне жіберген. Ол бір апта бойы ауруханада емделіп, кейін қаза тапты.

Ресми мәліметке сәйкес, өлімге менингиттен туындаған ми қабынуы себеп болған.

t.me/qaztaspa
Шымкентте әйелді зорлаған полицейге үкім шықты

Қылмыстық істегі деректерге сүйенсек, 2023 жылдың қыркүйегінде жедел уәкіл қамауда отырған әйелдің камерасына кіріп, оны «анасымен сөйлестіремін» деген желеумен қоймаға алып барған. Сол жерде жәбірленушінің қарсылығына қарамастан зорлық әрекетін жасаған.

Әйел бұл оқиға жайлы сол сәтте айтпаған. Тек 2024 жылдың қазанында медициналық тексеру кезінде оның бастапқы жүктілігі анықталып, содан кейін тергеу басталған.

Нәтижесінде полицей 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол процессуалдық шығындарды өтейді.

t.me/qaztaspa
Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы басталды

Бүгін айыпталушы Абзал Шынасыл жауап береді.

Сот процессінің тікелей трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абзал Шынасыл: «Шерзаттың өлімін мойныма ала салайын дедім»

Шерзат ісі бойынша сот отырысында Абзал Шынасыл өзін камераға түсіріп, БАҚ-та көрсетуге рұқсат етті. Одан бөлек, тағылған айыпты ішінара мойындайтынын айтты. Айыпталушы Нұрқанат Ғайыпбаевқа 3 рет пышақ сұққанын мәлімдеді. Ол өлтіру мақсатында емес, мылтық атылғаннан кейін, ашумен істедім дейді. Одан бөлек, жасағанына өкінетінін де жеткізді. Ал Шерзаттың өлімін басқа айыпталушылармен келіскеннен кейін ғана мойнына алғанын айтты.

t.me/qaztaspa
Түркістан облысында ер адам 3 миллион теңге ұрлап, көлік сатып алған

Келес ауданында ер адам туысына қонаққа келген адамның көлігінен 3 млн теңге ұрлап, ақшасына ВАЗ автокөлігін сатып алған.

Полиция мәліметінше, күдікті түнде Volkswagen көлігінің артқы терезесін сындырып, ішіндегі ақшаны қолды еткен. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты.

Жедел-іздестіру нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады. Қазір ол тергеу изоляторында. Көлік иесі полицияға жылдам әрекет еткені үшін алғыс айтты.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында ер адам балалардың көзінше әйелін ұрып-соққан

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам жанжал кезінде әйелін балалардың көзінше соққыға жыққан. Көршілердің айтуынша, 10 жастағы ұлы әкесін тоқтатуға тырысқан, ал қыздары қорқып: «Әке, қойыңызшы» деп айқайлап, көшеге жүгіріп шыққан.

Белгілі болғандай, бұл отбасында тоғыз бала тәрбиеленіп жатыр.

Видео: abdulla_kz_kz

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында жаяу жүргіншілер жолағында екі қызды көлік қағып кетті

Оқиға Қордай ауылында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік екі қызды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен. Жарақат алған балалар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша жол жүру ережесін бұзып, ауыр дене жарақатына әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

t.me/qaztaspa
Қазақстандық түлек 9 елдің 86 университетінен шақырту алды

Түркістан облысы, Арыс қаласының тумасы Айсұлтан Алтынбек әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен оқуға шақырту алған. Оның ішінде ғылым, технология, бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында үздік саналатын 10 беделді жоғары оқу орны бар.

Айсұлтан - Абай атындағы Білім-инновация лицей-интернатының түлегі. Мектеп ұжымы шәкіртінің бұл жетістігін зор мақтанышпен жеткізді.

Ол шақырту алған үздік университеттердің қатарына мыналар кіреді:

• Budapest University of Technology and Economics
• Eötvös Loránd University
• University of East London
• Albion College
• Hampshire College
• Drexel University
• DePaul University
• University of Colorado Boulder (CU Boulder)
• Drake University
• Temple University

Жалпы Айсұлтанға ұсынылған білім гранттарының құны 4,6 миллион долларды құрайды.

t.me/qaztaspa
Дженнифер Лопес Қазақстанда екінші концертін береді

Әнші 10 тамыз күні Алматы қаласында өнер көрсетеді, деп хабарлады продюсер Мәлік Хасенов Динара Сатжанға берген сұхбатында.

Джей Лоның алғашқы концерті 1 тамызда Астанада өтеді.

t.me/qaztaspa
💡 Алматыда электр энергиясы қымбаттайды

1 маусымнан бастап 1 киловатт-сағаттың бағасы ҚҚС-сыз 38,66 теңге болады.

Тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер де өседі (ҚҚС-сыз):

🔸 1-деңгей – 1 кВт/сағ үшін 26,80 теңге (қазіргі бағасы – 25,6 теңге)
🔸 2-деңгей – 35,42 теңге (қазір – 33,11 теңге)
🔸 3-деңгей – 44,28 теңге (қазір – 41,39 теңге)

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын»

Кеше, 21 мамырда Шерзат ісі бойынша өткен сот отырысында судья түскі үзіліс жариялағаннан кейін айыпталушылардың дауысы тікелей эфирден естіліп қалды. Бұл сәт әлеуметтік желіде бірден тарап, қолданушылардың арасында қызу талқыға түсті.

– Көзімнен жас шығып кете жаздады, дүрыс сөйледім бе?
– Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын.

Видеода нақты кімнің дауысы екені белгісіз. Алайда, осыған дейін Дидар Қалиахмет жауап берген еді. Ал Жоғарғы соттың Youtube-арнасында сақталған эфирінде аталмыш үзінді болған жоқ.

t.me/qaztaspa
Бүгін Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін Беларусь көшесі, 15 мекенжайында орналасқан Алматы метрополитені депосының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді.

t.me/qaztaspa
⚖️ БҚО-да арнайы жасақтың бұрынғы қызметкері фельдшер өлімі үшін 10 жылға сотталды

24 жастағы Әлихан Биғазиев 30 жастағы Диар Туысовты өлімші етіп соққаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Мой Город.

Оқиға 2024 жылғы 17 қарашада Тасқала ауданында болған. Марқұмның әкесі ұлының басынан бірнеше рет соққы алып, ауруханада көз жұмғанын айтады. Туысовтың қызы әкесінің жаназасы күні дүниеге келген.

Биғазиевпен бірге тағы екі адам сотталды: біреуі – 3 жылға, екіншісі – 10 жылға. Сот үшеуін марқұмның туыстарына 19 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Дженнифер Лопес Қазақстанда екінші концертін береді Әнші 10 тамыз күні Алматы қаласында өнер көрсетеді, деп хабарлады продюсер Мәлік Хасенов Динара Сатжанға берген сұхбатында. Джей Лоның алғашқы концерті 1 тамызда Астанада өтеді. t.me/qaztaspa
Джей Лоның концерті Орталық стадионда өтпей қалуы мүмкін — «Қайрат» клубы мәлімдеме жасады

«Қайрат» футбол клубының хабарлауынша, 9 немесе 10 тамызда Орталық стадионда ел біріншілігі аясында «Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы матч өтуі тиіс. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубок ойындарына қатысады. Осы себепті стадион УЕФА талаптарына сай дайындалып, ол күндері өзге іс-шаралар ұйымдастыруға рұқсат етілмейді.

Клуб мәдени шараларға түсіністікпен қарайтынын және кез келген диалогқа ашық екенін де атап өтті.

t.me/qaztaspa
Алматыда электромобильдерге арналған 622 жаңа қуаттау орны пайда болады

“Алматы” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр көліктерін қуаттайтын станциялар орнату үшін 311 жер телімін бөлді.

Әр бекетте екі автотұрақ орны қарастырылған, осылайша қалада электромобильдерге арналған 622 қосымша қуаттау орны ашылады.

Қуаттау станциялары адамдар жиі жиналатын базарлар, мейрамханалар мен саябақтар маңында орнатылады. Барлығы жыл соңына дейін іске қосылмақ.

t.me/qaztaspa