QazTaspa - Жаңалықтар
2.94K subscribers
2.06K photos
1.25K videos
3.71K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️ Ақтауда жол апатынан екі бала ауыр жарақат алды

14 мамырда Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағын аудандарының арасындағы жолда көлік екі баланы қағып кеткен.

2013 және 2014 жылы туған балалар ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Олар бас-сүйек ми жарақатын алған.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлын әдейі төбелестіріп, видеоға түсірген ер адамға қатысты іс сотқа жіберілді

Әлеуметтік желіде жасөспірімдердің төбелесіп жатқан видеосы тарады. Кадрда екі баланың бір-біріне жұдырық жұмсап жатқаны көрінеді. Оларды айнала қоршап тұрғандар араша түспей, керісінше, ұялы телефонға түсіріп тұрған. Видео сыртынан бір ересек адамның балаларды арандатып жатқаны анық естіледі, ол төбелесті тоқтатуға тырыспаған.

Полиция бұл жайтқа байланысты әкімшілік хаттама толтырып, істі шешу үшін сотқа жолдады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

t.me/qaztaspa
Ақтөбелік ер адам ағзасын сатпақ болған

Ақтөбеде ішкі органын сатып, 15 млн теңге табыс таппақ болған ер адам анықталды. Ол заңсыз келісім жасамақ болған сәтінде ұсталды.

Құқық қорғау органдары бұл фактіні әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықтаған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 116-бабы 1-бөлігі бойынша (Ағзаларды мәжбүрлі немесе заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

t.me/qaztaspa
Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі жалғасуда

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев туған күнін тағы да атап өтпейді

17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай мерекелік шара жоспарланбаған. Тоқаев бұл күнді атап өтпейді.

Президент бұл ұстанымды өз қызметінің басынан бері ұстанып келеді.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Жетісу облысында ер адам өзеннен тартылған троспен өтпек болып, құлап кеткен Оқиға Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде болды. Полиция мәліметінше, ер адамды ағыс алып кеткен болуы мүмкін. Азамат «Н»-ның жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс…
Жетісу облысында суға құлап жоғалып кеткен адамның денесі табылды

Осыған дейін ер адамның өзеннің бір жағынан келесі бетіне троспен өтпек болып, құлап кеткені жайлы жазған едік. Оқиға 10 мамыр күні болған. Бүгін ер адамның денесі табылды.

t.me/qaztaspa
Шымкентте мектеп оқушысы Free Fire ойынындағы аккаунт үшін алаяққа 2 миллион теңге беріп, алданып қалған

ІІМ мәліметінше, белгісіз ер адам мектеп оқушысына Free Fire мобильді ойынындағы аккаунтты сатып алуды ұсынған. Алтыншы сыныпта оқитын бала ұсынысқа қызығып, анасының банк картасының деректерін, соның ішінде ақша аудару кодын да берген. Осыдан кейін ата-анасының шоттарынан 2 миллион теңге шешіп алынған.

Шығынды байқаған баланың анасы дереу полицияға жүгінген. Күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталып, қазіргі уақытта тергеушілермен жұмыс істеп жатыр.

t.me/qaztaspa
❗️Елімізде бұқаларды шетелге шығаруға үш айлық шектеу енгізілді

15 мамырдан бастап Қазақстаннан бұқаларды сыртқа шығаруға уақытша шектеу қойылды.

Бұл шешім ауыл шаруашылығы жануарларының экспортына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданған.

📌Тыйым мерзімі – 3 ай.

t.me/qaztaspa
Ұлытау облысында төрт баланың анасы наркоздан кейін көз жұмды

Жаңаарқа кентіндегі аудандық ауруханада 42 жастағы көпбалалы анаға соқырішекті алып тастау үшін жасалған ота кезінде қайғылы жағдай болды. Наркоз алғаннан кейін әйелде анафилактикалық шок дамып, артынша кома мен ми ісігі пайда болған. Артында күйеуі мен төрт баласы қалды, кенжесінің жасы — небәрі 3-те.

Туыстарының айтуынша, әйелдің ота алдындағы қан қант мөлшері жоғары болып, ағзасында қабыну процесі жүрген. Соған қарамастан, аллергиялық сынама жүргізілмеген, дәрігерлер мұны қажетті жабдықтың жоқтығымен түсіндірген.

Қайғылы оқиғадан кейін ауруханада ауқымды тексеріс басталды. Қызметінен директор, оның орынбасары, хирург пен анестезиолог шеттетілді.

t.me/qaztaspa
Аризонада қазақстандық сарбаз рекорд жаңартты

АҚШ-тың Аризона штатында өтіп жатқан Best Warrior халықаралық жарысында Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері ел намысын қорғауда.

Додада 54835 әскери бөлімінің сержанты Аслан Дархан мен 18404 бөлімнің гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков өнер көрсетіп жатыр.

Сайысқа әскери машық, тактикалық медицина, қару қолдану және 22 шақырымдық марш жүгіру сынды 10 түрлі тапсырма енген.

t.me/qaztaspa
🚇 Алматы метро пайдаланушыларына жақсы жаңалық

2025 жылдың күзіне қарай Алматы метросында жолақы төлеу бұрынғыдан да жеңіл болмақ.

Енді әр бекеттегі турникеттерге банк картасын немесе смартфонды тигізу арқылы төлем жасауға болады.

Бұған дейін картамен тек кассада немесе бір ғана арнайы турникетте төлеу мүмкін еді.

💳 Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтындар мен жетонға кезекте тұрғысы келмейтіндер үшін өте ыңғайлы. Ең бастысы – қолыңызда карта немесе смартфон болса жеткілікті.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда ер адам автобус жүргізушісінің бетіне бұрышты газ баллонын шашып жіберген

Жанжал кезінде кроссовер жүргізушісі бұрышты газ баллонын шығарып, оны автобус жүргізушісінің бетіне шашқан. Ер адамның бұл әрекетіне автобустың жол бермегені себеп болған көрінеді.

Жетісу ауданының полиция басқармасы оқиғаның болғанын растады. Күдікті тез арада ұсталып, оның әрекеті «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша бағаланған.

Сот шешімімен оған 5 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

t.me/qaztaspa
Қызылордада апатты жағдайда қонған ұшақ адамдары табылды

Қызылорда облысында «Таң–Құмкөл» бағытымен ұшқан АН-2 ұшағы апатты жағдайда қонып, борттағы 3 адаммен байланыс үзілген.

8 сағатқа созылған іздеу кезінде олар айдалада табылды.

🔍 Іздеуге ТЖМ күштері мен «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылған.

Олар Тереңөзек кентіне жеткізілді, медициналық көмек қажет болмаған.

Қазіргі жағдайлары жақсы.

t.me/qaztaspa
😨 Шымкентте универдегі ұрлық схемасы әшкере болды

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да ректордың міндетін атқарушы мен бірнеше бөлім басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Олар қызмет, құрылыс және тауар жеткізу бойынша жалған келісімшарттар жасап,
💸 бюджеттен 256 млн теңге жымқырған.
Негізі атқарылды делінген жұмыстар мүлде болмаған.

🔒 Тергеу аясында:
– 6 қымбат көлік
– 254 млн теңге тұратын элиталы коттеджге
сот санкциясымен тыйым салынды.

4 күдікті үйқамаққа алынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.

t.me/qaztaspa
⚖️ Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов 3 жылға сотталды

Сот оны 1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ісі бойынша кінәлі деп таныды.

🕳 Сонымен қатар, оған өмір бойы басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Ал екінші айыпталушы — «Success K» компаниясының басшысы Ляззат Көккөзова
🔒 алаяқтық бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔪 Алматыда жаппай төбелес болып, пышақ қолданылды

Оқиға «Ұш Сұңқар» ТҮК паркингінде болған.

Полицияның мәліметінше, тұрғындар арасындағы жанжал пышақ жарақатына ұласқан —
2 адам жараланып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

🕵️‍♂️ Күдіктілер анықталды.
Қазір оқиға бойынша «қару қолданған бұзақылық» бабымен іс қозғалды.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM