QazTaspa - Жаңалықтар
2.94K subscribers
2.06K photos
1.25K videos
3.71K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
⚡️LRT ісіне байланысты халықаралық іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркияда ұсталды

ҰҚК мәліметінше, LRT жобасының бұрынғы басшысы ұзақ уақыт тергеуден жасырынған. Ол Түркия аумағында қолға түсті.

Қазір Арданды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

t.me/qaztaspa
Лифтте 5 жасар баланың бетін тіліп жіберген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

14 жастағы жасөспірім мәжбүрлі ем қабылдайтын болды.

Судья шешім шығарғанда оның II топтағы мүгедек екенін және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын ескерген. Ол көпқабатты тұрғын үйдің лифтінде кәмелетке толмаған баланы пышақпен жаралаған.

Сараптама нәтижесі бойынша, жасөспірімнің психикалық ауруға шалдыққаны, қылмыс сәтінде өз әрекетінің мәнін және оның қауіптілігін түсіне алмағаны, әрі оны бақылай алмағаны анықталған. Сол арқылы ол өзіне әрі қоғамға қауіп төндірген.

t.me/qaztaspa
Бішкекте мектепке ҚР Президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың аты берілді

Соғыс жылдары Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясы Фрунзе жаяу әскер әскери училищесі болған. Дәл осы оқу орнын Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі бітіріп, майданға аттанған.

Мектепке Кемел Тоқаевтың есімін беру бастамасын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров көтерген. Ол бұл шешімі туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары кезінде жеке өзі айтқан, деп хабарлайды қырғыз БАҚ.

t.me/qaztaspa
Жетісу облысында браконьер ұсталды: 300-ден аса киік мүйізі тәркіленді

Текеліде Subaru көлігінен үш қорапқа салынған 300-ден астам киік мүйізі табылды. Оларды заңсыз сатпақ болған Теміртау тұрғыны ұсталды.

Алдын ала мәліметке сай, мемлекетке келтірілген шығын 539 миллион теңгеден асады.

Күдікті үйқамаққа алынды, тергеу жалғасып жатыр.

t.me/qaztaspa
ТЖМ қызметкерлері шұңқырға құлап кеткен түйені құтқарды

🐪Түйе кәріз құдығына түсіп кеткен. Құтқарушылар арқанды пайдаланып, түйені алып шықты. Оқиға Қызылорда облысы Арал қаласындағы жеке меншік үйлердің бірінің аумағында орын алды.

Құтқару операциясының нәтижесінде аман қалған жануардың иесі құтқарушыларға олардың жеделдігі үшін алғысын білдірді.

t.me/qaztaspa
Енді елімізде үй сатқан азаматтар табыс салығын төлеуге міндетті болады

Жаңа Салық кодексінде мүлік саудасынан табыс тапқандар үшін салық салу тәртібі қарастырылған.

Егер салық төлемей құтылғыңыз келсе, бір үйді сатып, келесісін тек екі жылдан кейін сатуға тура келеді.

Бұл норма негізінен жылжымайтын мүлікпен тұрақты айналысатын риелторлар мен алыпсатарларға бағытталған. Енді олар табысының 10–15%-ын мемлекетке өткізуі тиіс.

Салық саяжай, гараж, шаруашылық құрылыстары және басқа да мүлік түрлеріне де қолданылады.

t.me/qaztaspa
Алматыны гүлмен безендіруге 2,6 миллион теңге бөлінді

Қалада 219 мың шаршы метрден астам аумақты гүлдендіру көзделіп отыр.

🌺 Жұмыстар 15 сәуірден басталған. Қазіргі таңда қала аудандарының барлығында көгалдандыру жүріп жатыр. Бұл іске 300-ден астам жұмысшы мен 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылған.

🌹 Қала климатына бейімделген раушан, лаванда, шайқурай, гортензия сияқты өсімдіктер егілуде. Олардың 64%-ын көпжылдық гүлдер құрайды.

t.me/qaztaspa
Алматы ТЖД қаладағы 9 су қоймасында шомылуға тыйым салынғанын ескертті

Алматыда тауға жақын және қалалық аумақта орналасқан 44 су қоймасы бар. Соның ішінде 9 нысан адам өмірі үшін қауіпті деп танылған:

🔺Үлкен Алматы өзені – «Шаңырақ» ықшам ауданында
🔺Үлкен Алматы өзені – «Дархан» ықшам ауданында
🔺Үлкен Алматы өзені – Әл-Фараби мен Навои көшелері маңында
🔺«Первомайские пруды» – «Кемел» ықшам ауданында
🔺Кіші Алматы өзені – Бутаковкаға бұрылар тұста
🔺Юннатское өзені
🔺«Қарасу» ықшам ауданындағы тоған
🔺Аэропортовское өзені
🔺Қарасу маңындағы өзен (Шестуха ауданы)

Ал шомылуға рұқсат етілген 4 орын бар:
Сайран көлінің батыс және шығыс жағы
«Гүлдер» демалыс аймағы
«Баум» бағындағы жағажай

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда ер адам сатушыны ұрып жіберген

Ақтаудың 27-шағынауданындағы дүкендердің бірінде ер адам мен сатушы әйел арасында жанжал шығып, соңы күш қолдануға ұласқан. Ер адам әйелдің бетінен жұдырықпен ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды жергілікті пабликтер. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Маңғыстау облыстық ПД мәліметінше, күдікті ұсталған. Аталған дерек бойынша «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

t.me/qaztaspa
Белгілі гидрогеолог Едіге Сабуров дүние салды

“Атыраугидрогеология” ЖШС-нің ғылыми кеңесшісі, танымал ғалым Едіге Сабуров 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Ол 2022 жылы гидрогеология саласындағы еңбегі үшін “Парасат” орденімен марапатталған. Ғалым Ойыл мен Жайық өзендерінің тартылуы секілді өзекті экологиялық мәселелерді жиі көтеріп, оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар білдірген.

t.me/qaztaspa
Таразда Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев соққыға жығылды

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, депутат Тараз қаласына жұмыс сапарымен барып, заңгер ретінде клиенттерімен кездесу өткізген. Сол кеште дәмханалардың бірінде оны белгісіз адам кастетпен ұрған болуы мүмкін.

Нұрлан Байғазиев бет тұсынан жарақат алып, сол жақ бет сүйегі сынып, ығысып кеткен. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Полиция шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады. Қазір «бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын Нұрлан Байғазиев Алматы облысында кәмелетке толмаған 17 жастағы қызды ювеналды полицейлердің тоқтатып, қызметтік көлікке мінгізуге тырысқан сәтін видеоға түсіріп, бұл әрекеттің заңға қайшы екенін айтқан еді. Қызметтік тексерістен кейін полицей жұмыстан қуылды.

t.me/qaztaspa
«Әлемдегі ең кедей президент» атанған Хосе Мухика 90 жасында көз жұмды

Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухиканың қайтыс болғанын елдің қазіргі басшысы хабарлады. Қайғылы жағдайға өңеш обыры мен оның метастаздары себеп болған.

Хосе Мухика 2010 жылдан 2015 жылға дейін Уругвай президенті болды. Ол қарапайым өмір салтымен танылған: қызметте жүрген кезінде де отбасылық фермасында тұрып, жалақысының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсап отырған. БАҚ оны «әлемдегі ең кедей президент» деп атаған еді.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарлық оқушыларға Мәңгілік алау маңында әдепсіз би билегені үшін айыппұл салынды

Осыған дейін желіде Павлодардағы Жеңіс саябағында төрт қыздың ерсі қимылдармен би билеп жатқан видеосы тараған еді. Олар видеоны «Жеңіс саябағын қорлап жатырмыз» деген жазумен жариялап, қоғамда үлкен наразылық туғызды.

Сотта қыздар кінәсін мойындады. Олардың айтуынша, би түсіру идеясы TikTok-тағы трендтен кейін пайда болған, ал видео түсіру 9 мамырға дайындық аясында хореографтың шақыруымен өткен.

Оларға «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әрқайсысына 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ал қалған екі қыздың жасы 16-ға толмағандықтан, олардың ісі ювеналдық сотта қаралады.

t.me/qaztaspa
Пробация қызметкеріне гүл мен тәтті құлпынай жіберген оралдыққа 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды

Орал тұрғыны пробацияда есепте тұрған күйінде өзіне бекітілген инспектордың туған күніне курьер арқылы гүл мен шоколадқа батырылған құлпынай жіберген. Бұл әрекет заңсыз деп танылып, оған қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шешімімен оған 550 480 теңге көлемінде айыппұл салынды.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жасөспірімдер моншаға түсіп жатқан қызды сыртынан видеоға түсіріп алған

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматы облысындағы Ащыбұлақ ауылында болған. Кәмелет жасына толмаған бірнеше жасөспірім қоғамдық моншада жуынып жатқан 16 жастағы қызды сыртынан видеоға түсіріп алған. Одан бөлек, олар бейнежазбаны бүкіл ауылға таратыпты.

Қыздың анасының айтуынша, ол қатты психологиялық соққы алған: үйден шықпайды, күйзеліске түскен, үнемі жылайды.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысы бар барлық жасөспірімнің анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға профилактикалық шаралар қабылдау үшін ұсыныс жолданды.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Желіде Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпарат тарады

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Желіде Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпарат тарады t.me/qaztaspa
‼️Cара Алпысқызы туралы тараған ақпарат жалған болып шықты

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желілерде тараған «Сара Алпысқызы қайтыс болды» деген мәліметті жоққа шығарды.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️ Ақтауда жол апатынан екі бала ауыр жарақат алды

14 мамырда Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағын аудандарының арасындағы жолда көлік екі баланы қағып кеткен.

2013 және 2014 жылы туған балалар ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Олар бас-сүйек ми жарақатын алған.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM