QazTaspa - Жаңалықтар
2.95K subscribers
2.07K photos
1.26K videos
3.74K links
Ел және әлем жаңалықтары
@taspanews - орыс тіліндегі Telegram-арна. Ақпаратыңыз болса, @taspanews_bot жазыңыз.
https://kaz.taspanews.kz/

Zakon.kz интернет-басылымының компаниялар тобы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО-да ТЖМ қызметкері шақырту кезінде үшінші қабаттан құлап кетті

Өскемен қаласында тұрғын үйдің төртінші қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері сатымен көтеріліп жатқан сәтте биіктіктен құлап кеткен.

Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, «оң аяқтың жабық сынығы» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, өміріне қауіп жоқ, деп хабарлады ТЖД өкілдері.

t.me/qaztaspa
Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге келді

Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді. 

t.me/qaztaspa
Ауғанстанда шахмат ойнауға ресми тыйым салынды

Тәліптер шахматты «құмар ойын» деп танып, оған ресми түрде шектеу қойды.

Ауғанстанның спорт департаменті бұл шешімді 2024 жылы қабылданған
«Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу туралы Заңға» сүйене отырып түсіндірді. Талибанның айтуынша, шахмат аталған заңға қайшы және құмар ойындардың қатарына жатады. Бұл – 2021 жылы билікке қайта оралған режимнің бостандықтар мен құқықтарды шектеуге бағытталған саясатының жалғасы.

Осыған дейін Ауғанстанда музыка тыңдау, кино көру, әйелдердің білім алуы және қоғамдық өмірге араласуы секілді салаларға да тыйым салынған еді.

t.me/qaztaspa
✍️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТЖМ қызметкерлері күшікті құтқарды

🐕 Түнде Қызылорда қаласының кезекшісінің пультіне Ш.Айманов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің темір қоршауында күшік қысылып қалғаны туралы шақыру келіп түсті.

⛑️ ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына келіп, гидравликалық сайманның көмегімен темір шыбықтарды кесіп күшіктің басын босатты.

🐶 Зардап шекпеген күшік иесіне табысталды.

t.me/qaztaspa
🇰🇿🇦🇪«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысында ер адам өзеннен тартылған троспен өтпек болып, құлап кеткен

Оқиға Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде болды. Полиция мәліметінше, ер адамды ағыс алып кеткен болуы мүмкін.

Азамат «Н»-ның жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, құтқарушылар, өзге де ведомстволар мен еріктілердің қатысуымен кең ауқымды іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Жетісу облыстық ТЖД хабарлауынша, жоғалған азамат 1989 жылы туған. Іздеу жұмыстарына 98 адам мен 22 техника жұмылдырылған, оның ішінде қайықтар, дрондар және спутниктік байланыс құралдары бар.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
🇰🇿🇦🇪«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін…
🇰🇿🇦🇪 Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның бұл сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне назар аударды.

Кездесуде Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіретіні жөнінде айтылды.

Мемлекет басшысы аталған сапар аясында құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылатынын құптады. Оларды жүзеге асыру елдер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты айтарлықтай ілгерілетеді.

➤ Абу Дабидің Тақ мұрагері көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар табиғаты көркем, халқы жайсаң елімізге ерекше қуанышпен келетінін жеткізді.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда ер адам банк тонамақ болды

Түнде күдікті терезені сындырып, ғимаратқа кірген, деп хабарлады қалалық ПД. Ол кассалық торапты бұзуға тырысқанымен, брондалған әйнектен өте алмаған.

32 жастағы ер адам жедел түрде ұсталып, кінәсін мойындады. Құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғады. Банк атауы нақтыланған жоқ.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️LRT ісіне байланысты халықаралық іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркияда ұсталды

ҰҚК мәліметінше, LRT жобасының бұрынғы басшысы ұзақ уақыт тергеуден жасырынған. Ол Түркия аумағында қолға түсті.

Қазір Арданды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

t.me/qaztaspa
Лифтте 5 жасар баланың бетін тіліп жіберген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

14 жастағы жасөспірім мәжбүрлі ем қабылдайтын болды.

Судья шешім шығарғанда оның II топтағы мүгедек екенін және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын ескерген. Ол көпқабатты тұрғын үйдің лифтінде кәмелетке толмаған баланы пышақпен жаралаған.

Сараптама нәтижесі бойынша, жасөспірімнің психикалық ауруға шалдыққаны, қылмыс сәтінде өз әрекетінің мәнін және оның қауіптілігін түсіне алмағаны, әрі оны бақылай алмағаны анықталған. Сол арқылы ол өзіне әрі қоғамға қауіп төндірген.

t.me/qaztaspa
Бішкекте мектепке ҚР Президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың аты берілді

Соғыс жылдары Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясы Фрунзе жаяу әскер әскери училищесі болған. Дәл осы оқу орнын Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі бітіріп, майданға аттанған.

Мектепке Кемел Тоқаевтың есімін беру бастамасын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров көтерген. Ол бұл шешімі туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары кезінде жеке өзі айтқан, деп хабарлайды қырғыз БАҚ.

t.me/qaztaspa
Жетісу облысында браконьер ұсталды: 300-ден аса киік мүйізі тәркіленді

Текеліде Subaru көлігінен үш қорапқа салынған 300-ден астам киік мүйізі табылды. Оларды заңсыз сатпақ болған Теміртау тұрғыны ұсталды.

Алдын ала мәліметке сай, мемлекетке келтірілген шығын 539 миллион теңгеден асады.

Күдікті үйқамаққа алынды, тергеу жалғасып жатыр.

t.me/qaztaspa