QazTaspa - Жаңалықтар
2.94K subscribers
2.06K photos
1.25K videos
3.71K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұрын сатылып кеткен жылқы бір жылдан соң иесіне қайтып келген

Ингушетияда бұрын басқа адамға сатылып кеткен жылқы одан қашып кетіп, бұрынғы иесіне келген. Ислам Мажор атты жылқыны 1,5 жасынан бастап баққан. Кейін 2024 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жануарды сатуға мәжбүр болған, деп жазды Mash.

Бір жылдан кейін - 2025 жылы-жылқы жаңа иесінен қашып, 10 шақырым жүріп өтіп, бұрынғы иесіне оралды. Жылқының адалдығына тәнті болған Ислам ақша тауып, оны 300 мың рубльге сатып алды.

t.me/qaztaspa
Оралда 9 жастағы бала тоққа түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Оқиға көпқабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, баланың добы сымға ілініп қалған, оны алу үшін жасөспірім электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Сол жерде тоқ соққан.

Дәрігерлердің мәліметінше, баланың жағдайы ауыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денесінің 95 пайызын төртінші дәрежелі күйік шалған.

Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

t.me/qaztaspa
📢 Соңғы қоңырау күні өзгерді!

Оқу-ағарту министрлігі биылғы оқу жылының аяқталу күніне қатысты жаңалықпен бөлісті. Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы өз мәресіне жетіп келеді. Еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.

🗓 23 мамырда барлық мектепте «Білімім – Отанымa» ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл – оқу жылын қорытындылап, ұстаздар мен оқушылардың бір-біріне алғыс білдіретін маңызды сәт.

🎓 Ал 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау салтанаты 23 немесе 24 мамырда, мектеп әкімшілігінің шешіміне қарай ұйымдастырылады. Себебі оқу жылының ресми аяқталу күні – жексенбіге (25 мамырға) сәйкес келеді.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық жігіт Парижде сүйіктісіне ұсыныс жасап, жүзікті суға түсіріп алды

Сенаның жағалауында романтикалық сәтте жүзік салынған қорап жігіттің қолынан түсіп, суға құлаған.

Сол сәтте оның достарының бірі ойланбастан өзенге секіріп, жүзікті алып шыққан. Жігіт ұсынысты қайта жасап, сүйіктісі келісімін берген.

t.me/qaztaspa
Қызылордада шахматтан ел кубогының екінші кезеңі өтуде

Аралбай Махамбетовтың жүлдесіне арналған классикалық шахматтан турнир 8 мамырға дейін жалғасады.

Бұл жолы 17-ші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейден келген 350-ден астам жас шахматшы қатысып жатыр.

t.me/qaztaspa
Шерзат Болат ісі: кезекті сот отырысынан тікелей трансляция

❗️Трансляцияны Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыз!

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Шерзат Болат ісі: кезекті сот отырысынан тікелей трансляция ❗️Трансляцияны Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыз! t.me/qaztaspa
Шерзаттың соты жанжалмен басталды

Сотта сотталушылардың туыстары видеоға түсіруге қарсы шығып, мобилограф жігітті көрсетті. Адвокат ол өз адамым деді. Жігіт видео түсірмегенін дәлелдеді. Судья кәмелетке толмаған баланы видеоға түсіруге тыйым салды.

Судьяның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған сотталушылардың түрлері түсірілген видео тексеріліп жатыр.

t.me/qaztaspa
Маңғыстаудағы екі ардагерге 5 миллион теңгеден беріледі

Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының көзі тірі екі ардагері бар. Жеңіс күніне орай оларға 5 миллион теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, соғыс кезінде жарақат алған, контузия немесе мүгедектік алған, сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 100 азаматқа – 60 АЕК, яғни 235 920 теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі.

Оған қоса, ардагерлерге теңестірілген тағы 104 адамға 50 АЕК көлемінде, бұл — 196 600 теңге, әлеуметтік қолдау тағайындалған.

t.me/qaztaspa
Бауыржан Момышұлының портреті Гиннестің рекордтар кітабына енеді

Астанада 600-ден астам бала Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының алып портретін құрастырды. Балалардың жұмыстары негізінде жасалған мозаиканың жалпы аумағы — 2376 шаршы метр, өлшемі — 32 мен 70 метр аралығында.

Жоба қазіргі уақытта Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылған. Егер рекорд ресми түрде расталса, барлық қатысушыларға аты-жөні жазылған сертификаттар мен медальдар табысталып, есімдері жетістіктер кітабына енеді.

t.me/qaztaspa
Алдағы үш күнде күн 38 градусқа дейін ысиды

6-8 мамыр аралығында ел аумағында оңтүстік циклон әсері сезіледі. Батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте, 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болады.

6-7 мамырда БҚО мен Атырауда, 7 мамырда Маңғыстауда, 7-8 мамырда Ақтөбеде қатты жауын жауады. Қарағандыда ғана жауын-шашын болмайды.

Оңтүстік-батыста және 8 мамырда оңтүстік-шығыста құмды дауыл соғуы мүмкін.

6 мамырда Павлодар мен Абай облыстарында, 6-7 мамырда ШҚО-да түнде және таңертең үсік жүруі ықтимал.

Күндіз ауа температурасы әртүрлі болады: батыста 23-30 градустан 21-26-ға дейін төмендейді. Солтүстік, солтүстік-батыс пен шығыста 20-25-тен 24-29 градусқа дейін көтеріледі. Орталықта 27-35, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 38 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

t.me/qaztaspa
✍️ Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматылық акробаттар Гиннестің рекордтар кітабына енді

«СЕРБАТ» акробаттар тобының мүшелері Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миланда өткен «Lo Show Dei Record» шоуында рекорд орнатты.

Олар қойылым кезінде бірі екіншісін маңдайымен көтеріп, екі баспалдаққа мініп-түсіп трюкті 36,66 секундта орындаған.

Бұл ерекше өнері үшін олар Гиннестің рекордтар кітабына енді.

t.me/qaztaspa
Шерзат ісі: «Ат!» деген бұйрықты кім берді? Куәгер жауап берді

Сот отырысында Қаржаубайдың «бұл сөзді айтқан адамды осы залдан көрсете аласыз ба?» деген сұрағына куәгер Низаметдинова нақты жауап бере алмады.

Оның айтуынша, атуға бұйрық берген — денелі ер адам.

— Жоқ, қазір көрсете алмаймын. Ол денелі адам еді. Ал Шерзаттың анасын тек дүкен сатушысы ретінде ғана танимын. Онымен тек дүкенде жолыққанмын, — деді куәгер.

Сот ісі жалғасуда.

t.me/qaztaspa
Қайырлы таң! 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

t.me/qaztaspa
✈️Дели бағытына қатынайтын рейстерге шектеу қойылды

Air Astana 8 мамырға жоспарланған Алматы – Дели – Алматы бағытындағы KC 907/908 рейстерінің тоқтатылғанын хабарлады. Бұған Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуы себеп болған.

Қазіргі уақытта әуе тасымалдаушы жолаушыларды, соның ішінде Қазақстан азаматтарын, балама маршруттар арқылы елге қайтару үшін арнайы рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда.

📌Билеттерге төленген қаржы толық көлемде қайтарылады.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Горельник» шатқалында студент қыз тас астында қалып қаза тапты

4 мамырда «Горельник» шатқалында қайғылы оқиға орын алды. Сарқырама маңында тауға серуендеуге шыққан бойжеткеннің үстіне тас құлап, мерт болды.

Куәгерлер оның денесін өз күштерімен шығара алмаған. Аймақта ұялы байланыс болмағандықтан, оқиға жайлы ақпаратты тек таудан түскеннен кейін бере алған.

Қыздың мәйіті арнайы гидравликалық құрылғының көмегімен шығарылып, кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥Астанада “Шапағат” сауда орталығынан өрт шықты

Сарыарқа ауданында орналасқан “Шапағат” сауда кешеніндегі бутиктердің бірінде өрт тұтанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазір оқиға орнында жоғары деңгейлі мамандардан құралған өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Сауда орнынан адамдар эвакуациялануда.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы дерек түскен жоқ.

t.me/qaztaspa
Астана әкімдігі трибунаға кіргізілмеген ардагерден кешірім сұрады

Осыған дейін желіде 97 жастағы соғыс ардагері, нейрохирург Тендік Изақовтың әскери парад кезінде трибунаға өткізілмеген сәті түсірілген видео тараған еді.

Әкімдіктің мәліметінше, іс-шараға кіру арнайы тізім бойынша жүзеге асқан. Ол тізім соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан түскен өтініштер негізінде жасалған. Ал Изақовтың отбасынан ондай өтініш түспеген.

Әкімдік өкілдері ардагер мен оның туыстарымен кездесіп, орын алған жағдай үшін кешірім сұрады. Теңдік Изақов 9 мамыр күні өтетін гүл шоғын қою салтанатына арнайы шақырылды.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО-да ТЖМ қызметкері шақырту кезінде үшінші қабаттан құлап кетті

Өскемен қаласында тұрғын үйдің төртінші қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері сатымен көтеріліп жатқан сәтте биіктіктен құлап кеткен.

Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, «оң аяқтың жабық сынығы» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, өміріне қауіп жоқ, деп хабарлады ТЖД өкілдері.

t.me/qaztaspa