QazTaspa - Жаңалықтар
2.77K subscribers
2.02K photos
1.22K videos
3.63K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талғар ауданында бір топ адам ер адамды есінен танғанша ұрып-соққан

Желіде тағы бір ұрып-соғу дерегі бейнеленген видео тарады. Оқиға 27 сәуірде Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында «Нұрия» ТҮК-те түсірілген.

Полицияға ешқандай арыз түспеген. Оқиға желіге мониторинг жасау кезінде анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір төбелеске қатысы барлар іздестірілуде. Полиция кінәлілердің табылып, жауапкершілікке тартылатынын айтты.

t.me/qaztaspa
📢 30 сәуірде Алматыда дабыл жүйесі тексеріледі

Сейсенбі, 30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналық және дауыс зорайтқыш жүйелерін қосу жоспарланып отыр.

Бұл шара сейсмикалық дайындыққа арналған жалпықалалық оқу-жаттығудың бір бөлігі ретінде өтеді.

Жаттығу барысында теледидар мен радио арналардағы бағдарламалар уақытша үзіліп, төтенше жағдай туралы хабар таратылады. Сонымен қатар, тұрғындарға арнайы мобильді қосымшалар арқылы да ескерту жіберіледі.

t.me/qaztaspa
Маңғыстау облысында 460 баланың улануына себеп болған мектеп асханасының меңгерушісі сотталды

2024 жылдың 6 қыркүйегінде Мұнайлы ауданындағы Бесшоқы ауылында орналасқан №8 мектептің 460 оқушысы асханадан тамақ ішкеннен кейін уланған.

Тексеру нәтижесінде ас дайындайтын орында ішек инфекциясын тудыратын бактериялар табылған. Бұған қоса, 12 қызметкер стафилококк жұқтырғаны белгілі болды. Ал ыдыс жуушы дизентерияны тасымалдаушы болып шықты.

Асхананы жалға алып, жұмысын ұйымдастырған кәсіпкер Дәметкен Шәкенова ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ол бір жылға бас бостандығынан айырылып, үш жыл қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда NCOC мұнай компаниясының бөлім басшысы кісі қолынан қаза тапты

Атырауда өз пәтерінен 45 жастағы Бибігүл Шпанованың мәйіті табылды. Ол North Caspian Operating Company компаниясында игеру жоспары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Әйелдің пышақ жарақатын алғаны анықталды. Одан бөлек, пәтердегі сейф ашылған. Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары бюросы хабарлады.

Полиция күдіктіні «ізін суытпай» ұстағанын мәлімдеді. 38 жастағы ер адамнан айғақ заттар тәркіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

t.me/qaztaspa
"Ақтөбе" клубы қызметкерлері ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаржыны жымқырған

Бас прокуратура Ақтөбе футбол клубына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 250 миллион теңге көлемінде қаржылай заң бұзушылық анықталды.

Ақпаратқа сәйкес, клуб қызметкерлері ойыншылардың жүріп-тұруы мен тамақтануына бөлінген қаржыны өз қажетіне жұмсаған.

Енді прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

t.me/qaztaspa
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16% болып бекітілді

Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексін және салық салуға қатысты түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Хабарламада айтылғандай, үкімет пен депутаттардың бірлескен жұмысының нәтижесінде, соның ішінде қосылған құн салығын реформалау аясында бірқатар шешімдер қабылданды. Бастапқыда ұсынылған 20 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесі 16 пайызға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 миллион теңгеден 40 миллион теңгеге дейін көтерілді.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылы — 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап — 10 пайыз мөлшерінде қолданылады.

t.me/qaztaspa
Жамбыл облысында тағы бір мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

Бұл туралы Halyqstan Telegram-арнасы жазды.

Байзақ ауданы, Түймекент ауылында 11-сынып оқушысы асылып қалған күйінде табылды. Марқұм Ғазиз Байтасов атындағы мектепте оқыған. Жасөспірімді көршілес тұрған ағасының қорасынан туыстары тапқан. Полиция бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің “өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабы бойынша іс қозғады.

t.me/qaztaspa
«Қорғас» арқылы Қазақстанға 1,7 тонна полицей формасын алып өтпек болған

Қытай тарапынан келіп жатқан МЦПС қонақтарының жүктерін тексеру барысында ішкі істер органдарының символикасы бар форма табылды. Автокөлік ішінде 71 жүк орны болған, жалпы салмағы – 1 775 кг.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұндай ресми белгілері бар формалық киімдер жеке пайдалану заттарына жатпайды және елге әкелудің арнайы тәртібін талап етеді. Барлық тауарлар уақытша сақтау қоймасына жөнелтілді.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордадағы жекеменшік балабақшада 1,5 жастағы қыздың арқасын 25 жерден тістеп тастаған

Оқиға тәрбиешінің көмекшісі “горшокқа” шыққан кезде болған — бөлмеде қалған 1 жас 3 айлық бала қызға осылай шабуыл жасаған.

Бала жарақат алғанына қарамастан, балабақша тарапынан медициналық көмек те көрсетілмеген, ата-анасына да бірден айтылмаған.

Тіс іздері баланың тек арқасында ғана емес, бетінде де бар. Анасының айтуынша, тәрбиеші оған баланы алып кетуге келгенде тек бетін тістеп алғанын айтқан.

t.me/qaztaspa
Трамп 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы АҚШ-тың Жеңіс күні деп жариялады

Truth Social желісінде ол: «Біз бұл соғыста өзгелерден әлдеқайда көп үлес қостық. Сондықтан 8 мамыр — Екінші дүниежүзілік, ал 11 қараша — Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні», – деп жазды.

t.me/qaztaspa
5 мамырдан бастап Skype қызметі тоқтайды

Microsoft Skype платформасын ресми түрде жабатынын хабарлады.

Компания қолданушыларға деректерін жоғалтпау үшін Microsoft Teams-қа көшуді ұсынуда. Ақпаратты жаңа сервиске экспорттауға мүмкіндік бар.

Teams арқылы қоңырау шалып, хабарлама жазып, файл алмасу секілді Skype-тың негізгі функциялары қолжетімді болады.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұрын сатылып кеткен жылқы бір жылдан соң иесіне қайтып келген

Ингушетияда бұрын басқа адамға сатылып кеткен жылқы одан қашып кетіп, бұрынғы иесіне келген. Ислам Мажор атты жылқыны 1,5 жасынан бастап баққан. Кейін 2024 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жануарды сатуға мәжбүр болған, деп жазды Mash.

Бір жылдан кейін - 2025 жылы-жылқы жаңа иесінен қашып, 10 шақырым жүріп өтіп, бұрынғы иесіне оралды. Жылқының адалдығына тәнті болған Ислам ақша тауып, оны 300 мың рубльге сатып алды.

t.me/qaztaspa
Оралда 9 жастағы бала тоққа түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Оқиға көпқабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, баланың добы сымға ілініп қалған, оны алу үшін жасөспірім электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Сол жерде тоқ соққан.

Дәрігерлердің мәліметінше, баланың жағдайы ауыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денесінің 95 пайызын төртінші дәрежелі күйік шалған.

Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

t.me/qaztaspa
📢 Соңғы қоңырау күні өзгерді!

Оқу-ағарту министрлігі биылғы оқу жылының аяқталу күніне қатысты жаңалықпен бөлісті. Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы өз мәресіне жетіп келеді. Еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.

🗓 23 мамырда барлық мектепте «Білімім – Отанымa» ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл – оқу жылын қорытындылап, ұстаздар мен оқушылардың бір-біріне алғыс білдіретін маңызды сәт.

🎓 Ал 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау салтанаты 23 немесе 24 мамырда, мектеп әкімшілігінің шешіміне қарай ұйымдастырылады. Себебі оқу жылының ресми аяқталу күні – жексенбіге (25 мамырға) сәйкес келеді.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық жігіт Парижде сүйіктісіне ұсыныс жасап, жүзікті суға түсіріп алды

Сенаның жағалауында романтикалық сәтте жүзік салынған қорап жігіттің қолынан түсіп, суға құлаған.

Сол сәтте оның достарының бірі ойланбастан өзенге секіріп, жүзікті алып шыққан. Жігіт ұсынысты қайта жасап, сүйіктісі келісімін берген.

t.me/qaztaspa