QazTaspa - Жаңалықтар
2.78K subscribers
2.01K photos
1.22K videos
3.62K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
Белгілі ғалым, академик Сейіт Қасқабасов дүниеден өтті

Қаралы хабарды М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты хабарлады.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Шерзат ісі бойынша сот отырысы басталды 📹 Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады. t.me/qaztaspa
Шерзат ісі бойынша куәгер Эльмира Нұрбекова сотта пікірін өзгертті

Бұрын ол Шерзатты пышақпен ұрғанын көргенін айтқан еді, енді пышақты байқамағанын мәлімдеді.
Прокурор сұрағына жауап бере отырып, оқиғадан кейін қорыққанын және тек Талғарға жеткен соң полицияға жүгінбек болғанын айтты.

t.me/qaztaspa
Куәгер мылтықты кім ұстағанын айтты

Куәгер Эльмира Нұрбекованың айтуынша, қару қайтыс болған Нұрғанат Ғайыпбаевтың қолында болған. Бұған дейін тергеу барысында мылтық ұстаған адамның кім екені анықталмаған еді.

Сондай-ақ, Нұрбекова оқиға кезінде видеоға түсіп қалған әйел марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін айтты.

📌 Алайда оның соттағы және тергеу кезіндегі жауаптарында сәйкессіздіктер байқалуда.

t.me/qaztaspa
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

🔹Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені;
🔹ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған.
🔹ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсатты сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті.

t.me/qaztaspa
Путин Жеңістің 80 жылдығына байланысты атысты тоқтатуға бұйрық берді

7-8 мамыр 22:00-ден бастап, 10-11 мамыр түн ортасына дейін Ресей әскері соғысты уақытша тоқтатады.
Ресей Украина да осы бастаманы қолдауы керек деп санайды. Егер тәртіп бұзылса, жауап қайтарылады.

t.me/qaztaspa
Шерзат Полат ісінде куәгер Эльмира Нұрбекованың статусы өзгеруі мүмкін

Соттан шыққан адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, Нұрбекованың тергеу мен соттағы жауаптарында айырмашылықтар бар. Бұл оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін.

Адвокаттың сөзінше, Нұрбекова тергеуде бір жауап берсе, сотта мүлде басқа мәлімдемелер жасаған. Қазақ тілінде жауап бере алатынын дәлелдегенімен, сотта орыс тілінде жауап бергені де күдік тудырды.

Қаруға қатысты сұрақтар әлі зерттеліп жатыр.
Сот соңында нақты шешім қабылдануы мүмкін.

t.me/qaztaspa
Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарының саны 40 мыңға азаяды

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап талапкерлерге бөлінетін грант саны айтарлықтай қысқарады. Биыл шамамен 220 мың үміткердің ішінде тек 71 844 адам ғана мемлекеттік грант иегері атана алады.

Білім беру гранттарының басым бөлігі инженерия, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салаларына бөлінбек — бұл бағыттарға 20 878 грант қарастырылған.
Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтарға 17 898 грант ұсынылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына 12 087 грант бөлінетіні белгілі болды.

t.me/qaztaspa
Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы басталды

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың Youtube-арнасынан көре аласыз

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мектептегі тағы бір әлімжеттік оқиғасының видеосы тарады

Бұл жолы оқиға Алматы облысындағы Қараой ауылында орналасқан №49 мектепте болған. Жасөспірім қатарластарына қысым көрсетіп, оларды мектептің әжетханасына жинап алып, бірінен соң бірін ұрған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бала балағат сөз айтып, өзінен кішілердің беті мен ішінен ұрып жатқаны анық көрінеді. Ал соққыға жығылған оқушылар үнсіз, ешқандай қарсылықсыз тұр.

Аталған факті бойынша өңірлік білім басқармасы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Тексеру нәтижесінде нақты шаралар қабылданатыны айтылды.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талғар ауданында бір топ адам ер адамды есінен танғанша ұрып-соққан

Желіде тағы бір ұрып-соғу дерегі бейнеленген видео тарады. Оқиға 27 сәуірде Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында «Нұрия» ТҮК-те түсірілген.

Полицияға ешқандай арыз түспеген. Оқиға желіге мониторинг жасау кезінде анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір төбелеске қатысы барлар іздестірілуде. Полиция кінәлілердің табылып, жауапкершілікке тартылатынын айтты.

t.me/qaztaspa
📢 30 сәуірде Алматыда дабыл жүйесі тексеріледі

Сейсенбі, 30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналық және дауыс зорайтқыш жүйелерін қосу жоспарланып отыр.

Бұл шара сейсмикалық дайындыққа арналған жалпықалалық оқу-жаттығудың бір бөлігі ретінде өтеді.

Жаттығу барысында теледидар мен радио арналардағы бағдарламалар уақытша үзіліп, төтенше жағдай туралы хабар таратылады. Сонымен қатар, тұрғындарға арнайы мобильді қосымшалар арқылы да ескерту жіберіледі.

t.me/qaztaspa
Маңғыстау облысында 460 баланың улануына себеп болған мектеп асханасының меңгерушісі сотталды

2024 жылдың 6 қыркүйегінде Мұнайлы ауданындағы Бесшоқы ауылында орналасқан №8 мектептің 460 оқушысы асханадан тамақ ішкеннен кейін уланған.

Тексеру нәтижесінде ас дайындайтын орында ішек инфекциясын тудыратын бактериялар табылған. Бұған қоса, 12 қызметкер стафилококк жұқтырғаны белгілі болды. Ал ыдыс жуушы дизентерияны тасымалдаушы болып шықты.

Асхананы жалға алып, жұмысын ұйымдастырған кәсіпкер Дәметкен Шәкенова ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ол бір жылға бас бостандығынан айырылып, үш жыл қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда NCOC мұнай компаниясының бөлім басшысы кісі қолынан қаза тапты

Атырауда өз пәтерінен 45 жастағы Бибігүл Шпанованың мәйіті табылды. Ол North Caspian Operating Company компаниясында игеру жоспары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Әйелдің пышақ жарақатын алғаны анықталды. Одан бөлек, пәтердегі сейф ашылған. Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары бюросы хабарлады.

Полиция күдіктіні «ізін суытпай» ұстағанын мәлімдеді. 38 жастағы ер адамнан айғақ заттар тәркіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

t.me/qaztaspa
"Ақтөбе" клубы қызметкерлері ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаржыны жымқырған

Бас прокуратура Ақтөбе футбол клубына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 250 миллион теңге көлемінде қаржылай заң бұзушылық анықталды.

Ақпаратқа сәйкес, клуб қызметкерлері ойыншылардың жүріп-тұруы мен тамақтануына бөлінген қаржыны өз қажетіне жұмсаған.

Енді прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

t.me/qaztaspa