QazTaspa - Жаңалықтар
2.8K subscribers
2.01K photos
1.22K videos
3.61K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
Мемлекет басшысы:

Енді екі аптадан кейін әлемдік маңызы бар тарихи оқиға – Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Біз бұл мерейтойды кең көлемде атап өтеміз. Қазақстанның майдангерлері мен тыл еңбеккерлері – барша халқымыз Отан үшін отқа түсті.

Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр.

t.me/qaztaspa
Трамп: Ресеймен Украинаға қатысты келісімге келдік

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналистерге берген сұхбатында Ресеймен Украина мәселесіне байланысты келісім жасалғанын мәлімдеді.

“Меніңше, Путинмен белгілі бір келісімге келдік. Енді Зеленскиймен келісу ғана қалды. Мен ол жағынан жеңіл болады деп ойладым, бірақ бәрі оңай емес екен”, – деді Трамп.

Сондай-ақ, ол бұған дейін Украина басшысы Қырымды Ресейдің жері деп мойындамағаны үшін бейбіт келіссөздерден бас тартқанын сынға алды. Дегенмен, Трамптың айтуынша, Қырым мәселесі ресми түрде әлі талқыланбаған. Кейін оның баспасөз хатшысы Кэролайн Левит Киевке Қырымды Ресейге тиесілі деп мойындау емес, келіссөздер жүргізу қажет екенін жеткізгенін айтты.

t.me/qaztaspa
Мұрат Әбділдә қайта қамауға алынды

Түркістан қаласының ауданаралық соты түрмеден мерзімінен бұрын босаған блогердің қайта қамауға алынғанын хабарлады.

2025 жылдың 17 наурызына қараған түні учаскелік полиция инспекторы блогер Мұрат Әбділдәнің тұрғылықты мекен-жайына тексеріспен барған кезде, оның үйінде болмағанын анықтаған. Сот процесінде полиция тарапынан ұсынылған, Әбділдәнің пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде бұзғаны жөніндегі дәлелдер расталды.

Әбділдә кінәсін ішінара мойындап, соттан тағы бір мүмкіндік сұраған. Алайда сот мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің күшін жойып, қалған 2 жыл 11 күн мерзімді түрмеде өтеу туралы шешім шығарды. Блогер сот залынан қамауға алынды.

t.me/qaztaspa
Руслан Берденовтің міндеттерін кім атқарады?

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденов құрылыс, сәулет, жер қатынастары және қала құрылысы салаларына жауапты болған. Қазіргі таңда бұл бағыттар қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың қарамағына өтті.

Айта кетейік, Қуаныш Асылов 2023 жылдың қаңтар айында осы лауазымға тағайындалған. Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет еткен.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Ақтөбеде полиция әкімнің қызғалдақпен түскен суретін тексеріп жатыр Ақтөбе облысындағы ауылдық округ әкімі Ляззат Бердібаеваның желіге жүктеген суреті дау тудырды. Фотодан Бердібаеваның қолында қызғалдақ бар екенін көруге болады, деп хабарлады КТК телеарнасы.…
Ауыл әкімі қызғалдақпен суретке түскені үшін айыппұл төледі

Әлеуметтік желіде гүл ұстаған шенеуніктің суреті жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысының ПД аталған жағдайға байланысты тексеру жүргізгенін хабарлады. Нәтижесінде, Ляззат Бердыбаеваға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды. Оның айтуынша, гүлдерді балалар теріп әкелген.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 39 320 - 58 980 теңге көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

t.me/qaztaspa
Шымкентте 6 жасар баланың өліміне байланысты екі адам қамауға алынды

Шымкенттегі қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, екі кәсіпкер қамауға алынды. Оларға кәріз құбыры жарылған кезде дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізбей, апаттың алдын алмаған деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар, қауіпті аумақты қоршап, ескерту белгілерін орнатпағаны анықталған.

Оқиға өткен жылы “Тұран” шағынауданында болған. Кәріз құбыры жарылып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге келгендер шұңқыр қазып, сол күйі тастап кеткен. Уақыт өте келе ол жерге кәріз суы жиналып, үш метр тереңдіктегі көлшікке айналған. Жергілікті әкімдік бұл жұмыстарды мердігер компанияға тапсырған. Алайда олар міндеттерін басқа бір компанияға жүктегенімен, нәтиже болмаған.

Еске салайық, осы жағдай салдарынан 6 жасар бала ашық жатқан кәріз шұңқырына құлап, көз жұмған болатын.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Алматыда такси жүргізушісін ұрып жіберген ер адам 12 тәулікке қамауға алынды

Алматыда такси жүргізушісін ұрып жіберген ер адамға қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы жәбірленушінің өзі Влад Кравчук айтты. Оның сөзінше, басты күдікті 12 тәулікке қамауға алынған. Одан бөлек, жәбірленушіге 100 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтеуге міндеттелді.

Оқиға 22 сәуір күні болған. Влад түнгі уақытта үш жолаушыны меделі жерге жеткізуі керек болған. Олардың бірі көлік ішінде темекі шекпеуді өтінген такси жүргізушісін ұрып жіберген. Келесі күні 32 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

t.me/qaztaspa
Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен
Тимур Мифтахұлы Жантикин мен Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарылары лауазымына тағайындалды.

t.me/qaztaspa
Алматыда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды

22 сәуір күні Алматы қаласында сағат 15:30 шамасында Трудовая мен Әшімов көшелерінің қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі жедел жәрдемге жол бермей, кедергі келтірген. Медициналық көлік науқасты шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп бара жатқан. Жүргізуші — әйел адам, аталған әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция өкілдері арнайы қызмет көліктеріне жол беру — тек заң талабы емес, ең алдымен адам өміріне тікелей әсер ететін маңызды міндет екенін еске салады.

t.me/qaztaspa
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Қазақстанда су тасқыны қаупі төніп тұр

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі тағы да өзекті мәселеге айналды. Синоптиктердің болжауынша, 28-30 сәуір күндері тасқын ең жоғары шегіне жетуі мүмкін.

Апатты жағдайға Ақмола облысындағы Жабай және Колутон өзендеріндегі судың күрт көтерілуі себеп болып отыр.

t.me/qaztaspa
Президент денсаулық сақтау және ойын бизнесіне қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық реттеуді болдырмауға бағытталған заңға қол қойды.

Құжатпен бірнеше заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Денсаулық сақтау саласында онкологиялық скринингтер енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан алынып, тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Сондай-ақ мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз ету көзделген.

Ойын бизнесіне қатысты түзетулер букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы құрылғылар мен онлайн-платформаларда жарнамалауға тыйым салады. Жарнама тек спорттық БАҚ-та ғана рұқсат. Сонымен қатар, сотталған немесе шартты түрде сотталған азаматтарға құмар ойындарға қатысуға шектеу қойылады.

t.me/qaztaspa
Қазақстанда жерлеу қызметтері 5%-ға қымбаттады

2024 жылы елде 132,9 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға көп. Қайтыс болғандардың төрттен бірі үш аймақта тіркелген:
– Алматы қаласы – 12,2 мың адам,
– Қарағанды облысы – 10,6 мың,
– Түркістан облысы – 10,1 мың адам.

Жерлеу қызметтерінің бағасы ең көп өскен өңір — Батыс Қазақстан облысы. Мұнда баға бірден 1,5 есе артқан. Одан кейін Жетісу облысында – 23,1%, Ақтөбе облысында – 11,1% өсім байқалды.

Ал баға айтарлықтай өзгермеген өңірлер қатарында:
– Алматы облысы – 4,1%,
– Абай облысы – 6,1%,
– Қарағанды облысы – 6,7%.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Блогер Daricorn желіге кәмелетке толмаған баланы ата-анасының рұқсатынсыз видеоға түсіріп, жариялағаны үшін кешірім сұрады.

Ол бұл жағдайдан үлкен сабақ алғанын және кішкентай балаларды ересектердің келісімінсіз түсіруге болмайтынын атап өтті. Бұған дейін блогер баланың сөзіне дұрыс емес титр жазып, нәтижесінде бала мектепте буллингке ұшыраған еді.

t.me/qaztaspa
Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

t.me/qaztaspa
Шерзат ісі бойынша сот отырысы басталды

📹 Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

t.me/qaztaspa
Үй алдында шөп өртегендерге 78 000 теңге айыппұл салынады

Шөпті тек түтін шығатын бөшкеде өртеуге болады.

Кәуап қуыру рұқсат етілген, бірақ арнайы мангалда және үйден 10 метр қашықтықта.

Жанында өрт сөндіргіш құрал болуы шарт.

Халық айыппұлдың қымбаттығына наразылық білдіруде.

t.me/qaztaspa
Белгілі ғалым, академик Сейіт Қасқабасов дүниеден өтті

Қаралы хабарды М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты хабарлады.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Шерзат ісі бойынша сот отырысы басталды 📹 Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады. t.me/qaztaspa
Шерзат ісі бойынша куәгер Эльмира Нұрбекова сотта пікірін өзгертті

Бұрын ол Шерзатты пышақпен ұрғанын көргенін айтқан еді, енді пышақты байқамағанын мәлімдеді.
Прокурор сұрағына жауап бере отырып, оқиғадан кейін қорыққанын және тек Талғарға жеткен соң полицияға жүгінбек болғанын айтты.

t.me/qaztaspa
Куәгер мылтықты кім ұстағанын айтты

Куәгер Эльмира Нұрбекованың айтуынша, қару қайтыс болған Нұрғанат Ғайыпбаевтың қолында болған. Бұған дейін тергеу барысында мылтық ұстаған адамның кім екені анықталмаған еді.

Сондай-ақ, Нұрбекова оқиға кезінде видеоға түсіп қалған әйел марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін айтты.

📌 Алайда оның соттағы және тергеу кезіндегі жауаптарында сәйкессіздіктер байқалуда.

t.me/qaztaspa