QazTaspa - Жаңалықтар
2.75K subscribers
2.01K photos
1.22K videos
3.6K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде заңсыз қаруды сатып алу акциясы басталды

Бүгіннен бастап республика көлемінде заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу шарасы қолға алынды.

Сыйақы көлемі қарудың түріне байланысты белгіленеді. Мысалы, тегіс ұңғылы қару үшін 120 мың теңгеге дейін, ал автоматты ойық қару үшін 400 мың теңгеге дейін төленеді.

Айта кетейік, қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Блогер Дарикорн жол ережесін бұзып, әкімшілік жазаға тартылды

Осыған дейін ата-анасының рұқсатынсыз баланы видеоға түсіріп, дау тудырған блогер Дарикорн енді жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция мәліметінше, ол жолақтарды сақтамай, ескерту сигналынсыз маневр жасап, төтенше жағдай туғызған. Тәртіп сақшылары бұл әрекетті жауапсыздық емес, әдейі жасалған қауіп деп бағалады. Блогердің мұны қаралым үшін істегені айтылды.

Блогер әкімшілік жазаға тартылды.

t.me/qaztaspa
Қарағанды облысында әйел пойызда босанып, жаңа туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген

Жан түршігерлік оқиғаның куәгерлері «Қызылорда – Астана» бағытындағы пойыздың жолаушылары болды.

Жолсерік пойыз әжетханасындағы қан іздерін байқап қалған. Жолаушылардың бірі қанның ізімен барып, купеде жатқан әйелді тапқан. Оның сөзінше, әйелдің төсек-орнында да қан іздері болған. Сұрастыра келе, әйел баланы өз бетімен босанып, кейін вагонның терезесінен лақтырып жібергені белгілі болды. Шақалақтың денесі табылды.

Осы оқиғаға байланысты көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Liter.kz редакциясына аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның аясында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанайда ер адам өзін өртемек болған

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кейін бұл ақпаратты полиция растап, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талдықорғанда дүкендегі банк терминалын ұстаған баланы тоқ ұрды

Желіде баланың азық-түлік дүкенінде тұрған терминалға қол тигізіп, тоқ ұрған видеосы тарады. Баланың саусақтары күйіп қалған. Қазір жағдайы тұрақты, ауруханада ем алып жатыр.

Kaspi компаниясы баланың отбасымен байланысқа шығып, емге көмек беріп жатқандарын айтты. Ал зардап шеккен баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция мәліметінше, аталған дерекке байланысты іс қозғалған.

t.me/qaztaspa
Ақтөбеде полиция әкімнің қызғалдақпен түскен суретін тексеріп жатыр

Ақтөбе облысындағы ауылдық округ әкімі Ляззат Бердібаеваның желіге жүктеген суреті дау тудырды. Фотодан Бердібаеваның қолында қызғалдақ бар екенін көруге болады, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қоршаған ортаны қорғау қызметтері гүлдердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер тізіміне кіретін-кірмейтінін анықтап жатыр. Егер бұл расталса, әкімге салынатын айыппұл көлемі 12 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, Заң бойынша, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жою үшін 3000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

t.me/qaztaspa
Жезқазғанда 3 жастағы баланы ұрған тәрбиешіге жаза тағайындалды

Жезқазғандағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші 3 жастағы бүлдіршінді ұрғаны үшін жазаланды. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп, әйелдің кінәсі дәлелденді.

Сот шешімімен ол 3 жыл бойы педагогикалық және балалармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы белгіленді.

t.me/qaztaspa
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында маунтинбайктан күміс жүлде иеленді

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның маунтинбайк құрамасы эстафеталық жарыста күміс медаль жеңіп алды.

Жарысқа Богдан Лухманов, Виолетта Казакова, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Юлия Ли және Алина Карасева қатысып, ел намысын қорғады.

t.me/qaztaspa
Түркияда магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болды

Ыстамбұлда Силиври жағалауында 3,9 бал болатын жер сілкінісінен кейін 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Түркиялық БАҚ мәліметінше, жерасты дүмпулері 10-15 секундқа жалғасқан.

Әзірге зардап шекккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

t.me/qaztaspa
Павлодар облысында орман көшеттерін заңсыз иемденген ұйымдасқан топтың жолы кесілді

Құрамында бұрын орман шаруашылығында еңбек еткен азаматтар мен жергілікті тұрғындар бар топ «Семей орманына» тиесілі көшеттерді ұрлаған. Жүргізілген арнайы операция барысында 38 жастағы негізгі ұйымдастырушы мен оның бірнеше серіктесі қолға түсті. Олар тергеу изоляторына қамалды. Тәркіленген көшеттер саны 260 мыңнан асып, олардың жалпы нарықтық құны 500 миллион теңгеден көп екені анықталды.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жүк көлігі 6 жастағы баланы қағып өлтірді

38 жастағы Dongfeng маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби көшесіндегі аула ішінде қозғалыс кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, велосипед теуіп жүрген баланы қағып кеткен.

Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жүргізушілерді аулаларда аса мұқият болуға шақырады.

t.me/qaztaspa
Тоқаев Ассамблея жұмысына қатысты бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның өңірлік жұмысын жандандыруды тапсырды. Ол Алматы облысында жаңа Достық үйін салу, этностар көп шоғырланған аудандарда Ассамблея бөлімшелерін ашу қажеттігін атап өтті. Достық үйлерін туристік бағыттар қатарына қосу ұсынылды. Сондай-ақ, «Елдесу және татуласу» жобасын кеңейту, Астана мен Алматыда белгілі тұлғалар музейлерінің экспозицияларын өткізу, Ассамблеяның 30 жылдығы аясында этностардың театр фестивалін ұйымдастыру ұсынылды.

t.me/qaztaspa
Мемлекет басшысы:

Енді екі аптадан кейін әлемдік маңызы бар тарихи оқиға – Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Біз бұл мерейтойды кең көлемде атап өтеміз. Қазақстанның майдангерлері мен тыл еңбеккерлері – барша халқымыз Отан үшін отқа түсті.

Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр.

t.me/qaztaspa
Трамп: Ресеймен Украинаға қатысты келісімге келдік

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналистерге берген сұхбатында Ресеймен Украина мәселесіне байланысты келісім жасалғанын мәлімдеді.

“Меніңше, Путинмен белгілі бір келісімге келдік. Енді Зеленскиймен келісу ғана қалды. Мен ол жағынан жеңіл болады деп ойладым, бірақ бәрі оңай емес екен”, – деді Трамп.

Сондай-ақ, ол бұған дейін Украина басшысы Қырымды Ресейдің жері деп мойындамағаны үшін бейбіт келіссөздерден бас тартқанын сынға алды. Дегенмен, Трамптың айтуынша, Қырым мәселесі ресми түрде әлі талқыланбаған. Кейін оның баспасөз хатшысы Кэролайн Левит Киевке Қырымды Ресейге тиесілі деп мойындау емес, келіссөздер жүргізу қажет екенін жеткізгенін айтты.

t.me/qaztaspa
Мұрат Әбділдә қайта қамауға алынды

Түркістан қаласының ауданаралық соты түрмеден мерзімінен бұрын босаған блогердің қайта қамауға алынғанын хабарлады.

2025 жылдың 17 наурызына қараған түні учаскелік полиция инспекторы блогер Мұрат Әбділдәнің тұрғылықты мекен-жайына тексеріспен барған кезде, оның үйінде болмағанын анықтаған. Сот процесінде полиция тарапынан ұсынылған, Әбділдәнің пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде бұзғаны жөніндегі дәлелдер расталды.

Әбділдә кінәсін ішінара мойындап, соттан тағы бір мүмкіндік сұраған. Алайда сот мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің күшін жойып, қалған 2 жыл 11 күн мерзімді түрмеде өтеу туралы шешім шығарды. Блогер сот залынан қамауға алынды.

t.me/qaztaspa
Руслан Берденовтің міндеттерін кім атқарады?

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденов құрылыс, сәулет, жер қатынастары және қала құрылысы салаларына жауапты болған. Қазіргі таңда бұл бағыттар қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың қарамағына өтті.

Айта кетейік, Қуаныш Асылов 2023 жылдың қаңтар айында осы лауазымға тағайындалған. Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет еткен.

t.me/qaztaspa