QazTaspa - Жаңалықтар
2.71K subscribers
2K photos
1.21K videos
3.57K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұшақта жолаушы бортсерікті соққыға жықты

20 сәуір күні Scat әуекомпаниясының "Астана–Ақтау" рейсінде ұшақ жерге қонғаннан кейін жанжал шықты. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтан түсіп бара жатқан жолаушы ұялы телефонын ұмытып кеткенін байқап, қайтадан салонға оралған. Борт қызметкері жолаушылардың шығып жатқанын ескертіп, телефонды ұшақтан алуға тыйым салғанымен, ер адам ескертуді елемей, гаджетін алуға бет алған.

Осы кезде бортсерік телефонын өзі әкеліп беретінін айтыпты. Алайда жолаушы қызметкердің бетінен ұрып, оны жарақаттаған. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері ер адамды дереу ұстады.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен ауыртпашылық дәрежесі анықталып, тергеу жүргізілуде.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.

🌳 Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.

t.me/qaztaspa
Алматыда жүгіру марафонында екі адам қаза тапты: енді марафондар өткізуге қойылатын талаптар қатаңдатылады

Жуықта марафонға қатысқан екі адамның қаза тапқаны туралы белгілі болды. Бірі 84 жастағы Аққоян Рсалиев болса, екіншісі 21 жастағы Нұрбол Ахмади. Екеуі де марафондарға тұрақты түрде қатысатын. Бірақ Әл-Фараби даңғылында ата кенет ауырып қалыпты. Дәрігерлер келген кезде жүрек соғысы болмаған. Ал 21 жастағы жігіт есін жоғалтыпты. Жедел жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылды.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазір іс-шараға жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарыстарды өткізу сапасы, медициналық қолдау деңгейі және қауіпсіздік шараларының сақталуы бағаланады.

t.me/qaztaspa
«Тазының өлімі» шығармасы негізінде фильм түсіріледі

Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» атты әңгімесі бойынша көркем фильм түсірілмек. Қазіргі таңда жоба бойынша сценарий іріктеу кезеңінде. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.

Сонымен қатар, қазақтың тазы және төбет тұқымды иттерінің халықаралық деңгейде мойындалуына байланысты, арнайы күн белгілеу туралы ұсыныс айтылған. Үкімет басшысының айтуынша, бұл күн 3 қыркүйекке түсуі мүмкін. Қазір бұл бастама сала мамандарымен талқыланып жатыр.

t.me/qaztaspa
Рим Папасы Франциск қайтыс болды

88 жастағы Хорхе Марио Бергольо (шын есімі) Ватикандағы Санта-Марта резиденциясында қайтыс болды. 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап Рим Папасы Франциск ауруханада жатқан еді. Алдымен бронхит диагнозымен ауруханаға жатқызылған оның жағдайы кейін нашарлап кеткен.

Кеше ол Ватикандағы Әулие Петр шіркеуі алаңында бой көрстіп, жиналғандарды Пасха мейрамымен құттықтады.

Франциск 2013 жылдың 13 наурызында Рим Папасы атанған. Ол – тарихтағы Жаңа әлемнен шыққан алғашқы понтифик және иезуит папасы.

t.me/qaztaspa
Алматыда пышақ ұстаған ер адам пәтерлердің есігін қағып, тұрғындарды шошытты

17 сәуір күні Алматыдағы “Алма Сити” тұрғын үй кешенінде жартылай жалаңаш ер адам пышақпен тұрғындарды қорқытып, подъезд ішінде жүрген. Кадрлардан лифт ішінде бір жігітке пышақпен шабуыл жасауға әрекеттенгенін, кейін көршілерінің есігін қаққанын көруге болады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның пәтерінің маңынан екі пышақ тауып алған. Дегенмен, қылмыстық құрам болмағандықтан, құқық қорғау органдары оны тек үш сағатқа қамауға алып, кейін босатқан.

Полиция мәліметінше, ер адам бөлімшеге жеткізіліп, оған әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Қазір іс материалдары сотқа жолданып, заң аясында шешім қабылдануы күтілуде.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда мектеп оқушыларының арасында қауіпті ойын: қыз бала есінен танып қалды

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы мектептердің бірінде түсірілген шулы видео тарап кетті. Кадрларда бір оқушы қыздың қатарласын мектеп әжетханасында шапалақпен ұрып, кейін тұншықтырып, кеудесін басқаны көрінеді. Нәтижесінде жәбірленуші есінен танып, еденге құлап түскен.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 8 сәуір күні №33 мектепте болған. Зардап шеккен қыз – жетінші сынып оқушысы.

Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға тиісті ақпарат жолданды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

t.me/qaztaspa
Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында белгісіз біреу қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан

Оқиға шамамен 20:30 кезінде болған.

Берденов жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Күдікті ұсталды. Полиция тергеуді бастады.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астанада ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды

21 сәуірде Астанадағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм сыртқы барлау қызметінде жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған немесе биіктіктен құлап кеткен.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің апатты деп танылған №2 жатақханасының бір бөлігі құлады.

Университет өкілдерінің айтуынша, үш жыл бұрын ғимараттың бірінші қабырғасынан ақау байқалып, тексерістен кейін жатақхана апатты деп танылған. Сол кезде студенттер дереу басқа жерге көшірілген.

Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде заңсыз қаруды сатып алу акциясы басталды

Бүгіннен бастап республика көлемінде заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу шарасы қолға алынды.

Сыйақы көлемі қарудың түріне байланысты белгіленеді. Мысалы, тегіс ұңғылы қару үшін 120 мың теңгеге дейін, ал автоматты ойық қару үшін 400 мың теңгеге дейін төленеді.

Айта кетейік, қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

t.me/qaztaspa