QazTaspa - Жаңалықтар
2.71K subscribers
2K photos
1.21K videos
3.57K links
Қазақстан мен әлемнің ең басты жаңалықтары - тіркеліп кетіңіз
@taspanews - орыс тіліндегі телеграм-арна. Оқиғаға куә болдыңыз ба? Бізге @taspanews_bot арқылы жазыңыз.

https://kaz.taspanews.kz/
Download Telegram
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот: басты күдікті өз айыбын мойындамай отыр

Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот процесі жалғасуда. Сот отырысында басты күдіктінің бірі Абзал Шынасыл айыптауға толық дайын емес екенін айтты.

Судья себебін сұрағанда, оның адвокаты істің материалдарын әлі толық зерттеп үлгермегенін жеткізді. Сонымен қатар, қорғаушы Шынасылдың өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.

t.me/qaztaspa
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

t.me/qaztaspa
«Отбасының көзінше өлтірген»: прокурор Шерзат Полаттың қалай өлгенін айтты

Айыптау актісі бойынша, жаппай төбелес кезінде Шынасыл кәмелет жасына толмаған Полаттың жүрек тұсына пышақ сұққан. Салдарынан Полат өзіне сұғылмалы-кесілмелі ауыр дене жарақаты келтірілгенін сезіп, қаша бастаған. Алайда, 50 метрден соң денсаулығы нашарлап, асфальтқа отырып қалған.

Сол кезде жасөспірімнің жанына анасы келіп, оны құшақтаған. Кейін Белғожаев Шерзатты аяғымен теуіп, бәкімен бірнеше рет басынан ұрған. Оған Ильясов қосылып, ол да марқұмды басынан ұрған. Кейін олар Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа ауысқан. Шынасыл мен Сакиев оған пышақ сұққан. Салдарынан Ғайыпбаев ес-түссіз құлап, ал қаскөйлер болса көліктеріне отырып, кетіп қалған.

Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша, жасөспірімнің қазасына кеуденің сол жағына пышақ жарақаты салынып, ауыр қан жоғалту себеп болды. Кеуде қуысында шамамен 1,5 литр қан анықталған.

t.me/qaztaspa
Теміртауда жедел жәрдем қызметкері әріптесін соққыға жықты

Теміртауда еңбек демалысындағы дәрігер мас күйінде жұмыс орнына келіп әріптесін ұрып-соққан. Бойжеткен ми жарақаты, саусақтың сынуы мен түрлі көгеру жарақатымен ауруханаға түсті.

30 жастағы фельдшер мен оның 29 жастағы әріптесі жұмыс кезінде жанжалдасып қалған. Ер адам оны ұрып-соққан. Әріптестер арасында кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ араздық қарым-қатынастар болған көрінеді.

Өңірлік ПД мәліметінше, аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалған.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Меркіде мотоциклшіге жасалған шабуыл кісі өлтіруге оқталу ретінде қайта сараланды

Жамбыл облысында байкерге жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс ауырлатылды. Енді ол бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу ретінде қаралып жатыр, деп мәлімдеді жәбірленушінің адвокаты Закир Асадов.

Бұған дейін бұл іс "пышақ қолданылған бұзақылық" бабы бойынша тергелген болатын.

Енді күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкін тәркілей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Қылмыстық іс Жамбыл облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасына берілді.

t.me/qaztaspa
«Немеремді ұрған баланы таныдым»: Шерзат Болаттың әжесі сотта жауап берді

Талғардағы жасөспірімнің қазасына қатысты даулы іс бойынша жәбірленушілерден жауап алу басталды.

Талдықорғанда жалғасып жатқан сот отырысында марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике Қадырова сот алдында куәлік берді. Ол тергеу барысында анықталғандай, немересіне ауыр соққы жасаған адамның Абзал Шынасыл екенін танығанын айтты.

Жәбірленуші тараптың қатарында Шерзаттың ата-анасы Қаржаубай Нұрымов пен Гүлбара Бейшенбиева, әжесі Жұмабике Қадырова және оның досы, кәмелет жасына толмаған Ахмет Махмет бар. Ахмет қазіргі кезде Қытайда білім алып жатқандықтан, сотқа келе алмады. Оның орнына сенімхат арқылы өкілетті өкілдері қатысуда.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
«Немеремді ұрған баланы таныдым»: Шерзат Болаттың әжесі сотта жауап берді Талғардағы жасөспірімнің қазасына қатысты даулы іс бойынша жәбірленушілерден жауап алу басталды. Талдықорғанда жалғасып жатқан сот отырысында марқұм Шерзат Болаттың әжесі Жұмабике…
Шерзат қаза тапқанда полиция да, жедел жәрдем де көмекке келмеген — анасы

Сот отырысында марқұм Шерзат Болаттың анасы ұлы жарақат алған сәтте көмекке шақырғанымен, полиция да, жедел жәрдем де жауап бермегенін айтты. Оның сөзінше, күйеуі Қаржаубай Нұрымов қызметтерге бірнеше рет қоңырау шалған, бірақ ешқайсысы оқиға орнына жетпеген. Соның салдарынан баланы өздері ауруханаға апаруға мәжбүр болған.

Әйелдің айтуынша, Шерзатты қорғауға тырысқан Нұрқанат та шабуылға ұшыраған. Күдіктілердің қолында пышақ болғанын, сондай-ақ оқ атылған дыбысты естігенін айтты. Ал төбелес кезінде қасындағы қыздар тас лақтырған. Одан бөлек, жедел жәрдем шақыруға әрекет етпеген.

t.me/qaztaspa
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұшақта жолаушы бортсерікті соққыға жықты

20 сәуір күні Scat әуекомпаниясының "Астана–Ақтау" рейсінде ұшақ жерге қонғаннан кейін жанжал шықты. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтан түсіп бара жатқан жолаушы ұялы телефонын ұмытып кеткенін байқап, қайтадан салонға оралған. Борт қызметкері жолаушылардың шығып жатқанын ескертіп, телефонды ұшақтан алуға тыйым салғанымен, ер адам ескертуді елемей, гаджетін алуға бет алған.

Осы кезде бортсерік телефонын өзі әкеліп беретінін айтыпты. Алайда жолаушы қызметкердің бетінен ұрып, оны жарақаттаған. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері ер адамды дереу ұстады.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен ауыртпашылық дәрежесі анықталып, тергеу жүргізілуде.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.

🌳 Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.

t.me/qaztaspa
Алматыда жүгіру марафонында екі адам қаза тапты: енді марафондар өткізуге қойылатын талаптар қатаңдатылады

Жуықта марафонға қатысқан екі адамның қаза тапқаны туралы белгілі болды. Бірі 84 жастағы Аққоян Рсалиев болса, екіншісі 21 жастағы Нұрбол Ахмади. Екеуі де марафондарға тұрақты түрде қатысатын. Бірақ Әл-Фараби даңғылында ата кенет ауырып қалыпты. Дәрігерлер келген кезде жүрек соғысы болмаған. Ал 21 жастағы жігіт есін жоғалтыпты. Жедел жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылды.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазір іс-шараға жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарыстарды өткізу сапасы, медициналық қолдау деңгейі және қауіпсіздік шараларының сақталуы бағаланады.

t.me/qaztaspa
«Тазының өлімі» шығармасы негізінде фильм түсіріледі

Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» атты әңгімесі бойынша көркем фильм түсірілмек. Қазіргі таңда жоба бойынша сценарий іріктеу кезеңінде. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді.

Сонымен қатар, қазақтың тазы және төбет тұқымды иттерінің халықаралық деңгейде мойындалуына байланысты, арнайы күн белгілеу туралы ұсыныс айтылған. Үкімет басшысының айтуынша, бұл күн 3 қыркүйекке түсуі мүмкін. Қазір бұл бастама сала мамандарымен талқыланып жатыр.

t.me/qaztaspa
Рим Папасы Франциск қайтыс болды

88 жастағы Хорхе Марио Бергольо (шын есімі) Ватикандағы Санта-Марта резиденциясында қайтыс болды. 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап Рим Папасы Франциск ауруханада жатқан еді. Алдымен бронхит диагнозымен ауруханаға жатқызылған оның жағдайы кейін нашарлап кеткен.

Кеше ол Ватикандағы Әулие Петр шіркеуі алаңында бой көрстіп, жиналғандарды Пасха мейрамымен құттықтады.

Франциск 2013 жылдың 13 наурызында Рим Папасы атанған. Ол – тарихтағы Жаңа әлемнен шыққан алғашқы понтифик және иезуит папасы.

t.me/qaztaspa