🔹Мемлекет басшысы Лакшми Митталды қабылдады.
🔹Елбасы ҚХА төрағасы лауазымынан бас тартты.
🔹Қазақстанда вакцина салдырған адам саны 1 миллионнан асты.
толығырақ

qazradio.fm
Қорытынды жаңалықтар 28.04.2021
April 28, 2021
Қазақстан халықының бірлігі күні құтты болсын!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
#qazaqradiolary
#qazaqradiosy100

May 1, 2021
19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізбек. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек.

May 4, 2021
Елімізде жұма намазын оқуға рұқсат берілді
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы 3 мамырдан бастап күшіне енді.
Қаулыға сәйкес, мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды ашық ауада өткізу маска режимі мен кемінде 4 метр арақашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады.

Барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Сұрапыл соғыста өлшеусіз ерлік көрсеткен батырларға мың тағзым!
Бабалар ерлігі ұрпаққа үлгі! Еліміз тыныш, жеріміз бүтін, туымыз көкте мәңгі желбіресін!

May 9, 2021
Ораза айт құтты болсын!
Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрамда әр отбасына амандық тілейміз!
Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

May 13, 2021
Елімізде коронавирус төмендеп келеді
Соңғы аптада елімізде коронавирустың анықталған жағдайы 4 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты
«Қазіргі уақытта ауру таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Соңғы аптада сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда коронавирус инфекциясы жағдайының анықталған саны 4 мыңға дейін төмендеді. Толықтай алғанда ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр», - деді министр.
https://qazradio.fm/kz/news/20681/

May 25, 2021
«Балапан саз» радиобайқауының қорытынды концерті өтті
Бүгін 100 жылдық тарихы бар Қазақ радиосының эфирінде жүретін «Балапан саз» радиобайқауының қорытынды концерті өтті. Байқаудың арнайы хабары ағартушы–педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Қазақ радиосының ғасыр тойы және Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойларына орай ұйымдастырылды.
https://qazradio.fm/kz/news/20704/

May 26, 2021
Сауд Арабиясы қажылыққа келетін жамағат үшін талапты қатаңдатты
Биылғы қажылық маусымындағы қажылар саны 60 мың адамға белгіленген.
Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.
Сондай-ақ Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау қажылардан талап етіледі.
https://qazradio.fm/kz/news/20707/

May 27, 2021
Бұл күн 1997 жылдан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып аталып келеді.
Этностық және діни тегі бөлек миллиондаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түрмелерінде жазықсыз көз жұмды. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

May 31, 2021
Қазақ радиосы «Urker - 2021» ұлттық сыйлығының арнайы жүлдесімен марапатталды
Жүлдені Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның өзі табыстады. Бұл қазақ даласын ақпаратпен қамтыған тұңғыш радионың ғасырлық тойы қарсаңындағы тамаша тарту болды.
«Байқаудың арнайы жүлдесін анықтау біз үшін үлкен мәнге ие. Бұл жүлдені алып отырған ұжымның орны бөлек десе де болады. Бір ғасыр бойы халықты үздіксіз ақпаратпен және ұлтымыздың әні мен жырын, мәдениетін халыққа жеткізіп отырған еліміздің бас радиосы – «Қазақ радиосына» беріледі. Қазақ радиосы ұжымын шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің радиосы мыңжылдықтар бойы қазақтың үнін жеткізе берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы.
Еске салайық, елордадағы Қазмедиа орталығында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.
https://qazradio.fm/kz/news/20993/

June 24, 2021
Бүгін – халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын ақпарат саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісі журналистер күні ретінде аталып өткенімен, былтыр ел Президентінің арнайы тапсырмасымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Осы арқылы бұл сала мамандарының кәсіби мерекесін дербес атап өтуге мүмкіндік жасалды.
Мереке құтты болсын, әріптестер!
#qazaqradiolary
Мереке құтты болсын, әріптестер!
#qazaqradiolary
June 28, 2021
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Ауыл шаруашылығы министрінің жұмысын сынға алды. Айтуынша, елдегі қуаңшылықта министрлік жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.
«Сондықтан осы салаға жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін», - деді Президент.
Мемлекет басшысы қиындыққа тап болған өңірлерге жем-шөпті жедел жеткізіп, малдың қырылуын тоқтату керектігін айтты.

July 10, 2021
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасында жарылыс болды
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті.
«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз зат жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көмек көрсетуде. Өрт ошағының жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталуда», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

August 26, 2021
Жамбылдағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр. 32 адам зардап шеккен, оның 10-ы әскери қызметші.
https://qazradio.fm/kz/news/21465/

August 28, 2021
Бүгін – Қазақ радиосына 100 жыл
Қазақ радиосы ең алғашқы хабарды 1921 жылы Орынбордан таратты. Биыл Қазақ радиосына – бір ғасыр. Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Орынбор қаласынан алғашқы радио бюллетень шықты. 1926 жылы радио Қызылордаға, 1931 жылы Алматыға көшірілді.
https://qazradio.fm/kz/news/21746/

October 1, 2021
1 қазан – Радио күні
2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан - «Радио күні» болып жарияланды.
Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған болатын. Осы тарихи негізді алға тарта отыра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды «Радио күні» деп жариялауды ұсынған болатын.
Мереке құтты болсын, әріптестер!
https://qazradio.fm/kz/news/21747/