Embassy of Kazakhstan to China
290 subscribers
1.84K photos
134 videos
1 file
846 links
🇰🇿🇨🇳Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің ресми каналы

🇰🇿🇨🇳Официальный канал Посольства Республики Казахстан в Китайской Народной Республике
Download Telegram
🔷 Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректорына II дәрежелі «Достық» ордені табысталды
_

🔶 Ректору Пекинского университета языка и культуры вручён орден «Достық» II степени
1
🔷 Бейжің, 2025 жылғы 23 желтоқсан – Мемлекет басшысының 2025 жылғы 3 қарашадағы №1074 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры Дуань Пэнды ҚР мемлекеттік наградасы - II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік награданы ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев табыстады.

Рәсімнің барысында Елші Дуань Пэнның қазақ-қытай гуманитарлық және білім беру ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ академиялық алмасуларды кеңейтуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Қытай тілін білетін мамандарды даярлаудың жетекші орталықтарының бірі ретінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалының рөлі ерекше атап өтілді.
Кездесудің аясында ғылым-білім беру саласындағы өзара іс-қимылдардың келешегі, соның ішінде оқытуда жасанды интеллект технологияларын дамыту, білікті лингвист-қытайтанушыларды даярлау, сондай-ақ бірлескен академиялық бағдарламаларды кеңейту сұрақтары талқыланды.

Өз кезегінде Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы айтып, қазақ білім беру және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.


Марапаттау рәсімі Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру ынтымақтастығының жоғары деңгейінің кезекті дәлелі болды.

Анықтама: Бейжің тіл және мәдениет университеті 1962 ж. құрылған және Қытайдағы шетелдік азаматтарға қытай тілін, мәдениетін және халықаралық коммуникацияны оқытуға мамандандырылған жетекші жоғары оқу орны болып табылады 2024 ж. 3 шілдеде Астана Халықаралық университетінің негізінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астана қ. филиалының салтанатты ашылуы өтті.
____

🔶 Пекин, 23 декабря 2025 года — Согласно указу Главы государства, за №1074 от 3 ноября 2025 г., в Посольстве Республики Казахстан в Китайской Народной Республике состоялась церемония вручения государственной награды РК Ордена «Достық» II степени Ректору Пекинского университета языка и культуры Дуань Пэну.

Государственную награду от имени Республики Казахстан вручил Посол РК в КНР Шахрат Нурышев.

В ходе церемонии Посол отметил значительный вклад Дуань Пэна в развитие казахско-китайского гуманитарного и образовательного сотрудничества, а также расширение академических обменов. Особо подчеркнута роль филиала Пекинского университета языка и культуры в Астане, как одного из ведущих центров подготовки специалистов со знанием китайского языка.

В рамках встречи также были обсуждены перспективы взаимодействия в научно-образовательной сфере, включая развитие технологий искусственного интеллекта в обучении, подготовку квалифицированных лингвистов-китаеведов, а также расширение совместных академических программ.

В свою очередь, Дуань Пэн рассказал о возможностях реализации совместных проектов в области прикладной лингвистики и цифрового обучения, выразив заинтересованность в дальнейшем углублении сотрудничества с казахскими образовательными и научными учреждениями.

Церемония вручения награды стала очередным подтверждением высокого уровня образовательного сотрудничества между Казахстаном и Китаем.

Справочно: Пекинский университет языка и культуры основан в 1962 г. и является ведущим высшим учебным заведением в Китае, специализирующимся на преподавании китайского языка, культуры и международной коммуникации для иностранных граждан. 3 июля 2024 г. состоялось торжественное открытие филиала Пекинского университета языка и культуры в г.Астана на базе Международного университета Астана.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1130625?lang=ru
Forwarded from UKIMET
Роман Скляр Қытайда Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен және жетекші өнеркәсіптік компаниялармен бірқатар кездесу өткізді

📌 ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасып, инвестициялық, өнеркәсіптік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету перспективаларын қарастырды, сондай-ақ Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасында машина жасау, автомобиль жасау, жаңа және жоғары технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өңіраралық деңгейде практикалық өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.

Сондай-ақ Қазақстан-Қытай өнеркәсіптік ынтымақтастығының орнықты серпіні және ірі индустриялық жобаларды жүзеге асырудағы қытай компанияларының айтарлықтай тәжірибесі атап өтілді. Өзара іс-қимыл Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік шеңберінде дамитыны және экономиканың серпінді салаларын ұзақмерзімді технологиялық дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қытайлық компаниялардың өкілдері қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті жүзеге асыруға, өндірістік және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан аумағында заманауи инженерлік шешімдерді локализациялау мен енгізуді тереңдетуге дайындығын растады.

Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің бірлескен бастамаларды кідіріссіз қолдауға және дамытуға, сондай-ақ оларды жүзеге асыруды үйлестіруге, барлық кезеңдерде жобаларды табысты орындау үшін жағдай жасауға дайын екендігін атап өтті. Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі шеңберінде металлургия, тау-кен байыту өнеркәсібі және автомобиль өндірісі саласындағы басым жобаларды сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыру және практикалық пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.



Роман Скляр провел в Китае серию встреч с секретарем Партийного комитета провинции Чжэцзян Ван Хао и ведущими промышленными компаниями

📌 В ходе рабочей поездки в Китай в городе Ханчжоу первый заместитель Премьер-министра РК Роман Скляр провел рабочие встречи с секретарем Партийного комитета провинции Чжэцзян господином Ван Хао, а также с руководителями ведущих китайских промышленных компаний.

Стороны обсудили приоритетные направления двустороннего стратегического партнерства. Рассмотрены перспективы дальнейшего углубления инвестиционного, промышленного взаимодействия. также достигнуты договоренности по укреплению сотрудничества между Казахстаном и провинцией Чжэцзян в сферах машиностроения, автомобилестроения, новых и высоких технологий, включая активизацию практического взаимодействия на межрегиональном уровне.

Кроме того, была отмечена устойчивая динамика казахстанско- китайского промышленного сотрудничества и значительный практический опыт китайских компаний в реализации крупных индустриальных проектов. Подчеркнуто, что взаимодействие развивается в рамках стратегического партнерства между Казахстаном и Китаем и ориентировано на долгосрочное технологическое развитие прорывных отраслей экономики.

По итогам встреч представители китайских компаний подтвердили готовность к последовательной реализации достигнутых договоренностей, расширению производственного и технологического сотрудничества, а также углублению локализации и внедрению современных инженерных решений на территории Казахстана.

Роман Скляр подчеркнул готовность Правительства Казахстана поддерживать и развивать совместные инициативы без промедления, а также координировать их реализацию и создавать условия для успешного выполнения проектов на всех этапах. Достигнута договоренность о продолжении конструктивного взаимодействия и практической проработке приоритетных проектов в сфере металлургии, горно-обогатительной промышленности и автомобильного производства в рамках казахстанско-китайского стратегического партнерства.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔷 Қазақ-қытай ынтымақтастығының 2026 жылға арналған жоспарлары белгіленді
__

🔶 Намечены планы казахско-китайского сотрудничества на 2026 год
🔷 Бейжің, 2025 жылғы 29 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрінің көмекшісі (Министрдің орынбасары дәрежесінде) Лю Биньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 2025 жылғы қазақ-қытай ынтымақтастығын қорытындылап, саяси диалогтың және мемлекет басшылары деңгейіндегі уағдаластықтарды іске асырудың жоғары серпінін атап өтті. Екіжақты саяси, сауда-экономикалық, көліктік, энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттесудің жағдайы мен келешегін талқылауға ерекше назар аударды.

Дипломаттар келесі жылға арналған іс-шаралар кестесі бойынша, соның ішінде өзара сапарлар, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, «Орталық Азия – Қытай» форматы сияқты көпжақты құрылымдар шеңберіндегі бірлескен іс-шаралар мен әрекеттесуге қатысты пікір алмасты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар өзара сенім, тату көршілік және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде нығайтуға ұмтылысын растады.
____

🔶 Пекин, 29 декабря 2025 года — Посол Республики Казахстан в Китайской Народной Республике Шахрат Нурышев провёл встречу с Помощником Министра (в ранге заместителя министра) иностранных дел Китайской Народной Республики Лю Бинем.

В ходе беседы стороны подвели итоги казахско-китайского сотрудничества за 2025 год, отметив высокую динамику политического диалога и практической реализации договорённостей глав государств. Особое внимание было уделено обсуждению состояния и перспектив двустороннего политического, торгово-экономического, транспортного, энергетического, инвестиционного и культурно-гуманитарного взаимодействия.

Дипломаты обменялись мнениями по графику мероприятий на следующий год, включая взаимные визиты, совместные мероприятия и кооперацию в рамках многосторонних структур, таких как Шанхайская организация сотрудничества, Совещание по взаимодействию и мерам доверия в Азии и формат «Центральная Азия – Китай».

По итогам встречи стороны подтвердили стремление к последовательному укреплению вечного всестороннего стратегического партнёрства между Казахстаном и Китаем, основанного на принципах взаимного доверия, добрососедства и взаимной выгоды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1134963?lang=ru
👍1
🔷 Оңтүстік Қытай технологиялық университеті қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағыт алуда
____

🔶 Южно-Китайский технологический университет нацелен на углубление сотрудничества с казахстанскими вузами
🔷 Гуанчжоу, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулы Уалихан Сәрсембековтың Оңтүстік Қытай технологиялық университетінің проректоры, Партия комитеті хатшысының орынбасары Ли Вэйцинмен кездесуі өтті.

Іс-шараға Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының (KazADI) халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диас Мырзаханов қатысты.

Кездесудің барысында жоғары білім беру, академиялық алмасу және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы саласындағы қазақ-қытай өзара іс-қимылын дамыту келешектері талқыланды. Университетте оқитын қазақстандық студенттер санының тұрақты өсуі байқалуда, қазіргі уақытта олардың саны 31 адамды құрайды.

Қытай тарапы академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, ғылыми байланыстарды дамытуға және қазақстандық жоғары оқу орындарымен, оның ішінде Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтымен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша білім беру және ғылыми салалардағы нақты бірлескен жобаларды іске асыруға өзара дайындығы расталды.

__

🔶 30 декабря 2025 года, г. Гуанчжоу – состоялась встреча Генерального консула Республики Казахстан в г.Гуанчжоу Валихана Сарсембекова с проректором Южно-Китайского технологического университета, заместителем секретаря Партийного комитета Ли Вэйцин.

В мероприятии принял участие директор Департамента международного сотрудничества Казахского автомобильно-дорожного института им. Л.Гончарова (KazADI) Диас Мырзаханов.

В ходе встречи обсуждены перспективы развития казахско-китайского взаимодействия в сфере высшего образования, академических обменов и научно-исследовательского сотрудничества. Отмечен устойчивый рост числа казахстанских студентов, обучающихся в университете, в настоящее время их количество составляет 31 человек.

Китайская сторона выразила заинтересованность в расширении академической мобильности, развитии научных контактов и углублении сотрудничества с казахстанскими вузами, в том числе с Казахским автомобильно-дорожным институтом им. Л.Гончарова.

По итогам встречи подтверждена взаимная готовность к реализации конкретных совместных проектов в образовательной и научной сферах.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1135898?lang=ru
1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев 24.kz телеарнасына сұхбат беріп, қазақ-қытай ынтымақтастығының негізгі нәтижелерін қорытындылады, екіжақты күн тәртібіндегі маңызды оқиғалар туралы айтып, алдағы кезеңге арналған өзара іс-қимылдың басым бағыттарын белгіледі.
2
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
Құрметті оқырмандар,

Назарларыңызға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 2025 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы инфографиканы ұсынамыз.

@PressMFAKZ
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
Уважаемые подписчики,

Представляем вашему вниманию инфографику об основных итогах деятельности Министерства иностранных дел Казахстана в 2025 году.

@PressMFAKZ