Qazaqstan.tv
54.8K subscribers
14.4K photos
16.4K videos
12 files
7.59K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қандай іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр?

💬Бұл туралы көшпелі студияға сұхбат берген Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Олжас Соғымбай айтты.

Оның сөзінше, шаралардың негізгі бөлігі 9-10 тамыз күндері Қарауыл төбеде жалғаспақ. Сондай-ақ ертеңнен бастап облыс орталығынан бөлек барлық ауданда ән-күй кештері өткізіледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥54😎1
Павлодарда электржөндеуші биіктен құлады
32 жастағы жұмысшының қалай құлағаны әзірге белгісіз.

📲Қазақстандықтар байланыс операторларының негізсіз қымбаттауына шағымданды
Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, 2017 жылдан бері байланыс саласы мемлекет тарапынан қадағаланбайды.

💬Елге кіретін бес өнім түрі таңбаланады
Олар: жеңіл өнеркәсіп, мотор майлары, зергерлік бұйымдар, биологиялық белсенді қоспалар және сыра өнімдері.

⚡️Семейде ұлттық өнер ұлықталды
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар бесінші күн жалғасын тауып жатыр.

💸Қызылордада қаржы жымқырған есепші сотталды
Ол азаматтық некедегі жұбайымен және оның інісімен алдын ала келісіп, аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱41
🔴Қырғызстанда болған жер сілкінісі Қазақстан аумағында да сезілді

Жерсілкінісің ошағы Қырғызстанда Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым жерде орналасқан.

💬ТЖМ хабарлауынша, 2 балдық жер асты дүмпулері Жамбыл, Түркістан облыстарындағы ауылдарда және Шымкент, Тараз, Шу қалаларында сезілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯81
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺«Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясы Абай өңірінде

Арнаның түсірілім тобы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында өткізілетін шаралар жайлы шығыстан хабар таратады.

Сағат 20:00-де «Ақпарат» жүргізушісі Альбина Әшім тікелей эфирге шығады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
9👍3😎3
📱Тарифтер қымбаттап жатыр: Байланыс саласына бақылау қажет

Бір жылда бірнеше мәрте қымбаттады. Қазақстандықтар еліміздегі Tele2/Altel, Beeline сынды байланыс операторлары тариф бағасын негізсіз шарықтатып жіберді, баға өскен сайын қызмет көрсету сапасы нашарлап барады деп шағымданды желі қолданушылары.

«Бұған бақылаудың жоқтығы әсер етіп отыр»,-деп атап өтті Үкімет жиынына қатысқан Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун.


📌2017 жылдан бері байланыс саласы мемлекет тарапынан қадағаланбаған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26😱5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹«Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясы Семейден хабар таратты

Түсірілім тобы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы маңынан тікелей эфирге қосылды. Ұлы ақынның 180 жылдығы аясында өткізілетін шаралар туралы баяндады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4😎41
🇰🇿Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралап көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды.

Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген. Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.

Сондай-ақ көрмеде Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мәдени мұрасы мен меймандос халқының бай рухани қазынасымен танысуға болады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7😎2🥰1
🔴2024 жылы 39 адам ұшақ апатынан қаза тапқан

Бұл туралы Қазақстан авиация әкімшілігі ақпарат таратты. Мәліметке сәйкес,
🔹2012-2024 жылдар аралығында елімізде 68 әуе апаты тіркелген;
🔹Оның ішінде 26 оқиғада барлығы 124 адам қаза тапқан.

«2024 жылы елде 6 авиациялық оқиға орын алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Айта кетерлігі, 2024 жылы коммерциялық авиацияда бір ғана оқиға орын алған (2023 жылы мүлде болмаған), ал авиациялық жұмыстар мен оқу-жаттығу ұшуларында 5 оқиға тіркелген (2023 жылы – 3 оқиға)»,– делінген хабарламада.


🔴Ұшақ апаттарынан 2023 жылы 6 адам, 2024 жылы 39 адам қазақ тапқан. 38-і коммерциялық авиациядағы апатта, 1-еуі авиациялық жұмыстар кезінде көз жұмған.

📌Еске салайық, 2024 жылдың соңында Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе рейсі апатқа ұшырап, 35 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі көз жұмған еді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱6👍2
⚠️Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін

Бүгін Израиль министрлер кабинеті Газа секторын 20 жылдан бері алғаш рет толық басып алу жоспарын мақұлдауы мүмкін. Бұл туралы жергілікті телеарналар хабарлады.

✍️22 айға созылған «ХАМАС–Израиль» соғысын тоқтату жөніндегі келіссөздер сәтсіз аяқталды. Палестиналық анклав қазір ашаршылыққа ұшыраған. БҰҰ дерегінше, Газаға тәулігіне кемінде 600 жүк көлігі гуманитарлық жәрдем жеткізуі керек. Алайда Израильдің блокадасы мен әскери операциялары оған мүмкіндік бермей отыр.

✏️Халықаралық ұйымдар мен куәгерлердің мәліметінше, көмек алу үшін жиналған бейбіт тұрғындарға әскерилер оқ атып, мамырдан бері жүздеген адам қаза тапқан. Израиль армиясы мұны жоққа шығарып, оқты ескерту ретінде атқанын мәлімдеді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13👎7😱7
📖Абай шығармаларына қызығатын шетелдіктер
Италия азаматы Абайдың шығармашылығы туралы жергілікті журналда көлемді мақала жариялады.

⚠️Павлодарда жаңа үйлерден ақау шықты
Тұрғындардың айтуынша, төбеден су кетіп, қабырғалардағы жарықтардан жел үрлеп тұр.

Отандық өнім тасада қалды
Мемлекеттен көмек алатын сауда желілері сөрелерін шетелдік тауармен толтырып, отандық өнім елеусіз қалып жатыр.

🏛Қостанайдағы тарихи ескерткіш рекордтар кітабына енді
Бұл марапат мәдени мұра мен рухани құндылықты дәріптейтін жобаларды халықаралық деңгейде танып, құрметтеу мақсатында берілді.

🤱«Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
Бағдарлама әйелдерді 12 түрлі тексеруден өткізіп, жүктілікке дайындыққа бағытталған.

✍️Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
Бұл туралы жергілікті телеарналар хабарлады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
9😎3🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
6 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Ал солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

🌧Астанада күн бұлтты, жауын жауады. Ауа температурасы +24+26°С. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

🌤Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +28+30°С. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

🌤Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +36+38°С. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал түнде 8-13 м/с.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5👍3👌3
🛜«Ауыл online»: Шалғайдағы ауылдардың 90%-ы екі жылда интернетпен қамтылады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтты.

«6 мың елдімекен бар, олар интернетке қол жеткізу қиын деп белгіленген. Бүгінгі таңда 2,5 мыңнан астамы интернетпен қамтамасыз етілген. «Қазақтелеком» компаниясымен қол қойылған келісімнің нәтижесінде екі жыл бойы барлық қалған ауылды қосып, жетуі қиын ауылдарды қамтудың 90%-дан астамына қол жеткізуге тиіспіз. Сондай-ақ Starlink және OneWeb спутниктері арқылы ауылдарды интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде», - деді Дмитрий Мун.


📋Жақын арада компанияның сайтында осы елдімекендердің тізімі жарияланады.

Айта кетейік, Қазақстанда «Ауыл online» жобасы жүзеге асырылуда.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7👍6🔥4👌2🤩1😎1
🏥Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады

Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған.

Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар: магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады.

📌Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👍3👌3😎1
Алматыда Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр

Бүгін Алматыда ғарышкер, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Офицерлер үйінде ұйымдастырылған шараға марқұмның отбасы мен жақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысуда.

Қаралы жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді.

Еске салайық, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев 74 жасында дүниеден өтті. Ол ғарышқа 3 рет сапар жасаған. Аспан кеңістігінде жалпы 341 күнін өткізген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11😢7😱3💔2🕊1😎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇳Үндістанда сел бүтін бір ауылды шайып кетті

Таулы Дхарали елді мекені селден су астында қалды. 4 адам қаза тауып, 50-ден аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Құтқару жұмыстары жалғасуда.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭13😱102🤯2😢1😎1
Енді психоэмоционалды ауытқуы бар жастар әскерге шақырылмайды

2025 жылғы көктемгі шақыру кезінде сыналған PSY-тәуекел әдістемесі бойынша әскерге шақырылушылар бастапқы скринингтен, терең психологиялық тексеруден, қажет болса – психиатриялық сараптамадан өтеді.

Соның нәтижесінде 470-тен астам жас қызметтен босатылған немесе қосымша тексеруге жіберілген.

Мақсат – психологиялық тұрғыда қызметке дайын емес азаматтарды іріктеп шығару. Жаңа жоба барлық өңірде кезең-кезеңімен енгізіледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌6👍51😎1
🖥11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны алу тәртібі өзгереді

Енді ЭЦҚ-ны тек онлайн-форматта алуға болады.

Бұрын ЭЦҚ кілтін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді.

ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болады:

egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіру;
Онлайн өтінім жіберу;
Биометриялық сәйкестендіруден өту (жүйе камера арқылы бет-әлпетіңізді таниды).

«Кейде жүйе адамды тани алмауы мүмкін. Мысалы, базада фотосурет болмаса немесе техникалық ақау болса, жүйе 5 ретке дейін биометриялық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Осы әрекеттер сәтсіз аяқталғанда ғана ХҚКО-ға жүгінуге болады», - делінген министрлік ақпаратында.


Сондай-ақ ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
10👍2🙏2😎2
Қазақстанда Абайдың есімімен аталған қанша мектеп бар?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде Абай есімімен аталатын 119 жалпы білім беретін мектеп бар. Сондай-ақ 5 колледж жұмыс істейді.

Айта кетейік, биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай Абай облысында түрлі шара өтуде.

📺Ақынның мерейтойлық шараларынан «Qazaqstan» телеарнасының көшпелі студиясы хабар таратып жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
18👌3😎2
🌎Жаһандық нарық жаңалықтары

🪙Citi банкінің аналитиктері алтын бағасына қатысты болжамын жоғарылатты. Жаңа бағалау бойынша, алдағы үш ай ішінде алтын унциясының бағасы 3300–3600 доллар аралығында құбылады. Бұл өзгеріс АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген импорттық баж салығы күтілген 15%-дан асып кеткені себепті болуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg тобының аналитикалық есебіне сілтеме жасап хабарлайды.

💱Tesla компаниясының директорлар кеңесі бас директор Илон Маскқа шамамен 30 миллиард доллар көлеміндегі 96 миллион дана шектеулі айналымдағы акциялар пакетін беруді мақұлдады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі компанияның ресми хабарламасына сілтеме жасап хабарлады.

📉Уолл-стриттегі ең ірі компаниялардың қор нарығы стратегтері клиенттеріне бағаның кері шегінуіне (құн түсуіне) дайын болуға кеңес беріп жатыр. Себебі акциялардың шамадан тыс жоғары бағалануы нашарлаған экономикалық деректермен қақтығысып, нарыққа кері әсер етуде. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды. Morgan Stanley, Deutsche Bank AG және Evercore ISI сарапшыларының айтуынша, алдағы уақытта S&P 500 индексі төмендеуі мүмкін.

💰АҚШ президенті Дональд Трамптың Үндістанға ресейлік мұнайды сатып алып, қайта сатқаны үшін тарифтерді едәуір арттыру туралы қаупінен кейін рупия бағамы төмендеді, деп хабарлайды Reuters. Агенттіктің мәліметінше, бұл жағдай нарықтағы көңіл күйді нашарлатып, сонымен қатар Үндістан нарығынан шетелдік капиталдың кету қаупін күшейтті.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4😎3👍2👌2