Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз 62 мың тоннадан астам құм өндірген. Салдарынан мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Құмды сатудан түскен қылмыстық табыс 150 млн теңгеден асады.
Сот шешіміен күдіктілердің мүлкіне 181 млн теңгеден астам сомаға бұғат қойылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олар негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады. Талапкерлер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түлектердің басым бөлігі «Математика-Физика», «Биология-Химия» пәндер комбинациясын таңдаған. Ал ең аз таңдалған пән - «Химия-Физика».
Айта кетейік, 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ны тапсыруға өтінімдер қабылдау аяқталды. Тестілеу 16 мамырдан 7 шілдеге дейін жалғасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы
Филиппинде өткен волейболдан әйелдер арасында Азия чемпиондар лигасында қазақстандық команда топ жарды.
🇰🇿 «Жетісу» волейбол клубы финалда «Vtv Binh Dien Long An» (Вьетнам) командасын жеңіп чемпион болды. 3:1 (25:14, 20:25, 25:23, 25:18).
📺 @qazaqstantv
Филиппинде өткен волейболдан әйелдер арасында Азия чемпиондар лигасында қазақстандық команда топ жарды.
🇰🇿 «Жетісу» волейбол клубы финалда «Vtv Binh Dien Long An» (Вьетнам) командасын жеңіп чемпион болды. 3:1 (25:14, 20:25, 25:23, 25:18).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Шерзат ісіне қатысты сотта төрт куәгерден жауап алынды. Отырысқа марқұмның әкесі мен отбасы қатыса алмады.
Толығырақ сот отырысы жайында Дамир Нұрмұхаметтің бейнесюжетінде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Майқайыңдағы апаттан кейін 1 жыл 4 ай өткен соң қылмыстық іс сотқа түсті. Іске қатысты алты адамға айып тағылды. Олар – «Майқайыңалтын» кен байыту комбинатының экс директоры мен өндірістік учаскелерді басқару және инженерлік құрамдағы бес маман. Дерекке қарағанда, күдіктілер бірден жұмыстан босатылмаған. Тергеу амалдарынан соң үй қамағында отырды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қаңтыр айында төрт құтқарушы отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Апат кезінде төрт құтқарушы да қайтыс болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сонымен қатар 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасының нөлден төмен түсуі болжанып отыр.
🌧Ал бүгін түнде елордада қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Мен хайуанаттар бағындамын» атты бейнежазбаны 2005 жылы платформаның негізін қалағандардың бірі – Жавед Карим өз арнасына жариялаған. Сан-Диего қаласында түсірілген 19 секундтық видеода хайуанаттар бағындағы пілдердің тұмсығы туралы айтылған. Күні бүгінге дейін бұл видео 358 млн қаралым мен 17 млн лүпіл жинаған.
2003 жылы құрылған компания аудио және бейнеқоңырау қызметін ұсынып, танылған еді. Қолданушылар саны 150 млн-ға жеткен. Ал 2011 жылы оны Microsoft компаниясы сатып алады. Алайда 5 жыл бұрын пайдаланушылар саны 22 млн-ға дейін азаяды. Мұны сарапшылар көбіне нарықтағы бәсекелестіктің артуымен байланыстырады.
Жапонияда өтіп жатқан EXPO 2025 көрмесінде Kawasaki Robotics компаниясы робот арыстанды таныстырды. Жоба өкілдерінің айтуынша, төрт аяқты құрылғы көліктер жете алмайтын қиын жерлерге оңай жеткізеді. Әсіресе, таулы аймақтарды зерттеуге қолайлы. Себебі робот әртүрлі жер бедеріне бейімделе береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Биыл 293 жұмысшы түрлі деңгейде жарақат алған. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі өндіріс пен құрылыс саласында тіркелген.
Қаңтар-сәуір айларында жұмыс уақытында:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.
Тек елдің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ауруға шалдыққандардың 75 пайызы вакцина салдырмаған. Қызылша жұқтырған балалардың ең көбі Жамбыл облысында тіркелген. 300-ге жуық бала ауырған. Екінші Астана, үшінші кезекте Ақмола облысы.
Дегенмен мамандар биыл қызылша жұқтырғандардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай аз деді. Мәселен, былтыр 21 мыңнан аса бала қызылшамен ауырған.
Сондай-ақ көкжөтелге шалдыққан балалардың да саны былтырғымен салыстырғанда едәуір аз. Өткен жылы 550-ге жуық, биыл 183 жағдай тіркелген. Олардың 89 пайызы екпе салдырмаған.
📌Сондықтан мамандар дер кезінде екпе алуға кеңес береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📸Сайрам-Өгем паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында қар барысы тағы да фототұзаққа іліккен.
Парк қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанның Қызыл кітабына енген әрі өте сирек кездесетін қар барысы биыл осымен 2-рет фототұзаққа түсіп отыр.
📺 @qazaqstantv
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында қар барысы тағы да фототұзаққа іліккен.
Парк қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанның Қызыл кітабына енген әрі өте сирек кездесетін қар барысы биыл осымен 2-рет фототұзаққа түсіп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ватиканда Сикстин капелласы туристер үшін жабылды. XV ғасырда салынған ғимаратта жақында кардиналдардың конклавы өтеді. Құпия жиында католик шіркеуінің жаңа басшысы сайланбақ.
Алайда жаңа папаны сайлау бірнеше айға, тіптен жылға созылуы мүмкін. Мәселен, 1268 жылы конклав 2 жылға жалғасты. Ал ең қысқасы 1503 жылы өтіп, бірнеше сағатқа созылған.
📌2013 жылдан бері Рим папасы болған Франциск 21 сәуірде 88 жасында инсульттен қайтыс болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM