Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
15K videos
11 files
6.99K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🔴Шерзат Полаттың ісіне қатысты сотта куәгерден жауап алынды

Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады

💬Қостанай облысындағы ақылы жолдың сапасына сын көп

⚪️Ақтөбеде медресе оқушылары дәнекерлеуші мамандығын игеріп жатыр

📍Батырлар рухына тағзым: ТМД елдерінің дипломаттары «Эльба рухы» ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты

📺Толығырақ 14:00-де Ақпаратта

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪧Қазақстанда алғаш рет роботтандырылған онкохирургиялық операция сәтті жасалды

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлер командасы Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық роботтандырылған онкохирургиялық операцияны сәтті жасады.

Бірегей хирургия онкологиялық аурудың дамыған сатысында жасалады. Ота кезінде зақымдалған бүйрек, бүйрек үсті безі және аймақтық лимфа түйіндері алынады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐Жаһандық нарық жаңалықтары

📉Gucci сатылымдары 25%-ға төмендеді. Gucci, Yves Saint Laurent, Balenciaga, Bottega Veneta, Alexander McQueen және басқа да сән үйлерін біріктіретін француздық холдинг компаниясы Kering бірінші тоқсанның нәтижелерін жариялады.
Kering компаниясының сатылымдары жылдық көрсеткіш бойынша 14%-ға төмендеп, €3,88 млрд болды. Негізгі бренд — Gucci сатылымдары 25%-ға құлап, €1,57 млрд-қа дейін азайды.

📌Nissan компаниясы тарихындағы ең ірі шығынын тіркеді. Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, компанияның шығындары $4,91–5,26 миллиард доллар аралығында болған.

🪙Биткоин капитализация бойынша күміс пен Google-ды басып озды. Қазір ол рейтингте 5-орынды иеленіп отыр. Алтынға жету әлі алыс, бірақ болашақта бұл активтер көшбасшылық үшін бәсекеге түсуі әбден мүмкін.

💲Deutsche Bank алдағы жылдары доллардың құрылымдық құлдырауы туралы ескертті.
Бұл АҚШ валютасының еуроға қатысты соңғы он жылдағы ең төмен деңгейге дейін әлсіреуіне әкелуі мүмкін.

🔴АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының салдары АҚШ экономикасына әсер етуде. Дональд Трамп бастамашы болған бұл сауда қақтығысының нәтижесінде АҚШ экономикасы қиындықтарды сезіне бастады. Vizion контейнерлерді қадағалау қызметінің деректері бойынша, сәуір айының ортасына қарай Қытайдан АҚШ-қа жөнелтілетін стандартты 20 футтық теңіз контейнерлеріне берілген тапсырыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға азайған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚪️Шерзат Полаттың ісі: Сотта куәгерден жауап алынды

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты негізгі сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырысқа марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы қатыса алмады.

📌Түске дейінгі сот процесінде куәгер Эльмира Нұрбекованың жауабы тыңдалды. Прокурор Ержан Құрақбаев куәгердің сот залында берген жауабы мен беттестіру хаттамасындағы бейнежазбада қарама-қайшылық бар екенін анықтады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

🔹Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені;
🔹ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған.
🔹ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсатты сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады

Бұл туралы ресми мәліметті елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі таратты. Онда солтүстіккореялық жауынгерлердің Ресейге Ким Чен Ыннның бұйрығымен барғаны жазылған. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі де мойындап отыр.

📌Айта кетсек, Ресей мен Солтүстік Корея басшылары стратегиялық серіктестік туралы келісімге былтыр қол қойды.

💬Болжамға қарағанда, Пхеньян Мәскеудің Украинадағы соғысына жәрдем ретінде 14 мыңдай сарбаз аттандырған. Олардың бірталайы қаза тапқандықтан, Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың жауынгер жөнелткен.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔵«Мен өнеріме қанат бітірген киелі мекенде тұрып жатырмын»

Мұхиддин Варисов — Ұйғыр музыкалық комедия театрының актері. Ол өнер халықтың рухани айнасы екеніне ешқашан күмән келтірмеген.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🐻«Көлсай көлдері» аумағында Тянь-Шань қоңыр аюлары бейнежазбаға түсірілді

Жабайы жануарлар санын есепке алу барысында «Көлсай көлдері» инспекторлары Тянь-Шань қоңыр аюын 2 қонжығымен бейнеге түсірді.

«Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларында мекендейді. Егер қоңыр аюын байқап қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарларды мазаламау маңызды», - деп ескертті парк әкімшілігі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴Петропавл маңындағы саяжай учаскелерін су басты

Заречный кентінің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Ал «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, Петропавл қаласында су бір қалыпта тұр.

Қызылжар ауданында орналасқан Большая малышка ауданында су деңгейі көтерілгені байқалады. Қазір елдімекенде эвакуация жүріп жатыр. Ауылда бөгет жоқ. Судан қорғану үшін айнала балшық үйілген болатын. Төтенше жағдай қызметі, полиция, әкімдік өкілдері күндіз-түні қауіпті аймақта жұмыс істеп жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты

Оқиға Абай мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған. Аялдамада тоқтап тұрған троллейбусқа автобус қатты екпінмен соққан.

Салдарынан 13 жолаушы медициналық көмекке жүгінген.

Аталған іс бойынша полиция тергеуді бастады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️Абай облысында заңсыз құм өндіріп, сатқан кәсіпкерлер ұсталды

Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз 62 мың тоннадан астам құм өндірген. Салдарынан мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Құмды сатудан түскен қылмыстық табыс 150 млн теңгеден асады.

Сот шешіміен күдіктілердің мүлкіне 181 млн теңгеден астам сомаға бұғат қойылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📝ҰБТ тапсыруға 216 мыңға жуық талапкер тіркелді

Олар негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады. Талапкерлер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түлектердің басым бөлігі «Математика-Физика», «Биология-Химия» пәндер комбинациясын таңдаған. Ал ең аз таңдалған пән - «Химия-Физика».

Айта кетейік, 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ны тапсыруға өтінімдер қабылдау аяқталды. Тестілеу 16 мамырдан 7 шілдеге дейін жалғасады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы

Филиппинде өткен волейболдан әйелдер арасында Азия чемпиондар лигасында қазақстандық команда топ жарды.

🇰🇿 «Жетісу» волейбол клубы финалда «Vtv Binh Dien Long An» (Вьетнам) командасын жеңіп чемпион болды. 3:1 (25:14, 20:25, 25:23, 25:18).

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧑‍⚖️Шерзат ісі: Төрт куәгерден жауап алынды

Бүгін Шерзат ісіне қатысты сотта төрт куәгерден жауап алынды. Отырысқа марқұмның әкесі мен отбасы қатыса алмады.

📌Оқиғаға куә болған Эльмира Нұрбекованың бұған дейін тергеушіге берген жауабы мен бүгінгі соттағы жауабы сәйкес келмей, сот төрағасы бұл мәселені ашық қалдырды.

🗣Ал екінші куәгер Дана Жақсыгелдінің сөзінше, Нұрғанат Ғайыпбаев мылтықпен оқ атқан. Кейін сол қаруды Абзал Шынасылдың көлігінен көргенін айтты.

Толығырақ сот отырысы жайында Дамир Нұрмұхаметтің бейнесюжетінде.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Майқайың апаты: Алты адамға айып тағылды

Майқайыңдағы апаттан кейін 1 жыл 4 ай өткен соң қылмыстық іс сотқа түсті. Іске қатысты алты адамға айып тағылды. Олар – «Майқайыңалтын» кен байыту комбинатының экс директоры мен өндірістік учаскелерді басқару және инженерлік құрамдағы бес маман. Дерекке қарағанда, күдіктілер бірден жұмыстан босатылмаған. Тергеу амалдарынан соң үй қамағында отырды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қаңтыр айында төрт құтқарушы отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Апат кезінде төрт құтқарушы да қайтыс болды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM