Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.97K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
⚡️Алматы облысында Al Khaleej Sugar компаниясының зауытын салу жоспарлануда

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібі көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar компаниясының зауыты салынуы мүмкін, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаны жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры, шейх Джамаль Аль Гурайр арасындағы кездесуде талқыланды.

«Алматы облысы аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Дамуды жалғастыру үшін бізге заманауи технологиялар мен сенімді серіктестер қажет», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Кездесу барысында зауыттың орнын таңдау, қант қызылшасы үшін егістік алқаптарды ұйымдастыру және оларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌤28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, батыс және орталық аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

🔥Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

🌧Астанада жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз 15 м/с-ге жетеді.

🌤Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +29+31°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

🌤Шымкентте күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°C, желдің жылдамдығы 8-13, күндіз 15-20 м/с.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌳Өткен аптада қазақстандықтар 4,5 млн тал екті

200-ге жуық экологиялық акция ұйымдастырылған.

Ал 26 сәуірде жалыпұлттық сенбілік өтті. Астанада айналаны күл-қоқыстан тазалап, 12 мыңнан астам көшет отырғызуға 100 мыңға жуық адам қатысқан.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📍Қырғыз Республикасы Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді

Суару маусымы басталған сәуір айының өзінде-ақ 45 млн текше метр су берілді.

Сәуір айының соңынан бастап Қырғыз Республикасы Қазақстанға Талас өзені арқылы тағы 400 млн және Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су жібереді.

📌Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жіберілген су Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға жұмсалады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊Соңғы 5 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3 пайызға төмендеді

Ал қаза тапқандар саны 2,9 пайызға азайған.

Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 1400-ден астам жазатайым оқиға болады, оның 200-ге жуығы адам шығынымен аяқталады.

📌Еңбек министрлігінің мәліметінше, экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны:
🔹тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 15,3%;
🔹құрылыс саласында – 12% байқалады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 1042 материал жіберілген, ол бойынша 215 қылмыстық іс қозғалды.

🗓️28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына Ғұмар Серғазин тағайындалды

Бұған дейін ол Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💱Қайтарылған активтер: Қосшы және Макинск қалаларының сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлінді.

Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476,7 млн теңге бөлінді. Жобаны іске асыру нәтижесінде халық 100% орталықтандырылған сумен қамтылады. Қазіргі таңда шамамен 50 шақырым құбыр тартылған. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделген.

Қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ал ресми деректерге сәйкес, бүгінде Қосшыда 50 мыңнан астам адам тіркелген. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2038 жылға қарай тұрғындар саны 150 мыңнан асады деп болжануда.

Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгінде 45 шақырым бойынша жұмыс аяқталған.

Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606,4 млн теңге жобаны толық аяқтап, халқы 18 мыңнан асатын қаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴«Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады

📍Иранда жарылыс Иранда жарылыс құрбандарының саны 40-қа жетті

⚪️Сауалнама: Трампты қолдау рейтингі соңғы 70 жылда болмаған ең төмен деңгейге түсті

📶Алматылықтар «Жеңіс эстафетасын» қабылдады

⚡️Қарағандыда заманауи цифрлық кітапхана ашылды

🔹Қарақалпақ елінде 300 мыңға тарта қандасымыз тұрады

🪙Милад Карими Әлем кубогінде спорттық гимнастикадан алтын иеленді

📺Толығырақ 10:00-де Ақпаратта

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚊ҚТЖ әйелдер вагонын тағы бір бағыт бойынша іске қосады

1 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:
▫️ №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
▫️№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
▫️№45/46 «Павлодар – Түркістан»;
▫️№37/38 «Маңғыстау – Семей»;
▫️№47/48 «Атырау – Астана»;
▫️№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
▫️№4/3 «Астана – Алматы»;
▫️№71/72 «Астана – Шымкент»;
▫️№354/353 «Астана – Семей»;
▫️№24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
▫️№25/26 «Алматы – Шымкент»;
▫️№614/613 «Орал – Маңғыстау».

Айта кетейік, әйелдер вагонында қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда 7 жасқа дейінгі ұл балалар бірге жүруіне рұқсат берілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📊Сауалнама: Трампты қолдау рейтингі соңғы 70 жылда болмаған ең төмен деңгейге түсті

Ертең Доналд Трамптың екінші мәрте АҚШ Президенті атанғанына 100 күн толады. Бірақ ол бұл аса маңызды межені соңғы 70 жылда бірде-бір президентте болмаған ең төмен рейтингімен қарсы алмақ. Көптеген жаңа сауалнама қорытындысы осыған саяды.

🔵Мәселен, CNN-нің зерттеуіне қарағанда, Трамптың саяси экономикалық реформаларын қолдау деңгейі тағы да түсіп, 41%-дан аспаған. Яғни, 1953 жылдан бері ел тізгінін ұстаған өзге президенттердің алғашқы 100 күндегі рейтингісімен салыстырғанда ең нашар көрсеткіш болып отыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📍БҚО-да мектеп асханасындағы ас мәзірі талапқа сай келмейтіні анықталды

Батыс Қазақстан облысында прокуратура мектеп асханасында ас мәзірі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтінін анықтады. Атап айтқанда, Сырым ауданындағы білім ұяларында оқушыларға берілетін тамақ көлемі жетіспеген.

Аудандық білім бөлімі 72 млн теңгеге 9 конкурс жариялаған. Кәсіпкерлер 1-4 сыныпта оқитын 1 250 баланы ас-ауқатпен қамту керек болған. Алайда қолданыстағы ереже талаптары өрескел бұзылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Техникалық үзіліс туралы хабарландыру

30 сәуірде телерадио хабарларын тарату орталығындағы профилактикалық жұмыстарға байланысты сағат 03:00-ден 16:50-ге дейін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының хабарлары уақытша көрсетілмейді.

Сондай-ақ «Вalapan», «Qazsport», «Abai tv» телеарналары мен аймақтық телеарналарда, Qazaq radiosy, «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларында да сағат 16:50-ге дейін техникалық үзіліс болады.

📲Барлық жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды

Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Саналы ғұмырын қазақ фольклортану ғылымына арнаған ғалымның 500-ден аса мақаласы мен 100-ге тарта кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, бес томдық таңдамалы шығармалары жинағы шықты.

Академик Сейіт Қасқабасов өз еңбектерінде ұлттық фольклордың теориясы мен тарихын, әдебиет пен өнер проблемаларын, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларына қатысты іргелі еңбектердің авторы.

Сейіт Қасқабасовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы түсірілген «Тұлға» бағдарламасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Шерзат Полаттың ісіне қатысты сотта куәгерден жауап алынды

Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады

💬Қостанай облысындағы ақылы жолдың сапасына сын көп

⚪️Ақтөбеде медресе оқушылары дәнекерлеуші мамандығын игеріп жатыр

📍Батырлар рухына тағзым: ТМД елдерінің дипломаттары «Эльба рухы» ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты

📺Толығырақ 14:00-де Ақпаратта

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪧Қазақстанда алғаш рет роботтандырылған онкохирургиялық операция сәтті жасалды

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлер командасы Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық роботтандырылған онкохирургиялық операцияны сәтті жасады.

Бірегей хирургия онкологиялық аурудың дамыған сатысында жасалады. Ота кезінде зақымдалған бүйрек, бүйрек үсті безі және аймақтық лимфа түйіндері алынады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐Жаһандық нарық жаңалықтары

📉Gucci сатылымдары 25%-ға төмендеді. Gucci, Yves Saint Laurent, Balenciaga, Bottega Veneta, Alexander McQueen және басқа да сән үйлерін біріктіретін француздық холдинг компаниясы Kering бірінші тоқсанның нәтижелерін жариялады.
Kering компаниясының сатылымдары жылдық көрсеткіш бойынша 14%-ға төмендеп, €3,88 млрд болды. Негізгі бренд — Gucci сатылымдары 25%-ға құлап, €1,57 млрд-қа дейін азайды.

📌Nissan компаниясы тарихындағы ең ірі шығынын тіркеді. Reuters агенттігінің мәліметіне сәйкес, компанияның шығындары $4,91–5,26 миллиард доллар аралығында болған.

🪙Биткоин капитализация бойынша күміс пен Google-ды басып озды. Қазір ол рейтингте 5-орынды иеленіп отыр. Алтынға жету әлі алыс, бірақ болашақта бұл активтер көшбасшылық үшін бәсекеге түсуі әбден мүмкін.

💲Deutsche Bank алдағы жылдары доллардың құрылымдық құлдырауы туралы ескертті.
Бұл АҚШ валютасының еуроға қатысты соңғы он жылдағы ең төмен деңгейге дейін әлсіреуіне әкелуі мүмкін.

🔴АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының салдары АҚШ экономикасына әсер етуде. Дональд Трамп бастамашы болған бұл сауда қақтығысының нәтижесінде АҚШ экономикасы қиындықтарды сезіне бастады. Vizion контейнерлерді қадағалау қызметінің деректері бойынша, сәуір айының ортасына қарай Қытайдан АҚШ-қа жөнелтілетін стандартты 20 футтық теңіз контейнерлеріне берілген тапсырыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға азайған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚪️Шерзат Полаттың ісі: Сотта куәгерден жауап алынды

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісіне қатысты негізгі сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырысқа марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы қатыса алмады.

📌Түске дейінгі сот процесінде куәгер Эльмира Нұрбекованың жауабы тыңдалды. Прокурор Ержан Құрақбаев куәгердің сот залында берген жауабы мен беттестіру хаттамасындағы бейнежазбада қарама-қайшылық бар екенін анықтады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.

🔹Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені;
🔹ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған.
🔹ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсатты сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады

Бұл туралы ресми мәліметті елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі таратты. Онда солтүстіккореялық жауынгерлердің Ресейге Ким Чен Ыннның бұйрығымен барғаны жазылған. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі де мойындап отыр.

📌Айта кетсек, Ресей мен Солтүстік Корея басшылары стратегиялық серіктестік туралы келісімге былтыр қол қойды.

💬Болжамға қарағанда, Пхеньян Мәскеудің Украинадағы соғысына жәрдем ретінде 14 мыңдай сарбаз аттандырған. Олардың бірталайы қаза тапқандықтан, Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың жауынгер жөнелткен.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM