Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.97K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Адам өмірі — ең қымбат қазына

Якуб Хахазов сияқты білікті дәрігерлер өз ісіне адал болып, әр науқастың өмірі үшін күреседі. Қазақстанның Конституциясында айтылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі. Осы құндылықты әрқайсымыз мықтап ұғынып, қадірлеуіміз қажет.

#Ассамблея30жыл

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛸 Петропавлда дрондар қоғамдық тәртіпті қадағалайды

❗️ «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру мақсатында облыстық прокуратура жаңа жобаны қолға алды. Жасанды интеллект қоғамдық орындардағы тәртіпті нақты уақыт режимінде бақылайды.

✔️ Қалалық прокуратураның прокуроры Кенесары Мұхамеджановтың айтуынша, дрондар аз уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу, бұзақылық әрекеттер, қоғамдық орындарды ластау, алкоголь ішу және тағы басқа бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтай алады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☄️Отбасын сақтап қалу үшін ер де, әйел де жұмыс істеуі керек

Ал сақтай алмағандардың кейбірі алимент төлеуден жалтарып жүр. Бүгінде олардың саны 311 мыңнан асады. Соның 11 мыңы әйелдер, қалғаны ер адамдар.

📺 Бүгін «Апта» бағдарламасы 20:00-де.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚓 Канадада фестиваль кезінде адамдарды көлік қағып кетті: қаза тапқандар бар

❗️Канаданың Ванкувер қаласында филиппиндік фестиваль кезінде адамдарды жол талғамайтын көлік қағып кетті. Оқыс оқиға салдарынан сегіз адам қаза тауып, алтауы жарақат алды.

✍️ Оқиға жергілікті уақытпен кеше кешке болған. Көлік жүргізушісі ұсталды. Полицияның мәліметінше, бұл оқиға лаңкестік акт санатына жатқызылмайды. Тергеу жүріп жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥇Милад Карими Әлем кубогінде алтын медаль иеленді

⚡️Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік жарысында спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі.

👍Спортшы еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарып, жеңімпаз атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал, үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) алды.

🤔Милад Карими 28 сәуірде қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☄️Маңғыстауда жыл соңына дейін 10 «Жайлы мектеп» ашылады

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

✍️Министр сапар аясында өңірдегі бірқатар орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымымен, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылу барысымен танысты. Ол ең алдымен өткен жылы пайдалануға берілген 1300 орындық №33 жайлы мектепті аралады.

🤔«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бүгінде Маңғыстау өңірінде 3 жаңа мектеп ашылса, жыл соңына дейін тағы 10 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға 126 техника мен мыңнан астам адам жұмылдырылды

❗️Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарындағы су басудың алдын алу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

💬Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі байқалған соң бөгет салына бастады.

👍Бұл жұмыстарға 126 ТЖМ техникасы және 1000-нан астам адам жұмылдырылды. Тәулігіне 4 000 данадан күні бүгінге дейін барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып, төселді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥Қарқаралыдағы ашық аумақта өрт шықты

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде Бақты орманшылығының ашық аумағында өрт шықты.

✍️ТЖМ баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, қазіргі кезде өрт сөндірілген.

🤔Өртті толықтай жоюға жеке құрамның 157 адамы, 26 бірлік техника, бір пилотсыз ұшу аппараты, Қазавиақұтқарудың үш әуе кемесі, бір тікұшағы, десантшылар, орман шаруашылығы қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌳 Оқушылар экологиялық жобаларын Президентке таныстырды

Осы аптада Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестиваліне қатысып, тазалық мәдениетін дәріптеп жүрген бір топ жаспен жүздесті.

✔️ Сыныптас Айзат пен Нұрбақыт Есіл өзенін үздіксіз қоқыстан тазартып тұруға мүмкіндік беретін жоба ойлап тауыпты.

Ал Атыраудан келген оқушы Аружан – сурет салудан республикалық жарыс жеңімпазы. Ол суды үнемдеуге шақырған туындысын жейдеге салып, Президентке сыйға тартты.

✔️ Мемлекет басшысы бүлдіршіндердің талпынысын ерекше бағалап, табыс тіледі.

📺 «Ақорда» бағдарламасын бүгін 20:50-де «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көріңіздер

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде жыл соңына дейін 18 тұрғын үй пайдалануға берілмек

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

✍️Қазіргі таңда Семей қаласы, Қарағайлы ықшам ауданында 9 қабатты 18 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр. Олардың бәрі де жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

🤔Биыл облыста жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұған 149 пәтерді сатып алу көзделген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Ажырасудың басты себептері және алимент дауы

🧑‍⚖️Әділет министрлігінің дерегінше, алимент өндіруге қатысты 283 мың іс тіркелген, оның 15 мыңы — даулы мәселе. Бұл 15 мың ата-ана баласына қамқорлық көрсетуден жалтарған. Жиналған қарыз көлемі — 19 млрд теңге.

🤔Табысын әдейі жасыратындар да бар. Былтыр алимент төлемеген 4,5 мың адамға әкімшілік іс, ал 391 адамға қылмыстық іс қозғалған.139 адам баласына алимент төлемегені үшін сотталған. Қазір борышкерлердің жасырын табыс көздеріне тексеріс жүргізілуде.

Толығырақ «Апта» бағдарламасының тілшісі Раушан Сайлауқызының бейнесюжетінде.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ассамблея достықтың, өзара түсіністіктің алтын көпірі болуы шарт

Этносаралық және конфессияаралық қатынас мәселесін ешқашан саясат немесе түрлі арандату құралына айналдыруға болмайды. Осылай деген Президент мұның мемлекеттің де, бүкіл қоғамның да бұлжымас қағидасы екенін баса айтты. Сөзден іске көшетін кез келді. Ассамблея ең бастысы достықтың, өзара түсіністіктің алтын көпірі болуы шарт.

🔴 «Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасын Qazaqstan TV Youtube арнасынан көре аласыздар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Ассамблея жылнамасы егемен ел тарихымен үндес
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл ұйым 30 жылда бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды», - деп мәлімдеді. Толығырақ Шерхан Жамбылұлының бейнематериалында.

🧑‍⚖️Ажырасудың басты себептері және алимент дауы
Былтыр алимент төлемеген 4,5 мың адамға әкімшілік іс, ал 391 адамға қылмыстық іс қозғалған.139 адам баласына алимент төлемегені үшін сотталған. Раушан Сайлауқызы талдайды.

⚽️Қазақстан футболында қара қылды қақ жаратын төреші барма?
«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов премьер-лиганың 5-турындағы матчтан кейін төрешілерді қатты сынға алды. «Апта» тілшісі Амангелді Сейітханның бейнесюжетінен көріңіздер.

📚Кітап оқитын адамда жасампаздық қабілет оянады
Сауалнамаға қатысқандардың 73,4 проценті кітап оқымайтынын айтқан. 52 пайызының кітап оқуға уақыты жоқ болса, 21 пайызы кітап оқуды ұнатпаймын деген. Ал баспагерлер мен кітапқұмарлар бас қосатын клуб мүшелері не дейді? Елдос Есенбол тарқатады.

📲«Апта» бағдарламасының бүгінгі санын «Qazaqstan TV» YouTube арнасынан көруге болады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💉Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды

👩‍⚕️Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтпек.

👩🏼‍⚕️Аптаның мақсаты – вакцинациялау өмірді сақтайтынын еске салу.

👍Екпенің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді.

⚡️Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Алматы облысында Al Khaleej Sugar компаниясының зауытын салу жоспарлануда

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібі көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar компаниясының зауыты салынуы мүмкін, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаны жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры, шейх Джамаль Аль Гурайр арасындағы кездесуде талқыланды.

«Алматы облысы аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Дамуды жалғастыру үшін бізге заманауи технологиялар мен сенімді серіктестер қажет», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Кездесу барысында зауыттың орнын таңдау, қант қызылшасы үшін егістік алқаптарды ұйымдастыру және оларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌤28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, батыс және орталық аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

🔥Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

🌧Астанада жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз 15 м/с-ге жетеді.

🌤Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +29+31°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

🌤Шымкентте күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°C, желдің жылдамдығы 8-13, күндіз 15-20 м/с.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌳Өткен аптада қазақстандықтар 4,5 млн тал екті

200-ге жуық экологиялық акция ұйымдастырылған.

Ал 26 сәуірде жалыпұлттық сенбілік өтті. Астанада айналаны күл-қоқыстан тазалап, 12 мыңнан астам көшет отырғызуға 100 мыңға жуық адам қатысқан.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM