Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.96K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бербатов пенальтиден гол соғып есепті теңестірді

🇰🇿 Қазақстан аңыздары 2:2 Әлем аңыздары 🌏
Forwarded from QAZSPORTTV
😄 Футбол: Қазақстан аңыздар құрамасы Әлем аңыздарымен тең тарқасты

Қазақстан футболы күніне орай өткен отандық аңыз футболшылар Әлем аңыздарына қарсы ойын өткізіп 2:2 есебімен аяқталды.

⚽️ Миндьета (0:1)
⚽️ Нұрғалиев (1:1)
⚽️ Нұрғалиев (2:1)
⚽️ Бербатов (П) (2:2)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⛅️26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

💧Еліміздің оңтүстігі мен орталығында айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын болады. Республиканың қалған аумақтарында тұрақсыз ауа райы қалыптасып, батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ, оңтүстікте шаңды дауыл жүріп, еліміздің батысы мен шығысын түнгі және таңғы сағаттарда тұман басуы мүмкін.

🔥Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

🌤Астанада күн бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты.Күндіз ауа температурасы +22+24°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ге жетуі мүмкін.

☀️Шымкентте күн ашық. Күндіз ауа температурасы +29+31°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💫Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Жаманшұбар ауылында дүниеге келген.

«Сұлушаш», «Ботагөз», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз» сынды туындылары – ұлттық прозаның алтын қорына енген көрнекті шығармалар.

Ол тек прозашы ғана емес, сондай-ақ ақын, драматург және әдебиет зерттеушісі ретінде де танылған тұлға. Сәбит Мұқановтың Абай, Шоқан, Мағжан туралы жазған зерттеулері мен мақалалары әдебиеттану ғылымына сүбелі үлес қосты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Астанада Абылай хан даңғылының біраз бөлігі жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 26 сәуір мен 6 мамыр аралығында көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте Манас көшесіне қарай көлік қозғалысы толығымен тоқтайды, бірақ А.Пушкин көшесіне қарай тоқтамайды.

Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы өзгереді. Пушкин бағытындағы көлік қозғалысы тоқтап, ал Манас бағытына көліктер жүретін болады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

☄️«Esil University» оқу орнында өткен жәрмеңкені ұйымдастыруға Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» орталығы және қалалық «Еңбек мобильділігі орталығы» қолдау білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

🤔Жәрмеңкеге қаладағы 50 жұмыс беруші ұйым, 800-ден астам жұмыс іздеп жүрген азамат, ЖОО түлектері және елорда жастары қатысты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Иранда жаңа атом электр станциясын салу жоспарлануда

✍️Иранда Ресейдің қаржылай қолдауымен жаңа атом электр станциясын салу жоспарлануда. Бұл туралы Иранның IRNA ақпарат агенттігі хабарлады.

🤔Агенттіктің мәліметінше, Иранның мұнай министрі Ресей-Иран сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 18-ші отырысына қатысу мақсатында Мәскеуге сапармен барған. Тараптар арасындағы қол жеткізілген келісімге сәйкес, Иранда Мәскеудің қаржыландыруымен жаңа атом электр станциясы салынбақ.

✍️Бұған дейін Иранның мұнай министрі Мохсен Пакнежад ресейлік компаниялармен жеті мұнай кен орнын игеру жөнінде 4 миллиард доллар көлемінде келісімшарттарға қол қоятынын мәлімдеген болатын.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қызылжарда бөгетті нығайту жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр

Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары тәулік бойы, күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өзен деңгейіне және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Елімізде «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы басталды

✍️Бұл жоба Мемлекет басшысының қолдауымен белгіленген Ұлттық кітап күніне орай ұсынылды.

Сауалнамаға қатысуға ниет білдірген әрбір азамат eGov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы сүйікті кітаптарын ұсына алады. Қатысушылар өздері үздік деп санайтын түрлі жанрдағы 10 кітаптың атауы мен авторын көрсетуі қажет.

Дауыс беру үш айға дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күні қарсаңында жарияланады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекеттік қызметкерлердің өмірі қаншалықты сақтандырылған?

Бизнес бастаймын деген кәсіпкерлерге заңнамалық тұрғыда қандай қолдау керек?

«Қос палата» бағдарламасы. Бүгін 17:20-да.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы жалпыреспубликалық сенбілік аясында қаладағы Жошы хан мен Әбіш Кекілбаев көшелері қиылысындағы учаскеге 100 түп қайың мен үйеңкі көшетін отырғызды.

Сенбілікке «Qazaqstan», «Balapan», «Qazsport», «Abai tv» телеарналары мен «Қазақ радиоларының» 200-ден астам қызметкері қатысты.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында челленджді «Хабар» агенттігіндегі әріптестерімізге жолдаймыз!

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндетіміз!

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көкшетауға Үкіметтен 1,1 млрд теңге бөлінді

⚡️Көкшетауды жылумен қамтамасыз ететін РК-2 көмір қазандығын жаңғыртуға Үкімет резервінен шамамен 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

👍Жөндеу жұмыстары 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына тұрақты дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.

☄️Баспасөз қызметінің мәліметінше, РК-2 қазандығы Көкшетау қаласының негізгі жылу көзі. Қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 188,7 шақырымды құрайды, олардың көпшілігі 1977 жылдан бері пайдаланылып келеді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Өзбекстанмен туристік ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Алматыда Өзбекстанның туристік әлеуетін таныстыруға арналған ресми іс-шара өтті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиын барысында өңіраралық бағыттарды дамыту, мәдени және сауықтыру турларын ілгерілету, сондай-ақ, екі елдің туристік ұйымдары арасындағы тікелей байланысты кеңейту мәселелері талқыланған.

Жиынның қорытындысы бойынша тараптар туризм саласындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ, жаңа туристік өнімдер мен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендерін баяндаған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☄️Отбасын сақтап қалу үшін ер де, әйел де жұмыс істеуі керек

Ал сақтай алмағандардың кейбірі алимент төлеуден жалтарып жүр. Бүгінде олардың саны 311 мың деп көрсетіледі. Соның 11 мыңы әйелдер, қалғаны ер адамдар.

Ертең «Апта» бағдарламасы 20:00-де.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Рим Папасын соңғы сапарға шығарып салды

▪️Бүгін Ватикандағы Әулие Петр алаңында бірнеше тілде діни рәсім өтіп, Рим Папасы, понтифик Францискті соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

💬Рәсім жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да басталып, Әулие Петр алаңына бірқатар елдердің басшылары жиналды. Олардың арасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский де болды.

Шіркеулік қызметті кардиналдар алқасының деканы Джованни Баттиста Ре басқарды. Жергілікті халық рәсімді металл қоршаулардың сыртынан бақылады. Сондай-ақ, Рим қаласында орнатылған үлкен экрандар арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔405 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

✍️Қазақстан полициясы жүргізген арнайы операциялар барысында 405 миллион теңгеге бағаланатын есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

✍️«Сәуір айында республика бойынша сәтті операциялар өткізілді. Синтетикалық есірткіні сату бойынша 37 және сақтау бойынша тағы 37 дерек тіркелді. Заңсыз айналымнан 13,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, олардың қара нарықтағы құны 405 миллион теңгені құрайды», - делінген хабарламада

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 29 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸🇨🇳АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы ушығуда

Ал осы аптада Дональд Трамп Украинамен сирек металдар бойынша маңызды келісімге қол қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бірақ Украина тарабы асығар емес.

🌎Әлемдік саясаттағы осы және өзге де өзекті жаңалықтар туралы толығырақ «Әлем және біз» бағдарламасынан біле аласыздар.

📺Бүгін 17:40-та #Qazaqstan телеарнасынан өткізіп алмаңыз!

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚌Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордтық деңгейге жетті

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетіп, 1 миллионды құрап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

🤔Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам. Ал, елорданың қоғамдық көлігіндегі бір тәуліктегі жолаушылар легі – 1 005 329 сапар.

☄️Тұрғындарды қоғамдық көлікке тарту үшін 2024 және 2025 жылдары айтарлықтай шаруалар атқарылған. 700-ден астам жаңа автобус жеткізілген, автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарған және 5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылған.

Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌳Бүгін елімізде жалпыұлттық сенбілік өтті

🍀 Бүгін ел бойынша жалпұлттық сенбілік өтті. Өңір-өңірлерде әртүрлі тазалық шарасы ұйымдастырылды.

❗️Экоакцияға елордалықтар ерекше қарқынмен кірісті. Айналаны күл-қоқыстан арылтып, қаланы көркейту ісіне барлығы 100 мыңға жуық адам атсалысты.

✔️ Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, әртүрлі еңбек ұжымдары және еріктілер мен қала тұрғындары бар.

📍Қоғамдық қозғалыстың арқасында шаһарда 12 мыңнан астам көшет отырғызылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌴 Өңір тұрғындары сенбілікке белсенді қатысты

✔️ Облыс орталықтарында саябақтар ретке келтіріліп, туристер жиі баратын көрікті жерлердің аумағы тазаланды.

📍 Маңғыстаудағы туристік аймақтардың бірі - Айрақты тауы. Жазда адамдар мұнда көп келеді. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары өңір тұрғындарын табиғатты аялауға шықырды.

📍 Ал, Таразда тазалық акциясынан тәртіп сақшылары да тыс қалмады. Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен өзге де мемлекеттік мекемелердің 50-ден астам маманы «Бәйтерек» шағын ауданын тазалап шықты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM