Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.96K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады.

Мемлекет басшысы:

✔️ отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
✔️ клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
✔️ Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

🔵Александер Чеферин UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖Мемлекет басшысы Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛫SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды

2025 жылғы 25 ақпанда «Өскемен – Астана» рейсі 8 сағаттан аса кешігіп, жолаушыларға тиісті қызмет көрсетілмеген. Осыған байланысты компания оларды қонақүйге орналастырмаған.

Тексеру нәтижесінде SCAT әуе компаниясы жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, егер күндізгі рейс 8 сағаттан, түнгі рейс 6 сағаттан аса кешіксе, әуекомпания жолаушыларды қонақүйге орналастыруы тиіс.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды

Екі ел арасындағы жағдай Кашмирде болған лаңкестік әрекеттен кейін ушыққан. Шабуылдан Пахалгам қаласында 26 турист қаза тапты. Үндістан бұл оқиға үшін Пәкістанды айыптап, арадағы басты өткелді жапты. Сондай-ақ пәкістандықтарды визасынан айырып, сол елдегі әскери атташелерін кері шақырған.

Бұдан бөлек, Дели Үнді өзенінің суын ортақ пайдалану туралы келісімнің күшін тоқтатты. Ал Пәкістан әуе кеңістігін жауып, Үндістанмен арадағы сауданы доғарды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

🔹ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-порталын іске қосты.

Жобаның мақсаты – Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпараттарды жеткізу.
Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар.

Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған.

Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл портал тарихты болашақ ұрпақ үшін сақтап, батырларға тағзым етіп, құрмет көрсетуге арналған платформа қызметін атқарады.

✔️Онлайн-порталды пайдаланушылар:
- сайтқа өз туысының тарихын қоса алады: әр адамның соғысқа қатысқан жақындары туралы естеліктерін бөлісуге мүмкіндігі бар.

- фотосуреттерді жүктей алады: әр қолданушы ардагер туысының суреттерін веб-порталға жүктеп, оның жарқын бейнесін мәңгілікке аманат етуге мүмкіндігі бар.

- ардагерлердің жаңа мәліметтерін қоса алады: веб-порталдың дерекқорында жоқ ардагерлердің мәліметтерін оңай енгізуге болады.

- батырлар галереясын көре алады: сайтта қазірдің өзінде көптеген батырлардың өмірбаяндары жазылған галерея бар, кез келген қолданушы бұл бөлімнен олардың өмірі мен жасаған ерліктері туралы көбірек ақпарат алады.

- жаңалықтар үнемі жаңарып отырады: веб-порталда ардагерлерге және жобаға қатысты жаңалықтар мен оқиғалар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай республика бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚽️ Бүгін әлем және Қазақстан футболының аңыздары Астанада кездеседі

25 сәуір - Қазақстан футболы күніне орай елордадағы «Астана Арена» стадионында «Аңыздар ойыны» өтеді. Жасыл алаңға әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары шығады.

🌟Жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады.

🔝 Қазақстандық аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория, Таңат Нөсербаев бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады.

📺Ойынды бүгін 19:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көріңіз.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңмен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек аясындағы зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енгізілген.

Бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді көздейді.

Екінші блокта букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынған.
Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек.
«Ойын бизнесі туралы» Заңда бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💸Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

Қаражат 11 нысанның құрылысына бағытталған. Әлеуметтік нысандар қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады. Яғни, бірқатар ауданда фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пунктер және дәрігерлік амбулаториялар салынады.

Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 адамға қызмет көрсететін болады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысында вагон жөндеушілер жұмыссыз қалуы мүмкін

❗️Адам саудасына қатысты қылмыс көбейген

💬Гарвард университеті 1 млрд доллар тұратын активтерін сатпақ

🔴Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысындағы вагон жөндеушілер жұмыссыз қалуы мүмкін

Қандыағаш қаласында темір жол вагондарын жөндейтін мамандар жұмыссыз қаламыз деп алаңдаулы. Айтуларынша, мекеме басшылығы «жұмыстан шығуға арыз беріңіздер, кейін бірден қайта қабылдаймыз» деген. Алайда, қызметкерлер «алданғанымызды кеш түсіндік» дейді. Мәселенің мән-жайы тілші сюжетінде.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚«100 кітап» ұлттық сауалнамасының мақсаты – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау – Мемлекеттік кеңесші

Елімізде отандық әдебиеттегі таңдаулы 100 кітапты анықтауға арналған Ұлттық сауалнама басталды. Бұл жоба Мемлекет басшысының қолдауымен белгіленген Ұлттық кітап күніне орай ұсынылып отыр.

«Сауалнаманың мақсаты – үздік шығармаларды анықтап қана қоймай, сол туындыларды талқылау арқылы әдеби ортада ерекше дәстүр қалыптастыру. Ең бастысы, әрбір отбасының төрінде тұратын халықтық шығармаларды анықтау арқылы кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге шығару, баспа ісіне серпін беру», - деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.


Сауалнамаға қатысуға ниет білдірген әрбір азамат eGov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы сүйікті кітаптарын ұсына алады. Қатысушылар өздері үздік деп санайтын түрлі жанрдағы 10 кітаптың атауы мен авторын көрсетуі қажет. Дауыс беру үш айға дейін жалғасады.

📌«100 кітап» ұлттық сауалнамасының басты ақпараттық қолдаушысы – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

📺@qazaqstantv
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴Солтүстік Қазақстан облысында эвакуация басталды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында эвакуация басталды.

Тұрғындар аудан орталығындағы Бескөл ауылындағы 2-ші орта мектепте ашылған пунктте орналастырылады. Елдімекен іргесіндегі су деңгейі көтеріліп, бөгетке дейін жетті. Оны нығайту үшін Ақмола, Қостанай облыстары мен Астана қаласынан әскерилер көмекке келді. Жергілікті әкімдік өкілдері тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын-ала эвакуация жасау жөнінде шешім қабылдады. Ауылда 1500 тұрғын бар.

▶️Өңірдегі ахуалды кешкі 20.00-дегі қорытынды жаңалықтарда тарқатып айтатын боламыз.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көкшетауда жағажай салуға бөлінген 170 млн теңгені жымқырғандар ұсталды

Көкшетауда жағажай салуға бөлінген 170 млн теңгені талан-таражға салды деген күдікпен лауазым иелері ұсталды. Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалауды жүзеге асырған серіктестік пен мердігер компанияның басшылары қамауға алынды.

Бюджет қаржысы 2021 жылы шаһардағы ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейінгі аумақты абаттындыруға жұмсалуы тиіс еді. Тергеу барысында жұмыстың бір бөлігі Атбасардағы басқа нысанға бөлінген қаржыдан жымқырылған ақшаға атқарылғаны белгілі болды. Ал жағажайдың қазіргі ахуалы сын көтермейді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚽️ Ойын басталуына 1 сағат қалды

🇰🇿 Қазақстан аңыздары - Әлем аңыздары 🌏

🌟Жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады.

🔝 Қазақстандық аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория, Таңат Нөсербаев бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады.

📺Ойынды бүгін 19:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көріңіз.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧑‍⚖️Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды. №3 перзентханадан шыққан медициналық көлік реанимацияға қарай бет алған. Алайда Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында Toyota көлігінің жүргізушісі ескерту белгілері бар жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Тізгінде болған жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - дейді қалалық полиция департаменті.

❗️Тәртіп сақшылары көлік тізгіндеушілерге жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге жол беру тек заң талабы емес, адам өмірінің мәселесі екенін ескертеді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Солтүстік Қазақстандағы Тепличное ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде

⚽️УЕФА қазақ футболын дамытуға мүдделі

💊Елімізде обырға қарсы скринингтер тегін медициналық көмекке қосылады

⚡️Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

⚠️Қазақстанда түнде көше кезген балалар үшін 29 мың ата-ана жауапқа тартылған

🦗Арыста шегіртке қаптады

💬Ватиканда Рим Папасымен қоштасу үшін мыңдаған адам кезекте тұр

📺Толығырақ 20:00-де Ақпаратта

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM