Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
15K videos
11 files
6.99K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы шолу дөңгелегінде Абайдың портреті бейнеленді

Бұл Ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай арналып отыр.

Диагоналі 65 метр, ал бейне 53 мың пиксельден құралған. Инсталляцияны Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан және Қорғалжын тас жолы бойынан анық көруге болады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта дөңгелек бетінде Абайдың қанатты сөздерін де жариялау жоспарланып отыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💧Балқаштың су деңгейі 12 см-ге көтерілді

Бір жылда Балқаш көлінде су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілді. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы бөгет шұғыл түрде нығайтылып жатыр. Оған 1300 адам жұмылдырылған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, әзірге үйлерді су басу қаупі жоқ. Мамандар бөгетті нығайту – сақтық шарасы екенін айтуда.

💬Қазірде су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Тасқынның шарықтау шегі Петропавлға жетіп, өзен деңгейі өткен тәулікте 31 сантиметрге көтерілді. Мамандардың айтуынша, бұл қалыпты көрсеткіш.

Сондай-ақ Заречный кенті мен Прибрежное ауылы су құрсауында қалды. Тұрғындар арнайы техниканың көмегімен қатынап жүр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Шымкентте 120 тұрғын үй мен кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды

Экскаватор жүргізушісі жұмыс барысында жер астындағы жоғары қысымды газ жүретін диаметрі 315 миллиметрлі құбырды зақымдаған. Оқиға орнына жеткен авариялық бригада желідегі газды екі жерінен жауып үлгерді. Қазір Бозарық және Шымсити шағын ауданындағы 65 көпқабатты және 60 үй газсыз отыр.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауға кірісті. Зақымдалған аумақты толық анықтау үшін жер қазу жұмыстары
жүруде.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпулері Кютахья қаласының батысында жергілікті уақыт бойынша 07:23-те тіркелді. Бұл туралы Түркияның табиғи апаттарды жою және төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📶Елімізде заңсыз алтын өндірген 5 кәсіпорын анықталды

ІІМ мәліметінше, Абай, Жетісу, ШҚО және Түркістан облыстарында тек геологиялық барлауға рұқсаты бар 5 кәсіпорын алтын өндіру және өңдеумен айналысқан.

🔍 Тінту кезінде:
▫️ 6700 тонна алтын құрамды руда
▫️ 300 тонна сұйық руда
▫️ 120 тонна селитра
▫️Жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✈️Қазақстандықтар 1 маусымнан бастап «Air Arabia Abu Dhabi» компаниясының ұшақтарымен ұшады

✍️Әуе компаниясы Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рет (сейсенбі, жұма және жексенбі) жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр.

🤔Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады

Бұл лауазымға Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетов тағайындалды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады.

Мемлекет басшысы:

✔️ отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
✔️ клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
✔️ Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

🔵Александер Чеферин UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖Мемлекет басшысы Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛫SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды

2025 жылғы 25 ақпанда «Өскемен – Астана» рейсі 8 сағаттан аса кешігіп, жолаушыларға тиісті қызмет көрсетілмеген. Осыған байланысты компания оларды қонақүйге орналастырмаған.

Тексеру нәтижесінде SCAT әуе компаниясы жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, егер күндізгі рейс 8 сағаттан, түнгі рейс 6 сағаттан аса кешіксе, әуекомпания жолаушыларды қонақүйге орналастыруы тиіс.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды

Екі ел арасындағы жағдай Кашмирде болған лаңкестік әрекеттен кейін ушыққан. Шабуылдан Пахалгам қаласында 26 турист қаза тапты. Үндістан бұл оқиға үшін Пәкістанды айыптап, арадағы басты өткелді жапты. Сондай-ақ пәкістандықтарды визасынан айырып, сол елдегі әскери атташелерін кері шақырған.

Бұдан бөлек, Дели Үнді өзенінің суын ортақ пайдалану туралы келісімнің күшін тоқтатты. Ал Пәкістан әуе кеңістігін жауып, Үндістанмен арадағы сауданы доғарды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

🔹ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-порталын іске қосты.

Жобаның мақсаты – Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпараттарды жеткізу.
Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар.

Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған.

Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл портал тарихты болашақ ұрпақ үшін сақтап, батырларға тағзым етіп, құрмет көрсетуге арналған платформа қызметін атқарады.

✔️Онлайн-порталды пайдаланушылар:
- сайтқа өз туысының тарихын қоса алады: әр адамның соғысқа қатысқан жақындары туралы естеліктерін бөлісуге мүмкіндігі бар.

- фотосуреттерді жүктей алады: әр қолданушы ардагер туысының суреттерін веб-порталға жүктеп, оның жарқын бейнесін мәңгілікке аманат етуге мүмкіндігі бар.

- ардагерлердің жаңа мәліметтерін қоса алады: веб-порталдың дерекқорында жоқ ардагерлердің мәліметтерін оңай енгізуге болады.

- батырлар галереясын көре алады: сайтта қазірдің өзінде көптеген батырлардың өмірбаяндары жазылған галерея бар, кез келген қолданушы бұл бөлімнен олардың өмірі мен жасаған ерліктері туралы көбірек ақпарат алады.

- жаңалықтар үнемі жаңарып отырады: веб-порталда ардагерлерге және жобаға қатысты жаңалықтар мен оқиғалар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай республика бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚽️ Бүгін әлем және Қазақстан футболының аңыздары Астанада кездеседі

25 сәуір - Қазақстан футболы күніне орай елордадағы «Астана Арена» стадионында «Аңыздар ойыны» өтеді. Жасыл алаңға әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары шығады.

🌟Жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады.

🔝 Қазақстандық аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория, Таңат Нөсербаев бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады.

📺Ойынды бүгін 19:50-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көріңіз.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңмен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек аясындағы зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енгізілген.

Бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді көздейді.

Екінші блокта букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынған.
Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек.
«Ойын бизнесі туралы» Заңда бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💸Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

Қаражат 11 нысанның құрылысына бағытталған. Әлеуметтік нысандар қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады. Яғни, бірқатар ауданда фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пунктер және дәрігерлік амбулаториялар салынады.

Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 адамға қызмет көрсететін болады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысында вагон жөндеушілер жұмыссыз қалуы мүмкін

❗️Адам саудасына қатысты қылмыс көбейген

💬Гарвард университеті 1 млрд доллар тұратын активтерін сатпақ

🔴Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM