Qazaqstan.tv
50.7K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.95K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🔴Астанада жүк көлігі 6 жастағы баланы қағып кетті

📲Елімізде жыл басталғалы 5500 адам интернет-алаяқтарына алданған

📸Ақтөбеде қызғалдақпен фотоға түскен ауыл әкімі әкімшілік жауапқа тартылады

⚠️Маңғыстаудағы оқушылардың улануынан кейін жаппай тексеріс басталды

🏠БҚО-да Жайық жағасындағы үйлер көшіріледі

🇺🇸АҚШ-та 12 штат Трампты баж салығына байланысты сотқа берді

🇨🇳Алмағайып экономикаға қарамастан Қытай «табанынан таймайды»

📺Толығырақ 20:00-де Ақпаратта

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴АҚШ-та 12 штат президент Дональд Трампты сотқа берді.

Олар Трамп әкімшілігі енгізген тарифтерді заңсыз деп тануды сұраған. Талап-арызда Ақ үй басшысы енгізген баж салығы сол штаттардың экономикасы мен тұрғындарына зиян тигізгені айтылған. Сотқа жүгінгендер – 12 штаттың бас прокурорлары. Олар заң бойынша тарифтерді белгілеу құқығы тек Конгреске ғана тиесілі деп мәлімдеді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ассамблея – бейбітшіліктің кепілі

Кез келген елдің ынтымақ-бірлігін бұзғысы келетін күштер бар. Әсіресе әлемдегі геосаяси ахуал ушыққан уақытта олардың белсенділігі арта түсті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 34 сессиясына қатысушылар осылай дейді.

💬Осы тұста Ассамблеяның мойнына артылар жүк ауыр. Ұлттарды ұйыстыра білуінің арқасында Қазақстан талай қатердің алдын алды, - дейді сарапшылар.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📍Оралда Жайық жағасында орналасқан үйлер көшіріледі

🔴Тұрғындарға қауіп төндіріп тұр су жақындаған сайын жар құлап жатыр. Әкімдік үй жайларды жерімен бірге сатып алып, орнына көпқабатты үйден пәтер бермек. Бірақ бұған келіспей, жеке жер үй сұрап жатқандар бар.

🔴Ережемен келіспегендер сотқа жүгіне алады. Қазір уақытта дария деңгейі 476 см, ал Жайық биыл тасымаған. Былтыр күретамыр өзен 865 см-ге дейін көтеріліп, қауіпті деңгейден асып кеткен еді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Астанада жүк көлігі тұрғын үй ауласында 6 жастағы баланы қағып кетті

Астанада 38 жастағы жүргізуші велосипед теуіп бара жатқан 6 жасар баланы жүк көлігімен қағып кетті. Куәгерлердің сөзінше, жүргізуші көліктің биіктігінен баланы байқамаған. Ауруханаға тез арада жеткізілсе де бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмаған.

📺Жағдай қалай болған? Тұрғындармен тілдесіп қайтқан тілшіміз Ақниет Балтанова жағдайды егжей-тегжейлі баяндайды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Есіл өзенінің деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылы тұсында Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді. Қауіпті аймақта блок бекет қойылып, полиция тәулік бойы кезекшілік атқаруға кірісті. Қазір өзен бойындағы бөгетті бекітіп, биіктету үшін барлық күш жұмылдырылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌐Жасанды интеллект дамыған сайын интернет алаяқтар көбейеді

🔴Ішкі істер министрлігінің статистикасына сәйкес өткен үш айда 5500 адам интернет алаяқтарына алданған. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 10 пайызға көп. Алаяқтарға кеткен ақша 7 млрд теңгеден асады.

🌐Интернет алаяқтардан қорғанудың жалғыз жолы – жеке дерекке сақ болу, белгісіз Wi-Fi-ды қолданбау. Сондай-ақ eGov порталы – ашық болғандықтан, 1414 нөмірінен келген СМС-терден де сақ болу керек.

🧑‍⚖️Цифрлық даму министрлігі өкілдері ақпараттық жүйелер қауіпсіз әрі жақсы қорғалғанын айтады. Интернет алаяқтық дәлелденсе 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💳Қызғалдақпен суретке түскен ақтөбелік әкімге айыппұл салынды

Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкіміне қатысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде оған қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 39 320 теңге айыппұл салынған.

Өйткені Жұбанов ауылдық округінің әкімі гүлді табиғат аясында жүргенде өзіне қыздарының сыйлағанын айтқан еді. Ол жерде өсімдікті жұлуға болмайтыны туралы ескерту белгілері болмаған. Әзірге суреттегі қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген түрі ме, басқасы ма, белгісіз. Дегенмен Ләззат Бердібаеваның әрекетін Әдеп жөніндегі кеңесте қарау үшін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☀️25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауылмен, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады деп болжануда.

Астанада күн бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз екпіні 9-14 м/с-ге жетеді.

🌥Алматыда күн ала бұлтты.Күндіз ауа температурасы +20+22°C, желдің жылдамдығы 3-8м/с-ге жетуі мүмкін.

🌥Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +28+30°C, желдің жылдамдығы 5-10м/с.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊Енді кейбір дәрі-дәрмек тегін берілмейді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Атап айтқанда, амоксициллин, капсула, ауызша суспенсияға арналған ұнтақ, метронидазол тегін берілетін дәрілер тізімінен алынып тасталды. Препараттар асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеуде қолданылады.

Өзгерістер Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі бұйрығына сәйкес енгізілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы шолу дөңгелегінде Абайдың портреті бейнеленді

Бұл Ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай арналып отыр.

Диагоналі 65 метр, ал бейне 53 мың пиксельден құралған. Инсталляцияны Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан және Қорғалжын тас жолы бойынан анық көруге болады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта дөңгелек бетінде Абайдың қанатты сөздерін де жариялау жоспарланып отыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💧Балқаштың су деңгейі 12 см-ге көтерілді

Бір жылда Балқаш көлінде су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілді. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы бөгет шұғыл түрде нығайтылып жатыр. Оған 1300 адам жұмылдырылған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, әзірге үйлерді су басу қаупі жоқ. Мамандар бөгетті нығайту – сақтық шарасы екенін айтуда.

💬Қазірде су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Тасқынның шарықтау шегі Петропавлға жетіп, өзен деңгейі өткен тәулікте 31 сантиметрге көтерілді. Мамандардың айтуынша, бұл қалыпты көрсеткіш.

Сондай-ақ Заречный кенті мен Прибрежное ауылы су құрсауында қалды. Тұрғындар арнайы техниканың көмегімен қатынап жүр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Шымкентте 120 тұрғын үй мен кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды

Экскаватор жүргізушісі жұмыс барысында жер астындағы жоғары қысымды газ жүретін диаметрі 315 миллиметрлі құбырды зақымдаған. Оқиға орнына жеткен авариялық бригада желідегі газды екі жерінен жауып үлгерді. Қазір Бозарық және Шымсити шағын ауданындағы 65 көпқабатты және 60 үй газсыз отыр.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауға кірісті. Зақымдалған аумақты толық анықтау үшін жер қазу жұмыстары
жүруде.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпулері Кютахья қаласының батысында жергілікті уақыт бойынша 07:23-те тіркелді. Бұл туралы Түркияның табиғи апаттарды жою және төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM