Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.96K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды.

Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Қазақстан-Қытай шекарасында жер сілкінді

💬Бүгін таңертең Жетісу облысында жер дүмпуі сезілді. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 508 шақырымда, Қазақстан-Қытай шекарасында тіркелді.

Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер жоқ.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇳Үндістанның Джамму мен Кашмир аймағында нөсер жаңбыр салдарынан көшкін жүрді

💬Жергілікті биліктің мәліметінше, Рамбан ауданында болған табиғи апаттан 5 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапқан.

Қауіпсіздік мақсатында 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды. Сондай-ақ жолдар уақытша жабылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💸Қарағандыда 339 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқырғандарға қатысты сот үкімі шықты

«DIAS» шаруа қожалығының басшылары «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында бөлінген 339 миллион теңге субсидияны мақсатсыз пайдаланған. Олар субсидия алу мақсатында жалған құжат жасау үшін ветеринармен сөз байласқан.

Тексеру барысында 9 млн теңге көлемінде субсидия түріндегі қосымша қылмыстық табыс анықталды.

Сот үкімімен күдіктілер 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌳«Семей» орманында 260 мыңнан астам көшет ұрлағандар ұсталды

Қылмыстық топ жалпы сомасы 500 млн теңгеден асатын орман алқабын қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлаған.

Айта кетейік, күдіктілердің ішінде жергілікті тұрғындар және «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері де болған.

Күдіктілер қамауға алынды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚨Жамбылда бас дәрігердің орынбасары 9 жылға сотталды

800 млн теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқырған аурухана бас дәрігерінің орынбасары 9 жылға, ал есепшісі 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар заңсыз жолмен жымқырылған қаржыны заңдастырған.

♦️Енді екеуі де 10 жыл бойы қаржылық қызметке қатысты лауазымды қызмет атқара алмайды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🍀«Еңбек адамы» арнайы жобасының осы аптадағы шығарылымы адал еңбекпен мал баққан шаруаларға арналады

🔴Ертең 14:10-да «Qazaqstan» телеарнасынан көріңіз.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗂Алматыда такси жүргізушісіне қол көтерген жолаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

🔴Көлік ішінде темекі шекпеуін өтінген жүргізушіні артқы орындықта отырған ер адам балағаттап, бетінен ұрып жіберген. Жолаушының мұндай әрекетінен кейін такси жүргізушісі оларды діттеген жеріне жеткізуден бас тартқан. Алайда ер адам одан сайын ашуланып, дөрекілік көрсеткен. Көліктегі әңгіменің бейнетаспаға жазылып жатқанын байқаған соң ғана екі жолаушы түсіп кетуге мәжбүр болған.

Аталған оқиғаға байланысты ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жолаушылар іздестіріліп жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Елімізде 1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

🧑‍⚖️Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

💸Каспий зерттеу институтын қаржыландыруға 1,8 млрд теңге қажет

Қызылордада жеке мектептердің 2 мың мұғалімі жыл басынан бері жалақы алмаған

💊Қостанайда жөндеуге жабылған облыстық аурухана 5 жылдан бері қаңырап тұр

🇨🇳Қытайда банкоматтар алтын қабылдайтын болды

📺Толығырақ 20:00-де Ақпаратта.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇷🇺🇺🇦Путин Зеленскиймен келіссөз жүргізуге ашық екенін білдірді

Ресей президенті 2022 жылы ақпанда басталған соғыстан бері алғаш рет осындай ниет танытып отыр. Мұны көрші ел лидері мемлекеттік телеарна журналисі Павел Зарубинге берген сұқбатында айтты.

✍️Ал Зеленский Путиннің бұл мәлімдемесіне тікелей жауап бермесе де, бейбіт халыққа қарсы соққыларды тоқтату үшін «барлық әңгімеге дайын» екенін хабарлады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧑‍⚖️Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қала әкімдігі ғимаратының алдында оқ тиген әкім орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер барлық медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Сайга-12 қаруынан үш рет атылған оқтан Берденовтің кеудесі, бауыры мен аяғы жараланған.

Лауазымды тұлғаға оқ атқан күдікті оқиға орнында бірден құрықталды. Қазір тергеу абақтысында. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Полиция департаменті бұл оқиға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Белгілісі 31 жастағы күдікті әкімдікке қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қызмет еткен. Жуырда ғана жұмыстан шеттетілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өртке оранған пәтерден бесіктегі сәбиді аман алып шыққан оқушы

Пойызда жағдайы күрт нашарлаған балаға жедел көмек көрсеткен жолсерік пен ұшқыш арулар «Жақсылық жаса» бағдарламасында.

Осы жұма 21:25-те тікелей эфирді көріңіз.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛫«Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі қатынайды

Жаңа бағыттағы рейс 27 сәуірден бастап іске қосылмақ. «Южное небо» әуе компаниясына тиесілі рейсте 48 орындық Ан-24 ұшағы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет, сонан соң аптасына бес рет ұшады.

Ал 1 мамырдан бастап «Алматы – Семей – Алматы» және «Астана – Семей – Астана» бағыттары бойынша қосымша рейстер қосылады.

1 маусымда «FlyArystan» әуе компаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшатын «Шымкент – Семей – Шымкент» жаңа бағытын ашса, «Скат» әуекомпаниясы «Алматы – Үржар – Алматы», «Астана – Үржар – Астана» рейстерін көбейтіп, аптасына 6 рет орындамақ.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM