Qazaqstan.tv
50.8K subscribers
13.1K photos
14.8K videos
11 files
6.91K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Қазіргі уақытта іс материалдары тараптарға танысу үшін ұсынылған. Содан кейін ғана айыпталушыларды сотқа беру мәселесін шешу үшін прокуратураға жолданатын болады.

💬Айта кетейік, «Хутор бандасы» қылмыстық тобының басшысы деп танылған ол былтыр қараша айында ұсталып, қамалған еді. Тергеу барысында адам ұрлау, бопсалау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактілері бойынша іс қозғалған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жазушы Әкім Тарази дүниеден озды

Әкім Үртайұлы Әшімов (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Жазушы, драматург, сценарист Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
📌Елімізде атыс қаруларын сатып алу акциясы басталды

Акция аясында заңсыз сақтауда тұрған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді.

🔴Сыйақы мөлшері әртүрлі:

Автоматты ойық қаруға – 393 200 теңгеге дейін,
Ұзын ойық ұңғылы қаруға – 196 600 теңгеге дейін,
Қысқа ұңғылы ойық қаруға – 157 280 теңгеге дейін,
Тегіс ұзын ұңғылы қаруға – 117 960 теңгеге дейін беріледі.

Іс-шара ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суық қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі құлады

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түсті.

5 қабатты ғимарат 1972 жылы салынған. Нысанның апатты деп танылуына байланысты мұнда 2023 жылдан бері ешкім тұрмайды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді

✔️Мемлекет басшысы «Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак» темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты.

✔️Сонымен қатар Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан «Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы» автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.

✔️Кездесуде білім беру, цифрландыру салаларындағы өзара тиімді ықпалдастық мәселелері талқыланды.

✔️Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астана қаласында жылыту маусымы аяқталды

2024–2025 жылғы жылыту маусымы 21 сәуірден бастап тоқтатылды. Бұл шешім Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺Жеңістің 80 жылдығына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Жабайы алма» телехикаясы эфирге шығады

📌Телехикая сұрапыл соғыс жылдарын, сол жылдардағы қарапайым қазақ ауылдарының тұрмысын, тылдағы ауыр тіршілікті суреттейді.

📺Тарихи телехикая «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен Жеңіс күні мерекесіне орай көрсетіледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸🏢Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

Элиталық оқу орны мемлекеттің 2,3 миллиард доллар қолдауынан айрылған. Трамп билікке келгелі университеттердегі солшыл идеологиямен, антисемитизммен күреске кірісті. Ол Принстон, Корнелл, Браун университеттерін де қаржыландыруды тоқтатты. Бірақ Гарвард қана сотқа шағымданған.

Американың 100 университеті мен колледжінің президенті Ақ үйдің жоғары білім саясатына, жалпы үкіметтің ғылымға үстемдік ете бастауына наразылық білдіріп, ортақ мәлімдеме жариялады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды.

Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Қазақстан-Қытай шекарасында жер сілкінді

💬Бүгін таңертең Жетісу облысында жер дүмпуі сезілді. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 508 шақырымда, Қазақстан-Қытай шекарасында тіркелді.

Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер жоқ.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇳Үндістанның Джамму мен Кашмир аймағында нөсер жаңбыр салдарынан көшкін жүрді

💬Жергілікті биліктің мәліметінше, Рамбан ауданында болған табиғи апаттан 5 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапқан.

Қауіпсіздік мақсатында 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды. Сондай-ақ жолдар уақытша жабылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM