Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қарызы басынан аса тұра, ақшасын құмар ойындарына шашатындар көбейген. Мәселен, былтыр 2,6 млрд теңге берешегі бар 1800-ге жуық борышкер 5 млрд теңгеден астам ақшасын онлайн-казино мен букмекерлік кеңеселерде қалдырған. Алимент төлемей, табысын жасырғандарды анықтайтын жаңа тетік енгізілмек.
Енді борышкерлердің өзге де кіріс көзі - электронды әмиян, букмекерлерлік кеңсе, бағалы қағаздар мен сауда биржасын, желілік маркетинг пен такси қызметі арқылы анықталмақ. Өйткені былтыр берешегі бар 1800-ге жуық борышкер 5 млрд теңгеден астам ақшасын құмар ойындарына құртыпты.
📹Жаңашылдық туралы тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌐Әлемдегі техножаңалықтар: Қытайда 10G желісі іске қосылды
Жаңа технология жүктеу жылдамдығын секундына 9 834 мегабитке дейін жеткізіп, байланыс кідірісін 3 милиссекундқа дейін азайтқан.
Мәселен, көлемі 20 гигабайттық жоғары сапалы фильмді секундына 1 гигабит жылдамдықпен жүктеу үшін әдетте 7–10 минут қажет. Ал жаңа 10G желісімен дәл сол фильмді небәрі 20 секундта жүктеп алуға болады.
Әлемдегі техножаңалықтар туралы тілші материалында⬆️
📺 @qazaqstantv
Жаңа технология жүктеу жылдамдығын секундына 9 834 мегабитке дейін жеткізіп, байланыс кідірісін 3 милиссекундқа дейін азайтқан.
Мәселен, көлемі 20 гигабайттық жоғары сапалы фильмді секундына 1 гигабит жылдамдықпен жүктеу үшін әдетте 7–10 минут қажет. Ал жаңа 10G желісімен дәл сол фильмді небәрі 20 секундта жүктеп алуға болады.
Әлемдегі техножаңалықтар туралы тілші материалында⬆️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысы Меркі ауданында балалардың газдан уланып, қайтыс болуына қолдан жасалған пештің істен шығуы себеп болған. Оқиға орнына барған мамандар құрылғы қазандығында ақау барын анықтады.
Темірден жасалған пеш техникалық қадағалаудан өтпеген. Тіпті оның құжаты да болмай шықты. Салдарынан қолдан жасалған қазандықтағы газ жанбай, үй ішіне тараған.
Енді жер үйді жалға берген иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
📌Еске салайық, оқыс оқиға кешке кешкісін Сарымолдаев ауылында болды. Баспананы жалдап тұрған жалғызбасты ана таңертең 3, 5 және 7 жастағы қызын үйде жалғыз қалдырған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌾Қызылорда облысында күріш егу басталды
Шиелі ауданының диқандары алғаш болып алқапқа дән септі. Биыл өңірде шамамен 86 мың гектар жерге күріш егу жоспарланып отыр.
Аймақта тұқым себу жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады. Көктемгі науқанға 10 мың тонна арзан жағармай бөлінген.
📺 @qazaqstantv
Шиелі ауданының диқандары алғаш болып алқапқа дән септі. Биыл өңірде шамамен 86 мың гектар жерге күріш егу жоспарланып отыр.
Аймақта тұқым себу жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады. Көктемгі науқанға 10 мың тонна арзан жағармай бөлінген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік-батыс және оңтүстік циклон әсерінен бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің шығысында түнгі уақытта жауын-шашын түседі.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. Ал солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңғы уақытта тұман түседі.
Түнде елдің шығысында, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құжат қабылдау биыл 14-26 наурыз аралығында өтті. Барлығы 6600-ден аса өтінім түскен.
Іріктеуден өткен 3400-ден аса қатысушы банкке жолдама алды. Олардың арасында білім, денсаулық сақтау, жұмыс істейтін жастар, республикалық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен басқа да саланың мамандары бар.
▫️Ең жоғарғы несие сома – 20 млн теңгеге дейін;
▫️Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 5%;
▫️Бастапқы жарна – 10%-дан аспайды.
Төлем қабілетін растау үшін банкке жолдама алғандар 15 жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына хабарласуы керек. Төлем қабілеті расталған жағдайда қатысушылар 45 күн ішінде жаңа немесе нарықтағы екінші деңгейлі тұрғын үйді таңдай алады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 13 891 шетел азаматы еңбек етеді (1 сәуірдегі жағдай бойынша).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
Олардың басым бөлігі жұмыс істейтін салалар:
▫️Құрылыс саласында – 5 131адам;
▫️Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам;
▫️Өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам;
▫️Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚑1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді
Денсаулық сақтау министрлігі мобилдік бригадалардың жұмыс тәртібі өзгеретінін хабарлады.
🎉 Бұл өзгерістер азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.
«Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты»,-делінген хабарламада.
✅ Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:
● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;
● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;
● 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.
Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.
➡️ Мұндай шақыртулар жедел шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға кедергі келтіреді. Өзгерістер жүктемені оңтайландырып, азайтып, күту уақытын қысқартады.
МСАК мобилдік бригадасы шақыртуға 60 минут ішінде келеді, ал шұғыл жағдайларда келу уақыты 1-санат үшін — 10 минут, 2-санат — 15 минут, 3-санат — 30 минутты құрайды.