Qazaqstan.tv
50.7K subscribers
13.1K photos
14.8K videos
11 files
6.92K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.

Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.

📌Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🩺Көру қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін дауыс беру процесі жеңілдейді

Көру қабілеті бұзылған сайлаушылар енді ешкімнің көмегінсіз дауыс бере алады. Пилоттық режимде қолданылған NVDA дыбыстық бағдарламаcы қазір Павлодарда сынақтан өтіп жатыр.

Жаңа технология арқылы зағип жандардың сайлауға қатысу белсенділігі артпақ, дейді «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

🤔Сондай-ақ жиында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қорғауға арналған жол картасы әзірленетіні айтылды.


📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ажырасу неге көбейді? Қазақстанда отау құрған 124 мың жұптың жартысы ажырасқан

💱Алимент төлеуден жалтарғандардың жасырын табысы тексеріледі. Әділет министрлігі баласына берешек борышкерлерді ерекше бақылауына алмақ

🏃🏻Марафон ұйымдастырушыларына талап күшейтіледі. Бұқаралық спортты өткізу тәртібі мен қауіпсіздік регламенті жіті қадағаланбақ

📡Қытай 10G желісін іске қосты. Жаңа технология 20 гигабайттық фильмді 20 секундта жүктейді. Тағы қандай мүмкіндіктері бар?

🏠3400 алматылық жас баспаналы болды. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның шарттары қандай?

📍Солтүстік Қазақстанда былтыр салтанатты түрде ашылған 38 емдеу мекемесінің 21-і бір күн де жұмыс істемей, жабылды. Ауылдық емханалар неге қаңырап бос тұр?

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.

Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды.

Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе берілгенін атап өткен жөн.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔵«Жабайы алма» телехикаясының сценарисі Қанат Рамазан түсірілім жөнінде пікірін айтты

📺Тарихи телехикая «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен Жеңіс күні мерекесіне орай көрсетіледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Алимент төлеуден жалтарғандардың жасырын табысы тексеріледі

Қарызы басынан аса тұра, ақшасын құмар ойындарына шашатындар көбейген. Мәселен, былтыр 2,6 млрд теңге берешегі бар 1800-ге жуық борышкер 5 млрд теңгеден астам ақшасын онлайн-казино мен букмекерлік кеңеселерде қалдырған. Алимент төлемей, табысын жасырғандарды анықтайтын жаңа тетік енгізілмек.

Енді борышкерлердің өзге де кіріс көзі - электронды әмиян, букмекерлерлік кеңсе, бағалы қағаздар мен сауда биржасын, желілік маркетинг пен такси қызметі арқылы анықталмақ. Өйткені былтыр берешегі бар 1800-ге жуық борышкер 5 млрд теңгеден астам ақшасын құмар ойындарына құртыпты.

📹Жаңашылдық туралы тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Енді марафон ұйымдастырушыларға талап күшейеді

🔴Енді марафон ұйымдастырушыларға талап күшейтіледі. Бұқаралық спортты өткізу тәртібі, медициналық қамтамасыз етілуі мен қауіпсіздік регламенті жіті қадағаланады. Туризм және спорт министрілігі осылай деп отыр. Тексеріске себеп – Алматыдағы марафон кезінде екі адамның өліміне әкелген қайғылы жағдай. Халықаралық шараны ұйымдастырушылар қос қатысушы да бұрын марафонға бірнеше рет қатысқанын айтып отыр.

Жазатайым оқиғаға не себеп?


📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌐Әлемдегі техножаңалықтар: Қытайда 10G желісі іске қосылды

Жаңа технология жүктеу жылдамдығын секундына 9 834 мегабитке дейін жеткізіп, байланыс кідірісін 3 милиссекундқа дейін азайтқан.

Мәселен, көлемі 20 гигабайттық жоғары сапалы фильмді секундына 1 гигабит жылдамдықпен жүктеу үшін әдетте 7–10 минут қажет. Ал жаңа 10G желісімен дәл сол фильмді небәрі 20 секундта жүктеп алуға болады.

Әлемдегі техножаңалықтар туралы тілші материалында⬆️

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Жамбылдағы 3 баланың өлімі: Үй иесінің үстінен іс қозғалуы мүмкін

Жамбыл облысы Меркі ауданында балалардың газдан уланып, қайтыс болуына қолдан жасалған пештің істен шығуы себеп болған. Оқиға орнына барған мамандар құрылғы қазандығында ақау барын анықтады.

Темірден жасалған пеш техникалық қадағалаудан өтпеген. Тіпті оның құжаты да болмай шықты. Салдарынан қолдан жасалған қазандықтағы газ жанбай, үй ішіне тараған.

Енді жер үйді жалға берген иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

📌Еске салайық, оқыс оқиға кешке кешкісін Сарымолдаев ауылында болды. Баспананы жалдап тұрған жалғызбасты ана таңертең 3, 5 және 7 жастағы қызын үйде жалғыз қалдырған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌾Қызылорда облысында күріш егу басталды

Шиелі ауданының диқандары алғаш болып алқапқа дән септі. Биыл өңірде шамамен 86 мың гектар жерге күріш егу жоспарланып отыр.

Аймақта тұқым себу жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады. Көктемгі науқанға 10 мың тонна арзан жағармай бөлінген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM