Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.96K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
⚡️Президент: Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

2024 жылы іске қосылуы тиіс болған газ өңдеу зауыты енді тек 2027 жылы ғана іске қосылады. Себебі келісімшартқа былтыр ғана қол қойылған.

Мемлекет басшысы Үкіметке бұл жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте не айтты?

Аймақтың жалпы өнімі екі жылда 1,3 есеге өсті;

Облысқа соңғы екі жылда 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды;

Аймақ тұрғындарының саны үздіксіз өсіп келеді. Қазір мұнда 800 мыңнан астам адам тұрады;

Мемлекет басшысы бұған дейін таза ауыз су мәселесін шешуді, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жақсартуды тапсырды;

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік-логистика әлеуетін арттыру және туризм саласын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылды;

Президент Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы екенін айтып, қатаң бақылауға алуды тапсырды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬Елімізде заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған тұжырымдама қабылданды

Үкімет 2025–2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын бекітті.

Құжат қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында әзірленген. Тұжырымдамада халықаралық тәжірибе де ескерілген. Бұл өз кезегінде қоғамда заң үстемдігін нығайтып, құқық қорғау органдарына деген сенімді арттырады. Сондай-ақ азаматтардың заңды құрметтеп, құқықтық тәртіпті сақтауға саналы түрде үлес қосуына ықпал етеді.

Негізгі басымдықтар:

• Заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау;
• Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
Студенттерге құқықтық білім беру тәжірибесін енгізу;
• Мемлекеттік органдардың органдар ашықтығы мәдениетін қалыптастыру;
• Цифрлық сервистер мен eGov жүйесін жетілдіру;
• Полицияның кәсіби дайындығын арттыру, «soft skills» дамыту;
• Жасанды интеллект негізінде ІІМ жүйесін жаңғырту;
• Трансұлттық қылмыстарға қарсы күресті күшейту.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Петропавлдың Заречный кентінде мыңнан астам саяжай су астында қалды

Ықшам ауданға көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бекеттер қойылып, полиция күндіз-түні кезекшілік атқаруға кірісті. Тұрғындар жаяу көпір және арнайы техниканың көмегімен қатынап жүр.

🔴Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, әзірге халықты эвакуациялаудың қажеті жоқ.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Петропавлдың Заречный кентінде мыңнан астам саяжай су астында қалды

🔴Ақмола облысында мектеп оқушысын трактор қағып кетті

🟡5 жыл ішінде жолдағы өлім-жітімді 30%-ға төмендету үшін Жол қауіпсіздігінің стратегиясы әзірленіп жатыр

💸Жамбыл облысында балабақшада 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қолды болған

🇺🇸🇺🇦АҚШ пен Украина пайдалы қазбаларға қатысты меморандумға қол қойды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Ақмола облысында мектеп оқушысын трактор қағып кетті

Оқиға Ақмола облысының Зеренді ауылында болған. Абырой болғанда бала аман қалды. Бірақ трактор тізгіндеген жүргізуші баланы дәрігерге көрсетпей жібере салған. Әлеуметтік желідегі видео учаскелік инспекторлардың қолына түскен соң ғана жол-көлік оқиғасы ретінде тіркеуге алынды. Трактор жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сот-медициналық сараптама белгіленді. Оған сай жүргізушіге қосымша шара қолданылуы мүмкін.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸АҚШ-тың Флорида университетінде атыс болып, екі адам қаза тапты

Таллахасси қаласындағы Флорида мемлекеттік университетінде болған атыс салдарынан екі азамат қаза тауып, тағы бес адам жараланды.
Күдіктіге полиция оқ атып, ауруханаға жеткізілді. Бұл – биыл Флорида штатында тіркелген алтыншы жаппай атыс.

Полиция 20 жастағы студентті күдікті ретінде ұстады. Ол жергілікті шериф орынбасарының ұлы. Тергеу барысында күдіктінің анасына тиесілі болған қызметтік тапанша табылды.

Университеттегі барлық сабақтар мен іс-шаралар ертеңге дейін тоқтатылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

🎖 Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️Әділет министрлігінің өкілдері Meta компаниясының басшыларымен кездесті

Басқосуда цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері және ынтымақтастықты дамыту, тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды.

Бұған дейін келіссөздер нәтижесінде отандық әншілердің әндері Instagram мен Facebook платформаларына қайта орналастырылған болатын.

9 сәуірде Қазақстандық авторлар қоғамы мен Meta авторлық құқықтарды реттеу бойынша келісімге қол қойды.

Кездесуде қос тарап болашақта тығыз әріптестік орнатуға уағдаласты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❄️ШҚО-да қалың қар жауды

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында қалың қар түсті. Өңірдің ақұлпаға оранғанын бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеген. Синоптиктер өңірге көктемнің кеш келетінін болжады.

❄️Солтүстік пен шығыста 19 сәуірге дейін, яғни ертеңге дейін қар жаууы мүмкін. Оңтүстікте де күн суытады. Ал батыс өңірлерде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жылиды. Еліміз бойынша күннің біртіндеп жылына бастағаны байқалады.

❗️Әсіресе жолда сақ болып, алыс жолға шықпауға шақырды. Қарлы ызғар еліміздің оңтүстік өңірлеріне де сезілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📚Елімізде қазақша-орысша-ағылшынша фразеологиялық сөздік жарыққа шықты

Сөздікке қазақ тіліндегі 1001 фразеологизм енген.

Жоба авторы филолог және аудармашы Камал Альпейісованың айтуынша, мұндай сөздікті жасау туралы идея АҚШ-қа сапарынан кейін пайда болған.

Жаңа сөздік 2000 дана таралыммен шыққан. Қазірде онлайн нұсқасы да дайындалуда.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠Баспананы сақтандыру міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда табиғи апаттардан баспананы міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған құжат қоғамдық талқылауға шығарылды.

❗️Сақтандыру жарнасы 1 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болмақ. Мөлшер апат қаупінің деңгейіне байланысты есептеледі. Мәселен, 1 мың теңгелік полис 500 мың теңге өтемақы берсе, 20 мың теңгелік сақтандыру 10 млн теңгеге дейін өтеуі мүмкін. Әлеуметтік осал топтар үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру ұсынылып отыр. ЮНИСЕФ мәліметінше, Қазақстан аумағының 75%-ы табиғи апат қаупі жоғары аймаққа жатады. Соған қарамастан, мүлікті сақтандырумен ел халқының тек 3%-ы ғана қамтылған.

💰Мәселен, 2024 жылы су тасқыны кезінде үйлерді қалпына келтіруге 257 млрд теңге жұмсалған.

✍️Құжатқа қатысты ұсыныстар 12 мамырға дейін қабылданады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌿@TazaQazBot телеграм чат ботына 16 мыңнан астам өтінім түскен

Өтінімдердің басым көпшілігін Алматы, Астана және Түркістан облыстарының тұрғындары жолдаған.

Сондай-ақ чат бот іске қосылғалы бері 527 шағым түскен. Оның аясында аумақтардағы тазалық жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне, қоқыстарды уақтылы шығарылмауы және жолдардың сапасына байланысты мәселелер тұрғындарды алаңдатқаны белгілі болды.

@TazaQazBot телеграм боты 2024 жылдың маусым айында іске қосылды. Платформа арқылы әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініш пен шағым беруге болады. Өтінімді жіберу үшін авторизациядан өту, фотосуретті тіркеу, мекенжайды көрсету және мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚑19 жылда 35 әйелді босандырған фельдшер

«Жақсылық жаса» бағдарламасында жедел жәрдем қызметінің тәжірибелі фельдшерлері маңғыстаулық Жанна Кәкенова мен Әйгерім Тасым қонақ болды.

10 жыл еңбек тәжірибесінде Әйгерім Тасым 12 сәбидің өмірге келуіне себепші болса, Жанна Көкенова 19 жыл қызметте жүріп 35 бөбектің кіндік анасы атанған.

Қос фельдшер Маңғыстау облысындағы адам саны көп, ең үлкен Мұнайлы ауданындағы бөлімшеде еңбек етеді.

🤱Сұхбат барысында 14 жыл бұрын Жанна Көкенованың көмегімен егіздерді дүниеге әкелген Жадыра Панабекова хабарласып, алғыс білдірді.

Бағдарламаның толық нұсқасын «Qazaqstan TV» YouTube арнасынан көруге болады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM