Qazaqstan.tv
50.7K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.95K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Қостанайда мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиеші үтік басып күйдірген

Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернатта тәрбиеші 16 жастағы жасөспірім қызды үтікпен күйдірген.

Бейнебақылау жазбасынан тәрбиешінің үтікті жасырып, баланың артынан жүргені анықталған. Бұл жағдайдан кейін мекеме директоры, екі тәрбиеші мен санитар жұмыстан босатылды.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Кінәлі тұлға 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Еуропа одағының Қазақстандағы елшісі «Qazaqstan» телеарнасына эксклюзив сұхбат берді

Алешка Симкич Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тығыз қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетінін және өзара серіктестік жаңа деңгейге өтетін айтты. Сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдайда Транскаспий көлік бағдарын дамыту Одақ үшін басты басымдықтың бірі екенін жеткізді.

Толығырақ ертең 17:40-та «Әлем және біз» бағдарламасынан көріңіз.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес басталды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын егжей-тегжейлі талқылауымыз қажет

– Мен бүгін Ақтауға жұмыс сапарымен арнайы келіп отырмын. Басты мақсат – облыстың ахуалымен танысу, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылау. Еліміз үшін Маңғыстаудың орны бөлек. Бұл – стратегиялық маңызы бар аймақ. Маңғыстауды батыс қақпасы деуге болады. Мен облыстың тыныс-тіршілігін ерекше назарда ұстаймын. Сондықтан бүгін аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын егжей-тегжейлі талқылауымыз қажет.

Аймақтың жалпы өнімі екі жылда 1,3 есеге өсті. Өткен жылдың бастапқы 9 айында өңірлік жалпы өнім 3,7 триллион теңгеге жетті. Облысқа соңғы екі жылда 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды.

Аймақ тұрғындарының саны үздіксіз өсіп келеді. Қазір мұнда 800 мыңнан астам адам тұрады. Жақында мен Шымкентке барғанда көші-қонды, яғни, миграцияны бақылаусыз қалдыруға болмайды деп айттым. Болжам бойынша көп ұзамай облыстағы халық саны бір миллионға жетуі ықтимал, тіпті, одан асуы да мүмкін.

Мен бұған дейін таза ауыз су мәселесін шешуді, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жақсартуды тапсырдым. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік-логистика әлеуетін арттыру және туризм саласын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылды.

Нақты жоспар бар, міндеттер – белгілі. Өзекті мәселелерді шешу үшін Үкімет пен әкімдік күш жұмылдырып, белсенді жұмыс істеуге тиіс. Басты мақсат – облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл – анық нәрсе.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауды тапсырды

Маңғыстауда үш қала мен 59 елді мекенге ауыз су белгілі бір уақытта ғана беріледі.

Су тапшылығы – күніне 23 мың текше метр.

Қазір су тұшытатын 6 зауыт пен қондырғы салынып жатыр. Кендірлідегі жоба іске қосылған соң, Жаңаөзен қаласының, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдық округтерінің тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды

Былтыр Ақтауда ұзындығы 12 шақырым болатын жылу желісі салынып, жаңғыртылды. Нәтижесінде қалаға жылудың дұрыс жетуіне мүмкіндік туды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.

Былтыр Маңғыстау облысында 846 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Дегенмен облыстағы тұрғын үй қорының 7 пайызы әбден ескірген.

Ақтауда үлескерлер қаржы салған 6 үйдің құрылысы бітпей тұр.

«Көп пәтерлі 177 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне айрықша назар аудару керек»,-деді Президент.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент: Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

2024 жылы іске қосылуы тиіс болған газ өңдеу зауыты енді тек 2027 жылы ғана іске қосылады. Себебі келісімшартқа былтыр ғана қол қойылған.

Мемлекет басшысы Үкіметке бұл жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте не айтты?

Аймақтың жалпы өнімі екі жылда 1,3 есеге өсті;

Облысқа соңғы екі жылда 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды;

Аймақ тұрғындарының саны үздіксіз өсіп келеді. Қазір мұнда 800 мыңнан астам адам тұрады;

Мемлекет басшысы бұған дейін таза ауыз су мәселесін шешуді, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жақсартуды тапсырды;

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік-логистика әлеуетін арттыру және туризм саласын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылды;

Президент Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы екенін айтып, қатаң бақылауға алуды тапсырды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬Елімізде заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған тұжырымдама қабылданды

Үкімет 2025–2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын бекітті.

Құжат қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында әзірленген. Тұжырымдамада халықаралық тәжірибе де ескерілген. Бұл өз кезегінде қоғамда заң үстемдігін нығайтып, құқық қорғау органдарына деген сенімді арттырады. Сондай-ақ азаматтардың заңды құрметтеп, құқықтық тәртіпті сақтауға саналы түрде үлес қосуына ықпал етеді.

Негізгі басымдықтар:

• Заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау;
• Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
Студенттерге құқықтық білім беру тәжірибесін енгізу;
• Мемлекеттік органдардың органдар ашықтығы мәдениетін қалыптастыру;
• Цифрлық сервистер мен eGov жүйесін жетілдіру;
• Полицияның кәсіби дайындығын арттыру, «soft skills» дамыту;
• Жасанды интеллект негізінде ІІМ жүйесін жаңғырту;
• Трансұлттық қылмыстарға қарсы күресті күшейту.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Петропавлдың Заречный кентінде мыңнан астам саяжай су астында қалды

Ықшам ауданға көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бекеттер қойылып, полиция күндіз-түні кезекшілік атқаруға кірісті. Тұрғындар жаяу көпір және арнайы техниканың көмегімен қатынап жүр.

🔴Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, әзірге халықты эвакуациялаудың қажеті жоқ.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Петропавлдың Заречный кентінде мыңнан астам саяжай су астында қалды

🔴Ақмола облысында мектеп оқушысын трактор қағып кетті

🟡5 жыл ішінде жолдағы өлім-жітімді 30%-ға төмендету үшін Жол қауіпсіздігінің стратегиясы әзірленіп жатыр

💸Жамбыл облысында балабақшада 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қолды болған

🇺🇸🇺🇦АҚШ пен Украина пайдалы қазбаларға қатысты меморандумға қол қойды

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Ақмола облысында мектеп оқушысын трактор қағып кетті

Оқиға Ақмола облысының Зеренді ауылында болған. Абырой болғанда бала аман қалды. Бірақ трактор тізгіндеген жүргізуші баланы дәрігерге көрсетпей жібере салған. Әлеуметтік желідегі видео учаскелік инспекторлардың қолына түскен соң ғана жол-көлік оқиғасы ретінде тіркеуге алынды. Трактор жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сот-медициналық сараптама белгіленді. Оған сай жүргізушіге қосымша шара қолданылуы мүмкін.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸АҚШ-тың Флорида университетінде атыс болып, екі адам қаза тапты

Таллахасси қаласындағы Флорида мемлекеттік университетінде болған атыс салдарынан екі азамат қаза тауып, тағы бес адам жараланды.
Күдіктіге полиция оқ атып, ауруханаға жеткізілді. Бұл – биыл Флорида штатында тіркелген алтыншы жаппай атыс.

Полиция 20 жастағы студентті күдікті ретінде ұстады. Ол жергілікті шериф орынбасарының ұлы. Тергеу барысында күдіктінің анасына тиесілі болған қызметтік тапанша табылды.

Университеттегі барлық сабақтар мен іс-шаралар ертеңге дейін тоқтатылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

🎖 Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️Әділет министрлігінің өкілдері Meta компаниясының басшыларымен кездесті

Басқосуда цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері және ынтымақтастықты дамыту, тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды.

Бұған дейін келіссөздер нәтижесінде отандық әншілердің әндері Instagram мен Facebook платформаларына қайта орналастырылған болатын.

9 сәуірде Қазақстандық авторлар қоғамы мен Meta авторлық құқықтарды реттеу бойынша келісімге қол қойды.

Кездесуде қос тарап болашақта тығыз әріптестік орнатуға уағдаласты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❄️ШҚО-да қалың қар жауды

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында қалың қар түсті. Өңірдің ақұлпаға оранғанын бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеген. Синоптиктер өңірге көктемнің кеш келетінін болжады.

❄️Солтүстік пен шығыста 19 сәуірге дейін, яғни ертеңге дейін қар жаууы мүмкін. Оңтүстікте де күн суытады. Ал батыс өңірлерде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жылиды. Еліміз бойынша күннің біртіндеп жылына бастағаны байқалады.

❗️Әсіресе жолда сақ болып, алыс жолға шықпауға шақырды. Қарлы ызғар еліміздің оңтүстік өңірлеріне де сезілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM