Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
15K videos
11 files
6.99K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🎼Бүгін Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің туған күні

Әйгілі композитор көзі тірі болғанда 84 жасқа толар еді.

«Qazaqstan» телеарнасынан сағат 15:15-те әнші, сазгер туралы «Бірегей» деректі фильмі эфирге шығады.

Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кештері мен сұхбаттары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» сақтаулы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Алматыдағы көкөніс дүкендерінің бірінде белгісіз біреу оқ жаудырған

Тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталып, уақытша қамауға алынғанын мәлімдеді.

@qazaqstantv
⚡️ Жаңа министрлер ант берді

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстан халқына ант берді.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда үйлерді су басып жатыр

Жаңбыр мен еріген қар суы тұрғын үйлерге кіріп, көшеде көліктер жүре алмай қалды. Баспаналарын су басқан тұрғындар жергілікті билікке наразылығын білдіруде.

Ал жауаптылар жауын мен қар айлық мөлшерден тым көп түсті деп ақталады.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️ Қосымша құн салығы көтерілмейді – Олжас Бектенов

«Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Ол Жанат Элимановтың орнына келді. Ж.Элиманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қазақстан алғаш рет «орта державалар» тізіміне енді

Германияның «Ғылым және саясат қоры» ғылыми-талдау орталығы (SWP) «Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды актерлер» атты көлемді мақалалар жинағын шығарды. Мақалада Қазақстан «орта державалар» тізіміне енгені айтылған.

SWP сарапшылары талдауына сәйкес, тізімге Қазақстанмен қатар, Түркия, Израиль және Үндістан сияқты мемлекеттер кірген. Еліміз «орта державалар» тізіміне алғаш рет еніп отыр.

SWP пікірінше, еліміз Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің ерекше сыртқы саясатымен көзге түсіп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Батыс елдері және Қытаймен, әсіресе шикізат секторында экономикалық қатынасын тұрақты дамытып келеді.

Сарапшылар Қазақстан халықаралық саясаттағы амбициясын ертебастан жүзеге асыра алғанын мойындаған. Талдау орталығы сондай-ақ, республикамыз «шығыс пен батыс арасындағы көпір» ретіндегі геосаяси әрі тарихи рөлін нығайтқанын атап көрсеткен.

@qazaqstantv
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Алматыда 3 автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты

Жол апаты таңғы сағат 09:00-де болған. №54 автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып алдындағы №133 автобусқа және жеңіл автокөлікке соғылған. Ал №133 автобус №88 автобусты барып соққан.

Жол апаты салдарынан 17 адам зардап шеккен. Оның 14-і ауруханаға жеткізілген. Ал 10 адам тұрғылықты жері бойынша емделуге жіберілді.

@qazaqstantv
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Таразда жүргізуші куәлігін бірнеше жыл бойы саудаға салған қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер қатарында Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары да бар. Олар лауазымды қызметін теріс пайдаланып, оқыту сабақтарының сертификатын сұрамаған. Тіпті көлік басқаруды тәжірибе жүзінде тексермей, куәлік санаттарын ақшаға сатып келген.

Полиция ұсталғандардың қанша табыс тапқанын әзірге құпия қалдырып отыр.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 🇶🇦 Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қатарға келеді

Мұнай мен газдан түскен табыстан байыған Қатар елі Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктесі. Еліміз бұл елден көптеп инвестиция тартуға мүдделі.

Екі елдің байланысы жайында толығырақ кешке сағат 20:00-де «Ақпараттан» көріңіз!

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қызылорда облысында Білім бөлімі басшысы мен есепшісі 8 жылға сотталды

Қызылорда облысында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен есепшісіне сот үкімі шықты. Оларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ басшылықпен сыбайлас болған 24 мектептің есепшілері де заң алдында жауапқа тартылды. Барлық сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды.

@qazaqstantv
🏃‍♂️🏃‍♂️🏃‍♂️🏃‍♂️🏃‍♂️«Qazsport» телеарнасы биатлоннан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетіп жатыр

Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем біріншілігі 18 ақпанға дейін жалғасады. Турнир бағдарламасы бойынша ерлер және әйелдер арасында 12 жүлде ойнатылады.

📺 Чемпионатты жарыс кестесіне сәйкес «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға, әйелі жарты жылға сотталды

Бұрынғы министр А.Мұхамедиұлына қатысты тағы да сот үкімі шықты.

Тергеу барысында аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деген айып тағылып, сот жаза мерзімін 11 жылға ұзартты. Ал әйелі Ғалия Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Экс-министрдің адвокаты Мұстақым Төлеев те аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға сотталды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

@qazaqstantv
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы УЕФА Чемпиондар және Еуропа Лигасын тікелей эфирде көрсетеді

13-15 ақпан күндері үлкен футбол ойындары өтеді. Топтық кезеңнен іріктеліп шыққан 16 команда өзара бәсекеге түсіп, мықтыны анықтайды.

УЕФА Чемпиондар және Еуропа Лигасының ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

@qazaqstantv
Qazaqstan.tv
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы УЕФА Чемпиондар және Еуропа Лигасын тікелей эфирде көрсетеді 13-15 ақпан күндері үлкен футбол ойындары өтеді. Топтық кезеңнен іріктеліп шыққан 16 команда өзара бәсекеге түсіп, мықтыны анықтайды. УЕФА Чемпиондар және Еуропа…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚽️Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің (1/8 финал) алғашқы ойынында «Лейпциг» өз алаңында турнирдің он төрт дүркін жеңімпазы мадридтік «Реалды» қабылдайды

🖥️ «Редд Булл Арена» стадионынан тікелей трансляцияны Астана уақыты бойынша 01:50-де «Qazaqstan» ұлттық арнасы көрсетеді.

🎙️ Матч комментаторлары: Ермұхамед Мәулен мен Жандос Байділдә.

@qazaqstantv