⚽️G тобы. Қай команда жеңіске жетеді?
Anonymous Poll
21%
Борруссия Дортмунд🇩🇪
61%
Манчестер Сити🏴
18%
Тең есеп✔️
Бүгін Astana Media Week-2022 апталығы басталады
«Қазмедиа орталығында» алтыншы рет өткізілетін басқосуда отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ақпараттық платформалардың басшылары, журналистер, блогерлер және тәуелсіз сарапшылар тәжірибе алмасып, түрлі талқылаулар жасайды.
Шара 26-28 қазан аралығында өтеді.
Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Көркемдік кеңес мүшелері Astana Media Week аясында продакшн компаниялармен кездесіп, 2023 жылға арналған жаңа телехикаялар идеясына талқылау ұйымдастырады. Кездесу 28 қазан, сағат 10:00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.

Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Ол 2021 жылдың қаңтарынан VІІ сайланған Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. «Қазақстан халық партиясының» тізімі бойынша сайланған.
@qazaqstantv

📌Қазақстанда әйелдер 61 жаста зейнетке шығады
Мәжілісте әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілді.
Сондай-ақ, заң жобасы аясында бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын 1,5 жасқа дейін ұлғайту, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70% дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшері 120% дейін өседі.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Мәселені шешуді білмесеңіздер, өңірлерге кедергі жасамаңыздар»: Депутат Сауда және интеграция министрін сынға алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғалым Әміреев халықтың азық-түлік бағасының тұрақталатынына сенбейтінін айтып, бұл мәселе бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Айтуынша, елге ең төмен бағалар бойынша ақпарат беретін аналитикалық маркетинг орталығы керек. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін тасымалдау мәселесі де шешілмеген.
«Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? Егер мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар», - деді Ғ.Әміреев.

📌«Жастар» санаты 29-дан 35 жасқа дейін ұзартылды
Мәжіліс заң жобасына «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтуға түзету енгізді.
«Бұл - жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жергілікті атқарушы органдарға жастарға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй тапсыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзырет беруге бағытталған түзетулер енгізді», - деді депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Дархан Қыдырәлі: Әдейі немесе білместікпен жалған ақпарат таратқандар көбіне заң бұзғанын білмейді
«Дезинформациямен күресудің бір жолы ретінде аудиторияны жалған мен шын ақпараттың аражігін ажыратуға үйрету, медиа сауаттылық ұғымын ұлғайту дұрыс деп санаймыз. Арнайы медиа мектептерін ашу – біздің тікелей міндетіміз. Жуырда «Масс медиа» туралы заң жобасына біршама жаңашылдықтар болады. Ақпаратқа қол жеткізу, журналистердің мәртебесін көтеру, кәсіби құзыретін көтеру секілді біршама өзгерістер көзделіп отыр», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Astana Media Week-2022 апталығының салтанатты ашылу шарасында.
«Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбайдың модераторлығымен өткен «Жаңа дәуір - жаңа медиа» пленарлық сессиясына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі А. Мақсұтов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры А.Панина қатысты.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Азаматтарды дұрыс ақпаратқа сенуге шақыру, өзгеріске бастау журналистика мен медианың басты миссиясы - Дархан Қыдырәлі
«2021 жылдың деректері бойынша 16-64 жас аралығындағы интернет пайдаланушылардың 63%-ы интернетті негізінен ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін пайдаланған. Осылайша, интернеттегі жаңалықтар мен визуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналды. Біздің дәстүрлі медиа, әсіресе, баспа басылымдары мұны қаперде ұстауы тиіс.
Сонымен бірге тәуліктік жаңалықтар циклы мен әлеуметтік желілер жаңа кезеңнің пост-шындық дәуірінің пайда болуына әсер етті. Осындай жағдайда ақпарат жинау, оны сараптау мен тарату аса маңызды жауапкершілік жүктейді.
Сондықтан әлемдік «бас ауруға» айналған ақпараттық адасушылық кезінде азаматтарға ой салу, оларды дұрыс ақпаратқа сенуге шақыру, өзгеріске бастау журналистика мен медианың басты миссиясы», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Astana Media Week шарасының ашылуында.

🌻Күнбағыс майының бағасы жыл басынан бері 15 пайызға қымбаттаған
Қыркүйекте күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.
Өңірлер арасында күнбағыс майының ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелген, ал ең арзан баға Өскемен қаласында – 743 теңге.
Айта кетейік, қала тұрғындары күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынатын болып шықты.
Сіз тұратын аймақта күнбағыс майының бағасы қанша?

🚉 Желтоқсаннан бастап коммерциялық пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды
«Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері мұндай тәсіл 28 ақпанға дейін пилоттық режимде қолданылатынын хабарлады.
Жауаптылардың сөзінше, төменгі орындағы билеттің құны өседі. Бұл пойыз вагондарындағы орынды біркелкі бөлу үшін жасалып отыр. Сонымен бірге жолаушылардың төменгі орынға сұранысын өтеуді көздейді.
Төменгі орындағы билет Алматыдан Маңғыстауға, Оралға, Петропавлға және Атырауға жол жүретін пойыздарда қымбаттайды.
Сонымен бірге «Астана-Шымкент» бағытындағы жолаушыларға да кейбір билеттер жоғары бағаға сатылады.

🌧Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты
Cалдарынан бірнеше бағытта көлік қозғалысы шектеліп, Наурызым ауданында бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Астанада бүгін жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі.

🌦❄️Сіздің аймақта ауа райы қалай?
Anonymous Poll
46%
Жауын-шашынды
12%
Желді
24%
Суық
16%
Жылы
2%
Тұман, көктайғақ
📌 Қаңтар оқиғасына қатысқандарға амнистия жасалады: Сенат заңды қабылдады
Заңға сәйкес, 1,5 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігеді. Яғни, теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін азайту көзделген.
Амнистия террористерге, рецидивистерге, адамды азаптағандарға, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға, мемлекетке опасыздық жасағандарға қолданылмайды.