Qazaqstan.tv
49.5K subscribers
13.5K photos
15.4K videos
11 files
7.12K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
💸Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алып жүр?

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы табысқа қарамастан төленеді. Үйде бірге тұратын 4 және одан көп бала (23 жасқа дейінгі күндізгі студенттермен қоса) болуы керек.

2025 жылғы мөлшер:
• 4 бала – 63 030 ₸
• 5 бала – 78 798 ₸
• 6 бала – 94 565 ₸
• 7 бала – 110 332 ₸
• 8 және одан көп – әр балаға 15 728 ₸

Наградталған аналарға:
«Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 ₸
«Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» орден иелеріне – 29 097 ₸

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жәрдемақы 6,5%-ға өсті.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Боксшы қыздарымыз 12 алтын жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді.

Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыласын жеңіп, топ жарды.

🏅Чемпион атанған боксшылар:
•48 келі – Айым Танкибаева
• 50 келі – Сила Биболсынқызы
• 52 келі – Рахмина Абдумежитова
• 54 келі – Жанель Имантаева
• 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали
• 60 келі – Толғанай Қасымхан
• 63 келі – Алина Құдайгенова
• 66 келі – Ақбота Есімбекова
• 70 келі – Мария Сидоренко
• 75 келі – Зарина Толыбай
• 81 келі – Құралай Егінбайқызы
• +81 келі – Сабина Жақсылық

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Автокөліктерді заңсыз тіркеу: Мемлекетке келтірілген шығын 11 млрд теңгеден асты

Соңғы үш жыл ішінде Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттері көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым төлеуден жалтару фактілері бойынша 88 қылмыстық істі тергеді. 1800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелгені анықталды.

Күдікті ретінде 70 адам танылды, олардың қатарында полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және нотариустар бар. Күдіктілер мемлекетке 11,8 млрд теңге залал келтірген.

Сондай-ақ мемлекет бюджетіне 900 млн теңге көлемінде алым төленді. Құны 31 млрд теңге болатын 1 500 автокөлікке және күдіктілерге тиесілі 968 млн теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏭Ақтөбеде жүн және тері өңдейтін зауыт салынды

Зауыт жылына 2,5 мың тонна шикізат өңдеуге қауқарлы.

Құны 6 млрд теңгелік жоба бүгінде толығымен аяқталып, кәсіпорын ғимаратының монтаждық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүн өңдейтін зауыт тамыз айында іске қосылмақ.

📌Айта кетейік, министрлік жүн мен тері өндіретін шаруаларға да қаржылай қолдау көрсету жағын қарастырып жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉IPhone 16 PRO ұтып алыңыз!

Жазғы демалысты пайдалы өткізейік: кітап оқу арқылы IPhone 16 PRO телефонын ұтып ала аласыз.

⤵️Ол үшін:
1. @qazaqstan.tv Instagram парақшасына жазылу;
2. Эфирде шығатын сұрақтарға реттелігін сақтай отыра дұрыс жауап беру;

🗓23 мамырдан бастап 13 маусымға дейін 14:00-15:00 аралығында эфирде қазақ әдебиеті мен жазушыларына байланысты сұрақтар шығып тұрады.

Бір сағат аралығында эфирге шығатын сұрақтарды суретке түсіріп отырып, жауаптарды 13 маусым күні шығатын байқау туралы жазбаның астына реттілікті сақтай отырып жазу керек. Мысалы: 23 мамыр – жауап, 24 мамыр – жауап, т.с.с.

Алғашқы әрі дұрыс жауап берген көрермен жеңімпаз атанады. Егер 22 сұрақтың біреуі қате болса, алғашқы болып ең көп дұрыс жауап жазған көрермен жеңімпаз атанады.

📌Ескерту: ҚР Салық кодексінің 327-бабына сәйкес, жеңімпаз ұтыстың 10%-ы көлемінде жеке табыс салығын төлеуі тиіс.

Баршаңызға сәттілік тілейміз!

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚘Қазақстанда автокөлік құрастыру саласы жаңа деңгейге шықты

Елімізде отандық өндіріс қарқын алып келеді. Соның ішінде автокөлік құрастыру саласы — ұлттық технологиялық дамудың маңызды бағыты.

📌Осы салада табысты еңбек етіп жүрген инженерлердің өмірі мен жетістігі туралы ертең 13:10-да «Еңбек адамы» арнайы жобасынан көріңіз.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔵Ерқанат Көпжасар: Отандық әдебиеттегі таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық

⏺️Сауалнамаға қатысуға ниет білдірген әрбір азамат eGov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы сүйікті кітаптарын ұсына алады. Қатысушылар өздері үздік деп санайтын түрлі жанрдағы 10 кітаптың атауы мен авторын көрсетуі қажет.

Дауыс беру үш айға дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күні қарсаңында жарияланады.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛫Алматы халықаралық әуежайындағы тұрақ уақытша жұмыс істемейді

23 мамырдан бастап Алматы әуежайындағы ішкі рейстерге арналған Т1 терминалы алдындағы тұрақ жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша жұмыс істемейді. Әуежай мәліметінше, тұрақ алаңының жамылғысын жаңарту және асфальт жамылғысын ауыстыру жұмыстары басталады.

📌Жөндеу жұмыстары және тұрақтың жабылуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📲Қазақстандық 9 банк ортақ QR төлем жүйесіне көшеді

Бүгін Ұлттық банк осындай мәлімдеме жасады. Бастама жыл соңына дейін іске қосылады. Қазір 9 екінші деңгейлі қаржы ұйымымен келісім жасалған.

📌Яғни, кез келген банк қызметін тұтынатындар бір QR кодты сканерлеп, төлем жасай беруге болады.

Бұл банктердің арасындағы аударымдарды да телефон нөмірі арқылы жүргізетін жүйені енгізу жұмыстары жүріп жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

48 жасында қазақстандық спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден озды.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. «Qazsport» телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

Корпорация ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠2 күннен соң үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталады

«Отбасы банк» өкілдері өтінімдерді қабылдауға арналған orken.otbasybank.kz порталының іске қосылғанын хабарлады. Платформа сенбі күні сағат 09:00-ден бастап жұмыс істейді.

📌Есепке тұру үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, авторизациядан өту қажет. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.

✍️Жүйе үміткердің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Егер ол кәмелетке толған болса, ниет білдіруші мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл үйі болмаса ғана тізімге енгізіледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆Тарихи оқиға: Қазақстандық боксшы қыздар 12 алтын жеңіп алды

🥊Шри-Ланка астанасы Коломбода бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық арулар 12 алтын медальдің барлығын жеңіп алып, тарихи оқиға тіркеді.
Спортшылар бұрын-соңды мұндай жетістікке жеткен емес.

⚡️Сонымен қатар Қазақстан ерлер құрамасы (U19) 10 алтын, 1 күміс және 1 қола иеленді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧑‍⚖️Шерзат ісі: Судья күмәнді диалогты тексеруді тапсырды

Шерзат Полаттың өліміне байланысты 30 шақты бейнежазба түсіріліп, 62 томдық материал жинақталған. Бүгінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушылар іс құжаттардағы хаттамалардың біразын оқып шықты. Сондай-ақ жәбірленуші тарап пен сотталушылардың және куәлердің беттестіру кезіндегі видеолары зерделенді.

Судья Ержан Жанұзақов марқұмның анасын сотқа шақырту жайлы тапсырманы жәбірленуші тараптың қорғаушыларына берді. Сондай-ақ сот төрағасы әлеуметтік желіде тараған аудио жазбаға қатысты да қаулы шығарды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥊Бокс: Қазақстан ерлер құрамасы 10 алтын медальға ие болды

Шри-Ланка астанасы Коломбода бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан ерлер құрамасы (U19) 10 алтын, 1 күміс және 1 қола иеленді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹ШҚО-да заңсыз алтын өндіру фактісі анықталды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген бір топ адамды анықтады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылық орнында 6 адам ұсталды.

Тергеу барысында 1 экскаватор, 3 металл іздегіш құрылғы және 2 автокөлік пен топырақ үлгілері алынды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM