Qazaqstan.tv
50.7K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.96K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жауапкершіліктен қашатын адамдар квадробер болады - Айдана Ізбасқан

Өзбекстанда квадробингке тыйым салатын заң қабылданды. Квадробинг дегеніміз жануарлардың әдетіне еліктеп, маскалар мен костюмдер киіп жүретін мәдениет түрі. Бұл әсіресе әлеуметтік желіде балалар арасында кең тарап жатыр.

Мамандар мұны баланың психикасына, қоғамның мәдениетіне төнген қауіп дейді.

Қай пікір дұрыс? Бізге де көршілес елдегідей тыйым керек пе?

▪️Осы тақырып бүгінгі «Ашық алаң» бағдарламасында арнайы мамандармен талқыланды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жасөспірімдер түрлерінен ұялғаны үшін маска киеді. Бұл Жапония мен Кореяда сәнге айналған

Мәдениеттанушы Айдана Құлман квадробинг қайдан шыққан ұғым екенін айтып, оның көпшілікке тигізетін әсеріне тоқталды.

🔗«Ашық алаң» бағдарламасының толық нұсқасы

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌨 23 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік облыстарда жаңбыр аралас қар жауады.

Синоптиктер ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп болжайды.

Қазақстанның солтүстігінде және шығысында көктайғақ, солтүстік облыстарда бұрқасын болады.

Ал бүгін Астанада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2–4 °C, күндіз +6–8 °C.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📸Қарағанды облысында сирек кездесетін арқарлар фототұзаққа түсіп қалған

Қарағанды облысында «Қызыл кітапқа» енген арқарлардың санын көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл сирек кездесетін жануарлар 19 камераның 17-сінде түсіп қалған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Г.Прокопқа берілді.

«Отан» орденімен Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры С.Жошыбаев пен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин марапатталды.

Cондай-ақ «Барыс» ордені Премьер-Министрдің орынбасары Т.Дүйсеноваға, шахматтан әлем чемпионы Б.Асаубаеваға, Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевқа, Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Сейдәзімовке табысталды.

Әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдері І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды

Атап айтқанда, суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін Р.Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының аға жауынгері Ж.Пермабек, «Ерлігі үшін» медалімен Павлодар облысы полициясының учаскелік аға инспекторы Е.Қойкен, Ақтөбе қаласының полиция инспекторы Ф.Нұрманов, Талдықорған қаласының полиция инспекторы С.Серікқалиұлы, жасөспірімді өрттен құтқарғаны үшін Атырау қаласы полициясының учаскелік инспекторы Д.Қорғанбаев наградталды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышеваға, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекеттік сыйлық ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

жазушы Құлбек Ергөбекке – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

авторлық ұжым Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапановаға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

суретші Жанұзақ Мүсәпірге – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌾 Қазақстанда 26,5 млн тонна астық жиналды

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,3 млн гектарды құрады, оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. 26,5 млн тонна астық бастырылды.

Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жоғары нәтижелер байқалады. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында күздің қолайлы ауа райы егін жинау науқанын айтарлықтай шығынсыз жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.


📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏠Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында үй кезегінде тұрған 35 отбасына пәтер кілттері табысталды

Оның 19-ы көпбалалы жанұя. Өзгесі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ауған соғысының ардагерлері.

Жалпы облыс орталығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 10 мыңға жуық адам кезекте тұр. Жыл басынан бері 100-ден астам баспана пайдалануға берілген. Тағы 900-ге жуық отбасыға пәтер кілттері табысталмақ.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎞 «Qazaqstan» телеарнасы «Ерте көктем» тарихи телехикаясысын ұсынады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ мәдениеті мен руханиятының даму кезеңін суреттейтін «Ерте көктем» тарихи телехикаясы эфирге шығады.

🎬 4 бөлімнен тұратын сериалдың сюжеттік желісіне 1920-1930 жылдардағы тұңғыш жоғары оқу орны Қазақ педагогикалық институтында оқыған студенттердің естеліктері мен ел руханияты үшін сіңірген еңбектері арқау болды.

📺 Эфир уақыты: 26-27 қазан 15:00-де.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🦠Германияда алғаш рет маймыл шешегі анықталды

Мұны Роберт Кох атындағы қоғамдық денсаулық институты хабарлады. Мекеме таратқан тағы бір мәліметте бұл аурудың Германияда кең тарау мүмкіндігі төмен екені айтылған.

Айта кетсек, маймыл шешегі биыл Конго Демократиялық Республикасында өршіп, Африканың өзге елдерінде мыңдаған адамнан және Швецияда анықталды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері белгілі болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығына қол қойды.

Мемлекеттік сыйлық ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

Жазушы Құлбек Ергөбекке – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

Авторлық ұжым Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапановаға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

Суретші Жанұзақ Мүсәпірге – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағының иегерлері

Еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлеріне «Қазақстанның халық әртісі» атағы:

Театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышеваға;

Опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ әнші М.Ілиясоваға берілді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстанның Халық жазушысы» атағының иегерлері

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Темірхан Медетбек, Владимир Михайлов және Исраил Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📚 Ел тарихында тұңғыш рет екі мұғалімге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM