Qazaqstan.tv
49.4K subscribers
13.4K photos
15.4K videos
11 files
7.11K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🇫🇷🇫🇷🇫🇷🇫🇷 Париж-2024: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылды. Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластарын назарларыңызға ұсынамыз:

🥊Ерлер:

51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 келі: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)

🥊Әйелдер:

50 келі: Назым Қызайбай -
Джиордана Соррентино (Италия)
57 келі: Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)
75 келі: Валентина Хальзова - Атейна Билон (Панама)

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷🇫🇷🇫🇷🇫🇷 «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде көрсетеді

Ашылу салтанатын «Qazaqstan» арнасында Есей Жеңісұлы мен Руслан Бақытжан жүргізеді. Ал тікелей эфир қонақтары – Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов пен Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.

✔️Бүгін 21:55-те «Qazsport» телеарнасынан ашылу салтанаты алдындағы «Париж-2024» студиялық бағдарламасы көрсетіледі.

Сонымен бірге «Qazaqstan», «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі» студиялық бағдарламасы эфирге шығады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📲Телефон алаяқтары өздерінің заңсыз әрекеттерін Астанадағы жалдамалы пәтерлерде жүзеге асырған

Жедел-іздестіру іс-шараларында виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын желіге қосқан Қызылорда облысының тұрғындары анықталды.

Олардың күнделікті табысы кем дегенде 45 мың теңге. Полиция қызметкерлері 230 SIM-картаға, 4 ұялы телефонға, банк карталарына және флэш-карталарға арналған слоттары бар GSM-box аппаратурасын тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💸Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 20 триллион теңгеге жетті

Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жинақтары көлемі шамамен 3,9 трлн теңгеге өсті. Жинақтардың 96%, яғни 19,3 трлн теңге - міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі - 6,5 млрд теңге.

https://qazaqstan.tv/news/197040/

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🐋Бразилияда акулалардың ағзасынан кокаин табылды

Ғалымдардың айтуынша, жыртқыштар кәріз құбырлары мен құпия мұнай өңдеу кәсіпорындарынан жеткен қуатты стимуляторларды тұтынған. Сондықтан олардың организмінен есірткі анықталып отыр.

Жалпы алғанда соңғы үш жылда 13 акула тексерілген. Кокаин олардың бауыр жасушалары мен бұлшық етінен табылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚠️ Ақтөбеде масаң күйде көлік жүргізген полицей ерлі-зайыптыларды мерт қылды

34 жастағы полиция қызметкері рульге ие бола алмай, екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптылар оқиға орнында қаза тапқан.

Жол апатына кінәлі адам қамауға алынып, қызметкердің басшысымен бірге барлығы 7 қызметкер жұмысынан босатылды.

Қылмыстық іс қозғалды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸 АҚШ вице-президенті Камала Харрис Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Оның мәлімдеуінше, Таяу Шығыс проблемасы екі ел формуласымен, яғни Палестина мемлекетін де құрумен шешілуі керек. Одан соғысты тоқтатуды әлем жұрты ғана емес, Израильдің өз тұрғындары да талап етіп отыр.

Айта кетейік, кеше АҚШ вице-президенті Камала Харрис Twitter-дегі парақшасында ресми түрде өзінің президенттік сайлауға қатысатынын растады. Ол «Мен Камала Харриспін және мен Америка Құрама Штаттарының президенттігіне үміткермін», - делінген ролик жолдады.

АҚШ-та алдағы президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏫Алматы мен Астанадағы ЖОО-ы қала сыртына көшіріледі

Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл қаладағы кептелісті азайтып, студенттердің өмір сүру сапасын жақсартады.

Енді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қалашығы Алматының ішінде емес, іргесінде бой көтеруі мүмкін. Ал Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне жаңа темір жол вокзалы маңынан 50 гектар жер берілген.

✔️Аталған оқу ордаларында ұстаздарды айтпағанда 25 мыңдай студент бар. Бұдан өзге оқу орындары да біртіндеп қала сыртына көшіріледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌳Үкімет басшысы өрттен кейінгі «Семей орманын» қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Былтыр маусымда 66 мың гектарға жуық орман қоры зардап шеккен еді.

✔️«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» 70 мыңнан астам көшет отырғызылды.

✔️Резерват аумағында заманауи швед жабдықтары арқылы жеделдетілген технология бойынша жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері өсіріледі.

✔️Күйген ағаштарды кәдеге жарату, қайта өңдеу үшін өңірде дайын өнім – ЛБТ, АЖТ, ББТ, отын брикеттерін шығаратын ағаш өңдеу кешенін салуға 7,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.

✔️Биыл Үкімет қаулысымен 1 шілдеден бастап еліміздегі орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастады. Орман өрт сөндіру бекеттерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, табиғатты қорғау және орман орналастыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 100%-ға дейін үстемеақы алады.

✔️Былтыр жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 бірлік арнайы техника, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, шағын орман өрт кешендері, трактор, патрульдік автокөлік сатып алынды. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жұмыстар жалғасып жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Алакөлге дельтапланмен құлаған екі азаматтың жағдайы ауыр

Екеуінің де жабық бас сүйек ми жарақаты бар. 1984 жылы туған азаматшаның сол жақ тізесі жараланып, тобығы сынған. Ал 1980 жылғы ұшқыштың жамбасы сынып, басы жарылған.

Науқастарға көмек көрсету үшін Талдықорғаннан нейрохирург пен травматолог дәрігер жолға шықты. Жағдайы нашарласа санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізуі мүмкін.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Маңғыстауда 10 жасар бала суға кете жаздады

Жеткіншек ата-анасымен бірге Құрық ауылындағы теңіз жағалауына барып, үрлемелі шеңбермен суға түскен. Толқынның салдарынан бала жағалаудан 300 метрдей қашыққа кетіп қалған.

Абырой болғанда, сол аумақта кезекшілікте жүрген мамандар жеткіншекті құтқарып қалды. Аймақта жыл басынан бері 9 адам суға кеткен. Оның екеуі - бала. Ал 51 адам судан құтқарылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⬜️⬜️⬜️⬜️ Елордалықтар Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын ашық аспан астында тамашалай алады

XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына санаулы сағаттар қалды. «Qazaqstan» телеарнасы Астана тұрғындары мен қонақтары үшін Олимпиаданың ашылу салтанатын үлкен экраннан тамашалауды ұсынады.

Көрерменге ыңғайлы болу үшін MEGA Silk Way СОО мен ЭКСПО аумағында, Тұран даңғылы мен Д.Қонаев көшесі және Б. Момышұлы көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында, елордалық Арбат маңындағы Есіл жағалауында LED экрандар қойылды.

Сондай-ақ «Qazaqstan», «Qazsport» арналарынан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтар үшін ертеңнен бастап күн сайын, жарыс кестесіне сәйкес Олимпиада ойындары ашық аспан астындағы LED экрандардан көрсетіледі.

Жерлестерімізге бірге жанкүйер болайық!

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌍 ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

✔️АҚШ вице-президенті Камала Харрис Нетаньяхуды Израильдегі соғысты тоқтатуға шақырды. Оның мәлімдеуінше, Таяу Шығыс проблемасы екі ел формуласымен, яғни Палестина мемлекетін де құрумен шешілуі керек.

🐋Бразилияда акулалардың ағзасынан кокаин табылды. Ғалымдардың айтуынша, жыртқыштар кәріз құбырлары мен құпия мұнай өңдеу кәсіпорындарынан жеткен қуатты стимуляторларды тұтынған.

🔥Канада мен Құрама штаттарда орман өрті өршіп барады. АҚШ-тың Калфифорния штатында да жасыл желектер жанып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, мыңдаған гектар орман күлге айналған.

✔️Астрахан облысынан Алтын Орда хандарының қорымы табылды. Ескерткіш-қорым Ақ Сарай қалашығы деп аталатын ортағасырлық қираған ғимараттардың қалдықтарынан тұрады.

⚡️Эфиопияда лай көшкіні құрбандарының саны 500-ге жетті. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының жергілікті Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі хабарлады.

✈️Германияның Франкфурт әуежайында 270 рейс доғарылды. Бұған экология белсенділерінің авиациялық терминалдың қоршауын құлатып, ішке енуі себепші. Шерушілер ұшу-қону алаңын да басып алған.

🍉Өзбекстанда қарбыз бағасы рекордтық деңгейге дейін төмендеді. Шаруалар оны жинамай егіс басында қалдырып, кейбірі малға беріп жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⬜️⬜️⬜️⬜️ «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде көрсетеді

Ашылу салтанатын «Qazaqstan» арнасында Есей Жеңісұлы мен Руслан Бақытжан жүргізеді. Ал тікелей эфир қонақтары – Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов пен Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Qazaqstan.tv
⚡️Марат Әйтенов бұрынғы әйеліне күш көрсеткені үшін қамауға алынды Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана соты хабарлады. Таратылған хабарламада «Құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оған дөрекі…
⚖️Астанада Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің бұрынғы әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отырған ағасы Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр.

2024 жылғы 12 шілде күні сағат 16:00 шамасында Әйтенов Марат 1 жыл бұрын сатылған, бірақ бұрынғы жұбайы Әтешова босатпай жүрген үйге сот шешімінің нәтижесін күтпей басып кірген. Қылмыстық ниетімен Әтешоваға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасай бастаған.

Судьяның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша Әтешованың мойнын, денесін, аяқ-қолдарын және бөксесін көгерту сияқты дене жарақаттары анықталған.

«Оның шашынан жұлып, сүйреген жоқпын, керісінше құлап бара жатқан кезде басымен жерге соғылмас үшін қолымды қойдым», - деді Марат Әйтенов. Айтуынша, басты мақсаты – балаларын қорғау болған.

Әйтенов экс-әйелі тағып отырған айыппен келісіп, кінәсін мойындады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷🇫🇷🇫🇷🇫🇷Санаулы сағаттардан соң «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуы

Париждегі дүбірлі доданың ашылу салтанатын «Qazaqstan» арнасында комментаторлар Есей Жеңісұлы мен Руслан Бақытжан, «Qazsport» арнасында Уәлихан Қосанбай мен Сергей Райлян жүргізеді.

🇰🇿Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің мемлекеттік туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шығады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷🇫🇷🇫🇷🇫🇷Ту ұстаушыларымыз Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова Олимпиаданың ашылу салтанатына дайын

Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын бүгін 22:25-те «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары көрсетеді.

🇰🇿Ел намысын қорғайтын споршыларымызға сәттілік тілейміз!

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷🇫🇷🇫🇷🇫🇷Бірнеше сағаттан кейін Олимпиада ашылады: Париж қаншалықты дайын?

Қазір Францияда дайындық қызған. Полицейлер мен волонтерлерді қоса алғанда 80 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалап жүр. Дүбірлі додаға келген спортшылар қайықтарға отырып, Сена өзенімен өтеді.

Олимпиадаға дайындық барысын тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тікелей байланысқа шығып, баяндады.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷🇫🇷🇫🇷🇫🇷Қазақстан ұлттық құрамасы қайыққа отырды

Санаулы минуттардан кейін Парижде төртжылдықтың басты спорттық шарасы басталады.

Жазғы Олимпиада ойындарының тарихында тұңғыш рет – барлық қатысушы елдердің 10 мыңнан астам спортшысы Сена өзенімен жүзіп өтеді.

Тікелей эфирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көре аласыздар.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇫🇷🇫🇷🇫🇷🇫🇷Парижде XXXIIІ Олимпиада ойындары басталды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Франция астанасынан тікелей хабар таратады.

Бүгінгі ашылу салтанатының құрметіне Ермахан Ыбрайымов, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Анна Алябьева сынды беделді спортшыларымыз «Qazaqstan» және «Qazsport» студияларына қонақ болып келді.

Дәл қазір Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде жалауын желбіретті. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында 205 елдің 10 500 спортшысы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олардың қатарында 80 отандасымыз бар.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM