Qazaqstan.tv
49.4K subscribers
13.4K photos
15.4K videos
11 files
7.11K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🔥Ташкентте қоймада жарылыс болды

Ташкент әуежайы маңындағы кеден қоймасында күшті жарылыс болды. Зардап шеккендер бар, олар ауруханаға жеткізілді.

Қазір жарылыстан шыққан өрт ауыздықталды, оны сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🥉Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

🤺Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы (Артем Саркисян, Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев) жартылай финалда Оңтүстік Корея командасынан 41:45 есебімен жеңіліп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл - Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына түскен он бірінші қола медаль.
📆 Бүгін ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан шоқтығы биік жазушылардың туған күні

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 126 жыл, жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл, жазушы, журналист Шерхан Мұртазаның туғанына 91 жыл толып отыр.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы биыл Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкейдің бейнелері сомдалған қазақ телевизиясының 65 жылдығына арналған «Парыз» телехикаясын түсірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💡Қарағанды жарықсыз қалды

Қаладағы үшінші жылу электр орталығында апат болған.

Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Электр жарығынсыз қалған абонент саны нақтылануда.

✈️ @qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢📢 Дәл қазір тікелей эфирде ХІХ Жазғы Азия ойындары

🏐 Жағажай волейболы

🇮🇷 Иран-Қазақстан 🇰🇿

Ұлттық құрама спортшыларына бірге жанкүйер болайық!

Тікелей трансляция:
🌐 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥇🇰🇿 Зухра Ирназарова Азиада чемпионы атанды

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеу сайысында сынға түскен қазақстандық мерген Зухра Ирназарова 560 ұпай олжалап, ХІХ Жазғы Азия ойындарының алтын жүлдесін еншіледі.

Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлде түсті.

👏Құтты болсын!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥈🇰🇿Қазақстандық мерген қыздар Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды

10 метрден жылжымалы нысана көздеуден ел намысын қорғаған Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Сәдуақасова) жалпы 1642 ұпай еншілеп, Ханчжоудағы Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Бұл - Қытайдағы құрлықтық додада ел қоржынына түскен үшінші күміс медаль.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ХІХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

ЖЕНСЕЛЬ ДЕНИЗ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

+67 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жансель жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ли Да Биннен жеңіліп, Азиаданың қола жүлдесін еншіледі.
🥇🇰🇿Қазақстан қоржынына Азиаданың үшінші алтын жүлдесі түсті

Әсем Орынбай
мен Эдуард Ещенко - Азиада чемпиондары.

Стенд атудың скит бағдарламасының аралас жұптық сыны финалында ел намысын қорғаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Кувейт командасын жеңіп, жазғы Азиада чемпионы атанды.

👏Құтты болсын!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ХІХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

🤩 СМАЙЫЛ ДҮЙСЕБАЙ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ


+80 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Смайыл жартылай финалда қытайлық спортшыдан жеңіліп, Азиаданың қола жүлдесін еншіледі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥇🥇🥇🥇 Жазғы Азиаданың екі дүркін жеңімпазы Әсем Орынбайдың эксклюзивті сұхбаты

Қазақстандық мерген бүгін стенд атудың скит бағдарламасы бойынша аралас жұптық сайыс финалында Эдуард Ещенкомен бірге Кувейт құрамасын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Кеше отандасымыз командалық сында алтын жүлдеге қол жеткізген еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ХІХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНЫП, ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА 15-ҚОЛА ЖҮЛДЕНІ САЛДЫ.

Сергей Богату және Дмитрий Яковлев жұбы үшінші орын үшін өткен ойында Иран құрамасын 2:0 (25:23, 30:28) есебімен жеңді.
🥇🥇🥇🥇 ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА 1️⃣ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

НАРИМАН ҚҰРБАНОВ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Спорттық гимнастикадан ат үстіндегі жаттығуда сынға түскен Нариман 15,100 ұпай жинап, жарыс нәтижесі бойынша үшінші орын алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Азиада чемпионы Зухра Ирназарованың анасы Ұлттық арнаға сұхбат берді

ХІХ Жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Зухра және Фатима Ирназарованың анасы Гүлнар Хашимова «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді.

Зухра Ирназарова бүгін 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысана көздеу сайысында алтын жүлдеге, командалық жарыста Фатима Ирназаровамен бірге күміс медальға ие болды.

📺 Толығырақ бүгін 17:00 және 20:00-де «Aqparat» жаңалықтар топтамасында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥉Әділбек Мусин - Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері

Жүзуден ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сынында ел намысын қорғаған Әділбек Мусин қашықтықты 23.44 секундта жүзіп, мәреге үшінші болып келді.

Кеше ғана отандасымыз 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола жүлдеге ие болған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔊 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Әнуарбек Байжанбаев атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздарын жариялады

1 қазан - Радио күніне және Әнуарбек Байжанбаевтың 100 жылдығына орай өткен байқауға 17 мен 35 жас аралығындағы 40-тан астам үміткер қатысты.

Бүгін Алматыда байқау жеңімпаздары марапатталды. Жүлдегерлер арасында кәсіби журналистермен қатар, ЖОО ұстаздары, студенттер мен мектеп оқушылары бар.

«Жетісу» облыстық радиосының редакторы Аршын Айдынбекұлы байқауда 1-орынды иеленсе, «Хабар24» телеарнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Асланбек Шығыр мен журналистика факультетінің түлегі Рабиға Патта 2-орынға ие болды. 3-орын иегерлері: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ұстазы Назкен Жансерікова, журналист Назгүл Пахман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 1-курс студенті Ахметкәрім Әнуар.

Жеңімпаздарға «ASSYLTAS» қоғамдық қорының демеушілігімен ақшалай жүлде табысталды.

📌Бүгінде Корпорацияның «Алтын қорында» диктордың дауысымен оқылған 400-ден астам жазба, 10 мыңға жуық әдеби-музыкалық туынды сақтаулы тұр. Биыл мамыр айында «Шалқар» радиосында Әнуарбек Байжанбаев атындағы студия ашылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 🇩🇪 Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев жеке неміс инвесторлары қатысатын жобаларды қаржыландыру бойынша екіжақты Жұмыс тобының қолдауымен Шикізатты бірлесе игеру жобаларын іске асыру жөніндегі консорциум құруды ұсынды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Германия тарапын Транскаспий бағытының әлеуетін пайдалануға, сондай-ақ Каспийдегі Ақтау және Құрық порттарының инфрақұрылымын дамыту ісіне қатысуға шақырды.

✔️Сонымен қатар неміс тарапын жаңартылатын энергия көздерін, соның ішінде «жасыл» сутегін дамыту үшін анағұрлым тығыз қарым-қатынас орнатуға үндеді.

✔️Бұл ретте Маңғыстау облысында Svevind Energy неміс-швед компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «жасыл» сутегін өндіру жобасының маңыздылығы атап өтілді.

✔️Президент Қазақстан азаматтарына қатысты виза режимін жеңілдету мүмкіндіктерін атап өтті.
🇰🇿Президент Украина төңірегіндегі қақтығыстарға қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

– Украинадағы қақтығысқа келер болсақ, Қазақстан әскери іс-қимылдардың тез арада тоқтатылуын және БҰҰ Жарғысы негізінде бейбіт келіссөз жүргізілуін жақтайды. Ресей де, Украина да келіссөз жүргізуге дайын екенін растайды. Алайда келіссөздің қандай алаңда жүргізілетіні әзірше белгісіз. Сондықтан парасатты, салмақты, салиқалы дипломатияның кезеңі туады деп ойлаймын. Олар бірін-бірі айыптауды доғарып, екі жаққа да тиімді келіссөздің жолын табуы керек. Қазақстан Украина қақтығысын шешудің қандай да бір жолдарын ұсынып жатқан өзге елдер мен мемлекеттер тобының күш-жігерін қолдайды.

Ал Қазақстан мен Ресейдің шекарасына келер болсақ, оған делимитация жасалып, айтарлықтай деңгейде демаркацияланды. Сондықтан Ресеймен арада қандай да бір территориялық дау жоқ.

Санкцияны айналып өту мәселесіне келер болсақ, Қазақстан санкция режимін мүлтіксіз сақтайтынын мәлімдеді. Германия тарапының санкция режимін айналып өту ықтималдығына қатысты ешқандай күмәні болмауға тиіс деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.