Qazaqstan.tv
52.8K subscribers
10.8K photos
11.6K videos
11 files
5.22K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎬Қазақ киносының қоржыны 6 бірдей тарихи телехикаямен толығады

🎞«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көрермен назарына тағылымы мол туындыларды ұсынбақ.

🔴Дәл қазір «Қазмедиа» орталығында «Жәңгір хан. Сарай сыры», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Домалақ ана», «Тәшенев. Тайталас», «Қаныш. Қазына», «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» тарихи телехикаяларының таныстырылымы өтіп жатыр.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы тарихи сериалдарының таныстырылымын өткізді

Ұлт қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Жұмабек Тәшенев, Қаныш Сәтбаев, Мұқағали Мақатаев, Жәңгір хан мен Домалақ ананың өміріне арналған тарихи туындылар «Qazaqstan» арнасының эфирінен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында беріле бастайды.

Шараға Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, депутаттар, телевизия ардагерлері мен журналистер қатысты.

«Корпорацияның, жалпы, еліміздің сериал өндірісі тарихында бұған дейін бір жыл ішінде 6 көпбөлімді тарихи телехикая түсірілген жоқ. Сондықтан биылғы жыл біз үшін үлкен сынақ пен тәжірибеге толы жыл болды. Ең бастысы, дәл осындай тәуекелдер арқылы нарықта тарихи сериал өндірісіне машықтанған компаниялар саны артып, сериалдар үшін жаңа бейнелер қалыптасып жатыр», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай шараның ашылуында.

Толығырақ

@qazaqstantv
Қазір біздің киноиндустриядағы өз жолымыз бар - Аида Балаева

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген тарихи сериалдар таныстырылымында отандық сериал нарығында бәсекелестіктің қалыптасқанын атап өтті.

«Қазір біздің киноиндустриядағы өз жолымыз бар. Бұл саладағы жұмыс жылдан-жылға қарқын алып келеді. Соңғы 5 жылдың ішінде 3500-ден астам бөлімнен тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Осыдан 10 жыл бұрын сериал дайындайтын продакшн-компаниялар саусақпен санарлық болса, бүгінде бұл салада бәсеке жоғары. Бүгінде тарихи жобалар мемлекеттік телеарна өнімдерінің 30%-ын құрайды. Биыл жыл аяғына дейін тарихи бағытта 12 сериал көрермен назарына ұсынылады. Тәуелсіздіктің құнын біліп, оның қадір-қасиетін бағалау үшін – біз өткенімізді ұмытпауымыз керек. Тарихта қандай жолдардан өттік, қандай тұлғалар болды барлығын ұрпаққа ұғындыру керек. Осы сериалдар арқылы біз өскелең ұрпаққа тарихи тұлғалар мен олардың өнегелі өмірін таныстырамыз», - деді министр өз сөзінде.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📽«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қор» сайты және «Алтын қор. Аманат» жинағы таныстырылды

🎞Бүгін телерадиокорпорацияның altynqor.com cайты іске қосылды. Сайтта Қазақ телевизиясы қорындағы 1930 жылдардан бергі видео және аудиоматериалдар топтастырылған.

«Бұл - «Алтын қордағы» ұзақ жылдардан бері сақталған мұраға қызығушылық танытқан әрбір жанға қолжетімді ету мақсатында жүзеге асқан жоба. Сағынышқа айналған бейнелер мен дауыстарды, мазмұнын жоғалтпаған хабарларды осылайша халықтың игілігіне қайта ұсынуды жөн санадық. Сайт қарапайым көрерменнен бөлек, зерттеуші ғалымдар үшін ашық дереккөз ретінде пайдалануға үлкен мүмкіндік. Бүгінде қорда 110 мыңнан астам бейне және аудиоматериал болса, оның қатары жыл сайын 1000 материалмен толықтырылып отырады. Сондықтан сайтты толтыру ісі де тұрақты түрде жалғасады», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Шарада Қазақ радиосының 100 жылдығына орай жарыққа шыққан «Алтын қор. Аманат» аудиожинағы таныстырылды.

Толығырақ

@qazaqstan
📌Мемлекет басшысы 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы, АЕК пен ең төменгі зейнетақы мөлшерін бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.

Құжатқа сәйкес ең төменгі жалақы, мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі зейнетақы, айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітілді.


@qazaqstantv
‼️2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткілікті мөлшері өзгереді

Мұны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылға арналған әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері өзгеруімен байланыстырады.

Атап айтқанда ең төменгі жалақы мөлшері келесі жылы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар, күнкөріс минимумы және ең төменгі зейнетақы мөлшері де өзгереді.

Зейнетақы қоры осыны ескеріп, 2022 жылғы жинақтық шек мөлшерін қайта есептеген.


@qazaqstantv
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✈️Бүгіннен бастап Египетке баратын рейстер тоқтатылады

Билет алып қойған жолаушылардың жолақысы түгелімен қайтарылады.

Ал 8 желтоқсанға дейін Мысырда жүрген 1300 жолаушы елге жеткізіледі.
🚗ТОП-15: 2021 жылы Қазақстанда ең көп сатылған жаңа көліктер

Биыл қазан айында Қазақстанда 9,3 мыңға жуық жеңіл автокөлік және коммерциялық техника саудаланған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 3,6%-ға көп.

Ал 2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында 96,8 мыңға жуық жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылымға шыққан. Бұл былтырғы жылдың қорытындысымен салыстырғанда 31,9%-ға өсімді көрсеткен.

Energyprom мониторингтік агенттігі 2021 жылы Қазақстанда ең көп сатылған жаңа көліктердің тізімін жариялады. Тізімді Chevrolet маркалы автокөлік бастаса (25 мың), одан кейінгі орындарда Hyundai (19,4 мың) және Toyota (11,4 мың) тұр.


@qazaqstantv
Елорда толығымен газдандырылады

Нұр-Сұлтандағы Алматы және Сарыарқа аудандары газдандырылды. Газ тарату желілері 9 тұрғын үй алабы жүргізілді:

«Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Промышленный», «Агроқалашық», «Оңтүстік-Шығыс», «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар»

Қазір «Қазақауыл», «Ақбидай» шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесіндегі ескі бөлігінде газды іске қосу үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.

@qazaqstantv
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️Бұдан былай жоғару оқу орындарына бөлінетін гранттар тоқтатылды

Енді оқу гранты түлектерге беріледі. Абитуриент оқу орнын өзі таңдайды.

Осылайша ЖОО арасында бәсеке артады дейді Білім және ғылым министрі.

@qazaqstantv
💰Зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін алуға қатысты 2 триллион теңгенің өтініші мақұлданған:

🏡Басым бөлігі ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін сұраған. Арасында ипотекалық несиесін өтеушілер көп.

🩺Емделуге деп ақша сұраған 71 мыңнан астам адамның өтініші мақұлданды.

🏦3 мыңнан астам азамат қордағы 6 миллиардтай теңгесін өзге компаниялардың басқаруына беруді қалаған.
🚗Сараптама: Қазақстанда көлік бағасы неге қымбаттап жатыр?

📌Автобизнес қауымдастығының дерегі бойынша жыл басынан бері жаңа көліктер 8,3 пайызға, ал жүрілген машиналар 10 пайызға қымбаттаған.

Елімізде көліктердің қанша проценті жаңа? Қаншасы ескі?
Қанша процент көлік несиеге алынады? Айына шамамен қаншаға шығады?

Оңғар Алпысбайұлының сараптамалық бейнематериалы 👇

https://youtu.be/Y_soyeP3B_4
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы