Елімізде Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылды
Қазақстан халықаралық әуе бағыттарын кеңейтуді жалғастырып жатыр. FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстанға жаңа тұрақты рейстерді іске қосты.
🛫 26 маусымнан бастап Ақтау – Үрімші бағыты бойынша аптасына екі рет рейс орындалады.
🏞 Ал 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл бағыты ашылды. Бұл бағыт ұшақтар аптасына екі рет қатынайды.
«Жаңа рейстер Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен туристік, іскерлік және сауда-экономикалық байланысын нығайтып, жолаушыларға халықаралық сапар мүмкіндігін арттырады», - делінген ҚР Көлік министрлігі хабарламасында.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏔 4317 метр биіктікте жоғалған турист қыздар табылды
Алматы маңындағы Сәтбаев шыңына көтерілген 2007 және 2008 жылы туған екі турист қыз белгіленген уақытта оралмай, байланысқа шықпаған.
🚨 Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қалалық құтқару қызметінің мамандары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.
⛰ Турист қыздар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте, Сәтбаев шыңы маңындағы кемпинг аумағынан табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге дейін алып жүрді. Қыздардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.

🤣3🙏2😎1
📈Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу қуаты артады
Қашаған мен Қарашығанақта қайта өңдеу қуаттарын іске қосу есебінен ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі 29,6%-ға, яғни 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 млрд текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
🔹Сондай-ақ министрдің сөзінше, 2027-2030 жылдар аралығында тауарлық газдың қосымша көлемі 1,6 млрд текше метрге, 2031 жылы – 2,3 млрд текше метрге, ал 2032 жылы 6,6 млрд текше метрге жетеді.
🔹2026 жылдың соңында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісіне қарасты желілік бөлігінің бірінші кезеңін, ал 2029 жылы оның екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр.
🔹2027 жылы Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ және Жаңаөзенде қуаттылығы жылына 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға берілмек.
🔹2030 жылға қарай Қашағанда қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын ГӨЗ, сондай-ақ Қарашығанақта қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр болатын ГӨЗ іске қосу көзделген.

❤5👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Ақша бопсалау: Павлодар облысында күдікті топ ұсталды
Polisia.kz хабарлауынша, Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Ақсу және Екібастұз қалаларының аумағында бірнеше рет бопсалау қылмысын жасады деген күдікке ілінген адамдар тобы ұсталды.
🔹Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер азаматтарды қорқытып-үркіту арқылы олардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Зардап шеккендердің қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар.
✅Жүргізілген тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
✅Бопсалау деректері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

❤7🤔1
🔹Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді
Конституциялық сот Мемлекет басшысының қызметін бұрынғы қолданыста болған Ата заң бойынша атқарып келе жатқан Президент, Конституциялық сот төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы және Бас прокурордың осы қызметтерге жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай сайлану не лауазымға тағайындалуын ресми түсіндіру туралы өтінішіне жауап берді.
Толығырақ сілтемеден оқуға болады.

❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
AI-Sana бағдарламасының нәтижесінде еліміздегі университеттерде жасанды интеллект саласында 440-тан астам қолданбалы жоба әзірленген.
Бағдарламаның алғашқы кезеңінде жасанды интеллект құзыреттерін қалыптастыруға және кадрлар даярлауға назар аударылса, ал қазір студенттер нақты салалық міндеттерге бағытталған цифрлық шешімдерді ұсынуға дайындалып жатыр.
✅Бағдарламаның екінші кезеңінде еліміздегі 105 жоғары оқу орнынан 87 мыңнан астам студент пен 1 500-ден астам куратор білім алып жатыр. Осы уақыт ішінде бағдарлама қатысушылары ұлттық компаниялар мен экономиканың басым салаларындағы қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған 442 жасанды интеллект шешімін әзірлеген.
Бұл жобалар білім беру мен ғылымнан бастап денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы және өнеркәсіпке дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Жобалардың ең көп саны білім беру саласында жүзеге асырылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның биылғы алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы есепті тыңдады.
Әлихан Смайылов баяндамасынан:
▫️аталған кезеңде сомасы 5,8 триллион теңгені құрайтын 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілгенін айтты;
▫️анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде баяндады;
▫️биыл екінші жартыжылдықта 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланғанын жеткізді.
⚪️Жаңа Құрылтаймен өзара іс-қимыл аясында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бағаланады.

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады
Кездесуде әлемнің жетекші телеарналарының бірі саналатын корпорациямен ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Euronews уақиғаларды бейтарап жариялап, көрерменге сенімді ақпарат ұсынатын жаһандағы маңдайалды медиа ресурс ретінде танылғанын атап өтті.

❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстанда 181 жолаушы отырған ұшақтың шассиі сынып кетті
Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында Tez Jet әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты ұша алмай қалды.
🛬 Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ ұшуға екпін алған сәтте артқы шассиінің бірі сынып, әуе кемесі бір жағына қисайған.
🚑 Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Қазір оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

👍5🔥4👌2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😍Басши ауылына жыл басынан бері 15 мыңға жуық турист келген
Жетісу облысындағы Басши ауылы еліміздегі ең үздік туристік ауылдар қатарына енді. Бұл елді мекен «Алтын-Емел» ұлттық паркінің қақпасы саналады.
Жыл басынан бері мұнда 15 мыңға жуық саяхатшы келген. Оның 5 мыңнан астамы – әлемнің 30 елінен келген шетелдік меймандар. Қазір ауылдың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

🔥3❤2👌1