Qazaqstan.tv
51K subscribers
11.3K photos
12.2K videos
11 files
5.54K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌Құлсарыда тасқын кезінде баспанасы бүлінген алғашқы 109 тұрғынға қаражат аударылды

Атырау облысының Жылыой ауданындағы залалды бағалау жұмыстары апта соңына дейін аяқталады. Бұл жөнінде жергілікті штаб мәлімдеді.

Бүгінге дейін 100-ден аса тұрғынның жеке шотына қаражат аударылған. 357 адам өтемақы алу туралы келісімге қол қойды. Ал мыңнан аса үйдің сараптамасы дайын. Залалды бағалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠Оралда саяжайы жалғыз баспана деп танылғандарға жаңа үй беріледі

Тасқын кезінде Орал қаласы мен Бәйтерек, Теректі, Бөрлі аудандарында 16 мыңға жуық саяжай учаскесіне су кірді. Баспаналарға 15 мекеме техникалық сараптама жасап, жетеуі бағалау жұмыстарын өткізіп жатыр. Әзірге тасқыннан залал келген 300 үй тексерілді.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💸Қазақстандықтарға жұбайының рұқсатынсыз несие берілмейді

Мәселені бүгін Сенат депутаттары талқылады. Қаралған заң жобасы қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайтуға бағытталған.

2026 жылға дейін проблемалық несиелер коллекторларға сатылмайды. Ал егер тұрғын банк алдындағы қарызын 90 күннен артық төлемесе, оған басқа несие мүлде берілмейді.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💵ШҚО-да алимент төлемейтіндердің саны азаймай тұр

Облыстық әділет департаментінің мәліметінше, бүгінге дейін жалпы жиналған қарыз 400 миллион теңгеге жеткен.

Қазір өңірдегі жеке сот орындаушылар өндірісінде 13 мыңнан астам алимент ісі бар. Олардың басым бөлігі өз еркімен төлесе, 387 адам үш айдан артық төлем жасамаған.

Борышкерлерден бүгінге дейін 25 автокөлік тәркіленіп, сот арқылы 4 тұрғын үйдің үлесі бөлініп, өндірушілерге тапсырылды.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇬Қазақстан Сингапурға аса маңызды шикізат пен табиғи ресурстарды жеткізуге дайын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында тағы не айтты?

🔹Қазақстан аймақтағы инвестиция тартатын негізгі орталық болып қалуы үшін жаңа инвестициялық циклды іске қостық. Стратегиялық мақсатымыз – 2029 жылға қарай шетелден 150 млрд доллар тікелей инвестиция тарту

🔹Сингапурдың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,7 млрд доллардан асты. Таяу жылдары бұл көрсеткіш еселене түседі деп санаймыз

🔹Сингапур компанияларын экологиялық таза энергия өндіру, аталған салада технология және тәжірибе алмасу үшін серіктестікті кеңейтуге шақырамыз

🔹 Біз Қазақстандағы мыс және фосфат кен орындарын барлауға қызығушылық танытып отырған Indorama компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға үлкен үміт артамыз

🔹Біз бірлескен зерттеулерді, сондай-ақ дәрілер мен биопрепараттар өндірісін қаржыландыру үшін «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен Forebright компаниясының инвестициялық қор құру жоспарын құптаймыз


@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Атырау-Орал тасжолы жабылуы мүмкін

Атырау-Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында Жайық өзені суының арнасынан асуына байланысты бүгіннен бастап жеңіл автокөлік қозғалысы шектеу қойылуы мүмкін. Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады.

Көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау-Индер тасжолымен Махамбет ауданы тұсындағы көпір арқылы жүруге жағдай жасалған.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌊Су тасқынынан Сарайшықтағы жәдігерлердің шайылып кету қаупі бар

Елдімекен су қоршауында тұр. Мұнда 13 шақырымнан астам бөгет соғылған. Қазір соларды қосымша нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Ауылдағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер, балалар қауіпсіз жерге көшірілген. Су деңгейі төмендегенімен ағыс әлі де қатты.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды

Нұртөре Жүсіп қиын жағдайға тап болған әйелдерге, көпбалалы және жалғызбасты, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға көмек көрсетіп келе жатқан Орталықтарды қолдау тетіктерін арттыру жайлы Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

«Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде жұмыссыздар саны 452 мың адамды құраса, оның арасында жұмыссыз әйелдер 242 мың шамасында», - деді сенатор.

Депутаттың айтуынша, «Бақытты отбасы» сияқты орталықтар әйелдерді рухани, моральдық тұрғыдан қолдап, кәсіп үйретсе, екінші жағынан халқымыздың этнографиялық мұрасын жаңғыртып, жас ұрпаққа тәлім беретін таптырмас мәдени мектептің қызметін атқарады.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇬Қазақстан мен Сингапур арасындағы бірлескен жобалар қашан жүзеге асады?

Президент SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті.

Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Президенттің Сингапурға сапары жайлы осы жексенбі 20:50-де «Ақорда» бағдарламасында.
🚆ҚТЖ: Тағы үш бағытта әйелдер вагоны саны артады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ үш бағыт бойынша әйелдер вагоны санын арттыру туралы шешім қабылдады. Енді №354/353 «Астана-Семей», №24/23 «Ақтөбе-Алматы» және №25/26 «Алматы-Шымкент» бағыттарында әйелдерге арналған вагондар қатынайды.

Жалпы, елімізде әйелдерге арналған вагондары бар пойыздар 11 бағыт бойынша жүреді.

@qazaqstantv
💰Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтардың кірісі мен шығысын автоматты түрде есептептейтін ақпараттық жүйе енгізбек.

Осылайша, әлеуметтік көмекке шын мұқтаждар анықталып отырады. Онда азаматтың жылжымайтын мүлік сатып алуға, оқу ақысын төлеу, қосымша білім алу, демалыс аймағына бару және несие өтеу мүмкіндіктерінің бәрі қарастырылады.

Былтыр жалпы сомасы 59,4 млрд теңгеге 114 100 отбасы, биыл үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы атаулы көмекті алған.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌊Тасқынның пайдасы: Су қоймаларындағы қор рекордтық көрсеткішке жетті

Көктемгі тасқыннан кейін 405 қойма бір айдан астам уақытта 75 млрд текше метрден астам су жинаған. Жайылмадағы су кем дегенде 10 жыл тұрады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суды тиімді пайдалану және жинау үшін 57 жаңа су қоймасын салдыртуды жоспарлап отыр. Нысандардың құрылысы 2030 жылға қарай аяқталады деп жоспарланған.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Талдыкөл ауылының кірме жолын су шайып кету қаупі бар

Қазір жауапты мамандар топырақ төсеп, қосымша бөгетті нығайтып жатыр. Бұл жұмыстарға 80-ге жуық адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Бүгін Махамбет ауданындағы гидробекетте Жайықтың деңгейі 4 см-ге төмендеген.

@qazaqstantv
🦗Еліміздегі 2,5 млн гектар алқапқа үйірлі шегіртке таралуы мүмкін

Бұл былтырмен салыстырғанда 1 млн гектарға көп. Мұндай болжамды Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі айтты.

Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облысында жәндіктен келер қауіп жоғары - дейді. Үйірлі шегірткемен күресу үшін республикалық резервтен 8,1 млд теңге бөлінген.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Әскерден келгендердің несиесін төлеу мерзімі 2 айға ұзартылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ «1001 түн» бағдарламасында онлайн несиеге қатысты жаңашылдықтармен бөлісті.

Елімізде әскерге барғандар 1 жыл бойы несиесін төлеуден босатылған, енді жаңа заң бойынша әскерден оралғаннан кейін оларға жұмысқа орналасу үшін тағы 2 ай беріледі.

@qazaqstantv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Жұбайының рұқсатынсыз кредит берілмейді: Сенатта қызу талқыланған норманың бірі болды - Депутат

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ жаңа заңға сәйкес енгізіліп жатқан өзгерістердің біріне тоқталды.

@qazaqstantv