Forwarded from BILON
#кешкімотивация

Абай хәкімнің

"Өзіңе сен,
Өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап
"

деген сөздері ойыма оралып тұр. Кейінгі күндердегі толғаныс, уайымдарымның түйінін шешіп бергендей болды.

Бұл өмірде сенуге, арқа сүйеуге ең лайық адам ол – өзің.

Президент те, авторитет те, ата-атаң да, ұстазың да, бизнес серіктесің де – ешқайсы емес, тек өзің!

Проблема өзіңе сенбей, өзгеге сенген кезіңде басталады. Мүмкін сенің өзіңе сенбеуің, сенімсіздігің өзгеге көбірек арқа сүйегеніңнен шығар?

Осы сөйлемдерді бірнеше рет оқып, ой жүгіртіп көрші.

Өзіне сенетін адам не істейді?

1. Адал ЕҢБЕК етіп, ештеңеге, ешкімге қарамай, [Алланың алдында] сол істі асқан жауапкершілікпен барынша көркем түрде істеуге тырысады.

2. Қандай жағдай болмасын, өз басымен ойланып, АҚЫЛЫН қосады.

Еңбегің пен ақылың сені кез келген тығырықтан алып шығады. Әлемнің ең кедей елінде жалақасы ең аз жұмыстан бастасаң да, түбі бір жерді тесіп шығасың.
Forwarded from BILON
Бұл — ойын емес. Бұл — сенің болашағың.

Уақытыңды арна, оқы және өзіңнің ең керемет версияңа айнал. Сенің сылтауларың түкке тұрмайды. Әлеуметтік желіде өткізген сансыз сағаттар? Олар саған бас ауруы, жаман самооценка және көздің астындағы қара дақтардан басқа не берді?
Сен үнемі өмірде үлкен жетістіктерге жеткен адамдарға қызығатын едің ғой, енді сенің кезегің.

#кешкімотивация