Қарапайым саясат
40 subscribers
4 photos
1 video
1 link
Қазақстанда және әлемде болып жатқан саясат төңірегіндегі оқиғаларды жедел, объективті әрі қызық етіп саралап отырамыз.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде Навальныйды қолдап шыққандар осындай жерде қамалып жатыр 😢😡 Төсек матрас жоқ. Биікте тұрған туалет анау 🙈
АЙТЫЛҒАН СӨЗ «Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақалалардан еш қайыр болмайды»

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мақтама» деген сөздің өзін мақтап мақала жазамыз ғой енді? 😂😂
АВТОРИТАРИЗМ – бір адамның не азғантай топтың билікті өз қалауымен жүзеге асыруы. Оның ерекшеліктері қандай?


Авторитаризм ешқашан өз еркімен түлеп, жаңарып, демократия жолына түспейді.


Авторитаризм үнемі биліктің шылбырын қатты тартып, еркіндік шеңберін тарылта береді. Адамдардың бостандығын біртіндеп шектеп, өз құзыретін ұлғайтқан үстіне ұлғайтады, ал авторитар билік елде болып жатқан жағдайға жауапкершілігін азайта береді, оны бақылау, тексеру, тежеу механизмдерін жыл санап әлсірете береді.


Авторитаризм – геометриялық прогрессиямен құлдилау, азаматтық қоғам үнінің бәсеңдеуі, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы. Қоғамдағы еркін пікір алмасудың нашарлауы, құндылықтардың құнсыздануы, қоғамның деградациясы.


Демократия – компромисс пен консенсусқа, тоталитаризм – үрейге, авторитаризм – өтірікке негізделеді.


Авторитаризм кезінде өмір сүрген адамның құндылықтары деградацияға ұшырайды. Онда «заң үстемдігі», «әділ сайлау», «адам құқықтары», «сөз бостандығы» деген сөздер жиі айтылады, бірақ халық үшін олардың түк мәні жоқ.


Демократияда – өкімет халықтың арасында, тоталитаризмде – халықтың төбесінде, ал авторитаризмде әдемі перденің ар жағында отырады.


Авторитаризм кезіндегі саясаттың бәрі – үлкен театр. Әсіресе сайлау жалпыұлттық қойылымға ұқсайды. Авторитар басшылық әр сайлау сайын «кастинг» жариялап, түрлі актерларды жалдайды, бірақ сценарий бойынша ойнап шыққандардың өзін маңдайынан сипамайды.


Әр жаңа буын авторитар билікке өзінше айбат шегеді, бірақ авторитар биліктің әр буынға қарсы қолданар айла-шарғысы болады. Жас буын Авторитардың қоластында өскен буынның ұрпағы болғандықтан, үлкендердің дегеніне тез көнеді. Болмаса шетелге кетеді.


Авторитаризмде адамның білімі мен таланты билікті нығайтуға, оны әспеттеуге пайдаланылады. Авторитарға жақса, оған биліктің «күлшесі» тиеді, қажет болмаса лақтыра салады Ал қарсылық білдірсе, жаншып тастайды. Сондықтан авторитаризмнің дегеніне көнбеген, таланты бағаланбаған адам шетелге кетеді. Шетелге кете алмағандарын авторитар жүйе өзіне бейімдеп алады. Не оның таланты мен білімі ұмыт қалады да, өзі күйбең тірліктің шырмауында қалады.


Авторитар жүйе принципінен тайқығыш, екіжүзді, жалтақ, аяр, өтірікші адамдарды өсіріп шығарады. Олар «тобыр бәрін ұмытып кетеді» деп ойлап, биліктің қолайына жағатын түрлі рөлдерді ойнай береді. Бірақ билік оларды да аяқ сүртетін шүберек сияқты керек кезінде пайдаланады да, керек емес болса лақтыра салады. Бірақ кей «шүберектерді» ұзақ жыл қажетіне жаратады.


Авторитаризм шарықтау шегіне жеткенде билік өзі жазған сценарий бойынша рөлін бұлжытпай ойнап берген момақан әртістерінен де күмәндана бастайды.


Авторитаризм кезінде билікте талантты, харизмалы, білікті, принципшіл әрі халыққа сүйкімі бар адам қалмайды. Олар не саясаттан кетеді, не елден кетеді, тәуелсіз болып кетсе, «көзі жойылады».
АВТОРИТАРИЗМНЕН ШЫҒАТЫН ЖОЛ БАР МА?Авторитаризмнен шығатын екі жол бар. Бірі – шыдамы шегіне жеткен халықтың билікті төңкеруі, екіншісі – авторитар билік тізгіні үшін күресте басқа топ жеңіске жетіп, билікті қолға алуы, яғни «сарай төңкерісі». Екеуі де көп жақсылық әкеле қоймайды. Төңкеріске халық емес, билік кінәлі болады, себебі жағдайды соған жеткізетін – биліктің өзі. Төңкерістер қайталана беріп, ол сол қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлшегіне айналып кетуі мүмкін. Авторитаризм апаратын үшінші жол – тоталитаризм.


Авторитар билік жылан сияқты, ол жеті рет кесіліп, «демократиялық» билік орнады дегеннің өзінде кесірткелік жаны болады.


Авторитаризмнен «босауға» оның құрсауында болған мерзімнен екі-үш есе, кейде тіпті одан да көп уақыт кетуі мүмкін. Дегенмен, авторитаризм тұңғиығына батып бара жатқан елге қарағанда, одан шығып бара жатқан елдің демократияға жетуден үміті көбірек.


Авторитар басшы орнынан кетіріліп, «революция» болған күннің өзінде тез арада демократия орнай қоймайды. Азаматтық қоғам оның тұңғиығына батып бара жатқанда қалай күрессе, шығып бара жатқанда одан он есе көп күш жұмсауы керек болады.
Channel photo updated
2006 жылғы 13 ақпанда Алматы маңындағы таудан саяси қайраткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің денесі табылды. Бұл оқиға жұрттың бәрін есеңгіретті. Биліктегілер де, оппозиция да, жас та, кәрі де. Жұрттың көкейінде «Неге?», «Не үшін?», «Кім?» деген үрейлі сұрақ тұрды.

«Хабар» телеарнасы қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, министр, партия басшысы болған тау тұлғаның оққағары және жүргізушісімен бірге оққа ұшуын қылмыстық хроника түрінде, жаңалықтардың соңында берді.

Азалы жиынға жиналған ызалы жұрт Алматыдағы Республика алаңына лап қойды. Бұл – саяси көзқарасы әртүрлі жас пен кәрінің басын қосқан, эмоцияға толы табиғи митинг осы болды.

Жиында талай адам «Алтынбектің жолын жалғаймыз», «Мұратына адал боламыз», «Рухын өлтірмейміз» деп уәде берді. Сол кезде алаңға шыққандардың кейбірі қазір жоғары қызметте, кейбірі мәжіліс депутаты... Алтынбек Сәрсенбайұлының көлеңкесінде жүріп, шен-шекпенді болғандар үнсіз қалды... Әлі де үнсіз...

Кейін Талдықорғанда өткен сот процесіндегі «сайқымазақ» жақындарын былай қойып, бәрімізді ашынтты.

Киллер жалдау үшін «кредит алған» Өтембаев оқиғасы - Қазақстандағы құқықтық жүйенің трагикомедиясы еді.

Оппозицияның көбесі сөгілді, кетеуі кетті. Партиялар қожырап, бұрынғы тегеурінінен айрылды. Тұяқбай, Әбілев, Жандосов, Қосанов сияқты азаматтар біраз жерге дейін барды. Азалы жиын кезінде «заңсыз митинг» ұйымдастырғаны үшін сөткелеп қамалып та шықты. Бірақ кейін әрқайсысы өз жолымен кетті. Бірі бизнесіне оралды, бірі зейнетке шықты.

Сертіне адал болып қалған жалғыз адам – ағасы Рысбек Сәрсенбай болар.

Сол қаралы жиында марқұмның жары Салтанат Атушева «бұл оқиға тарих доңғалағын кері айналдырды» деген еді. Сол сөздің мәнін он бес жылдан соң түсінгендейміз.

Бүгінгі Қазақстанның саяси ахуалы – 2006 жылғы ақпандағы сол оқиғаның салдары. Бұл өлім Қазақстанды кері кетірген, дамуын тежеген, демократиядан алыстатқан қасіретті оқиға болды. Азаттықтың "Алтынбектің қазасына 15 жыл. Құпиясы ашылмаған қастандық" фильмі Қазақстанның қандай жолдардан өткенін, қайда бара жатқанын көрсетеді.
Совет одағы кезінде кісінің ұлтын анықтау үшін милицияға берілген жадынама. Көбі Ленинге ұқсайтын сияқты. Әсіресе өзбек, қырғыз, татар.
Ал, кім не түсінді? Батька биліктен кете ме, кетпей ме? "Те" дегені кім?
Американың журналында 1939 жылы шыққан карикатура. Соның алдында нацистік Германия мен Совет Одағы Польшаны бөліске салған. Карикатурада "Бал айы қаншаға созылар екен?" деп жазылып тұр
Демократия рейтингінде ең қорқынышты категория - қою қызыл елдер қатарына кіруге екі саты жетпей тұрмыз. Артымызда - Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Қытай...
ЖӘКІШЕВТІҢ СҰХБАТЫ
1⃣ Бұл жүйе дарыныңа да, елге тигізер пайдаңа да, лауазымыңа да, ықпалыңа да қарамайды. «Жоғарыдан» команда келсе, түрмеге тоғыта салады.
2⃣ Өз елінің мүддесін ойлаған патриоттар бағаланбайды.
3⃣ Бұл жүйеде «аса қауіпті қылмыскер» болу үшін ауыр қылмыс жасау міндетті емес. Тіпті оның қылмыс жасағанын сырттағы жұртқа дәлелдеудің де онша қажеті жоқ. «Бұйрық» болса болды
4⃣ Жүйеге ыңғайсыз, принципшіл адам болу қауіпті.
5⃣ Бұл жүйеде адамның өмірі, бостандығы түкке тұрмайды, маңызды адамның алдын кесіп өтсең болды.
6⃣ Қылмыстық жазалау жүйесі совет кезіндегі КарЛАГ-тың қатыгез дәстүрлерін сақтап қалған, оларға елдің саясаты да, қоғамның пікірі де түк емес.
7⃣ Адамдарды сөзіне қарап емес, тек ісіне қарап бағала.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы директоры Мұхтар Жәкішев 2009-дан 2020-ға дейін 11 жыл түрмеде отырды! Дарынды менеджер, принципшіл басшы, іскер азамат алтын уақытын қапаста өткізді. Жәкішевтің Арманжан Байтасовпен сұхбатынан жоғарыдағыдай жеті түйін түюге болады. Әрине, спикердің сөзін бұлтартпас ақиқат деп қабылдау, я қабылдамау өз еркіңіз. Бірақ Жәкішев сөзінің тоқтері - осы.
https://www.youtube.com/watch?v=wMzHwEmK278
ДЕМОКРАТИЯ ДЕГЕН НЕ ӨЗІ? МАҒАН ОНЫҢ НЕ ҚАТЫСЫ БАР?
Демократия – халық билігі, оның сізге де, маған да, бәрізімге де қатысы бар. Қарапайым тілмен айтсақ, елдің болашағы, дамуы соған тәуелді. Сонда қалай?
Айталық, сіз тұратын ауылдың үлкен жері бар. Ол жердің игілігін сол ауыл халқының бәрі көргісі келеді. Демократиялық қоғамда сол жерді игеруге байланысты түрлі ой-пікір ашық айтылады, үздік жобалар талқыға түседі, еленіп-екшеледі, ақша салып, тиімді қайтарым алу жолдары іздестіріледі. Оның жоспары, сметасы, инвесторлары, қадағалау тетіктері, барлығы бүге-шігесіне дейін тәптіштеліп, ол ережені ақсақалдар алқасы (парламент) мақұлдайды, әкім (президент) қол қояды. Айталық, жерге шағын сүт және ет зауыттарын, киім фабрикасын салып, ауылға – өнім, сауда, халыққа – жұмыс беретін болып келісті делік. Оның шығындарын, мерзімін қадағалап отыратын арнайы ұйымдар болдаы, басындағы қызметкерлер де ашық, жария түрде жұмыс істейді. Ауыл игілігін ойлайтындықтан, олар да ештеңені ұрламай, адал қызмет етеді.
Ал демокатия жоқ ауылда қалай болады? Әкім өз білім-білігінің шеңберінде, я айналасындағы екі-үш адаммен кеңесіп, бірдеңе ексе я бір өндіріс орнын салдырса жақсы. Ең қиыны – оны айналасындағы біреулерге, туған-туыстарына беріп, ешкімге игілігін көрсетпеу. Соның кесірінен тұрғындар басқа ауылға барып жұмыс істеуге мәжбүр болады, кедей өмір сүреді, әкімді сынап бірдеңе айтса, жазаланады, қудаланады. Қысқасы әлгі жердің игілігін ат төбеліндей адам ғана көреді. Ел ішінде бәсеке де, ұмтылыс та азаяды, жұрт әкімге жағымсып, әлгі жердің игілігін көріп қалуға тырысады.