Qadam.asia
487 subscribers
173 photos
10 videos
27 files
12 links
Download Telegram
Клиптік санадан қалай құтылуға болады?

Жалпы, клиптік санаға тап болған адам ойлаудың шабан тартып, бір нәрсені түсінуі, есте сақтауы қиындағанын өзі де сезеді. Ой түюі, ой жинақтауы, ақпаратты толыққанды қабылдауы нашарлайды. Мұндайда ақпаратты қабылдаудың басқа жолдарын іздеген жөн.юэ

1-амал. Әдеби, классикалық кітапты көп оқыңыз және ескі фильмдерді көрген дұрыс.

Әлеуметтік желідегі жазба мен комиксті оқығанды қойыңыз. Тіпті, поп-ғылымды да оқыған дұрыс емес. Оның орнына кәдімгі әдеби том-том кітаптарды оқыңыз. Абайды, Мұхтар Әуезовты, Ілияс Есенберлин мен Әбіш Кекілбаевты, Мұхтар Мағауинді оқыңыз. Әлемдік классиканы да оқуға болады.

Басында ұзан-сонар мәтін мен құлаш-құлаш роман-повест жалықтырып жіберер. Алғашында кітап оқуға 10-15 минут арнаңыз. Кейін ақырыңдап көбейтуге тура келеді. Әдеби шығарманың өз құдіреті бар. Уақыт өте келе, ұзын шығарманы оқуға өзіңіз де үйренісіп кетесіз. Онымен бірге клиптік сана да кетеді.

Ескі фильмнің сюжеті дәл классикалық шығарма сияқты. Оқиға желісі екі-үш жерде өтеді, кадр көп қозғалмайды. Кейіпкерлердің диалогы ұзақ. Бір қарағанда, «мияу» сияқты. Бірақ сау сюжетке қарап сау логикалық ойлауға, саналы ой қорытуға мүмкіндік аласыз.

2-амал. Шығарма мен мазмұндама жазу.

Мазмұндама есте сақтауға, ой жинақтауға көмектеседі. Ал шығарма өз ойыңды сыртқа шығаруға, ойтұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Күніне бір парақ мазмұндама жазуды әдетке айналдырыңыз. Жазған дүниеңізді танысыңызға, ата-анаға көрсетіңіз. Оқып, сын айтсын. Қатесін түзетуге көмектессін.
Шығарма жазбасаңыз да тым болмағанда күнделік жазуды әдетке айналдырып көріңіз. Күнделік – адамның шынайы ой-келбетінің көрінісі емес пе?!

3-амал. Пікір таластыру.

Біртоға, тоғышар ойға жол берме. Барынша кең ойлануға тырысыңыз. Сыни ойлаудың орны ерекше. Басқа біреудің әрекеті мен ісін талдап көріңіз. Мәселен, мұғалім сізге «екі қойды» делік, оның себебін сұраудан тартынбаңыз. Өйткені себебін білу сізге маңызды әрі өз ойыңызды да айта білген жөн.

Құрдастарыңмен пікір таластырып, ойын біліп көріңіз. Өз ойыңызды да дәлелдеуге тырысқан абзал. Бірақ пікірталас дауға ұласып кетпесін.

4-амал. Демалыс, каникул.

Қазіргі гаджет заманда ақпараттан толық бас тарту мүмкін емес. Айнала толған жарнама мен билборд. Ақпараттық шудан алыстап, демалыс жариялаған өте маңызды. Оның орнына көңіл қалаған іспен шұғылданыңыз. Бірақ телефон, компьютер мен ноутбукке мүлде қарауға болмайды! Ойды азат етіңіз.
Телефоныңыздың басты бетіне арналған суреттер ☀️

Фотограф: Elia Pellegrini
⚡️Әдебиет саласына берілген Нобель сыйлығын француз жазушысы Анни Эрно алды.