MFA Qazaqstan 🇰🇿
6.17K subscribers
6.02K photos
1K videos
111 files
8.75K links
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Download Telegram
​​🇰🇿 Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс басталмас бұрын қатысушылар тікұшақ апаты салдарынан қаза болған Иран Президенті Ибрахим Раисиді, Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиянды және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Делегациялар басшылары ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін ШЫҰ Саммитіне дайындық шеңберінде өзекті халықаралық және өңірлік мәселелердің кең ауқымы бойынша «сағаттарын теңестірді». Ұйымның жай-күйі мен даму келешегін қарастырып, оған қоса оның қызметін жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

🇰🇿 В Астане прошло заседание Совета министров иностранных дел государств-членов ШОС

Под председательством Заместителя Премьер-Министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан Мурата Нуртлеу состоялось очередное заседание Совета министров иностранных дел государств-членов Шанхайской организации сотрудничества.

Перед началом заседания участники почтили минутой молчания память Президента Ирана Ибрахима Раиси, главы МИД Ирана Хосейна Амира Абдоллахиана и других высокопоставленных лиц, погибших в результате крушения вертолёта.

Главы делегаций в рамках подготовки к Саммиту ШОС, который состоится в июле текущего года в г.Астане, «сверили часы» по широкому спектру актуальных международных и региональных проблем, обменялись мнениями о состоянии и перспективах развития Организации, в том числе рассмотрели вопросы совершенствования её деятельности.

@PressMFAKZ
​​🔹 ҚР СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстан Ұйымның барлық мемлекеттерімен ынтымақтастықтың жан-жақты бағыттарында өзара іс-қимыл жасау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

«ШЫҰ көпсалалы өзара іс-қимылдың беделді және тиімді алаңы мәртебесіне ие болды. «Шанхай рухының» негізгі принциптері – тату көршілік, достық және өзара қолдау – Ұйымның айрықша белгісіне айналды. Қазақстан өз тарапынан ШЫҰ әлеуетін барынша арттыру үшін үздіксіз жұмыс істеп келеді. Төрағалығымыздың басымдықтарына сәйкес, біз тұрақты даму мен өркендеу жолында инклюзивті диалог пен ынтымақтастық құруға ұмтыламыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

🔸 В своём выступлении глава МИД РК отметил, что Казахстан намерен продолжить активную работу со всеми государствами Организации по всестороннему взаимодействию во всех направлениях сотрудничества.

«ШОС обрела статус авторитетной и эффективной площадки многопрофильного взаимодействия. Фундаментальные принципы «шанхайского духа» – добрососедство, дружба и взаимная поддержка – стали визитной карточкой Организации. Казахстан, со своей стороны, непрерывно работал над максимальным раскрытием потенциала ШОС. В соответствии с приоритетами нашего председательства, мы стремимся к построению инклюзивного диалога и сотрудничества во имя устойчивого развития и процветания», – заявил М.Нуртлеу.
​​🔹 Қатысушылар ШЫҰ-ның өңірдегі көпжақты алаң ретіндегі маңызды рөлін және Ұйым кеңістігінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша оның қосқан үлесін бағалады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары ортақ күш-жігердің арқасында Астана декларациясының, «Әділетті бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы» бастаманың жобаларын, ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы жұмысы бойынша бірқатар басқа құжаттарды мақұлдады. Бұдан басқа, алдағы Саммитте Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделін күшейтуге және одан әрі нығайтуға бағытталған 20-дан астам құжатты қабылдау жоспарланған.

🔸 Участники оценили роль ШОС в качестве значимой многосторонней площадки в регионе и её вклад в обеспечение региональной безопасности и стабильности на пространстве Организации.

Общими усилиями главы делегаций государств-членов ШОС одобрили проекты Астанинской декларации, Инициативы «О мировом единстве за справедливый мир и согласие», предложений по совершенствованию деятельности ШОС, а также ряд других документов по текущей работе Организации. Кроме того, на предстоящем саммите планируется принять более 20 документов, направленных на укрепление авторитета и дальнейшее усиление Шанхайской организации сотрудничества.
​​🔹 Министрлер ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін Беларусь міндеттемелері туралы меморандумның күшіне енуі жөнінде қажетті мемлекетішілік рәсімдердің сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

🌍 БҰҰ-мен және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен пікір алмасуды одан әрі арттыру, Ұйымның дәйекті дамуы мүддесінде бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігі туралы ортақ түсіністік білдірілді.

🔸 Министры с удовлетворением заявили о завершении внутригосударственных процедур, необходимых для вступления в силу Меморандума об обязательствах Беларуси в целях получения статуса государства-члена ШОС.

🌍 Выражено общее понимание необходимости дальнейшего наращивания обменов с ООН и другими международными и региональными организациями, совместной работы в интересах последовательного развития Организации.