Экономика министрлігі 🇰🇿
2.48K subscribers
4.6K photos
172 videos
18 files
3.18K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
📌В Астане прошел совместный семинар-тренинг Миннацэкономики и Программы развития ООН в Казахстане

▪️Мероприятие организовано ПРООН с целью обмена опытом и обсуждения приоритетных направлений Целей устойчивого развития.

▪️Выступая с приветственным словом, вице-министр нацэкономики Абзал Абдикаримов поблагодарил ПРООН за многолетнее плодотворное сотрудничество и выразил уверенность, что подобные встречи будут способствовать углублению и укреплению дальнейших взаимоотношений.

🔺На ознакомительной сессии команда ПРООН рассказала о ходе реализации программ в различных сферах. Кроме того, был презентован механизм сотрудничества в совместных проектах.

🔺Также проведен профессиональный тренинг по таким направлениям, как коммуникационный менеджмент и ораторское искусство, а также был организован ряд спортивных и интеллектуальных игр.

🤝Директор департамента ПРООН Айнур Баймырза отметила, что высоко ценит долгосрочное сотрудничество с Министерством национальной экономики Казахстана.

🔗«Мы продолжим опираться на наши достигнутые результаты и налаженные партнерские отношения, чтобы поддержать страну в ускорении структурных преобразований, повышении ее устойчивости по всем аспектам устойчивого развития", - сказала она.

🇰🇿🇺🇳Напомним, что в 2022 году отмечается 30-летие сотрудничества Казахстана и ООН.

t.me/presseconomy
▪️ Әйелдер кәсіпкерлігі – дағдарыстағы драйвер

▪️
Экономикалық зерттеулер институтында ҚР-дың Ұлттық байланыс орталығының мерейтойлық конференциясы өтті

▪️
Министр Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығына барды

▪️
Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік хабын ашу мәселесі пысықталуда

▪️Мәжіліс «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

▪️ҚР Сенаты Салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады

▪️
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының (ОАӨЭЫ) 21-ші министрлік конференциясы өтті

▪️
Астанада ҰЭМ мен ҚР-дағы БҰҰДБ-ның бірлескен семинар-тренингі өтті

▪️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

▪️
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

t.me/presseconomy
▪️В Институте экономических исследований прошла юбилейная конференция Национального контактного центра РК

▪️
Министр нацэкономики посетил Казцентр ГЧП

 ▪️ Рекордные объемы экспорта Казахстана

▪️
Прорабатывается вопрос открытия Регионального хаба ООН по ЦУР для стран Центральной Азии и Афганистана в городе Алматы

▪️
Мажилис одобрил в первом чтении законопроект «О развитии агломераций»

▪️
Сенат одобрил поправки в Налоговый кодекс

▪️ Состоялась 21-ая Министерская конференция Центрально-Азиатского регионального экономического сотрудничества

▪️
В Астане прошел совместный семинар-тренинг МНЭ и Программы развития ООН в Казахстане

▪️
Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2023 – 2025 годы»

▪️
Главой государства подписан Указ «О Концепции развития сельских территорий Республики Казахстан на 2023-2027 годы».

t.me/presseconomy
​​🇰🇿🇷🇺Қазақстан – Ресей арасындағы сауда-саттық қатынастары

📈2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $18,4 млрд құрады, бұл өткен жылғы 9 айлық көрсеткіштен 5%-ға жоғары.

🚚Қазақстанның Ресейге экспорты 15,1%-ға немесе $5,9 млрд-қа дейін өсті, ал Ресей Федерациясынан Қазақстанға импорт 0,8%-ға немесе $12,4 млрд-қа дейін өсті.

▪️Экспорттың өсу қарқыны Ресейге табиғи уран (өсім 2,1 есе), алюминий оксиді (өсім 2,3 есе), мырыш (2 есе) жеткізілімдерін ұлғайту есебінен сақталып отыр. Бұл ретте металл илектің (-33%) және темір кендерін (-76%) жеткізудің төмендеуі байқалады.

🛒Ресейге жеткізілетін өнім ассортиментінің өсуін атап өту қажет. Егер өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінде тауарлардың 640 түрі болса, ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша олардың саны 1057-ге дейін жетті.

▪️Өңірлер бойынша Алматы қаласынан экспорттың 2,7 есеге ($379,1 млн-нан $1014 млн-ға дейін) және Астана қаласынан Ресейге жеткізілімдердің 5 еседен астам ($150,4 млн-нан $786,2 млн-ға дейін) өскенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, Павлодар облысының Ресейге экспорты 36%-ға өсті, өз жеткізілімдерін Ақтөбе облысы 48%-ға, Түркістан облысы 19%-ға ұлғайтты.

🚛Ресей Федерациясынан импортқа келетін болсақ, болаттан жартылай фабрикаттарды сатып алу 22%-ға, мұнай өнімдерінің импорты 35%-ға, бағалы металдар кендері 20%-ға және бидай импорты 2 есе өсті. Бұл ретте ресейлік автомобильдерді 3,6 есе және алтынды сатып алу 30%-ға төмендеді.

💰Инвестициялар

📊Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша алғашқы бестікке кіреді. Ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Ресейден келген ТШИ-дің жалпы ағыны 30%-ға немесе $722 млн-нан $938 млн-ға дейін өсті. Тұтастай алғанда, 2005 жылдан бастап Ресей Федерациясынан ТШИ-дің жалпы ағыны шамамен $18,7 млрд құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей Нидерландыдан ($108,2 млрд), АҚШ-тан ($50,1 млрд) және Қытайдан ($22,4 млрд) қалып отыр.

t.me/presseconomy
​​🇰🇿🇷🇺Казахстан-Россия: торговые отношения

📈По итогам 9 месяцев 2022 года товарооборот РК с РФ составил $18,4 млрд, что на 5% выше прошлогодних 9-месячных показателей.

🚚Экспорт РК в РФ вырос на 15,1% до $5,9 млрд, тогда как импорт из РФ вырос всего на 0,8% до $12,4 млрд.

▪️Темпы роста экспорта держатся за счет наращивания поставок в РФ природного урана (рост в 2,1 раз), оксида алюминия (рост в 2,3 раза), цинка (в 2 раза). При этом наблюдается падение поставок металлопроката (-33%) и железных руд (-76%).

🛒Необходимо отметить рост ассортимента поставляемой продукции в РФ. Если в январе-сентябре прошлого года было 640 товарных позиции , то по итогам 9 месяцев текущего года их количество – 1057.

▪️По регионам отметим 2,7 кратный рост экспорта из г. Алматы (с $379,1 до $1014 млн) и более чем 5 кратный рост поставок в РФ из г. Астана (с $150,4 до $786,2 млн). Также на 36% вырос экспорт Павлодарской области в Россию, на 48% увеличила поставки Актюбинская область и на 19% Туркестанский регион.

🚛Что касается импорта из РФ, то на 22% вырос закуп полуфабрикатов из стали, на 35% увеличился импорт нефтепродуктов, на 20% выросли руды драгоценных металлов и в 2 раза импорт пшеницы. При этом в 3,6 раз снизились закупки российских автомобилей и на 30% золота.

💰Инвестиции

📊Россия входит в пятерку стран по объему инвестиций в экономику Казахстана. По итогам 1 полугодия 2022 года валовый приток ПИИ из России вырос на 30%, с $722 до $938 млн. В целом валовый поток ПИИ из РФ с 2005 года составляет порядка $18,7 млрд, что меньше инвестиции из Нидерландов ($108,2 млрд), США ($50,1 млрд) и Китая ($22,4 млрд).

t.me/presseconomy
​​🇰🇿🇫🇷Қазақстан мен Францияның сауда қатынастары

📈Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте $2,5 млрд құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде - $2,3 млрд.

🚚2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан Францияға экспорт 5%-ға өсіп, $1,9 млрд құрады.

🛒Қазақстаннан Францияға экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай - $1,7 млрд (үлесі 89,8%), уран - $146,5 млн (7,6%), титан және одан жасалған бұйымдар - $28 млн (1,5%), күкірт - $10,2 млн (0,53%), сутегі, инертті газдар және басқа бейметаллдар - $1,9 млн (0,1%), электр қозғалтқыштары мен генераторлары - $1,3 млн (0,07%).

🚛2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Франциядан Қазақстанға импорт 8,1%-ға өсіп, $512,6 млн құрады.

🛒Франциядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: вакциналар, қанның сарысуы, қан - $40,5 млн (үлесі 7,9%), турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналар - $36,9 млн (7,2%), бөлшек сауда үшін буып-түйілген дәрілік заттар - $36,7 млн (7,2%), көмір электродтары - $22,4 млн (4,4%), радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура - $17,1 млн (3,3%), электр трансформаторлары - $15,1 млн (2,9%), хош иісті заттардың қоспалары - $12,7 млн (2,5%), гербицидтер - $11,9 млн (2,3%).

t.me/presseconomy
​​🇰🇿🇫🇷 Казахстан-Франция: торговые отношения

📈Товарооборот между Казахстаном и Францией за январь-сентябрь 2022 года составил $2,5 млрд. За аналогичный период предыдущего года - $2,3 млрд.

🚚Экспорт из Казахстана во Францию за январь-сентябрь 2022 года вырос на 5% и составил $1,9 млрд.

🛒Основными товарами экспорта из Казахстана в Францию являются: нефть сырая - $1,7 млрд (с долей 89,8%), уран - $146,5 млн (7,6%), титан и изделия из него - $28 млн (1,5%), сера - $10,2 млн (0,53%), водород, газы инертные и прочие неметаллы - $1,9 млн (0,1%), двигатели и генераторы электрические - $1,3 млн (0,07%).

🚛Импорт в Казахстан из Франции за январь-сентябрь 2022 года вырос на 8,1% и составил $512,6 млн.

🛒Основными товарами импорта в Казахстан из Франции являются: вакцины, сыворотки из крови, кровь - $40,5 млн (с долей 7,9%), двигатели турбореактивные и турбовинтовые, газовые турбины - $36,9 млн (7,2%), лекарственные средства, расфасованные для розничной продажи - $36,7 млн (7,2%), электроды угольные - $22,4 млн (4,4%), аппаратура радиолокационная, радионавигационная - $17,1 млн (3,3%), трансформаторы электрические - $15,1 млн (2,9%), смеси душистых веществ - $12,7 млн (2,5%), гербициды - $11,9 млн (2,3%).

t.me/presseconomy
📌ҚР Ұлттық экономика министрі Францияда бірқатар кездесулер өткізді

📍Парижде Әлібек Қуантыров Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Қаржы және корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Кармин Ди Нойямен кездесті.

Ә.Қуантыров Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы айтып, біздің еліміз 2017 жылдан бастап ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің «Қауымдастырылған мүшесі» болып табылатынын еске салды.

🤝Тараптар осы бағыттағы тығыз ынтымақтастық серіктестік қатынастарды дамытуға, әсіресе ҚР инвестициялық тартымдылығы бөлігінде жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

💬«Қазақстан ЭЫДҰ стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және оған барынша мән береді. Біз 2025 жылы ЭЫДҰ-ға кіруге өтінім дайындауды жоспарлап отырмыз. Мақсат тек Ұйымға кіру емес. Ең бастысы - ЭЫДҰ стандарттарын қолдана отырып, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру, бизнес жүргізу жағдайын жақсарту және тұтастай алғанда, елді дамыту», - деді Ұлттық экономика министрі.

☑️Министр болашақта Қазақстан ЭЫДҰ-ның мемлекеттік компанияларды Корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылуға ниетті екенін атап өтті.

▪️Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару жөніндегі директорының орынбасары Янош Бертокпен кездесті.

Министр атап өткендей, Қазақстан ұлттық экономиканы дамыту мақсатында ЭЫДҰ саясатын ұстанады.

💬«Қазақстандық тарап ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын. ҚР Үкіметі 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын қабылдады, мемлекеттік органдардың көмекші қызметтерін орталықтандыру және мемлекеттік басқару жүйесінде орталықсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Келіссөз барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2023 жылы «Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы мемлекеттік басқару реформасына қатысты диалогқа жәрдемдесу: кешенді қатысу туралы ұсыныс» Келісіміне қол қоюды жоспарлап отырғаны атап өтілді.

▪️ЭЫДҰ Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесу барысында ҰЭМ басшысы ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою озық тәжірибелерді енгізуге және ҚР-дың ЭЫДҰ-ға кіруге мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

▪️Сонымен қатар, Ә.Қуантыров Француз даму агенттігінің (ФДА) атқарушы директоры Филипп Ориланжбен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен ФДА арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

❗️Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ҰЭМ мен ФДА арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Оның шеңберінде тараптар энергетика, гидроэнергетика, энергия үнемдейтін және тиімді энергия технологияларын дамыту, сумен жабдықтау, санитария, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және ирригация сияқты салаларды дамытуға қаржылық және техникалық жәрдемдесу бойынша ынтымақтасуға ниетті.

t.me/presseconomy
📌Министр нацэкономики Казахстана провел ряд встреч во Франции

📍В Париже Алибек Куантыров встретился с директором по финансам и корпоративным вопросам Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР) Кармином Ди Нойя.

А.Куантыров рассказал о мерах по улучшению инвестиционного климата в Казахстане, напомнив, что наша страна с 2017 года является «ассоциированным членом» Комитета по инвестициям ОЭСР.

🤝Стороны выразили уверенность, что тесное сотрудничество в этом направлении придаст новый импульс развитию партнерских отношений, особенно в части инвестиционной привлекательности РК.

💬 «Казахстан активно работает над поэтапным внедрением стандартов ОЭСР и придает этому большое значение. Мы планируем подготовить заявку на вступление в ОЭСР в 2025 году. Вступление в Организацию не является самоцелью. Главное - повышение уровня жизни и благосостояния граждан, улучшение условий ведения бизнеса и развитие страны в целом, применяя стандарты ОЭСР», - сказал А.Куантыров.

☑️Министр отметил, что в перспективе Казахстан намерен присоединиться к Руководящим принципам ОЭСР по корпоративному управлению государственными компаниями.

▪️Также глава Миннацэкономики провел переговоры с заместителем Директора по государственному управлению ОЭСР Яношем Бертоком.

Как подчеркнул глава МНЭ, Казахстан привержен политике ОЭСР в целях развития национальной экономики.

💬 «Казахстанская сторона готова к дальнейшему укреплению взаимодействия с ОЭСР. Правительство РК приняло Концепцию развития государственного управления до 2030 года, проводится работа по централизации вспомогательных служб госорганов и децентрализации системы госуправления», - сообщил он.

В ходе беседы было отмечено, что Министерство национальной экономики РК планирует подписать в 2023 году Соглашение «Содействие диалогу между Казахстаном и ОЭСР в отношении Реформы государственного управления: предложение о комплексном участии».

▪️В ходе встречи с руководителем отдела Евразия ОЭСР Уильямом Томпсоном глава МНЭ особо подчеркнул, что подписание Протокола о внесении изменений в Меморандум о взаимопонимании между Правительством РК и ОЭСР позволит Казахстану внедрить передовые практики стран Организации и создать основы для подготовки РК к вступлению в ОЭСР.

▪️Кроме того, А.Куантыров провел встречу с исполнительным директором Французского агентства развития (ФАР) Филиппом Ориланжом.
Собеседники обсудили вопросы сотрудничества Казахстана с ФАР.

❗️Напомним, что в прошлом году между МНЭ и ФАР подписан Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве, в рамках которого стороны намерены сотрудничать по финансовому и техническому содействию в развитии таких сфер, как энергетика, гидроэнергетика, развитие энергосберегающих и энергоэффективных технологий, водоснабжение, санитария, охрана окружающей среды, сельское хозяйство и ирригация.

t.me/presseconomy
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇫🇷 Президент Францияның жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

Шараға Total Energies, Orano, Saint Gobain, Boehringer Ingelheim France, Soufflet Group, BPI France, Vicat, Syctom, Pellenc, FICT мал шаруашылығы қауымдастығы, Total Eren, PCM, Safran, Thales, Groupe EDF, Assystem, Alstom, Evolution International, MHB SAS, Exa International, Airbus, Rungis – Semmaris, MBDA, SOPREMA, Луи Викат және басқа да ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық қоғамдастық бүгінде күрделі геосаяси және экономикалық мәселелермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа сын-қатерлер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қиын-қыстау кезең – байланыс орнатып, серіктестікті дамыту үшін қолайлы уақыт.

– Біз ортақ экономикалық және саяси мүдделерімізді одан әрі ілгерілету үшін Франциямен және жалпы Еуропамен арадағы қарым-қатынасты жолға қойғымыз келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан еркін және бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканы нығайтуды көздеп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ монополиядан арылу Қазақстанды қуатты, бәсекеге қабілетті және инвесторларға тартымды етеді деп санайды. Ол бизнес ахуалды жақсарту үшін заңнамаға одан әрі тиісті өзгертулерді енгізуге дайын екенін жеткізді.

– Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелері макроэкономикалық деректерден көрініп отыр. Биылғы 10 айда ЖІӨ өсімі 2,5 пайызды құрады. Бұл болжанған нәтижеден жоғары. Қолданыстағы тасымал тізбегінің үзілуіне қарамастан біздің экспортымыз 50 пайызға (63,8 млрд доллар) жуық өсті. 2022 жылдың алғашқы алты айында шетелдік серіктестеріміз біздің экономикамызға шамамен 15 миллиард доллар инвестиция құйды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға көп. Алдағы 7 жылда біз 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отырмыз. Қазақстан инвестиция салу жөнінен Орталық Азиядағы ең тартымды ел болуы үшін инвестициялық саясатымызды үнемі жетілдіріп отырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Франция Қазақстанның негізгі экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.

– Биылғы тоғыз айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 12 пайызға өсті. Бүгінде 170-тен астам француз компаниясы, соның ішінде Total Energies, Orano, Airbus, Vicat, Air Liquide, Alstom, Saint-Gobain және басқалары Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың барлығы Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Францияның Қазақстандағы Сауда өкілдігін құру ынтымақтастығымызды нығайтуға өз септігін тигізер еді деп санаймын. Біз оның тезірек құрылғанын құптаймыз. Сондай-ақ француз компанияларын еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін қарастыруға шақырамын. Жиынға қатысушылардың бәріне Қазақстан қауіпсіз және тұрақты инвестициялық орта қалыптастыруға кепілдік беретінін нық сеніммен айта аламын, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы энергетика, көлік және логистика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларына тоқталды.

Президент Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық серіктестік барлық салада әртараптанып, кеңейе беретініне сенім білдірді.

– Бүгінгі конструктивті диалог бизнесті өркендетуге және ортақ дамуға ниетті екенімізді тағы да нақтылауға мүмкіндік береді. Менің әкімшілігім француз компанияларына өңірдегі экономикасы ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірінде бизнес жүргізуі үшін барлық қажетті қолдау көрсетуге дайын, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/bort_01