Экономика министрлігі 🇰🇿
2.66K subscribers
4.89K photos
195 videos
18 files
3.43K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
«Ұлттық экономика министрлігінде Жастар резервшілерінің күні іске қосылады» - Руслан Дәленов Президенттің кадрлық резервін ынтымақтастыққа шақырды
Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттің жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті. Экономикалық ведомствода резервтегі 40 жас маман бас қосқан. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу «Жаңа мамандар – жаңа қарқын, жаңа идеялар» ұранымен өтті.
Резервтегілер әңгіме барысында еліміздегі өзекті экономикалық мәселелер жөніндегі жобалары туралы баяндады. Көтерілген тақырыптардың қатарында кәсіпкерлікті, МЖӘ-ні, бюджеттің 4 деңгейін, инвестицияны, моноқалаларды дамыту бар.
Кездесу кезінде Руслан Дәленов талантты жастармен одан арғы пікір алмасу және маңызды тақырыптарды талқылау үшін «ҚР ҰЭМ резервшілерінің күнін» белгілеу идеясымен бөлісті.
«Кадрлық резервпен жұмыс істей келе, орталық аппараттың департамент директоры мен директордың орынбасары тәрізді Министрліктегі басшылық қызметке, сондай-ақ квазисектордағы басшылық лауазымдарға 10 маман тағайындалды», - деді Министрлік өкілі кездесуде.
Бұл тізімде кәсіпкерлер, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, ғылым докторлары мен магистрлар бар.
«Сіздерге Мемлекет басшысының зор сенімін ақтап, өз таланттарыңызды танытуға және білімдеріңізді Отанымыздың игілігі жолына арнауларыңызға тілектеспін», - деді Министр #economy #ПрезиденттіңКадрлықРезерві #Жастар
ШОБ корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл заңды Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
Тиісті түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне еніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы қабылданды.
Көзделіп отырғандай, жаңалық жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік белсенділігін арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандыратынын Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық бюджетке КТС түсімі тек тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен ғана түседі. Кәсіпкерлердің тізбесі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі.
Сондай-ақ облыс мәслихаттарына облыс және аудан бюджеттерінің арасындағы ШОБ-тың КТС-ын бөлу нормативтерін белгілеу құқығы беріледі.
Бұрын корпоративтік табыс салығының түсімдері толық көлемде республикалық бюджетке түсетін.
Еске салсақ, арнайы салық режімі қолданылатын микро- немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер корпоративтік, жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа), әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын төлеуден үш жылға босатылады.
Министрліктің есебі бойынша, табыс салығынан босату 1,2 млн. микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. Бұл бизнеске үш жыл ішінде 380 млрд. теңгеден астам қаражат үнемдеуге, босаған қаражатты өз қызметін дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Бұл түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 290-VI Қазақстан Республикасының заңы арқылы қабылданды.
Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес:
ірі кәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе жылдық орташа кірісі АЕК-тің 3 млн еселенген мөлшерінен асатын кәсіпорын.
микро бизнес – жұмыскерлерінің саны 15 адамға дейін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер.
шағын бизнес – жұмыскерлерінің саны 100 адамға дейінгі және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.#economy #ШОБ #Бизнес #КорпоративтікТабыс #Жұмыс
Корпоративный подоходный налог от МСБ будет поступать в местные бюджеты
Поступления по корпоративному подоходному налогу от малого и среднего бизнеса будут зачисляться в местные бюджеты. Такой закон подготовили в Министерстве национальной экономики.
Соответствующие поправки вступили в силу уже с нового года и приняты Законом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам административно-территориального устройства Республики Казахстан, совершенствования системы государственного управления, межбюджетных отношений, кредитования и образования».
Предусматривается, что новшество стимулирует местные исполнительные органы к повышению деловой активности в регионе и развитию МСБ, сообщила пресс-служба Миннацэкономики.
В республиканский бюджет будут зачисляться поступления КПН только от субъектов крупного предпринимательства по перечню. Перечень предприятий утверждается совместным приказом Министерств национальной экономики и финансов раз в три года.
Также маслихатам областей будет предоставлено право устанавливать норматив распределения КПН от МСБ между областным и районным бюджетом.
Ранее поступления корпоративного подоходного налога в полном объеме поступали в республиканский бюджет.
Напомним, что субъекты микро- или малого предпринимательства, применяющие специальные налоговые режимы, в том числе плательщики единого земельного налога, освобождены от уплаты корпоративного, индивидуального подоходного налога (кроме удерживаемого у источника выплаты), социального налога и единого земельного налога на три года.
По расчетам Министерства, освобождение от налогов на доход распространится на 1,2 млн. субъектов микро и малого предпринимательства. Это позволит бизнесу за три года сэкономить более 380 млрд. тенге, направить высвобождавшиеся средства на развитие своей деятельности.
Данные поправки приняты Законом Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования процедур реабилитации и банкротства, бюджетного, налогового законодательства, законодательства о железнодорожном транспорте» от 27 декабря 2019 года № 290-VI.
Согласно Предпринимательскому кодексу:
субъекты крупного предпринимательства - это предприятия со среднегодовой численностью работников более 250 человек или среднегодовым доходом свыше 3 млн. кратного МРП.
микро бизнес – это индивидуальные предприниматели с количеством работников до 15 человек и с годовым доходов до 30 тыс. МРП,
малый бизнес — это индивидуальные предприниматели и юридические лица с количеством работников до 100 человек и с годовым доходом до 300 тыс. МРП.#economy #МСБ #КорпоративныйПодоходныйНалог #Предпринимательство #Бизнес
В Миннацэкономики прошла встреча с представителями Словацкой Республики
21 января т.г. вице-министр национальной экономики РК Жаслан Мадиев встретился с делегацией Министерства экономики Словацкой Республики, во главе с Госсекретарем министерства господином Войтехом Ференцем в Нур-Султане.
Участники заседания обсудили текущее состояние и перспективы развития казахстанско-словацкого экономического сотрудничества. В ходе встречи состоялся обмен мнениями касательно экономического развития региона Европейского Союза, Центрально-Азиатского региона, а также перспективы развития мировой экономики.
Предметом обсуждения стали также вопросы инвестиционной политики в Республике Казахстан, в частности словацкая сторона была проинформирована о преимуществах инвестиционного климата и транспортно-логистической системы РК.
Словацкой делегацией отмечено о стремительном развитии сферы зеленых технологий, автомобилестроения и производства электромобилей в Словакии.
В конце встречи Ж.Мадиев поблагодарил представителей Словацкой Республики за содержательную беседу и выразил уверенность в продолжении плодотворного взаимодействия.#economy #Встреча #Делегация #ИнвестиционнаяПолитика #ЭкономическоеРазвитие
Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚДБ Қазақстандағы ШОБ пен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауда
Бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы үйлестіру комитетінің жетінші отырысы «Атамекен» ҰКП, «Даму» КДҚ» АҚ, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, екінші деңгейдегі банктер мен Еуропалық Қайта құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалық етуімен өткізілген кездесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкі ҚР Ұлттық экономика министрлігі қаржыландыратын Іскерлік консультациялық қызмет және «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасының 2019 жылғы іске асырылу нәтижелерімен таныстырылды.
Іс-шараға қатысушыларға сөз арнай келіп, Жаслан Мәдиев еліміздегі бизнес ортасын жақсарту бойынша Қазақстан Үкіметінің жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударды.
«Осы мақсатта бизнес-климатты жақсарту жөніндегі заңнамалық шаралардың 8-пакеті әзірленді. ЭЫДҰ-ның алдыңғы қатарлы елдерінің халықаралық тәжірибесін есепке ала отырып, Ұлттық байланыс орталығын құру жұмысы басталды. 2019 жылғы желтоқсанда Парламент микро және шағын бизнесті табыс салығынан босату бойынша заңнамалық түзету енгізді. Бұрынғы тәжірибеге негізделген және стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», - деді вице-министр.
Сонымен бірге, ведомство басшысының орынбасары ЕҚДБ-ның алты жыл ішіндегі бірлескен жұмысы кезінде көбінесе, өңірлерде кәсіпкерлер мыңға тарта жобаны іске асырғанын атап көрсетті. 2015 жылы басталған «Бизнестегі әйелдер» атты еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасының табысты қызметі туралы атап өту маңызды. Біз еліміздегі бизнесті жан-жақты қолдауға ұмытылудамыз әрі ЕҚДБ-ны сыртқы қатерлерге төзімді, жедел дамудағы, сапалы және алдыңғы қатарлы бизнес-ортаны дамыту үшін мүмкіндік беретін ұзақмерзімдік және мықты әріптес ретінде бағалаймыз.
ЕҚДБ деректеріне қарағанда, 2019 жылы Іскерлік консультациялық бағдарлама бойынша ШОБ кәсіпорындарында 211 жаңа консультациялық жоба басталса, оның 24-іне халықаралық сарапшылар тартылған. Жобаларға бөлінген гранттар сомасы 2,3 млн еуро.
Өткен жылы да «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы шеңберінде 66 жоба басталып, оны іске асыруға 327 мың еуро бөлінген. Консультациялық жобалармен бірге, ЕҚДБ арнайы кредиттік желі арқылы әйелдер бизнесіне қолдау жасайды. Оның жалпы сомасы Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері 60 млн АҚШ долларынан асқан.
Іс-шара соңында тараптар баршаға табысты кездесулер мен жемісті жұмыс тіледі.#economy #ЫнтымақтастықБағдарлама #БизнестіҚолдау
Миннацэкономики и ЕБРР поддерживают МСБ и женское предпринимательство в Казахстане
Сегодня в Нур-Султане состоялось седьмое по счету заседание Координационного комитета Программ сотрудничества между Министерством национальной экономики и Европейским банком реконструкции и развития в Казахстане с участием представителей НПП «Атамекен», АО «ФРП «Даму», Ассоциации деловых женщин Казахстана, банков второго уровня и Европейского Банка Реконструкции и Развития. Об этом рассказали в пресс-службе Миннацэкономики РК.
В ходе встречи, которая состоялась под председательством вице-министра национальной экономики Республики Казахстан Жаслана Мадиева Европейский Банк Реконструкции и Развития ознакомил с результатами реализации в 2019 году Программ деловых консультационных услуг и «Женщины в бизнесе», которые со-финансируются Министерством национальной экономики РК.
Приветствуя участников мероприятия, Жаслан Мадиев акцентировал внимание на том, что Правительством Казахстана проводится системная работа по улучшению бизнес среды в стране.
«В этих целях разработан 8-ой пакет законодательных мер по вопросам улучшения бизнес-климата. Начата работа по созданию Национального контактного центра с учетом международного опыта передовых стран ОЭСР. В декабре 2019 года Парламентом приняты законодательные поправки по освобождению микро и малого бизнеса от налога на доходы. Принята Государственная программа поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса-2025», основанная на опыте прошлых лет и направленная на реализацию стратегических задач», - сообщил вице-министр.
Вместе с тем замглавы экономического ведомства подчеркнул, что за прошедшие шесть лет совместной работы с ЕБРР было реализовано порядка тысячи проектов с казахстанскими предприятиями, преимущественно в регионах. Важно отметить особый успех программы «Женщины в Бизнесе» - первой в стране программы поддержки женского предпринимательства, начатой в 2015 году. Мы стремимся к оказанию всесторонней поддержки нашему бизнесу и ценим ЕБРР как долгосрочного и сильного партнера, который дает возможность для развития качественной и передовой бизнес-среды, быстрорастущей и устойчивой к внешним вызовам.
По данным ЕБРР, В 2019 году по Программе деловых консультационных услуг на предприятиях МСБ было начато 211 новых консультационных проектов, из них 24 – с привлечением международных экспертов. Сумма выделенных грантов на проекты составила 2,3 млн евро.
В прошлом году также было начато 66 проектов в рамках Программы «Женщины в бизнесе», на реализацию которых было выделено 327 тыс. евро. Помимо консультационных проектов, ЕБРР поддерживает женский бизнес через специальные кредитные линии, общая сумма которых с запуска Программы превышает 60 млн долларов США.
По итогам мероприятия стороны пожелали всем продуктивных встреч и плодотворной работы.#economy #ПоддержкаМСБ #УлучшениеБизнесСреды #ЖенскоеПредпринимательство
Өзбекстан мен Қазақстан министрліктері арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды
А.ж. 25-26 ақпанда Өзбекстанда үкімет басшылары қатысқан қазақ-өзбек екіжақты байланыстар тарихындағы екінші аймақаралық ынтымақтастық форумы өткізілді. Іс-шараның тақырыбы – «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнес ынтымақтастығы».
Форум жұмысына Қазақстан делегациясы құрамында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша, Өзбекстан Экономика және өнеркәсіп министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаны туралы ақпарат берді.
«Стратегиялық әріптестік аясында біз бүгін министрліктер арасында Экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойдық. Ашық экономикалық, құқықтық және өзге де ақпаратпен, сондай-ақ, тиісті заңнамалық актілердің мәтіндерімен, оларға енгізілген өзгерістермен алмасатын боламыз», - деп атап көрсетті Дәленов.
«Сөз жоқ, бүгінгі форум – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық пен берік байланыстарды орнықтыру жолындағы тағы бір қадам. Ол аймақаралық және шекарамаңы инвестициясы көлемін ұлғайтуға, Қазақстан мен Өзбекстанның іскерлік ортасы мен өңірлері арасындағы бизнестің өзара ынтымақтастығына серпін береді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі басшысы іс-шарадан соң.#economy #Ынтымақтастық #Агроөнеркәсіп #Туризм
Между Министерствами экономики Узбекистана и Казахстана подписан Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве
Второй в истории двусторонних отношений казахстанско-узбекский форум межрегионального сотрудничества с участием глав правительств прошел 25-26 февраля т.г. в Узбекистане. Тематика мероприятия – «Сотрудничество регионального бизнеса в сфере агропромышленной кооперации, промышленности и туризма».
В работе Форума в составе делегации Казахстана принял участие министр национальной экономики РК Руслан Даленов. Об этом сообщает пресс-служба МНЭ РК.
В ведомстве проинформировали, что по итогам пленарного заседания Форума подписан Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве между Министерством экономики и промышленности Республики Узбекистан и Министерством национальной экономики Республики Казахстан.
«В ключе стратегического партнерства мы сегодня подписали Меморандум между нашими министерствами о развитии экономического сотрудничества. Будем обмениваться открытой экономической, правовой и иной информацией, а также текстами соответствующих законодательных актов, включая вносимые в них изменения», - подчеркнул Даленов.
«Безусловно, сегодняшний форум – это еще один шаг к взаимному сотрудничеству и установлению крепких связей между Казахстаном и Узбекистаном. Он придаст дополнительный импульс увеличению объемов межрегионального и приграничного инвестирования, взаимному бизнес-сотрудничеству между деловыми кругами и регионами Казахстана и Узбекистана», - заявил глава Миннацэкономики РК в кулуарах мероприятия.#economy #Меморандум #Сотрудничество #Агропромышленность #Туризм
Қазақстанда 200 «Бизнеске арналған үкімет» офисі ашылады
Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Нұр-Сұлтан қаласында «Бизнеске арналған үкімет» жобасын іске асыру бойынша көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Бизнеске арналған алаң «iQala» қалалық қызмет орталығы базасында орналасқан.
Жобаның мақсаты – орталықтандырылған барлық мемлекеттік қолдау шаралары мен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыруда бизнес-климатты жақсарту, «Бизнеске арналған үкімет» қызметін іске қосу, сондай-ақ ақылды реттеу құралын іске асыру реформасының 8-пакетін қабылдау қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» қызметін іске қосу жобасын орындау үшін Ұлттық экономика министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік қолдау шаралары операторларымен бірге жобалау тобы құрылды.
«Бизнеске арналған үкімет» қызметі – қаржыландыру, сату, цифрлық қызмет, құқықтық сүйемелдеу мен құзырет тәрізді сұранысқа ие бизнес-сауалдардың біріккен жері. Біз кәсіпкерлер үшін бірыңғай хаб құрып отырмыз. Ал бұл кәсіпкерлікке де, жалпы ел экономикасына да қолайлы әсер етпек», - деді министр.
Бұл мемлекет пен бизнестің бірыңғай қызмет көрсету қағидаты бойынша өзара іс-қимыл форматы. «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай офисінде кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту, құзыретін артыру мен қаржыландыру мәселесі бойынша барлық қызметтер мен консультацияларды ала алады.
Дәленовтің айтуынша, қазіргі жұмыс істейтін орталықтардан көп айырмашылық бар. Бүгінде орталықтар кәсіпкерлерге консультация бергенмен, олар мемлекеттік органдарға, әкімдікке, банкке, салық орындарына тағы да жүгінуге мәжбүр. Енді ақпараттық жүйе арқылы e-gov, орталық органдар мен әкімдіктердің қызметін қосуға болады. Бір жаққа барудың қажеті жоқ. Уақыт қана үнемделмейді. Жүйеден өтініш-құжаттың қай жерде және не үшін «тұрып қалғанын» көруге болады. Бұл дегеніміз бизнесті қорғау.
«Енді бизнес туындаған мәселе қандай күрделі болса да, қайда, кімге барып, жолығып, жауап алуға болатынын нақты білетін болады», - деді Дәленов.
Пилоттық жоба екі ай ішінде астана мен 4 облыс орталығында өткізіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» қызметін толық іске қосу биылғы маусымға белгіленіп отыр.#economy #БизнескеАрналғанҮкімет #БірыңғайТерезе #МемлекеттікҚызметКөрсету
200 офисов «Правительство для бизнеса» заработают в Казахстане
Сегодня министр национальной экономики РК Руслан Даленов провел выездное рабочее совещание по реализации проекта «Правительство для бизнеса» в Нур-Султане. Площадка для бизнеса находится на базе центра городских услуг «iQala».
Цель проекта – централизованное оказание всех мер государственной поддержки и госуслуг по принципу «одного окна».
Напомним, в реализацию поручений Главы Государства данных на расширенном заседании Правительства необходимо принятие 8-го пакета реформ по улучшению бизнес-климата, запуск сервиса «Правительство для бизнеса», а также реализация инструмента умного регулирования.
Для реализации проекта по запуску сервиса «Правительство для бизнеса» в Министерстве национальной экономике создана проектная группа совместно с заинтересованными госорганами, НПП «Атамекен» и операторами мер гос. поддержки.
«Сервис «Правительство для бизнеса» - это соединение востребованных бизнес-запросов: финансирование, сбыт, цифровые услуги, правовое сопровождение и компетенции. Мы создаем единый хаб для предпринимателей, и это благоприятно отразится на предпринимательстве и экономике страны в целом», - сообщил министр.
Это формат взаимодействия государства и бизнеса по принципу единого офиса оказания услуг. В едином офисе «Правительство для бизнеса» предприниматели получат весь спектр услуг и консультаций по вопросам развития своего бизнеса, повышения компетенций и финансирования.
По словам Даленова, будут большие отличия от действующей схемы работы центров. Сегодня центры консультируют предпринимателя, но за получением документов, актов, разрешений тот вынужден самостоятельно обращаться в госорганы, акимат, банки, в налоговую и пр. Теперь через информационную систему можно подключить сервисы e-gov, центральных органов и акиматов. Никуда дополнительно обращаться больше не нужно. Это не только экономия времени. Система позволит увидеть где и почему «застрял» документ-заявка. Это защита бизнеса.
«Теперь бизнес точно будет знать, куда ему обратиться и где получить ответы вне зависимости от сложности возникающих вопросов», - заявил Даленов.
Пилотный проект будет проведен в столице и в 4 областных центрах на базе Центров обслуживания предпринималей Атамекен в течение двух месяцев. Полный запуск сервиса «Правительство для бизнеса» запланирован на июнь текущего года. #economy #ПравительствоДляБизнеса #ПринципОдногоОкна #ОказаниеГосударственныхУслуг
Ұлттық экономика министрлігінде Түркі кеңесі өкілдерімен кездесу өткізілді
2020 жылғы 4 наурызда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркілік кеңес) делегациясының Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары шеңберінде Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиевтің Түркілік кеңес Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаманмен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытудың перспективасы талқыланып, инвестицияларды ынталандыру, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы саласындағы өзара іс-қимыл мәселесі бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ Қазақстанның шетелдік инвестиция үшін тартымды салалары, ортамерзімдік және ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың жалпыға ортақ пайымы қарастырылды. Тараптар Түркілік кеңес шеңберіндегі елдік бастамаларды одан әрі іске асыру мәселелерін де қозғады.
Түркілік кеңес делегациясы Ұйымның жүргізген жұмыстарына қазақстандық тараптың белсенді қатысуда екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар инвестиция саласындағы жұмыстарды белсендіруге және жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.#economy #ТүркілікКенес #ИнвестициялардыЫнталандыру #КәсіпкерліктіДамыту

В Миннацэкономики прошла встреча с представителями Тюркского Совета
4 марта 2020 года в рамках рабочего визита в город Нур-Султан делегации Совета сотрудничества тюркоязычных государств (Тюркский совет) состоялась встреча Вице-министра национальной экономики Мадиева Жаслана Хасеновича с делегацией во главе с Заместителем Генерального Секретаря Тюркского Совета Омером Коджаманом.
В ходе встречи обсуждены перспективы развития сотрудничества в рамках Организации, обмен мнениями по вопросам стимулирования инвестиций, развития предпринимательства, взаимодействия в области финансов, а также рассмотрены сектора Казахстана, привлекательные для иностранных инвестиций, общее видение сотрудничества на среднесрочный и долгосрочный период. Также сторонами затронуты вопросы дальнейшей реализации страновых инициатив в рамках Тюркского Совета.
Делегацией Тюркского Совета отмечено активное участие казахстанской стороны в проводимой Организацией работе.
По итогам встречи стороны договорились активизировать работу в области инвестиций и продолжить плодотворное сотрудничество.#economy #ТюркскийСовет #СтимулированияИнвестиций #РазвитиеПредпринимательства