Экономика министрлігі 🇰🇿
2.61K subscribers
4.72K photos
187 videos
18 files
3.3K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
Президенттің кадрлық резервіндегі 10 адам Ұлттық экономика министрлігіндегі басшылық қызметтерге келіп үлгерді
Ұлттық экономика министрлігінде ведомство басшысы Руслан Дәленов Президенттің жастар кадрлық резерві өкілдерімен кездесті. Бұл туралы 15 қаңтарда ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге қатысушылардың алдында сөз сөйлей келіп, Руслан Дәленов кадрлық резервтің мақсаты жастар үшін айқын әлеуметтік саты құру екеніне назар аударды.
«Жаңа мамандықтар – жаңа қарқын, жаңа идеялар», - Руслан Дәленов Президенттің кадрлық резерві туралы осылай дейді.
Қазақстан Президентінің айтуынша, «тек білімді, патриот, еңбексүйгіш жас қана – біздің еліміздің прогресі мен тұрақты дамуының қозғаушы күші».
Қазақстанның ұлттық экономикасына жауапты министрліктің басшысы резервтегілердің экономиканың түрлі салаларында едәуір жұмыс тәжірибесі барлығын атап көрсетті. Олардың көбі экономиканың түрлі салаларындағы ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істеуде немесе істеген.
«Кадрлық резервпен жұмыс істей келе, біз олардың ішінен орталық аппараттың департамент директоры мен директордың орынбасары тәрізді Министрліктегі басшылық қызметке, сондай-ақ квазисектордағы басшылық лауазымдарға 10 маманды тағайындадық», - деді Р.Дәленов кездесуде.
Резервтегілер ашық диалог барысында еліміздегі өзекті экономикалық мәселелерге қатысты өз пайымдарымен бөлісті. Ол мәселелердің қатарында кәсіпкерлікті, МЖӘ-ні, бюджеттің 4 деңгейін, Ақтөбе облысының инвестициялық тартымдылығын, моноқалаларды дамыту бар.
Өз кезегінде, Руслан Дәленов талантты жастармен одан арғы пікір алмасу және маңызды тақырыптарды талқылау үшін «ҚР ҰЭМ резервшілерінің күнін» белгілеу идеясын ортаға салды.
«Сіздерге Мемлекет басшысының зор сенімін ақтап, өз таланттарыңызды танытуға және білімдеріңізді Отанымыздың игілігі жолына арнауларыңызға тілектеспін», - деді Министр.
Резервшілердің қатарына 106 жеке сектор өкілі, 98 квазимемлекеттік сала қызметкері мен 96 мемлекеттік қызметші еніп отыр. Үміткерлердің 58%-і шетелде білім алған, 42%-і қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері. 6 адам ғылым докторы болса, 204 адам магистр дәрежесіне ие.
Президенттің кадрлық резерві дегеніміз не
Президенттің жастар кадрлық резерві – қазақстандықтардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі басшылық қызметтерді иеленуіне мүмкіндік беретін жоба.
Жастар мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімі лауазымына, комитеттердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың басқармасының төрағалығына ұсынылады.
Үміткердің президенттің жастар кадрлық резервінде болу мерзімі – 5 жыл.#economy #ПрезиденттіңКадрлықРезерві #БасшылықҚызметтер
«Ұлттық экономика министрлігінде Жастар резервшілерінің күні іске қосылады» - Руслан Дәленов Президенттің кадрлық резервін ынтымақтастыққа шақырды
Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттің жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті. Экономикалық ведомствода резервтегі 40 жас маман бас қосқан. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу «Жаңа мамандар – жаңа қарқын, жаңа идеялар» ұранымен өтті.
Резервтегілер әңгіме барысында еліміздегі өзекті экономикалық мәселелер жөніндегі жобалары туралы баяндады. Көтерілген тақырыптардың қатарында кәсіпкерлікті, МЖӘ-ні, бюджеттің 4 деңгейін, инвестицияны, моноқалаларды дамыту бар.
Кездесу кезінде Руслан Дәленов талантты жастармен одан арғы пікір алмасу және маңызды тақырыптарды талқылау үшін «ҚР ҰЭМ резервшілерінің күнін» белгілеу идеясымен бөлісті.
«Кадрлық резервпен жұмыс істей келе, орталық аппараттың департамент директоры мен директордың орынбасары тәрізді Министрліктегі басшылық қызметке, сондай-ақ квазисектордағы басшылық лауазымдарға 10 маман тағайындалды», - деді Министрлік өкілі кездесуде.
Бұл тізімде кәсіпкерлер, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, ғылым докторлары мен магистрлар бар.
«Сіздерге Мемлекет басшысының зор сенімін ақтап, өз таланттарыңызды танытуға және білімдеріңізді Отанымыздың игілігі жолына арнауларыңызға тілектеспін», - деді Министр #economy #ПрезиденттіңКадрлықРезерві #Жастар
ШОБ корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл заңды Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
Тиісті түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне еніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы қабылданды.
Көзделіп отырғандай, жаңалық жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік белсенділігін арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандыратынын Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық бюджетке КТС түсімі тек тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен ғана түседі. Кәсіпкерлердің тізбесі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі.
Сондай-ақ облыс мәслихаттарына облыс және аудан бюджеттерінің арасындағы ШОБ-тың КТС-ын бөлу нормативтерін белгілеу құқығы беріледі.
Бұрын корпоративтік табыс салығының түсімдері толық көлемде республикалық бюджетке түсетін.
Еске салсақ, арнайы салық режімі қолданылатын микро- немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер корпоративтік, жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа), әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын төлеуден үш жылға босатылады.
Министрліктің есебі бойынша, табыс салығынан босату 1,2 млн. микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. Бұл бизнеске үш жыл ішінде 380 млрд. теңгеден астам қаражат үнемдеуге, босаған қаражатты өз қызметін дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Бұл түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 290-VI Қазақстан Республикасының заңы арқылы қабылданды.
Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес:
ірі кәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе жылдық орташа кірісі АЕК-тің 3 млн еселенген мөлшерінен асатын кәсіпорын.
микро бизнес – жұмыскерлерінің саны 15 адамға дейін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер.
шағын бизнес – жұмыскерлерінің саны 100 адамға дейінгі және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.#economy #ШОБ #Бизнес #КорпоративтікТабыс #Жұмыс
Корпоративный подоходный налог от МСБ будет поступать в местные бюджеты
Поступления по корпоративному подоходному налогу от малого и среднего бизнеса будут зачисляться в местные бюджеты. Такой закон подготовили в Министерстве национальной экономики.
Соответствующие поправки вступили в силу уже с нового года и приняты Законом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам административно-территориального устройства Республики Казахстан, совершенствования системы государственного управления, межбюджетных отношений, кредитования и образования».
Предусматривается, что новшество стимулирует местные исполнительные органы к повышению деловой активности в регионе и развитию МСБ, сообщила пресс-служба Миннацэкономики.
В республиканский бюджет будут зачисляться поступления КПН только от субъектов крупного предпринимательства по перечню. Перечень предприятий утверждается совместным приказом Министерств национальной экономики и финансов раз в три года.
Также маслихатам областей будет предоставлено право устанавливать норматив распределения КПН от МСБ между областным и районным бюджетом.
Ранее поступления корпоративного подоходного налога в полном объеме поступали в республиканский бюджет.
Напомним, что субъекты микро- или малого предпринимательства, применяющие специальные налоговые режимы, в том числе плательщики единого земельного налога, освобождены от уплаты корпоративного, индивидуального подоходного налога (кроме удерживаемого у источника выплаты), социального налога и единого земельного налога на три года.
По расчетам Министерства, освобождение от налогов на доход распространится на 1,2 млн. субъектов микро и малого предпринимательства. Это позволит бизнесу за три года сэкономить более 380 млрд. тенге, направить высвобождавшиеся средства на развитие своей деятельности.
Данные поправки приняты Законом Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования процедур реабилитации и банкротства, бюджетного, налогового законодательства, законодательства о железнодорожном транспорте» от 27 декабря 2019 года № 290-VI.
Согласно Предпринимательскому кодексу:
субъекты крупного предпринимательства - это предприятия со среднегодовой численностью работников более 250 человек или среднегодовым доходом свыше 3 млн. кратного МРП.
микро бизнес – это индивидуальные предприниматели с количеством работников до 15 человек и с годовым доходов до 30 тыс. МРП,
малый бизнес — это индивидуальные предприниматели и юридические лица с количеством работников до 100 человек и с годовым доходом до 300 тыс. МРП.#economy #МСБ #КорпоративныйПодоходныйНалог #Предпринимательство #Бизнес
В Миннацэкономики прошла встреча с представителями Словацкой Республики
21 января т.г. вице-министр национальной экономики РК Жаслан Мадиев встретился с делегацией Министерства экономики Словацкой Республики, во главе с Госсекретарем министерства господином Войтехом Ференцем в Нур-Султане.
Участники заседания обсудили текущее состояние и перспективы развития казахстанско-словацкого экономического сотрудничества. В ходе встречи состоялся обмен мнениями касательно экономического развития региона Европейского Союза, Центрально-Азиатского региона, а также перспективы развития мировой экономики.
Предметом обсуждения стали также вопросы инвестиционной политики в Республике Казахстан, в частности словацкая сторона была проинформирована о преимуществах инвестиционного климата и транспортно-логистической системы РК.
Словацкой делегацией отмечено о стремительном развитии сферы зеленых технологий, автомобилестроения и производства электромобилей в Словакии.
В конце встречи Ж.Мадиев поблагодарил представителей Словацкой Республики за содержательную беседу и выразил уверенность в продолжении плодотворного взаимодействия.#economy #Встреча #Делегация #ИнвестиционнаяПолитика #ЭкономическоеРазвитие
Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚДБ Қазақстандағы ШОБ пен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауда
Бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы үйлестіру комитетінің жетінші отырысы «Атамекен» ҰКП, «Даму» КДҚ» АҚ, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, екінші деңгейдегі банктер мен Еуропалық Қайта құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалық етуімен өткізілген кездесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкі ҚР Ұлттық экономика министрлігі қаржыландыратын Іскерлік консультациялық қызмет және «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасының 2019 жылғы іске асырылу нәтижелерімен таныстырылды.
Іс-шараға қатысушыларға сөз арнай келіп, Жаслан Мәдиев еліміздегі бизнес ортасын жақсарту бойынша Қазақстан Үкіметінің жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударды.
«Осы мақсатта бизнес-климатты жақсарту жөніндегі заңнамалық шаралардың 8-пакеті әзірленді. ЭЫДҰ-ның алдыңғы қатарлы елдерінің халықаралық тәжірибесін есепке ала отырып, Ұлттық байланыс орталығын құру жұмысы басталды. 2019 жылғы желтоқсанда Парламент микро және шағын бизнесті табыс салығынан босату бойынша заңнамалық түзету енгізді. Бұрынғы тәжірибеге негізделген және стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», - деді вице-министр.
Сонымен бірге, ведомство басшысының орынбасары ЕҚДБ-ның алты жыл ішіндегі бірлескен жұмысы кезінде көбінесе, өңірлерде кәсіпкерлер мыңға тарта жобаны іске асырғанын атап көрсетті. 2015 жылы басталған «Бизнестегі әйелдер» атты еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасының табысты қызметі туралы атап өту маңызды. Біз еліміздегі бизнесті жан-жақты қолдауға ұмытылудамыз әрі ЕҚДБ-ны сыртқы қатерлерге төзімді, жедел дамудағы, сапалы және алдыңғы қатарлы бизнес-ортаны дамыту үшін мүмкіндік беретін ұзақмерзімдік және мықты әріптес ретінде бағалаймыз.
ЕҚДБ деректеріне қарағанда, 2019 жылы Іскерлік консультациялық бағдарлама бойынша ШОБ кәсіпорындарында 211 жаңа консультациялық жоба басталса, оның 24-іне халықаралық сарапшылар тартылған. Жобаларға бөлінген гранттар сомасы 2,3 млн еуро.
Өткен жылы да «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы шеңберінде 66 жоба басталып, оны іске асыруға 327 мың еуро бөлінген. Консультациялық жобалармен бірге, ЕҚДБ арнайы кредиттік желі арқылы әйелдер бизнесіне қолдау жасайды. Оның жалпы сомасы Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері 60 млн АҚШ долларынан асқан.
Іс-шара соңында тараптар баршаға табысты кездесулер мен жемісті жұмыс тіледі.#economy #ЫнтымақтастықБағдарлама #БизнестіҚолдау
Миннацэкономики и ЕБРР поддерживают МСБ и женское предпринимательство в Казахстане
Сегодня в Нур-Султане состоялось седьмое по счету заседание Координационного комитета Программ сотрудничества между Министерством национальной экономики и Европейским банком реконструкции и развития в Казахстане с участием представителей НПП «Атамекен», АО «ФРП «Даму», Ассоциации деловых женщин Казахстана, банков второго уровня и Европейского Банка Реконструкции и Развития. Об этом рассказали в пресс-службе Миннацэкономики РК.
В ходе встречи, которая состоялась под председательством вице-министра национальной экономики Республики Казахстан Жаслана Мадиева Европейский Банк Реконструкции и Развития ознакомил с результатами реализации в 2019 году Программ деловых консультационных услуг и «Женщины в бизнесе», которые со-финансируются Министерством национальной экономики РК.
Приветствуя участников мероприятия, Жаслан Мадиев акцентировал внимание на том, что Правительством Казахстана проводится системная работа по улучшению бизнес среды в стране.
«В этих целях разработан 8-ой пакет законодательных мер по вопросам улучшения бизнес-климата. Начата работа по созданию Национального контактного центра с учетом международного опыта передовых стран ОЭСР. В декабре 2019 года Парламентом приняты законодательные поправки по освобождению микро и малого бизнеса от налога на доходы. Принята Государственная программа поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса-2025», основанная на опыте прошлых лет и направленная на реализацию стратегических задач», - сообщил вице-министр.
Вместе с тем замглавы экономического ведомства подчеркнул, что за прошедшие шесть лет совместной работы с ЕБРР было реализовано порядка тысячи проектов с казахстанскими предприятиями, преимущественно в регионах. Важно отметить особый успех программы «Женщины в Бизнесе» - первой в стране программы поддержки женского предпринимательства, начатой в 2015 году. Мы стремимся к оказанию всесторонней поддержки нашему бизнесу и ценим ЕБРР как долгосрочного и сильного партнера, который дает возможность для развития качественной и передовой бизнес-среды, быстрорастущей и устойчивой к внешним вызовам.
По данным ЕБРР, В 2019 году по Программе деловых консультационных услуг на предприятиях МСБ было начато 211 новых консультационных проектов, из них 24 – с привлечением международных экспертов. Сумма выделенных грантов на проекты составила 2,3 млн евро.
В прошлом году также было начато 66 проектов в рамках Программы «Женщины в бизнесе», на реализацию которых было выделено 327 тыс. евро. Помимо консультационных проектов, ЕБРР поддерживает женский бизнес через специальные кредитные линии, общая сумма которых с запуска Программы превышает 60 млн долларов США.
По итогам мероприятия стороны пожелали всем продуктивных встреч и плодотворной работы.#economy #ПоддержкаМСБ #УлучшениеБизнесСреды #ЖенскоеПредпринимательство
Өзбекстан мен Қазақстан министрліктері арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды
А.ж. 25-26 ақпанда Өзбекстанда үкімет басшылары қатысқан қазақ-өзбек екіжақты байланыстар тарихындағы екінші аймақаралық ынтымақтастық форумы өткізілді. Іс-шараның тақырыбы – «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнес ынтымақтастығы».
Форум жұмысына Қазақстан делегациясы құрамында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша, Өзбекстан Экономика және өнеркәсіп министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаны туралы ақпарат берді.
«Стратегиялық әріптестік аясында біз бүгін министрліктер арасында Экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойдық. Ашық экономикалық, құқықтық және өзге де ақпаратпен, сондай-ақ, тиісті заңнамалық актілердің мәтіндерімен, оларға енгізілген өзгерістермен алмасатын боламыз», - деп атап көрсетті Дәленов.
«Сөз жоқ, бүгінгі форум – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық пен берік байланыстарды орнықтыру жолындағы тағы бір қадам. Ол аймақаралық және шекарамаңы инвестициясы көлемін ұлғайтуға, Қазақстан мен Өзбекстанның іскерлік ортасы мен өңірлері арасындағы бизнестің өзара ынтымақтастығына серпін береді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі басшысы іс-шарадан соң.#economy #Ынтымақтастық #Агроөнеркәсіп #Туризм