Экономика министрлігі 🇰🇿
2.62K subscribers
4.74K photos
187 videos
18 files
3.32K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
Экономика Казахстана выросла на 4,4% за 11 месяцев – Даленов
Министр национальной экономии Руслан Даленов на заседании правительства рассказал об итогах социально-экономического развития страны за январь-ноябрь 2019 года.
С начала года наблюдается восходящий тренд по росту экономики. По итогам 11 месяцев экономика Казахстана выросла на 4,4%. За январь-ноябрь текущего года рост ВВП составил 4,4%. Инфляция в стране дошла до отметки 5,4%, сообщил в пятницу министр национальной экономики Руслан Даленов.
«Факторами роста экономики стали увеличение производства в базовых отраслях, расширение внутреннего спроса и развитие сектора услуг, а также реализация инвестиционных проектов», - сказал Даленов.
По словам Министра, наибольший вклад в рост ВВП внес несырьевой сектор – 3,8 процентных пункта. Основную роль сыграли обрабатывающая промышленность, сектор услуг и строительство. При этом вклад сырьевого сектора составил 0,6%.
«Тенденция роста ВВП показывает следующую картину. В прошлом году в октябре и ноябре рост ВВП составлял 4,1%. И 2018 год завершился с ростом в 4,1%. В текущем году в октябре и ноябре рост экономики составил 4,4%. Есть основание полагать, что в декабре рост будет не ниже», - подчеркнул глава экономического ведомства.
Вместе с тем, по данным Миннацэкономики, инвестиции в основной капитал выросли на 8,3%. Годовая инфляция составила 5,4%. В январе-октябре доходы населения выросли на 5,7%.
«По инфляции и индексу цен на продовольственные товары в разрезе регионов наблюдается следующая ситуация. В четырех регионах инфляция находится в верхнем пределе целевого коридора. Это Атырауская – 6,1%, Мангистауская – 6,0%, Карагандинская – 5,9% области и город Шымкент – 5,9%. Вместе с тем высокий рост цен на продтовары отмечается в пяти регионах», - добавил Руслан Даленов.
В частности, с 4 декабря 2018 года по 3 декабря 2019 года цены на социально значимые продтовары выросли почти на 12%. Наибольший рост наблюдается в Алматы – на 15,2%, Атырау – на 14,9%, столице – на 14,2%, Караганде – на 13,7%, Костанае – на 13,6% и Жезказгане – на 13,4%.
«У местных исполнительных органов имеются механизмы по утверждению и контролю предельно допустимых цен на социально значимые продовольственные товары, а также по использованию региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров», - отметил глава Миннацэкономики.#economy #ВВП #Инфляция
https://vlast.kz/
Руслан Дәленов: Жалпы ішкі өнім 4,4 пайызға өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өткен жылы 11 ай қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өскен. Ал осы жылғы қаңтар мен қарашада экономиканың өсуі 4,4 пайызды құрады. Осыған байланысты желтоқсанда өсім төмен болмайды деп ойлауға негіз бар. Біріншіден, биыл экономика өсім серпінін көрсетіп отыр. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібінде оң көрсеткіштер байқалуда», - деді Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында. Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,3 пайызға дейін артқа. Қараша айында жылдық инфляция 5,4 пайызды көрсеткен.#economy #ІшкіӨнім #ӨнерКәсіп
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз
inform.kz
ҚР ҰЭМ басшысы ведомствоның қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Министр Ұлттық экономика министрлігі ұжымын еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Өз сөзінде Министр Қазақстанның бар-жоғы ширек ғасыр ішінде жаһандық шаруашылық байланысқа қосылған ұлттық егемен экономика ретінде және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысы ретінде де қалыптасқандығын мақтанышпен айтып өтті.
«Бүгінде біздің мемлекетіміз экономиканы табысты дамытуды, әлеуметтік саланы нығайтуды, демократиялық жаңғыруды одан әрі жалғастыруда. Тәуелсіздіктің әрбір жылында біз едәуір кемел, сенімді және мықты бола түсудеміз. Біз өз тарихымызды жадымызда ұстаймыз, барлық жетістіктерімізді бағалай білеміз, мемлекетіміздегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылыққа куәміз», - деді Министр өзінің құттықтау сөзінде.
Салтанатты жиын барысында ерекше көзге түскен министрлік қызметкерлеріне бірқатар мемлекеттік, ведомстволық және басқа да марапаттар тапсырылды.#economy #ТәуелсіздікКүні #Мереке
Президенттің кадрлық резервіндегі 10 адам Ұлттық экономика министрлігіндегі басшылық қызметтерге келіп үлгерді
Ұлттық экономика министрлігінде ведомство басшысы Руслан Дәленов Президенттің жастар кадрлық резерві өкілдерімен кездесті. Бұл туралы 15 қаңтарда ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге қатысушылардың алдында сөз сөйлей келіп, Руслан Дәленов кадрлық резервтің мақсаты жастар үшін айқын әлеуметтік саты құру екеніне назар аударды.
«Жаңа мамандықтар – жаңа қарқын, жаңа идеялар», - Руслан Дәленов Президенттің кадрлық резерві туралы осылай дейді.
Қазақстан Президентінің айтуынша, «тек білімді, патриот, еңбексүйгіш жас қана – біздің еліміздің прогресі мен тұрақты дамуының қозғаушы күші».
Қазақстанның ұлттық экономикасына жауапты министрліктің басшысы резервтегілердің экономиканың түрлі салаларында едәуір жұмыс тәжірибесі барлығын атап көрсетті. Олардың көбі экономиканың түрлі салаларындағы ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істеуде немесе істеген.
«Кадрлық резервпен жұмыс істей келе, біз олардың ішінен орталық аппараттың департамент директоры мен директордың орынбасары тәрізді Министрліктегі басшылық қызметке, сондай-ақ квазисектордағы басшылық лауазымдарға 10 маманды тағайындадық», - деді Р.Дәленов кездесуде.
Резервтегілер ашық диалог барысында еліміздегі өзекті экономикалық мәселелерге қатысты өз пайымдарымен бөлісті. Ол мәселелердің қатарында кәсіпкерлікті, МЖӘ-ні, бюджеттің 4 деңгейін, Ақтөбе облысының инвестициялық тартымдылығын, моноқалаларды дамыту бар.
Өз кезегінде, Руслан Дәленов талантты жастармен одан арғы пікір алмасу және маңызды тақырыптарды талқылау үшін «ҚР ҰЭМ резервшілерінің күнін» белгілеу идеясын ортаға салды.
«Сіздерге Мемлекет басшысының зор сенімін ақтап, өз таланттарыңызды танытуға және білімдеріңізді Отанымыздың игілігі жолына арнауларыңызға тілектеспін», - деді Министр.
Резервшілердің қатарына 106 жеке сектор өкілі, 98 квазимемлекеттік сала қызметкері мен 96 мемлекеттік қызметші еніп отыр. Үміткерлердің 58%-і шетелде білім алған, 42%-і қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері. 6 адам ғылым докторы болса, 204 адам магистр дәрежесіне ие.
Президенттің кадрлық резерві дегеніміз не
Президенттің жастар кадрлық резерві – қазақстандықтардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі басшылық қызметтерді иеленуіне мүмкіндік беретін жоба.
Жастар мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімі лауазымына, комитеттердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың басқармасының төрағалығына ұсынылады.
Үміткердің президенттің жастар кадрлық резервінде болу мерзімі – 5 жыл.#economy #ПрезиденттіңКадрлықРезерві #БасшылықҚызметтер
«Ұлттық экономика министрлігінде Жастар резервшілерінің күні іске қосылады» - Руслан Дәленов Президенттің кадрлық резервін ынтымақтастыққа шақырды
Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттің жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті. Экономикалық ведомствода резервтегі 40 жас маман бас қосқан. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу «Жаңа мамандар – жаңа қарқын, жаңа идеялар» ұранымен өтті.
Резервтегілер әңгіме барысында еліміздегі өзекті экономикалық мәселелер жөніндегі жобалары туралы баяндады. Көтерілген тақырыптардың қатарында кәсіпкерлікті, МЖӘ-ні, бюджеттің 4 деңгейін, инвестицияны, моноқалаларды дамыту бар.
Кездесу кезінде Руслан Дәленов талантты жастармен одан арғы пікір алмасу және маңызды тақырыптарды талқылау үшін «ҚР ҰЭМ резервшілерінің күнін» белгілеу идеясымен бөлісті.
«Кадрлық резервпен жұмыс істей келе, орталық аппараттың департамент директоры мен директордың орынбасары тәрізді Министрліктегі басшылық қызметке, сондай-ақ квазисектордағы басшылық лауазымдарға 10 маман тағайындалды», - деді Министрлік өкілі кездесуде.
Бұл тізімде кәсіпкерлер, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, ғылым докторлары мен магистрлар бар.
«Сіздерге Мемлекет басшысының зор сенімін ақтап, өз таланттарыңызды танытуға және білімдеріңізді Отанымыздың игілігі жолына арнауларыңызға тілектеспін», - деді Министр #economy #ПрезиденттіңКадрлықРезерві #Жастар
ШОБ корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл заңды Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
Тиісті түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне еніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы қабылданды.
Көзделіп отырғандай, жаңалық жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік белсенділігін арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандыратынын Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық бюджетке КТС түсімі тек тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен ғана түседі. Кәсіпкерлердің тізбесі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі.
Сондай-ақ облыс мәслихаттарына облыс және аудан бюджеттерінің арасындағы ШОБ-тың КТС-ын бөлу нормативтерін белгілеу құқығы беріледі.
Бұрын корпоративтік табыс салығының түсімдері толық көлемде республикалық бюджетке түсетін.
Еске салсақ, арнайы салық режімі қолданылатын микро- немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер корпоративтік, жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа), әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын төлеуден үш жылға босатылады.
Министрліктің есебі бойынша, табыс салығынан босату 1,2 млн. микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. Бұл бизнеске үш жыл ішінде 380 млрд. теңгеден астам қаражат үнемдеуге, босаған қаражатты өз қызметін дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Бұл түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 290-VI Қазақстан Республикасының заңы арқылы қабылданды.
Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес:
ірі кәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе жылдық орташа кірісі АЕК-тің 3 млн еселенген мөлшерінен асатын кәсіпорын.
микро бизнес – жұмыскерлерінің саны 15 адамға дейін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер.
шағын бизнес – жұмыскерлерінің саны 100 адамға дейінгі және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.#economy #ШОБ #Бизнес #КорпоративтікТабыс #Жұмыс
Корпоративный подоходный налог от МСБ будет поступать в местные бюджеты
Поступления по корпоративному подоходному налогу от малого и среднего бизнеса будут зачисляться в местные бюджеты. Такой закон подготовили в Министерстве национальной экономики.
Соответствующие поправки вступили в силу уже с нового года и приняты Законом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам административно-территориального устройства Республики Казахстан, совершенствования системы государственного управления, межбюджетных отношений, кредитования и образования».
Предусматривается, что новшество стимулирует местные исполнительные органы к повышению деловой активности в регионе и развитию МСБ, сообщила пресс-служба Миннацэкономики.
В республиканский бюджет будут зачисляться поступления КПН только от субъектов крупного предпринимательства по перечню. Перечень предприятий утверждается совместным приказом Министерств национальной экономики и финансов раз в три года.
Также маслихатам областей будет предоставлено право устанавливать норматив распределения КПН от МСБ между областным и районным бюджетом.
Ранее поступления корпоративного подоходного налога в полном объеме поступали в республиканский бюджет.
Напомним, что субъекты микро- или малого предпринимательства, применяющие специальные налоговые режимы, в том числе плательщики единого земельного налога, освобождены от уплаты корпоративного, индивидуального подоходного налога (кроме удерживаемого у источника выплаты), социального налога и единого земельного налога на три года.
По расчетам Министерства, освобождение от налогов на доход распространится на 1,2 млн. субъектов микро и малого предпринимательства. Это позволит бизнесу за три года сэкономить более 380 млрд. тенге, направить высвобождавшиеся средства на развитие своей деятельности.
Данные поправки приняты Законом Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования процедур реабилитации и банкротства, бюджетного, налогового законодательства, законодательства о железнодорожном транспорте» от 27 декабря 2019 года № 290-VI.
Согласно Предпринимательскому кодексу:
субъекты крупного предпринимательства - это предприятия со среднегодовой численностью работников более 250 человек или среднегодовым доходом свыше 3 млн. кратного МРП.
микро бизнес – это индивидуальные предприниматели с количеством работников до 15 человек и с годовым доходов до 30 тыс. МРП,
малый бизнес — это индивидуальные предприниматели и юридические лица с количеством работников до 100 человек и с годовым доходом до 300 тыс. МРП.#economy #МСБ #КорпоративныйПодоходныйНалог #Предпринимательство #Бизнес