ORION КАПСУЛАСЫ НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?
Orion ғарыш кемесінің экипаж капсуласының корпусы мен жылудан қорғайтын қалқаны қандай материалдардан жасалған?
Gemini 3 Pro ЖИ, өз сөзінше, NASA ресми сайты, NASA техникалық есептер сервері (NTRS), Lockheed Martin компаниясының мәліметтері, т.б. ашық дереккөздерден жинаған ақпарат:
1. Капсула корпусының негізгі тірек құрылымы
Герметикалық корпус (pressure vessel) алюминий-литий қорытпасынан жасалған:
* Алюминий-литий қорытпасы: Бұл материал өте берік, сонымен бірге жеңіл. Ол астронавтар үшін тіршілік ету ортасын герметикалық түрде сақтауға және ұшу кезіндегі жүктемелерге төтеп беруге арналған. Бұрынғы дизайндарда 33 бөлік дәнекерленген болса, қазіргі Artemis миссияларында корпус жеті ірі бөліктен үйкеліс арқылы араластырып дәнекерлеу (friction-stir welding) әдісімен біріктірілген, бұл оның салмағын айтарлықтай жеңілдетті.
2. Жылудан қорғайтын қалқан
Капсуланың түбінде орналасқан және Жер атмосферасына қайта кіру кезіндегі ең жоғары температурадан (2760°C жуық) қорғайтын бұл қалқан абляциялық (жанып таусылатын) материалдан жасалған:
* Avcoat (Авкоат): Бұл — Apollo капсулаларында қолданылған материалдың жаңартылған нұсқасы. Ол атмосфераға кіргенде бақыланатын түрде жанады немесе "абляцияға" ұшырайды, осылайша жылуды капсуладан тысқары алып кетеді.
* Құрамы: Avcoat — эпоксидті новлак шайырының (Epoxy Novolac resin) құрамына кремний талшықтары (silica fibers) мен фенолды микро-шарлар (phenolic micro-balloons) қосылған қоспа.
Қосымша мәліметтер:
* Тірек құрылымы: Жылу қалқанының тікелей Avcoat материалы астында титаннан жасалған қаңқа мен көміртек талшықты (carbon-fiber skin) қабықшадан тұратын тірек құрылымы орналасқан, олар қалқанның механикалық беріктігін қамтамасыз етеді.
* Корпустың басқа бөліктері: Капсуланың конус тәрізді бүйірлері ("backshell") герметикалық корпусты қорғайтын 1300-ден астам жылу оқшаулағыш плиткалармен қапталған. Бұл плиткалар ғарыш шаттлдарында қолданылған материалға ұқсас кремний талшықтарынан жасалған.

👍1
C/2025 R3 КОМЕТАСЫ ЖАЙ КӨЗБЕН КӨРІНЕ БАСТАДЫ
C/2025 R3 (PanSTARRS) кометасының жарықтығы 4,2 жұлдыздық шамаға жетті. Яғни оны теория жүзінде жай көзбен көруге болады, ал дүрбімен жақсы бақылануы керек.
Құйрықты жұлдыз күн шығуына жарты сағаттай қалғанда шығыс көкжиек үстінен, Пегастың Үлкен шаршысы ішінен байқалады. Алайда timeanddate сайтының дерегінше, Қазақстан аумағынан кометаны көру мүмкін емес.
Сызба: Starwalk
#астрокүнтізбе

👍1🥰1
BLUE ORIGIN БІРІНШІ РЕТ ӨЗ ЗЫМЫРАН САТЫСЫН ҚАЙТА ҰШЫРМАҚШЫ, БІРАҚ...
2026 жылғы 19 көкекте, Алматы уақытымен 15:40-та Blue Origin компаниясы Канаверал базасындағы SLC-36 старт алаңынан New Glenn ауыр зымыранын үшінші мәрте ұшырмақшы. Тасығыш BlueBird Block 2 FM2 жаңа буын байланыс жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығаруы тиіс.
Миссияның басты ерекшелігі — былтыр желтоқсанда НАСА EscaPADE аппараттарын ұшырып берген соң Jacklyn баржасына сәтті қонған Never Tell Me The Odds (GS1-SN002) 1-сатысының қайта қолданылуы. Сонымен, Blue Origin компаниясы SpaceX-тен басқа операторлар арасында бірінші болып өз сатысын қайта ұшырайын деп отыр.
Дегенмен бір кішкентай нюанс бар: сатының барлық 7 қозғағышы (!) ауыстырылды. Компания алып тастаған қозғағыштарын болашақ миссияларда қолданбақ. Әрине, бүгін де үдеткішті қондыруға әрекет жасалады.
Тікелей эфир басталып та кетті

BLUE ORIGIN ЕКІНШІ МӘРТЕ ҰШЫРЫЛҒАН ЗЫМЫРАН САТЫСЫН ҚАЙТА СӘТТІ ҚОНДЫРДЫ
2026 жылғы 19 көкекте Blue Origin компаниясы Канаверал базасындағы SLC-36 старт алаңынан New Glenn ауыр зымыранын үшінші мәрте ұшырды. NG-3 миссиясының мақсаты — BlueBird Block 2 FM2 жаңа буын байланыс жерсерігін 460 км, 49,4° төмен жермаңы орбитаға шығару еді. Алайда зымыранның 2-сатысы екінші мәрте қосыла алмай, жүктемені қате орбитаға шығарды. Миссия ішінара сәтсіз деген статус алды, демек жерсерік тиісті орбитаға өз күшімен көтеріле алатын болса керек.
Былтыр NG-2 миссиясын сәтті орындаған Never Tell Me The Odds 1-сатысы қайта ұшырылды, дегенмен оның барлық 7 қозғағышы жаңаларына ауыстырылды. Бұл саты бүгін де Jacklyn баржасына ойдағыдай қонды! Сөйтіп, Blue Origin компаниясы SpaceX-тен кейін екінші болып сұйық отынды орбиталық зымыранның 1-сатысын сәтті қайта қолдана алды.
Фото: John Kraus Photos
#ғарыштарихы #зымыранұшыру

STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Starship S39 кемесінің барлық 6 қозғағышының толық статикалық тұтандыру сынағы өткізілді. Бұл жаңа V3 нұсқадағы кемелердің алғашқы осындай тесті болды. Өндіріс алаңына қайта әкелінген Starship S39 бірнеше аптадан кейін ұшуға әзірленіп жатыр.
Credit: SpaceX
#жұлдызкеме

АЛҒАШ РЕТ 33 RAPTOR V3 ТҰТАНДЫРЫЛДЫ!
SH B19 үдеткішінің барлық 33 қозғағышы толық статикалық тұтандыру сынағынан өтті. V3 нұсқадағы бірінші үдеткіш жаңа үлгідегі Raptor 3 қозғағыштарымен жабдықталған. Одан кейін толтыра отын құю (WDR-тест) да тексерілді. SH B19 старт тағанынан түсірілді.