This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Artemis II миссиясы сәтті аяқталды деуге толық негіз бар!
👍1
ARTEMIS II МИССИЯСЫ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛДЫ
Orion Integrity ғарыш кемесінің төрт астронавт мінген капсуласы 2026 жылғы 11 көкек, таңғы 5:07-де Тынық мұхит айдынына аман-есен қонды! НАСА-ның Айды айналып келген Artemis II миссиясы сәтті аяқталды.
#ғарыштарихы

ARTEMIS II ЭКИПАЖЫНЫҢ ОРАЛУЫ
SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемелері экипаждарын қалай құтқаратынына көзіміз үйреніп қалған. Мұхит бетінде қалқыған капсуланы теңіз кемесі бортына көтеріп қояды да, люгін ашып, ғарышкерлерді палубаға түсіріп алады.
Ал кеше НАСА-ның Artemis II экипажын қалай түсіріп алғаны көпшілікті таң қалдырды. Алдымен Orion капсуласына желқайықпен құтқарушылар жақындап барып, люк ашылған соң, астронавтар қайыққа түсті. Содан соң оларды бірнеше тікұшақ бортына фалмен көтеріп алды. Ақыры тікұшақтар USS John P. Murtha кемесінің палубасына қонды.

❤1👍1
АЙҒА ҰШҚАН ЖИЫРМА СЕГІЗ ҚАҺАРМАН
Artemis II миссиясының сәтті аяқталуы бүгінгі Космонавтика күніне лайықты тарту болды. Ғарышкерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында Айға ұшқан адамдар қатарына 53 жыл 4 ай үзілістен кейін жаңа есімдер қосылды. Толығырақ — төмендегі мақалада.
Apollo бағдарламасы аясында 1968–1972 жылдары Айға 24 НАСА астронавты барып келгені мәлім. Олардың 12-сі Ай бетіне аяқ басса, тағы 12 ғарышкер Ай орбитасында болып қайтты. Қазір өмірде бұл ардагерлердің бесеуі ғана қалды.
Енді міне, 2026 жылы, Artemis II миссиясының 4 мүшесі Ай орбитасына шықпастан, еркін қайту траекториясымен Айды ар жағынан айналып келді. Бұлардың арасында алғашқы әйел мен АҚШ-тан басқа елдің алғашқы азаматы бар.
Ай бетіне қонған 12 астронавт:
Нил Армстронг / Neil Armstrong (1930-2012) — Apollo 11
Эдвин "Базз" Олдрин / Edwin "Buzz" Aldrin (1930) — Apollo 11
Чарльз "Пит" Конрад / Charles "Pete" Conrad (1930-1999) — Apollo 12
Алан Бин / Alan Bean (1932-2018) — Apollo 12
Алан Шепард / Alan B. Shepard Jr. (1923-1998) — Apollo 14
Эдгар Митчелл / Edgar D. Mitchell (1930-2016) — Apollo 14
Дэвид Скотт / David R. Scott (1932) — Apollo 15
Джеймс Ирвин / James B. Irwin (1930-1991) — Apollo 15
Джон Янг / John W. Young (1930-2018) — Apollo 10 (орбита), Apollo 16 (қону)
Чарльз Дьюк / Charles M. Duke (1935) — Apollo 16
Юджин Сернан / Eugene Cernan (1934-2017) — Apollo 10 (орбита), Apollo 17 (қону)
Харрисон Шмидт / Harrison H. Schmitt (1935) — Apollo 17
Ай орбитасында болған 12 астронавт:
Фрэнк Борман / Frank Borman (1928-2023) — Apollo 8
Уильям Андерс / William A. Anders (1933–2024) — Apollo 8
Джеймс Ловелл / James A. Lovell Jr. (1928–2025) — Apollo 8, Apollo 13
Томас Стаффорд / Thomas Stafford (1930–2024) — Apollo 10
Майкл Коллинз / Michael Collins (1930-2021) — Apollo 11
Ричард Гордон / Richard F. Gordon Jr. (1929-2017) — Apollo 12
Фред Хейз / Fred W. Haise Jr. (1933) — Apollo 13
Джон Суайгерт / John L. Swigert Jr. (1931-1982) — Apollo 13
Стюарт Руса / Stuart A. Roosa (1933-1994) — Apollo 14
Альфред Уорден / Alfred M. Worden (1932-2020) — Apollo 15
Томас Маттингли / Thomas K. Mattingly II (1936-2023) — Apollo 16
Рональд Эванс / Ronald E. Evans (1933-1990) — Apollo 17
Айды айналып шыққан 4 астронавт:
Рид Уайзмен / Reid Wiseman (1975) — Artemis II
Виктор Гловер / Victor J. Glover Jr. (1976) — Artemis II
Кристина Кук / Christina H. Koch (1979) — Artemis II
Джереми Хансен / Jeremy R. Hansen (1976) — Artemis II

👍1🔥1
Кешегі Космонавтика күні мен оның қарсаңында да сала мамандарының қарбалас жұмысы тоқтаған жоқ. 2026 жылғы 11 көкекте Жерге оралған Orion капсуласы USS John P. Murtha кемесінің бортына көтерілді. Сол күні Канавералдан Falcon 9 зымыраны Халықаралық ғарыш стансасына Cygnus NG-24 жүк кемесін аттандырды. New Glenn зымыраны өзінің үшінші миссиясын орындау үшін стартқа шығарылды. Оның 1-сатысы алғаш рет қайта ұшырылмақ. Ал Старбейсте Starship S39 кемесі мен Super Heavy B19 үдеткіші Старшип жүйесінің 12-ші сынағына дайындалып жатыр.
👍1👏1
ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ: ЖАСАНДЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
T-invariant басылымында жарияланған мақаланың қысқаша мазмұны:
Қазақстандағы ғылыми деректерді қолдан жасау
- Профессор К. 2025 жылдың қарашасында Elsevier басылымынан «Үздік рецензент» марапатын алды.
- Сол күні Chemical Papers журналы оның авторлығымен шыққан мақаланы деректерді қолдан жасағаны үшін қайтарып алды.
- К-нің 34 мақаласы қайтарылған, бұл Қазақстандағы рекорд болып саналады.
Қазақстан академиясындағы бұзушылықтар жүйесі
- Қазақстанда ғылыми этиканы жиі бұзатындар мемлекеттік марапаттар мен халықаралық мойындауға ие болып жүр.
- Мақала авторлары деректер графиктерін өзгертіп, зерттеуді қолдан жасаған.
- К-нің қайтарылған мақалаларының көбі Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының мүшесімен бірлесіп жазылған.
Сатып алынатын авторлық пен оның салдары
- Деректерді бұрмалау мен қолдан жасауды көбіне «толық пакетпен» сатып алады.
- Қазақстанда сатып алынатын авторлық дәстүрге айналған, бұған Диссернет сайтындағы мысалдар дәлел.
- Заңгер С. пен профессор Е. — осындай мақалалар саны бойынша көшбасшылар.
Азияға бағытталған тренд
- Азия нарықтарындағы ғылыми еңбектер саудасы Мәскеу биржасының мүмкіндігінен асып түсті.
- Профессор И. Сауд Арабиясындағы әріптестерімен бірлескен жұмыстар саны бойынша көшбасшы болды.
- И-дың жарияланымдарына сарапшылар сын айтса да, ол көптеген марапаттарға ие болған.
#қазақстанғылымы

Т-инвариант / T-invariant
Лучший рецензент-фальсификатор: как в Казахстане копируют российские практики научной недобросовестности - Т-инвариант / T-invariant
В ноябре 2025 года в Институте ядерной физики Республики Казахстан торжественно поздравляли профессора Артема Козловского с наградой «Лучший рецензент Elsevier». И в эти же дни редакция журнала Chemical Papers (Springer Nature) отозвала статью с его соавторством…
👍2