әдемі бірдеңе
15 subscribers
27 photos
1 video
2 links
Download Telegram
Сағынышпен күттім мен,
Кеткеніңе сенбедім.
Алдадың да,жоғалдың,
Енді өзіме оралдым.❤️‍🩹
қазір кімде қиын жағдай,бәрінен жеңіл өтіңдер.

бәрі Алланың қалауымен,не шешілетінін білмейміз,бірақ сол итог үшін жүгіріп,уайымдаймыз

ешқашан,өкініп қаламайтындай өмір сүрейікші❤️
енді ешқашан бұлай жасамаспын деп айтпаймын
ешқашан жасамайм деген бар сөзім алдымнан шығып жатыр.
есіме түсіп кетті,кішкентай кезде оқу жақындағанда,мама бізге әр қалаға барған сайын,оқуға керек бір-екі заттан (дәптер,қалам,өшіргіш)әкелетін,баламын өзім барып,таңдап,ең әдемісін алғым келетін.

сондай бір күні мама сурет дәптер әкеліпті,ең әдемісін інім алып қойып,маған кішкене әдемі емесі қалды.
мамаға сол кезде “неге жаман-жаманын алып жетіп келгенсің”- деп айтқан сөзі әлі көңілімде сайрап тұр.
кішкентаймын,түсінбедім деп жұбатым өзімді,бірақ сол кездегі маманың түрі әлі есімде,өзін кінәлі сезініп,жаман болып қалғаны,маған тіпті сөйлей алмай қалғаны,қазір есіме келсе жүрегім ауырады.

сондағысы,соңғы ақшаларына біртіндеп біздің оқуға заттарымызды түгендеп жүргені ғой.

бірақ,сол кезден кейін есейдім ба? білмейм.
содан соң мамаға,маған нау керек,әпер деп айтпаған екенмін. лучше басқа нәрсеге құртсын ақшаны деп тұратынмын,сол эмпатия әлі бар,сразу біреудің ақшасын ойлаймын,көп кетіп қалмасын деп.
💔2
одиноко.
менің сенген ең ақымақ өтірігімді сендеге айтып берейін😂:
- кім нау қыз,неге подписка жасағансың?
- қалтамда жүріп басылып кеткен,енді көріп тұрмын
- өтірік айтпашы,құдай ақы деш
- құдай ақы

бірақ,сөйлеспей қалған соң,қайтадан подпискасында ол қыз пайда болады😂
сосын маған не только лапша жегізбегенін,отырғызып кеткенін түсіндім
сол кезде ғана,бұрыннан қызыққан қызы екенін білдім

осындай өтіріктерге сену жолдары деген курс ашам,бірге черт болайық,кім келеді?😂
көңілім жаман болып тұр,жалғыз қалсам жылап қалам
бәрі қарсы сияқты сезім
бәрін тоқтатып,жаңадан бастау керек деген белгі ма?
әлде күз әсер етіп жатыр деген түсінік па?

жалғыз сезіну шаршатты мені
көп ақша тапсам бірінші жалғыз өзім бір квартираға шығамын,мен уже адамдарды жек көріп бара жатырмын
мен жаманбынба әлде
сорлы болсаңда жаман ғой
іздеген жетер мұратқа деген,бәрін табуға болады екен🙂‍↕️
Збсыңдар уже
бір ұйқым ашылып кетсе ұйықтай алмаймын,сондағысы 15 минут ұйықтадым ғой😭
ертең ерте тұрам деп ерте жатқан едім
Павлодарда жүріп туысқандарымнан алыстап қалған сияқтымын,кішкентай кезде де,көп араласпаушы едім,қазір той-жиын болғанда барғың келіп тұрады,оданда жат болып қалатын сияқты көрінемін
соңғы уақытта грин флаг жігіттерді көп көріп жүрмін:
1. жұмыста бірге жасайтын жігіт, тура есіктің алдында, суық жерде отырғанымды көріп, жақындап «жаурап қалмадың ба?» деп сұрап, сәл суықтау дегенге менің отырған орнымда ашылып тұрған есікті жауып, адамдарды басқа есік жақтан кіргізді. маған «қалың киініп кел, ауырасың» деп жіберді.
бұл махаббат ойбай емес, қызға деген құрмет және жай адамгершілік

2. астанадан павлодарға қайтар күні поездға міндім. соңғы билеттерді алғансың, тек үстіңгі орындар қалған, соның бірін ала салдым.
Гүлзат мені шығарып салуға келді. поезд келді, ішке кіріп, заттарымды жоғарыға қойып, Гүлзатпен қоштасайын деп сыртқа шығып келдім. поезд жүретін уақытта қайта кірдім. бір бала астыңғы орында отырған, маған «кешіріңіз, сіз үстіңгі орындасыз ба?» деп сұрап қалды. «иә, менікі» деп айта салдым. онда «астына жата беріңіз, мен үстіне шыға салайын» демесі барма😂
мен поездға қайта кіріп, Гүлзатқа түскенде, астыңғы орында бір жас жігіт жатыр екен. ауысайық деп айтайын ба деп прикол ұстап кіргем негізі. өзіне айттым, «егер өзіңізге қиын болмаса, мен қарсы емеспін» деді. содан астыңғы орынға жатып келдім.
спойлер: ол жігіт менен инста, номер сұрамады. егер сондай мақсатта орын ауыстырар болса, онда солай жасаушы еді.
бұл да жай ғана қызға деген сыйластық деп түсіндім

3. жұмыста бір ер адам ренжітті, жылап қалдым кішкене. ешкімге айтпадым. сол оқиғаны көрген басқа адамдар айтыпты. сосын мені іздеп келіп, басқа ер кісі мені қорғап, жаңағы ер адамды айырып, сонымен «қызға солай сөйлеме, ренжітпе» деп ұрсыпты.
ол үйленген адам, тек өзінің әйеліне емес, басқа қызға деген сыйластық. одан кейін ол кісіден қырындау, анау-мынау болған жоқ. ол мен сияқты басқа қыздарды да дәл солай қорғайды

4. ауыр заттарды көтеріп, басқа жаққа апару керек болдым. көтере салу қиын емес, қасымда сол кезде жігіт тұрды. «Гүлсезім, көтерме, қалғанын өзім жасаймын, бәрі, бара бер. бұлай көтерме, керек болса, басқа жігітті көмекке шақыр» деп жіберді

5. мүлде танымайтын адам, ночной сменанда жүргенімде (жас жігіт).
«кешіріңіз, маған бір затты тауып бере аласыз ба?» деп сұрады. тауып бердім. «сіз шаршап тұрсыз ғой, сізді одан сайын шаршаттым ба?» деп күліп айта салды. мен «ештеңе етпейді, жұмысым ғой» деп әңгімені бітірдім.
бір кезде қайта айналып келіп, шоколад әкеліп тұр, «шаршамаңыз» деп.
танысып, ештеңе жасамады (біреуді сындыратын түрде болып тұрмаған ол кезде🤣).
«рахмет, көмектескеніңізге» деп кетті
❤‍🔥2😍2🔥1💊1
неге жай ғана сөзінде тұра салуға болмайды
обидно болып тұр қатты
бәрі бір сол бұрынығы әрекет,сөз
жай өзін,мені алдау
не істейм,енді?
кеше ешқайда шыққым келмей,қасымдағы сыртта жүрген қызға айтқам ғой,нан мен маған кофе ала салшы деп
жаным,потом көрдім менің жақсы көретін нан мен дубайский кофе бар ғой соны әкеп беріпті,соңғы 2-3 апта соны ішіп жүргем
кейін рахмет деп айтып жатсам,жақсы көресіз ғой соған алдым деп
ойландымда,осындай кішкентай нәрсе адамға кішкене қуаныш сыйлайды
адамдардың істеген ісі жыныма тиетін болыпты
маған өмір сүргені үшін міндет қылатын жігіттер ұнамайды
Пздц болуды қойып,жылауды қойып жұмыс жасау керек қой
Сені ұнатам,жақсы көрем деген сөз іс әрекет болмаса,9-шы класстың баласының сөзі
Жастары қаншаға келіп,қыз минусын айтса,махаббат жоқ,қыздар бұзылған дейді
Өздерінің жасап жатқан ештеңесі жоқ

Еще ақша үшін сөйлеспеді деп айтса жігіттер,нервым шығады

Гүл,тамақтану,кофе ішу
Ол базовый заттар
Пздц,бүкіл жағынан қамтамасыз етіп,кв,такси,продукт,расходтарын төйлетіп лақтырып кеткендей айтады ғой,айына 1 берген гүлді(құнсыздандырмаймын,но жылап берген соң жыным шығады)
Маған бір тал гүл берседе қуана аламын,жақсы көрсем
Барлық потребностьмызды жапса білмейм,не дейд екен олар
жүрегім жаман болып тұр